Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет11/167
Дата06.01.2022
өлшемі3.69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   167
1.2 Сапаны басқару негіздері
Өнімді өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз 
етіледі.  Айналым  деңгейінде  қалыптасқан  сапа  тасымалдау,  сақтау
сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейін-
де  сапаны  басқаруға  тұтынушы  кірістіріледі.  Тұтынушының  өнімді 
пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. 
Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға 
зиянды әсерін болдырмау керек. 
Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. 
Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және 
маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға 
кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым бастала-
ды. 
Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдісте-
месі,  ресурстар  мен  үдерістер.  Сапа  жүйесінің  ұйымдық  құрылымы 
кәсіпорын  жұмысын  басқару  шеңберінде  құрылады  да,  оның 
бөлімшелерінің  және  қызмет  істеушілерінің  арасында  құқығын, 
міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады. Әдістеме 
–  іс-қимылдарды  жүргізудің  белгіленген  тәсілдері  (ИСО  9000:2000). 
Ресурстар  –  қызмет  көрсетушілер,  қызмет  ету  құралдары,  құрал-
жабдықтар,  технология.  Үдеріс  (ИСО  9000:2000)  –  қолданылатын 
элементтерді  (өнімге  қатысты  –  шикізаттар,  материалдар)  дайын 
өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар.  
Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сәйкестігін 
осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады. 


17
Құжаттар  сапа  жүйесін  жасаушыларға,  қолданушыларға  және  тек-
серу  органдарына  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Сөйтіп,  сапа  жүйесі 
– сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру 
құрылымы, әдістеме, үдеріс және ресурстар жиынтығы.
Стандарттау,  метрология  және  сәйкестікті  растау  жұмыстарын 
жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
  Техникалық  заңнама  –  техникалық  объектілерге  –  өнімге,  оның 
өмірлік циклі үдерістеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптар-
дың  сақталуын  тексеруге,  қатысты  талаптарды  регламенттейтін 
құқықтық  нормалардың  жиынтығы.  2004  жылдың  9  қарашасында 
қабылданып,  2005  жылдың  14  мамырынан  қолданысқа  енгізілген 
Қазақстан  Республикасының  «Техникалық  реттеу  туралы»  Заңы 
1999  жылдың  16  шілдесінде  қабылданған  «Стандарттау  туралы» 
және  «Сертификаттау  туралы»  Заңдарының  күшін  жойды.  Қазақстан 
Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа 
енгізілуі  құқықтық  тұрғыдан  өнімнің,  қызмет  көрсетудің  және 
үдерістердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  мемлекеттік  жүйесінің 
жаңа кезеңінің басталуы болып табылады. Құрылып жатқан техникалық 
реттеу  жүйесінің  жұмысын  әрі  қарай  жетілдіруде  келесі  маңызды 
қадам,  ол  2006  жылдың  26  желтоқсанында  қабылданған  «Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  техникалық  реттеу 
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. 
Осы заң бойынша бұрын қабылданған 33 заңның 274 баптарына, соның 
ішінде «Техникалық реттеу туралы» Заңның 29-бабына өзгерістер мен 
толықтырулар  енгізілді.  Техникалық  реттеу  жүйесін  реформалаудың 
негізгі мақсаты – адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның 
ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін 
құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін 
мына шаралар көзделеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   167




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет