Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет15/167
Дата06.01.2022
өлшемі3.69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   167
Өнімнің бәсеке қабілеттілігі 
Бәсекелестік  дегеніміз  –  тез  ауысатын  және  тұтыну  өзгерісі  мен 
мінезіне,  нарық  жағдайына,  сатып  алушының  төлем  қабілеттілігіне, 
қызмет көрсетуіне байланысты динамикалық категория.
Бәсекеге  қабілеттілік  –  белгілі  уақытта  нақты  нарықта  өз  бағасы 
бойынша  жүзеге  асырылуына  қажетті  және  жеткілікті  өнімнің 
тұтынушылық қасиеттері жиынтығымен анықталады.
Тұтынушылық қасиеттер – бұл тауарға оны тағайындалуына бай-
ланысты  қолдану  шартын  ескере  отырып,  тұтынушы  талаптарын 
қанағаттандыруға бағытталған тауар мінездемесі. Мысалы, автокөлікке: 
двигательдің  қуаты,  сыйымдылығы,  жанармайдың  шығыны,  басқару 
ыңғайлылығы, қызығарлық сырт пішін, габариттер және т.б. талаптар 
қойылады. Автомобильдердің әрбір түрі түрлі үйлесімдерде осы пара-
метрлерге ие. Олар нақты пайдалану шарттарына және тапсырыс беруші 
талабына байланысты түрлі қолданыста және мағынада болады. Мыса-
лы, бір тұтынушыға жуу автомобилі керек, яғни оны ол машинаның ку-
зовы, двигатель қуаты, сыртқы көрінісі, сыртқы түсі қызықтырмайды. 
Ал  басқа  тұтынушыға  жанармайды  аз  жағатын,  кузовының  сыртқы 
түрі әдемі, бояуының түрлі-түсті және т.б. жеңіл автокөлігі қажет. Бұл 
мысалда  сапа  және  тауар  бәсекелестігі  ұғымдарының  қабілеттілігі 
айырықша  жақсы  білінеді.  Ең  жоғары  сапалы  тұтынушы  талаптарын 
қанағаттандырмайынша  өз  тұтынушысын  таппайды.  Өнімнің  сапасы 
қолдануға байланысты өзгерілмейді және тәуелсіз. Бұйым пайдалылығы 
сапа  деңгейі  жағынан  бір  талаптарға  байланысты  болуы  мүмкін,  ал 


27
кейбір жағдайларда оның деңгейі нөлге тең болады. Осыған байланы-
сты сапа мен тұтыну құнының арасындағы негізгі айырмашылығы мен 
өнімнің негізгі бәсекелестігін көруге болады. 
Өнім  сапасының  категориясы  жалпы  құралу  және  көріну  сфера-
сынан  құралатын  бәсекеге  қабілеттілікпен  тығыз  байланысты.  Бірақ 
сапа  категориясы  өзгермейтін  ұйымдық-өндірістік  шарттары  мен 
ғылыми-техникалық прогрестің жеткен жетістіктері кезінде құрастыру 
тұрақтырақ және статикалырақ болып келеді. 
Бәсекелестік дегеніміз – тез ауысатын, тұтыну өзгерісі мен мінезіне, 
нарық жағдайына, сатып алушының төлем қабілеттілігіне және қызмет 
көрсетуіне байланысты динамикалық категория.
Бәсекеге  қабілеттілік  белгілі  уақытта  нақты  нарықта  өз  бағасы 
бойынша  жүзеге  асырылуына  қажетті  және  жеткілікті  өнімнің 
тұтынушылық қасиеттері жиынтығымен анықталады.
Тұтынушылық қасиеттер – бұл тауарға оны тағайындалуына бай-
ланысты  қолдану  шартын  ескере  отырып,  тұтынушы  талаптарын 
қанағаттандыруға  бағытталған  тауар  мінездемесі.  Ең  жоғары  сапа-
лы  тұтынушы  талаптарын  қанағаттандырмайынша  өз  тұтынушысын 
таппайды.  Өнімнің  сапасы  қолдануына  байланысты  өзгермейді  және 
тәуелсіз.  Бұйым  пайдалылығы  сапа  деңгейі  жағынан  бір  талаптарға 
байланысты болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда оның деңгейі нөлге 
тең болады. Осыған байланысты сапа мен тұтыну құнының арасындағы 
негізгі айырмашылығы мен өнімнің негізгі бәсекелестігін көруге бола-
ды. Сатып алушы тауарды сатып алу үшін ғана емес, ол соның тұты-
нушы талаптарына сай болу керек деп алады. 
Өнімнің сапасына қойылатын талаптар
Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін берілген арнайы өлшемдердің 
талаптарына  сәйкестігін  сипаттайтын  тексерулер  жүргізіледі.  Яғни, 
тұтынушының талаптарын толығымен қанағаттандыра алуы тиіс. 
Өнімнің  сапасына  қойылатын  талаптар  –  нақты  қажеттіліктердің 
жиынтығы немесе сандық және сапалық сипаттағы талаптардың тексе-
ру мен жүзеге асыру сипаттарына қатыстылығы. 
Сапа  сипаттамасына  берілген  сандық  талаптар  номиналды  мәнді, 
қатысты  мәнді  және  шекті  ауытқулар  мен  шақтамалар  түрінде  бола-
ды. Олар келесідей градацияларды түзеді: класс, сорт, категория неме-
се разряд. Бұлар жүйе немесе өнімнің сапасының талаптарын (әдетте, 
ұсынылатын  немесе  міндетті  болып  табылатын  қажеттіліктер  мен 
сенімдер)  айыруда  қолданылады.  Градация  талаптарына  қойылатын 
талаптарды  анықтауда  әдетте  мыналар  қолданылады:  сипаттама  мен 
мінездеме әдетте сандық сипатта бола алмайтын талаптар. Өнім сапа-


28
сына қойылатын талаптардың сандық сипаттамасы – қолдануда, дайын-
дауда, қоюда, өндіргенде маңызды шарт болып табылады.
Талаптарды  мемлекеттің  экономикасының  даму  деңгейіне  бай-
ланысты қояды: ұйым немесе қоғамның алға қойған мақсаттары мен 
міндеттері;  талаптардың  деңгейіне  және  басқа  да  факторларға  бай-
ланысты  анықталады.  Жоғарғы  сапалы  өнім  шығаратын,  дамып  келе 
жатқан  кәсіпорындардың  сапаны  басқару  тәжірбиелерінен,  олардың 
жаңа өнімді дайындар алдында тұтынушының әлеуетті қажеттіліктерін 
қанағаттандыру олардың ең басты қаруы екені белгілі. Осы талаптарды 
мұқият анықтау және ақпаратты қатесіз қолдану – бұл кәсіпорындардың 
бірінші мақсаты. 
Сапаны  басқарудағы  құқықтық  негіз  болып  ҚР  мына  заңдары 
«Техникалық  реттеу  туралы»,  «Тұтынушылардың  құқығын  қорғау 
туралы»,  «Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы»,  «Өрт  қауіпсіздігі  тура-
лы»,  «Тұрғындардың  санитарлық-эпидемиялық  игілігі  туралы»  және 
нормативті құжаттар, санитарлық талаптар, нормалар және гигиеналық 
нормативтер жатады. 
Нормативті құжаттарға келесілер жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   167




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет