Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет16/167
Дата06.01.2022
өлшемі3.69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   167
.
  ҚР мемлекеттік стандарттары;
.
  қолданылатын  мемлекеттік  стандарттар,  ережелер,  нормалар 
және ұсыныстар;
.
  кәсіпорын және салалық стандарттар;
.
  ғылыми-техникалық,  инженерлік  және  басқа  да  біріккен 
қоғамдық стандарттар.
ҚР  мемлекеттік  стандарттары  саларалық  маңызы  бар  өнім  мен 
қызметке жасалады. Олар келесідей болуы тиіс:
.
  қызмет  пен  өнімнің  қауіпсіздігі  қоршаған  ортаны,  адамның 
өмірі  мен  денсаулығын,  техниканың  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
етуі тиіс;
.
  өнімнің  өзара  ауыстырымдылығын  және  ақпараттық,  техника-
лық талаптарға сәйкестігін;
.
  өнімнің  тұтынушылық  негізгі  сипаттамалары:  қадағалау  әдісі, 
қолдану, пайдалану және орау кезінде;
.
  өнімді  дайындау  және  қолдану  кезіндегі  ақпараттық  және 
техникалық талаптарға қойылатын нормалар мен ережелер.
Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін мемлекеттік қорғау үшін 
МЕСТ-тарда арнайы техниканың мүмкіндігін анықтайтын талаптар бар. 
Талаптары жоқ стандарттар мемлекеттің экономикасы мен талаптарға 
байланысты жаңарып отырады. 
Стандарттар өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жүзеге 
асады  және  осы  үдерістердің  барлық  сәттерінде  қолданылады.  Онда 


29
қойылатын талаптар қадағалауға міндетті және сипатына ерікті болады. 
Міндетті талаптар мемлекеттік органдарды, тұрмыстық іс-әрекеттердің 
нысандары, ұйымдарды қадғалауы керек. 
Нормативті  құжаттарда  қолданылатын  ерікті  сипаттама  талапта-
ры.  Нормативті  құжаттарда  кездесетін  ерікті  сипаттама  талаптарын-
да  тұрмыстық  жұмыстардың  міндетті  субъектілеріне  жатады,  егер 
ол  дайындалып  жатқан  өнім  келісімшартында  немесе  техникалық 
құжаттарында қаралса. Сонымен қатар өнім сапасына қойылатын та-
лаптар жалпы техникалық талаптарда және техникалық талаптарда да 
кездеседі. 
Өнім  сапасына  қойылатын  талаптар  келесі  топтарға  бөлінеді: 
әлеуметтік, функционалдық, эргономикалық, эстетикалық, сенімділік, 
экологиялық  және  дайындау  сапасына  қойылатын  талаптар  болып 
бөлінеді. 
Бір  ұйымның  сапа  менеджмент  жүйесінің  құжаттамалы  дәрежесі 
келесі ұйымнан келесі жолдармен ерекшеленеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   167




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет