Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


Сапаны басқарудың әдістемелік негіздері. Сапаны басқаруды



Pdf көрінісі
бет21/167
Дата06.01.2022
өлшемі3.69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   167
1.5 Сапаны басқарудың әдістемелік негіздері. Сапаны басқаруды
жүйелік зерттеу әдістемесі. Сапаны басқару әдістемесінің
ерекшелігі
Сапаны басқару әдістемесінің негізі болып жүйені өңдеу үдерісінде 
мына үштікті анықтау табылады, яғни – объект, көрініс, модель. Жүйе-
лік  әдістеменің  ерекшеліктерін  түсіну  үшін  жүйелік  зерттеулердің 
орны мен өзіндік рөлін ескеру қажет.
Табиғатында  жүйелік  зерттеулер  пәнаралық  болғандықтан,  соны-
мен  қатар  олар,  ең  алдымен  әдістемелік  салмаққа  ие  болып,  шартты 
түрде философия мен қолданбалы ғылымдардың аралығына коямыз.
Жүйелік  зерттеулердің  (жүйелердің  жалпы  теориясы)  теориялық 
негізінің  күрделілігі  және  математикалық  аппараттарды  таңдау 
басқарудың ғылыми-әдістемелік жолының күрделілігіне тәуелді бола-
ды.
Бұл үшін жүйені басқаруды сипаттағанда:
– жобаланатын мекеменің құрылымы мен құрамы арқылы сипатта-
латын объектінің күйін; 
–  функционалды  үдерістердің  жиынтығымен  сипатталатын  бір 
күйден екінші бір күйге өтуін;
–  уақыт  шкаласында  ескерілген  жағдайларды  белгілейтін  өмірлік 
циклін ескереді.
Бір күйден екінші күйге ауысу сол объектідегі болған өзгерістерге 
байланысты, яғни:
– элементтердің құрамы мен саны;


36
– олардың арасындағы (ішкі құрылымдары) байланыстар;
– кіріс және шығыстар санын өткізу қабілеттері;
– қоршаған ортаға қатысты объектпен орындалатын функциялар;
– объектінің ішкі үдерістерін қамтамасыз ететін функциялар.
Қорытындысында материалды және идеалды екі әлем қатар тірші-
лік құратындығы айғақталады (образды түрде-таңбалы). Бұл әлемдер-
дің объектілерінен тиісті жүйелерді құрайды.
Жүйелік  зерттеулер  –  үнемі  қайталанып  отыратын,  материалдық 
түрден идеалды түрге айналған өзіндік цикл, содан кейін жаңа деңгейде 
материалдықтан (реалды) идеалдыға айналдыру. Бұл қосарлану үдерісі 
теория және тәжірибенің диалектикалық біріктірілуі сияқты болады.
Сапа  менеджементінің  табиғатында  материалды  және  идеалды 
объектілердің  бар  екендігі  белгілі  және  ортақтығын  атап  өткен  жөн. 
Әрбір объект әртүрлі бөліктерден тұрады, әртүрлі қасиеттерге ие, сол 
табиғаттағы басқа да объектілермен әрекеттеседі (кейбір қатынастарда 
байланысады).  Күй  ұғымы  кейбір  уақыт  кеңістігінің  облыстарында 
қасиет және объектінің қатынасын шартты бекітеді. Объект кеңістікте 
өз қасиеттерімен уақыт бойынша қатынасын өзгерте ауысады. 
Мұндай  өзгерістер  үдеріс  деп  аталады.  Үдерістердің  жиынтығы 
объектінің уақыт пен кеңістікте жұмыс жасауын ұсынады.
Жұмыс жасау динамикалық болғандықтан, оны кезекті, параллель, 
аралас күйлердің кешендерінің үш түрімен суреттейді.
Сапаны басқару жүйесінің өңдеушісі объектілердің түрлері олардың 
үлгілері мен моделінен айтарлықтай айырмашылық бар екенін біледі.
Жүйелік зерттеулерге мыналар тән:
– жүйенің интегралдығымен анықталатын тұтастық, даралық, ішкі 
бірлікпен, қоршаған ортадан шектелу мен байланыстық;
–  сатылығы,  дискреттік  және  элементтердің  үздіксіздігі,  көпқұ-
рамдылығы, көпқабаттылық, күделілігі;
–  динамикалығы,  ұйымдастырушылығы  және  уақыт  бойынша 
өзгеруі,  стационар  еместігі,  үдерістігі  (жағдайдың  уақыт  бойынша 
кезектілігі),  өмірлік  циклдің  басы  мен  аяғының  болуы,  өзгергіштігі 
және тұрақтылық;
–  жүйенің  жекелей  элементтерінің  қасиеттерімен  және  олардың 
арасындағы  байланыспен,  құрылымы,  қоршаған  орта,  «мақсат  қою» 
сипаты мен орнықтылық, тиімділікпен шартталуы;
–  ашық  болу  (жүйе  мен  ортаның  өзара  тәуелділігі:  жүйе  ортамен 
өзара қарым-қатынас үдерісінде өз қасиеттерін қалыптастырып әсердің 
бастаушысы санымен бірге белсенді компоненті болып көрсетеді) және 
т.б.
–  әрбiр  элементтiң  қасиет  және  қатынастарының  оның  орнынан 
ерекшелiгі немесе тәуелдiлiгi;


37
–  тұрақтылық,  яғни  тепе-теңдік,  ыңғайлылық,  синергетикалығы, 
кооперативтігі, адептерлігі, сенімділігі, қауіпсіздік және үндесуі;
– модельденуі: құрылымдылық (жүйені суреттеуді құрылымдарын 
орнату  арқылы  жүзеге  асыру),  күрделілігі  (толықтай  қамтылмауы), 
сапалық  және  сандық  көрсеткіштері,  антроптілігі,  этика  және 
эстетикалығы;
– жаһандылығы: алғашқы болу, мәселе көтеруі, макроскопиялығы, 
көпкомпоненттілігі, ірі масштабта болу, көпсалалылығы, көпдеңгейлілік, 
экологиялығы, эргономикалығы, унификатталуы, стандартталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   167




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет