Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет31/167
Дата06.01.2022
өлшемі3.69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   167
2.5 Сапа жүйесінің моделін таңдау
Сапаны  қамтамасыз  етудегі  оның  моделін  таңдау  өндірушіге  де, 
тұтынушыға  да  тиімді  болуы  керек.  Екі  жақта  бұйым  шығарудағы 
ыңғайлы жайларды, шығындарды және пайда түсіруді, зерделей келе, 
осы үдерістегі барлық туатын жағдайларға сенімді болулары керек.
ИСО-ның  ИСО  9001,  ИСО  9002  стандарттарында  сапа  жүйесінің 
нақтылы элементтері белгілі үш топтық модельдерге бөлінген. Мұнда 
өндірушіге  қойылатын  функционалдық  немесе  ұйымдастырушылық 
қабілеттер ескерілген.
1.  ИСО  9001  –  өндірушіге  бұйым  шығарудағы  әрбір  этаптардағы 
қойылатын  талаптар:  жобалау  және/немесе  құру,  өндіру,  монтаждау 
және күту.
2. ИСО 9002 – өндірушіге, өндіруде және монтаждауда қойылатын 
талаптар.
Модельді  таңдап  алу  жүйелі  ғылыми-техникалық  және  ұйым-
дастырушылық  жұмыстардан  кейін,  экономикалық  шығын  мәселесін 
есептей келе жүргізілуі қажет. Бұл үшін төмендегідей алты факторды 
ескерген жөн:
1. Жобалау үдерісінің күрделілігі.
Егер  бұйым  бұрын  жобаланбаған  болса,  жаңа  бұйымды  жобалау 
оңайға түспейтінін ескеру.
2. Жобаның негізделуі
Жобаның қаншалықты белгілілігі, оны сынауға түсіру қажеттілігі, 
пайдаланушының сипаттары немесе бұрыннан белгілі бұйым.
3. Өндірістік үдерістің күрделілігі. 


54
Осыған  дейін  мұндай  үдерістердің  болуы  немесе  жаңа  өндірістік 
үдеріс  құру,  технологиялық  үдерістердің  бұйымның  пайдалану 
қасиеттеріне әсері.
4. Өнім және қызмет өтеудің сипаттамалары. 
Бұл  өнімнің  күрделілігі  және  қызмет  өтеудің  ерекшелігіне  байла-
нысты.
5. Өнім немесе қызмет өтеудің қауіпсіздігі. 
Бұзылып қалу қаупі немесе әрбір бұзылудың залалы.
6. Экономикалық. 
Жоғарыда  көрсетілген  деректерге  байланысты  туатын  шығындар. 
Шығын өндірушіден де, тұтынушыдан да шығады.
Таңдап  алынған  сапа  жүйесінің  элементтерін  құжаттау  қажет,  ал 
оның тиімділігі таңдалған модельдің талабына сай болуы керек.
Сапа  жүйесінің  элементтерінің  нақты  дәлелденгені  бұйым 
шығарудың  әрбір  кезеңіндегі  жұмыстарға  сай  болуы  керек  (мысалы, 
жобалауда, жасауда және монтаждауда және т.с.с) және бұйымның са-
пасын тұтынуда да дәлелдеуі шарт.
Төмендегі  көрсетілген  критерийлерге  қарай  элементтердің  дәлел-
денуі өзгеруі мүмкін:
1) өнімнің немесе қызмет етудің экономикасы, тәжірибесі және пай-
далану жағдайларына қарай;
2) өнім немесе қызмет етудің жобаларын жасаудағы күрделілік және 
жаңалық деңгейі;
3)  өнім  немесе  қызмет  етудің  күрделілігі  және  еңбек-
сыйымдылығы;
4) дайын өнімді сынау барысында, олардың сапа жүйесін бағалау 
мүмкіндігі;
5) өнім мен қызмет етудің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
6) өндірушінің рейтнгтік нәтижелері;
7)  құжаттарға  сапаны  басқару  нұсқаулары,  сапаны  қамту  проце-
дураларының  түсініктемесі,  сапа  жүйесінің  тексермелі  есептері  және 
т.с.с тіркелген сапалық ақпараттар.
ИСО  9000  сериясы  негізінде  атақты  шетелдік  фирмалар  «Форд», 
«Крайслер», «Дженерал Моторс» және 5 жүк көлігін шығаратын фир-
малар.
QS-9000 деген жүйе құрып, өндірушілерге бірыңғай талаптар қоюды 
жөн көрді.
Бұл жүйеге төменгі құжаттар кірген:
1. Өндірістік стандарт QS-9000 «Сапа жүйесіне талаптар». Бұл ИСО 
9000 стандартының салалық және арнайы, құрастырушылар фирмалары.
2. РРАР процедурасы – «Өндірістік бөлімдерді үйлестіру үдерісі» 
(компоненттер,  тораптар,  материалдар  және  т.б.)  РРАР-да  өнімдерге 
қойылатын талаптарға сай қажетті құжаттар тізімі бар.


55
3. QSA құжаты – «Сапа жүйесін бағалау». Өндірушінің өз бұйымын 
бағалауға арналған құжат. Бұл тұтынушыға да және сертификаттау ор-
гандарына да қажет.
4.  SPS  нұсқамасы  «Үдерістерді  статистикалық  басқару»  –  сәй-
кестілікті  ескерту,  олардың  тууын  талдау,  үдерістерді  үздіксіз  жетіл-
діру, т.с.с.
5. MSA нұсқамасы «Өлшеуіш жүйелерді талдау».
6. APOP  нұсқамасы  «Перспективті  өнімдердің  сапасын  жобалау» 
мүмкіндігін ашады.
7. FMEA нұсқамасы «Бұзылудың түрлерін және залалын талдау».
QS-9000  құжаттар  жүйесін  ұтымды  қолдану  Қазақстан  Респуб-
ликасының экономикасын жетілдіруге әсерін тигізуі өте мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   167




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет