Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет38/167
Дата06.01.2022
өлшемі3.69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   167
Іс-əрекет
Жоспар
Тексеру
Іске асыру


64
қызметкерлерінен  келетін  ұсыныстарды  талдауда  және  шығынды 
азайтуға, өндірісті арттыруға бағытталуы мүмкін.
8. Жеткізіп берушілермен қарым-қатынас
Ұжым  өздерінің  жеткізіп  берушілермен  тығыз  байланыста 
болғандықтан,  ары  қарай  жұмыс  мүмкіншілігін  үлкейту  мақсатымен 
олармен  байланыстарды  жақсартқан  жөн.  Бұл  деңгейде  жеткізіп 
берушілермен  міндетті  түрде  орындалатын  құжаттандырылған 
үдерістер орнатылады.
TQM-ді өңдеу, енгізу, функциялау кезіндегі әрекет реті. 
TQM жүйесін енгізу күрделі әрі ұзақ мақсат болып табылады. Ол 
кәсіпорынның  сапа  жүйесінің  базасында  құрылады.  Шаралар  жүйелі 
және жоспарлы түрде өткізілуі тиіс. TQM жүйесіне енгізудің келесі 10 
жоспарын ұсынуға болады.
TQM жүйесін енгізу екі үлкен кезеңдерден тұрады:
1-кезең. TQM жүйесіне енгізуге дайындық. Бұл кезеңге:
1. Шешім іздеу.
2. TQM сұрақтары бойынша басқарма тобын оқыту.
3. TQM-нен менеджер тағайындау.
 Бұл үш адым «Қажетті алғышарттар» тобына кіреді.
4. Сапа бойынша TQM саясатын өңдеу.
5. Адымды жоспарды өңдеу.
Бұл адымдар «мақсат пен тәсілді ұсыну» тобына кіреді.
6. Басқарма ақпараты
7. Кәсіподақты тарту
8. Басқарушыларды оқыту
9.  Жұмысшыларды  оқыту  және  ақпараттандыру  сияқты  қадамдар 
кіреді.
10. TQM-ді енгізу
Бұл қадамдар “Барлық қатысушыларды тарту” тобына кіреді.
2-кезең. TQM жүйесін енгізу.
TQM-ді  енгізу  барысында  оны  жұмысты  орындауды  2,5-5  жылда 
мекеме жағдайын, оның өлшемін, мінезін жоспарлауға болады.
1-қадам. Шешімді іздеу.
1. TQM жүйесін енгізуде мекеме басшыларының келісімімен, ұзақ 
та қиын жұмысты енгізу керек. Мекеме басқарушылары өз шешіміне 
сенімді болуы керек. Себебі, бұл стратегия мекеменің болашағын ұзақ 
уақытта бекітеді және мұны әрдайым қолдау керек.
2-қадам.  TQM  сұрақтары  бойынша  жұмысшылар  тобын  құ-
растыру.
2. TQM жүйесін енгізу шешімін қабылдағаннан кейін, мекеме бас-
шылары  оның  жұмыстарын  бағыттайтын  және  басқаратын  басқару-
шыны тағайындауы керек. Бұл ұжымда барлық мекемелердің мүшелері 


65
таныстырылулары  керек.  TQM-ді  барлық  басқарушылар  қолданаты-
нын көрсету керек.
3-қадам. TQM-ге менеджер тағайындау.
3. TQM-мен  жұмыс  істеу  басталысымен  үлкен  және  кіші  мәселе-
лерге көңіл бөлу керек. Бұл үшін басқарма TQM менеджерін тағайын-
дайды. Әрине, мұндай жұмысшыға қатал талап  тағайындалады.
1. ұйымдастыру – басқару жұмысында үлкен тәжірибе;
2. өзінің пікірін айту мен сендіру қабілеттілігі;
3. жоғары білімді және TQM жүйесін білу;
4. адамдармен тез тіл табысу;
5. мақсатына жететіндігі.
Осы үш адым TQM жүйесін енгізудің шарттары, бұл арқылы фунда-
мент салынады да, ары қарай құрастыруға болады.
4-қадам. TQM саясатын өңдеу. Үдерісті енгізудің басында ұжым-
ның  стратегияалық  мақсатын  көрсету  керек.  Бұл  мақсаттар  түсінікті 
және  жұмысшыларға  танысуға  қолайлы  болуы  керек.  Мақсатқа  жету 
амалдары  нақты  болу  керек.  TQM  саясаты  сапа  аймағында  жинаған 
және жеткен нәтижелерге сүйену керек.
5-қадам. Кезеңдік жоспарды өңдеу. TQM саясатын ұйымдастырған-
нан  кейін,  Мекеме  басшылары  TQM-нің  қандай  бөліктері  мекемеге 
ендіретінін  ойластыруы  керек.  Мұндай  шешімді  қабылдау  үшін,  ал-
дымен әрбір кезеңге еніп, кіріп, шығып, көру керек. Ол көп уақыт пен 
шыдамдықты талап етеді. Барлығы анық болғаннан кейін, әрбір бөліктің 
құрамын ашып көрсету керек:
– TQM-нің қандай құрамасы мекемеге керек;
– TQM-ді енгізуге қандай шығындар керек;
– қай жерде приоритетті қою керек.
6-қадам.  Мекемені  ақпараттандыру.  TQM  аймағындағы  барлық 
өткізіліп жатқан ұйымдастыруларды мекеме басшыларына толық және 
уақытында ақпараттандыру керек. Ең алдымен мекеме басшыларының 
жоғары  және  ортаңғы  басшылары,  сонымен  қатар  жұмысшыларды 
ақпараттандыру  керек,  сол  арқылы  түсініспеушіліктің  алды  алынып, 
сенімділік артады.
Өзгерулер  мен  жаңа  енгізуді  ортаңғы  деңгейдегі  басшылар  (мастер, 
участкі  бастығы)  қабылдап  алады.  Бұл  категорияны  жұмысшыларға 
TQM-нің жағымды және ыңғайлы жақтарын түсіндіру керек.
7-қадам.  Кәсіподақты  іске  тартушылық.  Жоғары  және  ортаңғы 
басшылармен  қатар,  мекеменің  білікті  ұжымына  анықтама  беру  ке-
рек. Ең алдымен осы білікті мамандарға TQM сенімсіздікті көрсетеді, 
өйткені оның арқасында жұмыс орны қысқарып отыр. Тек қана оларға 
жеткен  жетістіктерге  байланысты  оларды  ақпараттандыру  арқылы 
5–8683


66
сенімсіздікті жоюға болады. Кейіннен олар осы бағдарламаны қолдап, 
оның жұмысшыларға қолайлы екенін түсінеді.
8-қадам.  Басқарманы  оқыту.  TQM-ді  таныстырып  болған  соң, 
басқармаға  жалпы  түсініктеме  (оқыту)  жүргізу  керек.  Бұл  семинар 
және тренинг сияқты өткізіліп, білікті мамандар TQM-нің енгізу жүйе-
сін түсіндірулері керек. Оған басқармалар қалдықсыз қатысуы керек.
9-қадам.  Ақпараттандыру  және  жұмысшыларды  оқыту.  Әрбір 
бөлімге  бөлек  оқытулар  өткізіліп,  олар  тәртіп  бойынша  сақталынып 
отырылуы керек. Бұның жағымды жағы, бөлімдер қиын жағдайларда 
тоқтатылып, түсініктемелер жүргізіледі. Мұндай жағдайда түсініктемені 
білікті  мамандар  жүргізеді.  TQM-ді  енгізуді  тағайындау  сатысы 
аяқталады. TQM жүйесін енгізу үдерісін модульдерге, бөлек сегмент-
терге  бөлген  ыңғайлы.  Себебі  оны  кезекпен,  параллель  қарастыруға 
болады,  ол  мекеменің  мүмкіндіктеріне  байланысты.  Бұл  модуль-
дер  бір-бірімен  байланысқан,  осыдан  TQM  жүйесі  әсерлі  болуы  тек 
модульдердің барлығымен жұмыс істегенде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   167




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет