Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет43/167
Дата06.01.2022
өлшемі3.69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   167
.
  Қайталану және дағдылану;
.
  Объективті куәліктерді қамсыздандыру;
.
  Тиімділікті  бағалау  және  сапа  менеджменті  жүйесіне  тәуел-
ділік.
Құжаттарды дайындау іс-әрекетке көмек ретінде болуы керек. Сапа 
менеджмент жүйесінде келесі құжаттарды қолданады:
.
  Сапа менеджмент жүйесін таныстыратын құжат;
.
  Сапа менеджмент жүйесінің белгілі бір өнімге қолданылуы ту-
ралы құжат; 
.
  Талап қоятын құжаттар;
.
  Ұсыныстар мен әдістемелер жазылатын құжаттар;
.
  Үдерістің орындалғаны туралы хабар беретін құжаттар;
Әр кәсіпорын өз құжаттарын өздері тағайындайды. Ол кәсіпорын-
ның түрі мен аумағына байланысты. 
Сапа  саласындағы  саясат  пен  мақсат.  Сапа  саласындағы  саясат 
пен  мақсат  ұйымның  арақатынасын  реттеу  үшін  қолданылады.  Олар 
қаланған  нәтижелерді  анықтайды  және  жетістікке  жету  үшін  ұйым 
қорларын  қолданады.  Сапа  саласындағы  саясат  сапа  аумағындағы 
мақсаттың талдауын жасайды және негізін қалайды. Сапа саласындағы 
мақсатты  саясат  аумағындағы  сапамен  үйлестіру  керек  және  нәтиже 
өлшенетін  болуы  тиіс.  Сапа  саласындағы  мақсаттардың  жетістігі 
өнімнің сапасына, жұмыстың тиімділігіне, ақшалай көрсеткіштерге, со-
нымен қатар қызығушылық танытқан жақтардың сенімділігін артыруға 
және қанағаттандыруға септігін тигізеді.
Сапа саласындағы саясат – бұл сапа аумағындағы жоғары басқару 
органдарының негізгі бағыттары мен ұйымның мақсатын жүзеге асы-
руы. 
Сапа саясатын жалпы саясат элементі ретінде анықтауда ұшыраса-
тын алғашқы сұрақ, кәсіпорынның стратегиясы мен кәсіпорынның сая-
сатпен байланысын анықтау болып табылады. 
Сапа менеджментінде келесі анықтамалар кездеседі: кәсіпорынның 
міндеті,  мақсаты,  тактикасы  және  саясаты.  Сонымен  қатар,  сая-
сат  қабылданған  стратегияның  іске  асуына  байланысты  жұмыстың 
дұрыс  бағытын  көрететін  құбылыс  болып  табылады.  Сонымен, 
кәсіпорынның міндеті – өнімнің қажеттілігін қанағаттандыру, ал басты 
мақсаты – нарықтағы сауда үлесін өсіру. Мұндай саясатты кәсіпорында 
қалыптастыру  үшін  жалпы  саясат  қабылдануы  тиіс.  Яғни,  бәсекеге 


70
қабілеттілігін  артыруға,  жұмыстың  деңгейін  арттыруға,  қоюшымен 
тығыз  қарым-қатынас  жасауға,  түнгі  ауысымды  реттеуге  бейімделуі 
қажет. Бұл жерде сапа саясаты жалпы саясаттан шығады. Шығарылып 
жатқан  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігінен  барлық  жұмыстың  бағыты 
өнімнің сапасына аууы керек. Былайша айтқанда, сапа саясаты – сапа 
аумағындағы кәсіпорынның белгілі іс-әрекетке жіберген мақсаты. 
Ол  кәсіпорын  басшысының  қысқаша  өтінішімен  рәсімделеді, 
және  ереже  ретінде,  «Сапа  жөніндегі  басшылыққа»  қосылуы  керек. 
Ол  келісімшартқа  отырар  алдында  тапсырыс  берушіге  сапа  жүйесін 
басқару ретінде керек болады. 
Сапа саласындағы саясатқа әсер ететін негізгі факторлар: нарықтағы 
жағдай,  ғылыми-техникалық  және  бәсекелестіктің  жетістіктері, 
кәсіпорын  ішіндегі  жағдай,  сонымен  қатар  экономиканың  негізгі 
жағдайы және кәсіпорынның дамуына инвестицияның әсері.
Экономиканың тұрақты дамуы үшін сапа саясатының негізгі бағыты 
келесідей болуы тиіс. Олар: сынақты дұрыс жүргізу, перспективалық 
жобаларды  ұйымдастыру,  нарықта  бәсекелестікті  дамыту  үшін  жаңа 
техниканы енгізу. 
Дағдарыс кезінде, инвестиция аз кезде сапа саясатында белгілі уақыт 
аралығында  өнімнің  қажеттілігін  қанағаттандырып  отыратын  сапа 
деңгейі болуы керек. Сол үшін дағдарыс кезіндегі сапа саясатының басты 
бағыты осындай жағдайларда өнімнің сапасын түсірмей шығындарды 
азайтатын  шешімдерді  дұрыс  және  тез  табу  керек.  Осыған  қосымша 
ретінде тағы да, тапсырыс берушімен тығыз қарым-қатынас жасау және 
жеткізушілерден туындаған мәселелерді шешу болып табылады. 
Сонымен  қатар  бұндай  жағдайда  тағы  да  елдің  экономикасын 
дағдарыстан алып шығатын шешімдерге көңіл бөлу керек. 
Сапа саласындағы кәсіпорынның саясаты сол кәсіпорынның стра-
тегиясы  мен  саясатынымен  тығыз  байланыста  болуы  керек.  Сапа 
саласындағы  саясатты  жасауда  жоғары  басшылар  келесілерді  ескеруі 
қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   167




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет