Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет92/167
Дата06.01.2022
өлшемі3.69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   167
.
  өзара  байланысқан  ішкі  элементтер  жиынтығының  қоршаған 
орта қасиеттерімен заңнамалық негізделген біртұтас материал-
ды объект;
.
  адам санасымен өңделінген кескіндер элементтері болып табы-
латын идеалды объект, мысалы математикалық модель.
Көпдеңгейлілік  (иерархиялылық)  –  жүйелік  объектілердің 
сипаттамалық  ерекшелілігі  болып  табылады.  Мұндай  объектіні  үш 
деңгеймен  бағалайды.  Жүйе  бірінші  деңгейде  орналасады.  Екінші 
деңгей  жүйе  сатыларынан  құралады  (техникалық,  технологиялық 
және  экслуатациялық)  –  үшінші  деңгейдің  өзара  байланысқан 
және  өзара  әсерлескен  элементтерінің  жиынтығы.  Жүйе  элементі 
–  берілген  деңгейдің  жүйесі  болып  табылмайтын,  қатыстық  түрде 
ерекшеленген  бөліктер,  өзара  тікелей  байланысу  арқылы  анықталған 
функционалдық  тағайындалу  жүйесін  тудырады.  Элементтер  және 
олардың арасындағы байланыстар оның қасиетін анықтайды. Жүйедегі 
құрылым  элементтері  оларды  орналасуы  жағынан,  перспектива  мен 
даму  және  жетілу  мүмкіндіктері  жағынан  теңдей  болмағандықтан 
базалық элементті таңдап алады. Құрылым элементтер байланысының 
кеңістікті-құрылымдығының анықталған динамикалық тұрақтылығын 
бағыттайды.  Көпдеңгейлі  күрделі  құрылымдар  үшін  үш  қасиет 
лайықты: біртұтастық, трансформация, өзін реттеу. Құрылымдылық – 
барлық нақтылы бар жүйе объектілерінің ажырамас атрибуты.
Жүйелік объекті үшін оны құраушы жүйе сатылары мен элементтері 
арасындағы  байланысы  ғана  емес,  өзінің  біртұтастығын  көрсететін 
ортамен үзіліссіз бірлігі де лайықты. Басқарудың барлық динамикалық 
жүйелері үшін оларда өңдеу, ақпараттық, энергетикалық, материалдық 
және техникалық үдерістерді басқару мен сақтау функцияларын жүзеге 
асыру. 
Ғаламдық  басқару  жүйесінің  негізгі  функциясы  қатынастар 
жиынтықтарындағы  оның  қасиеттерінің  білінуін  сипаттайды  және 
қоршаған ортамен әсерлесудегі әрекеттер тәсілдерін көрсетеді. Жүйе 
функциясы  жүйелік  және  жүйелік  емес  реттіліктегі  объектілердің 
өзара  әсерлесудегі  сапа  қасиеттерін  білдіру.  Жүйелілік  факто-
ры  объектінің  құрылымымен  қатар  оның  сапалық  ерекшеліктерін, 
функционалдық дамуын сақтап қалуды қамтамасыз ететін механизм-
дер мен мүшелер. 
Жүйетехника
Жүйетехника – күрделі жүйелерді жобалау, дайындау, сынау, пайда-
лану  мәселелерін  қамтитын  ғылыми-техникалық  дисциплина.  Күрделі 


183
жүйелерді  дайындау  кезінде  оның  құрамдас  бөліктеріне  қатысты 
мәселелер ғана емес, жалпы объектінің функциялану заңнамалылығына 
қатысты мәселерде пайда болады; жүйенің жалпықұрылымын анықтау, 
жүйеастылар  мен  элементтерінің  өзара  әсерін,  қоршаған  орта  әсерін 
есептеу, функцияландыру режимінің оңтайлы шешімін таңдау, жүйені 
оңтайлы басқару және т.б. жүйені күрделендіре түсу шамасына қарай 
жалпы  жүйелік  сұрақтарға  маңызды  орын  бөлінеді,  осы  сұрақтар 
жүйетехникасының  негізгі  мазмұнын  құрайды.  Жүйетехниканың 
ғылыми математикалық базасы күрделі жүйелер теориясы болып сана-
лады.
Күрделі жүйелер үшін жобалауды екі кезеңмен ұйымдастыру сәйкес: 
макрожобалау  (сыртқы  жобалау)  жүйенің  жалпы  функционалдық 
құрылымдық мәселелерін шешеді, микрожобалау (ішкі жобалау) жүйе 
элементтерін физикалық объект ретінде қарастыру. 
Макрожобалау  негізінен  үш  басты  бөлімінің  мәселелерін 
қалыптастырудан  басталады:  шешілетін  мәселелердің  кеңістігі  мен 
жүйесін  жасау  мақсаттарын  анықтау;  жүйеге  әсер  ететін  факторлар 
мен олардың сипаттамаларын анықтау; жүйе тиімдлігінің көрсеткішін 
таңдау.
Жүйенің  мақсаты  мен  тапсырмасы  оны  тәжірибелік  қолдану 
қажеттілігінен анықталынады, ол техникалық прогресс ерекшеліктері 
мен  тенденциясын  есепке  алу,  сонымен  қатар  халықшаруашылық 
мақсаттарға негізделінеді. Тиімділік көрсеткіштері ретінде олардың ал-
дына қойылған тапсырмаға жүйенің сәйкес келу дәрежесінен алынатын 
сандық сипаттамалары алынады. 
Синергетика әртүрлі потенциялармен әсерлесуде жүйедегі өзін-өзі 
ұйымдастыру үдерістерін меңгеруге байланысты туындайтын әртүрлі 
дисциплина аралық тапсырмалардың күрделі кешенін шешуге қажетті 
жаңа  ғылыми  ойлау  келбетінің  маңызды  бастамасы  ретінде  қызмет 
атқарады.
Синергетиканы  әртүрлі  элементтермен  коорпоративтік  әдіспен 
жүйе  құрып,  оны  өзі  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін  жүйелерді 
функцияландырудың  жалпы  принциптеріне  басты  қызығушылық 
көрсететін  жүйелік  анализ  бөлігі  ретінде  қарастырады.  Синергизм 
себебі объектіде қасиеттердің бірігуі нәтижесінде, өзіндік сипатта-
маларын өзгерте отырып жаңа қасиеттер, жаңа әсер жүзеге асыры-
лады. 


184


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   167




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет