Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#5606
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 
Ғабитов Т. Х. 
 
 
 
 
 
 
 
  Философия
 
 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы  
2006 
      

МАЗМҰНЫ
 
  
  
I ТАРАУ.  ФИЛОСОФИЯ ПƏНI, ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖƏНЕ ДАМУ ТАРИХЫ
 
1.1.
 
Философия пəнi
 
1.2. Философияның қайнар көздерi
 
1.3.
 
Антикалық философия
 
1.4.
 
Ортағасырлық батысевропалық философия
 
1.5. Мұсылман əлемiнiң философиясы
 
1.6. Жаңа заман философиясы
 
1.7. ХVIII-ХIХ ғасырлардағы немiс философиясы
 
1.8. Орыс философиясы
 
1.9. ХХ ғасыр философиясы
 
  
  
II ТАРАУ. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
 
2.1. Қазақ философиясының ерекшелiктерi
 
2.2. Қазақ философиясының қалыптасуы
 
2.3. Қазақ философиясындағы дəстүр мен жаңашылдық
 
2.4. Ағартушылар философиясы
 
  
  
III ТАРАУ. ФИЛОСОФИЯ. МЕТОДОЛОГИЯ. ҒЫЛЫМ.
 
3.1. Онтология
 
3.2. Таным теориясы 
 
3.3. Fылымның философиялық мəселелерi
 
  
  
IV ТАРАУ. ƏЛЕУМЕТТIК ФИЛОСОФИЯ
 
4.1. Əлеуметтiк философия пəнi.
 
4.2. Философиядағы адам мəселесi
 
4.3. Этнос философиясы
 
4.4 Техника философиясы
 
4.5. Құндылықтар философиясы
 
4.6. Мəдениет философиясы: принциптер, теориялар, тəсiлдер
 
4.7. Эстетикалық мəдениет
 
4.8. Құқық философиясы
 
 
 
  
  
  
  
  
  

  
I ТАРАУ.  ФИЛОСОФИЯ ПƏНI, ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖƏНЕ ДАМУ ТАРИХЫ
 
 
 
1.1.
           
Философия пəнi
 
 
 
Философияның  ежелгi  грек  ойшылдарының  дəуiрiнен  берi “даналыққа  құштарлық” 
деп анықталып келгендiгi белгiлi. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге
түсiнiктерi  де  тарихи-философиялық  очерктерде  молынан  ұшырасады.  Мысалы,  Платон 
“...геометрия  жəне  басқа  философиялар”  деген  сөздерiнде  философия  ұғымын  “ғылым” 
сөзiнiң  мағынасына  жақын  қолданады.  Оның  айтуынша  Сократ  “философия”   терминiн 
даналыққа  құштарлықты,  ақиқатқа  жетуге  деген  құмарлықты  белгiлеу  ретiнде 
пайдаланған.  Ал  Аристотель  болса,  болмыстың  iргелi  негiздерiн  айқындауға  мүмкiндiк 
беретiн  жалпылама  ғылым  ретiнде  бұл  “бастапқы  философияны”  метафизика  деп 
атады.
 
Аристотельдiк  мағынада  бұл  термин  болмыстың  өзiндiк  тұтастығындағы 
əралуандылықты игеруге бағытталған философиялық бiлiм түсiнiгiмен тығыз байланысты
(Аристотельдiң  “болмыс”  ұғымын  қалай  түсiнгенi  туралы  кейiнiрек сөз  болады). “Физика”, 
əдетте,  жаратылысты,  натуралды  табиғатты,  оның  заттар  мен  процестердегi  сыртқы 
көрiнiсiн  зерттейдi.  Демек  “метафизиканың”  үлесiне  бұл  құбылыстардан  “кейiн” 
орналасқан,  олардың  арғы  жағындағы  нəрсе  тиесiлi.  Аристотельдiң  пайымдауынша 
заттардың, жағдайлардың, құбылыстардың, процестердiң сыртқы көрiнiсiнiң арғы жағында 
мəндiлiк орналасқан. Метафизика осы мəндiлiктi, болмыстың универсалдық заңдылығын, 
яғни сезiмдiк таным деңгейiнен тыс,  тiкелей жəне жанама қабылдаудан жасырын жатқан
нақтылықты  зерттейдi.  Демек,  бұл  “арғы  жаққа  үңiлу”  жасырын  нақты  мəндiлiктi  ашуға 
бағытталған белсендi танымдық ойлаудың қозғалысы, пайымдаушы күш. Ал М.Хайдеггер 
былай  деп  жазады: “… Метафизика-  бұл  мəндiлiктi  жеке  жəне  тұтас  түрiнде 
принципиалды тану. Бiрақ бұл “дефиницияны” мəселенiң қойылуы ретiнде ғана бағалауға 
болады,  яғни  мынадай  сұрақ  қойылады: “бар  нəрсе  болмысының  мəнi  деген 
не?” (Хайдеггер  М.  Кант  и  проблема  метафизики.  М., 1997, 5-8 бет).  Демек,  осыдан 
күрделi  сұрақтар  тiзбегi  құралып, “не  өмiр  сүредi?”  деген  мəселе  туындайды.  Мұны  “не 
нақты өмiр сүредi?” деген сұрақ жалғастырады. Бұл жерде бар нəрсенiң өмiр сүруi туралы 
мəселеден  оның  мəндiлiгi  туралы  мəселеге  көшемiз.  Бұл  сұрақтардың  тiзбегiн  осы 
мəндiлiктi  тану  мүмкiндiгi  мəселесi  аяқтайды,  яғни  бұл  жерде  таным  процессiнiң  мəнi 
туралы  мəселе  қойылады.  Сонымен,  болмыс  туралы  сұрақ  ойлау  туралы  сұраққа
алмасады.  Хайдеггердiң 1935 жылы  жазған  “Гельдерлин  жəне  поэзияның  мəнi”  деген 
еңбегiнде  осы  айтылған  цикл  тiл  туралы  сұрақпен  аяқталады.  ХХ  ғасырдың  ұлы 
философының  пайымдауынша  тiл  ең  соңғы  негiз,  адамзат  болмысының  соңғы  нақты 
тұрағы жəне сонымен қатар, оны игерудiң жалғыз универсалды құралы болып табылады.
 
Ендi “даңалыққа құштарлық” деп анықталатын философияға қайта оралайық. Бұл сөз 
тiркесiндегi “құштарлық”  белгiлi  бiр  нəрсеге  таңдануды,  өзiнен  жоғары  тұрған  нəрсенi 
сезiмiңмен  мойындауды  жəне  басқа  осындай  əсерлердi  бiлдiрумен  қатар, “өзге”  үшiн 

“өзiңдi ұмыту”, өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады. Даналыққа құштар осы адам 
үшiн  “өзге  нəрсе”  ненi  бiлдiредi?  Ол  физикалық  тұрғыдан  алғанда  да,  рухани  тұрғыдан 
алғанда  да  өзiндiк “ меннен”  өзге  нəрсе.  Тiптi, iшкi  идеалды  “меннiң”  өзi  де  физикалық 
тəннiң өмiр сүруiнен өзгешеленедi.
 
Ия,  бұл  пəнилiк  өмiрдiң  шектелуi  екендiгi  бəрiмiзге  белгiлi.  Былайша  пайымдауға
болады:  адамды  өзiнiң  шектеулi  шеңберiнен  шығарып, “өзгеге”  құштарлықпен  ұмтылуға 
мəжбүрлейтiн құдiреттiң бар екендiгiн ескерсек, оның жалғыз тəсiлi—бұл рухани күш жiгер 
болып  табылады.  Мұны  идеалдық,  руханилық,  ақыл-ой  жəне  т.б.  атаулармен  атауға 
болады.  Осылай  зерделеудiң  нəтижесiнен  мынадай  түйiн  келiп  шығады:  философия 
дегенiмiз адамның өзiнiң шеңберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.
 
Сонымен,  философияны  “даналық”  түсiнiгiмен  байланыстырар  болсақ,  онда  бұл 
соңғы ұғым “бiлiмнiң жоғары синтезi”, белгiлi бiр нəрсе туралы “толық жетiлген бiлiм” деген 
мағынаны  бiлдiредi.  Демек,  философия  осындай  бiлiмге  деген  құштарлық,  ал  бұл 
даналықтың объектi—менiң өзiмнен тыс табиғат жəне адамзат əлемi, сонымен қатар, өзiм 
жəне  феномен  ретiндегi  бiлiмнiң  өзi (ескерте  кетейiк  антикалық  дəуiрде  философия 
бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi).
 
Адам – ақыл-ойы  бар  əлеуметтiк  мақұлық.  Оның  iс-əрекетi  белгiлi  бiр  мақсатқа 
бағынады.  Күрделi  қазiргi  əлемде  мақсатқа  сай  қимылдау  үшiн  көп  бiлiп  қана  қоймай, 
сонымен  қатар  адамның  түбiрлi  мүддесi  мен  заман  талабына  сай  дұрыс  шешiмдер 
қабылдап,  дүрыс  мақсаттар  таңдай  бiлу  қажет.  Ол  үшiн  ең  алдымен  əлемдi  терең  жəне 
дұрыс түсiну, яғни жалпы жəне жеке мақсаттарды, жəне оларға жету əрекетiнiң тəсiлдерiн 
таңдауға  мүмкiндiк  беретiн  дүниетанымның  қажеттiлiгi  шарт.  Адамға  қоршаған  ортада 
бағдар  жасауына,  оны  өзгертуiне  көмек  беретiн—ғылым.  Мысалы,  физика  бiр  энергия 
түрiнiң  екiншiсiне  ауысуына  мүмкiндiк  бередi,  химия  табиғатта  жоқ  нəрсенi  қалай 
синтездеудi  үйретедi,  математика  керемет  компьютерлер  жасауға  жағдай  жасайды, 
техникалық ғылымдар жаңа транспорт құралдарын даярлайды, байланыс жүйесiн, ғарыш 
кемелерiн  жəне  жаңа  тұрмыстық  техника  жасап  шығарады.  Ғылымның  осы  барлық 
салалары  жекелей  жəне  барлығы  жиылып  əлемдi  белгiлi  дəрежеде  түсiнуге  септiгiн 
тигiзгенiмен  дүниетанымның  орнын  алмастыра  алмайды.  Дүниетаным  ғылым 
жетiстiктерiнiң  негiзiнде  қалыптасады,  бiрақ  ол  сонымен  қатар,  қоғамның  тарихи 
тəжiрибесiне,  оның  мəдениетiне  сүйенедi,  əлеуметтiк  дамудың  жеткен  деңгейi  мен  өмiр 
сүру  тəртiбiн  бейнелейдi.  Мұның  бəрi  бiлiмнiң  ерекше  жүйесi—философияны  игерудi 
қажет етедi.
 
Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке жəне қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, 
өзiнiң  өмiрлiк  ұстанымы  мен  iс-əрекетi  туралы  ойлана  отырып  адам  белгiлi  бiр 
философиялық  көзқарастар  қалыптастырады.  Өзiнiң  мəдени  деңгейiне  байланысты, 
арнаулы немесе жалпы бiлiм дəрежесiне орай, əртүрлi өзара əңгiмелесудiң əсерiмен жəне 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  əдеби  кiтаптардан  алынған  мағлұматтарын  жинақтай
отырып, ол өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын, жүйелi жəне ғылыми негiзделген болмаса 
да  өз  дүниетанымын  құрастырады.  Кейде  қарапайым  тұрмыстық  жəне  өндiрiстiк 
жағдайлардағы  “бiр  сəттiк”  дүниетанымның  өзi  де  қанағаттандырарлық  болуы  мүмкiн. 

Белгiлi  француз  философы  Огюст  Конт (1798-1857) философияның  дəуiрi  өттi  деп 
санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша “позитивтi” ғылымдар—физика, 
математика,  химия  жəне  т.б.  философияны  керек  етпейдi.  Олар  барлық  мəселелердi 
өздерi шеше алады, олар “өздерiнше” философия. Бұл көзқарас позитивизм деген атауға 
ие болды.
 
Контпен  келiсуге  бола  ма?  Ол  үшiн  кiтапхана  сөрелерiндегi  əр  елдерден  басылып
шыққан  жүздеген,  тiптi  мыңдаған  философиялық  кiтаптар  мен  журналдарға  көз  жүгiртiп, 
жоғары жəне орта арнаулы оқу орнындарында философияның оқытылатынын ескерсек те
жеткiлiктi. Ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерi, саясаткерлер мен өнер адамдарының 
философиялық  еңбектерге  деген  қызығушылығын  жоққа  шығару  мүмкiн  емес.  Жəне  бұл 
қызығушылық өсе түсуде, сондықтан жоғарыдағы Конттың пiкiрi өзiн ақтамайды.
 
Философия 
тарихындағы 
универсалистiк 
тенденциялар 
мен 
дəстүрлер 
философияның  ұзақ  уақыт  бойы  сақталуына  ықпал  етедi.  Табиғи,  адамзаттық  жəне 
идеалдық  əлемнiң  мəнiн  тануға  деген  универсалистiк  ұмтылысты  философия  қалай 
жұзеге асырады немесе, басқаша айтқанда, философия қалай “болады?„.
 
Жауабы  айдан  анық:  философия  дегенiмiз  адам  рухының  (немесе  “ойлауының”, 
“зердесiнiң”  жəне  т.б.)  сөз  арқылы  болуы. “Бастапқыда  Сөз  болды”  деген  тезистiң 
философияның  қалай  “болатынына”  қатысы  бар.  Француз  философы  Альбер  Камюдiң 
мынадай  пiкiрi  бар: “Адамның  адам  болуы  көбiнше  оның  пiкiр  айтқанынан  гөрi,  үндемей 
қалуының  арқасында”.  Бұл  бiздiң  өмiрiмiздiң  кейбiр  жағдайларында  белгiлi  бiр  ақиқатты 
бiлдiргенiмен,  қойылып  отырған  мəселеге  келгенде  оны  қанағаттандыра  алдмайды. 
Себебi,  кезiнде  К.Маркс  айтқандай  жалпы  тiл,  сөз  бiздiң  ойымыздың  нақтылығын 
бiлдiредi.
 
Сонымен  бұл  “сөз”,  бұл  бiлiм  мен  даналық  не  туралы  дейтiн  болсақ,  оның  “жалпы 
бар  нəрсе”,  өмiр  сүретiн  нəрсе  туралы  екендiгi  философия  тарихынан  белгiлi  болды.  Ал 
бiздiң қабылдауымызға көнетiн қөрнекi не нəрсе нақты өмiр сүредi?
 
Ежелгi Греция философтары Парменид пен Гераклит дəуiрлерiнен берi бұл нəрсенi 
“онтос”-“болмыс”  деп  атады.  Бiз  өмiр  сүредi  деп  айқын  қабылдайтындай  не  нəрсе 
болымды?  Философиядағы  классикалық  ұғым  “онтос”  арқылы  дəл  осының  құрылымын 
қарастыруға болады. Сондықтан философия құрылымын талдауды “философиялық бiлiм 
құрылымының онтологиялық принципi” деп айтамыз.
 
Бұл  тұрғыдан  алғанда,  оның  ең  бастапқы  саласы, iргетасы  онтология,  болмыс 
туралы iлiм болып табылады. Мұнан ары бiз болмыстың деңгейлерiнiң осы типологиясын 
пайдалана  отырып,  философиялық  бiлiмнiң  əртүрлi  салаларын  жеке  дара  жүйелеп 
қарастырамыз. Төменде келтiрiлетiн бұл классификацияда əр түрлi салалардың қай кезде
пайда  болғаны,  олардың  бiр  бiрiне  өзара  əсерi  мен  байланысы  жəне  т.б.  мəселелердi 
берiлген контекстен ауытқымау үшiн арнайы қарастырмаймыз.
 
Философиялық бiлiмдi жiктеуде көптеген əдiс-тəсiлдердiң бар екендiгiн ескерткенiмiз 
жөн.  Мысалы  философиядағы  ең  кең  танымалы  ретiнде  теориялық  философия  жəне 
практикалық  философия  деген  бөлiнiсi.  Оның  бiрiншiсiне  болмыс  теориясы  (онтология) 
мен  таным,  бiлiм  теориясы  (гносеология)  жатады.  Екiншiсiнiң  өзегiн,  ең  алдымен  этика 

құрайды,  оған  құқық  философиясы,  тарих  философиясы  жəне  т.б.  жатқызылуы 
мүмкiн.
 
Философияның теориялық жəне практикалық деп бөлiнуi өзiнiң бастауын антикалық
классикадан алады. Аристотель үшiншi бөлiгiн ерекшелеп, оны “пойетикалық философия” 
деп  атады.  Бұл  шығармашылық  мақсаттағы  бiлiмдi  көздейдi,  ал  оның  негiзiн  сөз 
шығармашылығының  эстетикасы—риторика  жəне  поэтика  құрайды.  Алайда,  бiз 
“философиялық  бiлiм  құрылымының  онтологиялық  принципiне”  қайта  оралайық. 
Сонымен,   табиғат  болмысына  қатысты,  ондағы  “заттар”  мен  “процестерге”  қатысты 
философиядағы  бiлiмнiң  ерекше  саласы—натурфилософия.  Натурфилософияның,  сол 
сияқты онтологияның жəне басқа салалардың “отаны” метафизика болып табылады.
 
Ал  табиғаттағы  адам  болмысы,  оның  iс-əрекетiне  қатысты  философиялық  бiлiм 
шеңберiнде  натурфилософиямен  қатар  философиялық  антропология,  яғни  техника 
философиясы  мен  ноосфера  концепциясы  қалыптасты  жəне  өмiр  сүруде.  Адам 
болмысының  өзi “табиғаттан  тыс”  мағынасында  көптеген  “əлемдерден”  тұрады.  Бұл, 
мысалы,  экономика,  тарих,  мəдениет,  саяси  жəне  құқықтық  қатынастар  əлемдерi, 
əлеуметтiк-топтық  жəне  этникалық  қауымдастықтар  əлемдерi  жəне  т.б.  философияда 
бұлардың  əрқайсысына  сəйкес  өзiндiк  салалары  бар:  мысалы,  шаруашылық 
философиясы  (қазiргi  кездерi  кең  таралған  экономика  философиясының  арғы  отаны
десе  де  болады),  мəдениет  философиясы,  саяси  философия,  құқық  философиясы, 
философиялық антропология жəне т.б.
 
Ақырында, өз кезегiнде бiрнеше “əлемдерге” бөлiнетiн адамзат рухының болмысына 
(мысалы,  наным-сенiмдер  əлемi,  адамгершiлiк  жəне  эстетикалық  құндылықтар  əлемi, 
ғылым  əлемi,  ментальдық  қабiлеттер  мен  мүмкiндiктер  əлемi  жəне  т.б.)  қатысты 
филоссофия  мынадай  салаларға  бөлiнедi,  мысалы,  дiн  философиясы,  этика,  эстетика, 
рух  феноменологиясы  жəне  философиясы,  философиялық  герменевтика,  жаратылысы 
жағынан  философиялық  болып  табылатын  психология  жəне  риторика,  ғылым 
философиясы,  жəне  де  философиялық  антропология  сонымен  қатар,  əрине  онтология 
секiлдi ежелгi философиялық бiлiм салаларының бiрi гносеология.
 
Мүның бəрiн мынадай кесте түрiнде келтiруге болады:
 
Табиғат болмысы—Онтология (болмыстың барлық деңгейлерi мен формаларын қоса
алғанда). Натурфилософия (табиғат философиясы)
 
Адам болмысы—Философиялық антропология
 
Тарих əлемi—тарих философиясы
 
Мəдениет əлемi—Мəдениет философиясы
 
Экономика əлемi –Шаруашылық философиясы
 
Құқық əлемi—Құқық философиясы
 
Саясат əлемi — Саяси философия
 
Қоғам əлемi—Қоғам философиясы, оның қатынастары, құрылымы, байланыстары—
Əлеуметтiк философия
 
Рухани болмыс—адамгершiлiк əлемi—Этика, “мораль философиясы”
 
Дiн əлемi—дiн философиясы
 

Ғылым əлемi—Ғылым философиясы. Эпистемология
 
Өнер, сұлулық əлемi—Эстетика
 
Таным—Логика. Гносеология
 
Əрине,  кез-келген  кесте  бар  нəрсе  жағдайының  тек  жақындатылған,  толық  емес 
бейнесi  ғана.  Оның  үстiне,  бiз  қарастырған  жағдайда  философиялық  бiлiм  салаларының 
арасындағы  өзара  байланыстар  мен  өзара  қатынастар  көрсетiлмеген.  Алайда,  бiлiм 
бөлiмдерiнiң  осылайша  жүйеленуi  көрнектi  құрал  ретiнде  болмысқа  қатысты  көзқарас 
қалыптастыруға септiгiн тигiзедi.
 
Сонымен,  философия  болмыстың  мəнiн  осылай  игерумен  (немесе  оны  құрайтын
заттардың,  құбылыстардың,  жағдайлардың,  деңгейлердiң,  процестердiң  жəне  т.б. 
мəндiлiгi),  адамның  əлемге  қатынасының  мəнiн  жəне  ондағы  адамның  мəндiлiк  орнын 
танумен айналасады.
 

1.2. Философияның қайнар көздерi
 
 
 
Философия  бiздiң   өмiрлiк  тəжiрибемiздiң  бiр  бөлiгi  болып  табылады.  Бiз  мұны 
мойындасақ  та,  терiске  шығарсақ  та  философиялық  ой-толғаулар  бiздiң  күнделiктi 
өмiрiмiздi толықтырып, адамзат дамуының бүкiл ұзақ жолына iлесiп келедi.
 
Философия  б.з.д. VI-V ғасырларда  қалыптасты,  осы  кезден  бастап  адамзат  əлем 
туралы,  ондағы  өзiнiң  орны  мен  тағдыры  туралы  рационалды  көзқарас  қалыптастыра
бастады.  Философиялық  рефлексияның  пайда  болуы  күрделi  процесс  болып  табылады. 
Адамзат  ойының  дамуы  архаикалық,  фантастикалық,  иллюзиялық  көзқарастан  оның 
рационалдық-танымдық  формаларына  дейiн  ұзақ  жолдан  өттi.  Əлемнiң  рационалды 
түсiндiрiлуiне  ең  алғаш  қадам  жасағандар  дүние  құрылымы  туралы  ерекше  iлiмдердi
тудырған мысырлық, вавилондық, үндi жəне қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегi
вавилондық  математиктер  мен  астрономдар  əлемнiң  гелиоцентристiк  картинасын 
қалыптастырып, алгебра, геометрияның негiзiн қалады, квадраттық жəне кубтық түбiрден 
шығару тəсiлдерiн меңгердi.
 
Ежелгi  үндi  астрономдары  Жердiң  шар  тəрiздi  екендiгi,  оның  өз  осiнен  айналуы 
туралы ойларды айтты, математиктерi санаудың он мəндi жүйесiн, цифрларды белгiлеудi
ойлап тауып, тригонометрия негiздерiн қалыптастырды.
 
Азиялық  мəдениеттiң  көптеген  ертедегi  ескерткiштерiнде  əлемдегi  адамның  орны 
туралы, оның тағдыры, өлiм мен мəңгi өмiр сияқты дүниетанымдық мəселелер көтерiледi. 
Мысалы, “Гильгамеш  туралы  эпоста”  батыр  мəңгiлiктi iздеп,  өмiрдiң  мəнi  туралы  сұрақ 
қояды. Утнапишти  оған былай деп жауап бередi:
 
Сұм өлiмнен  құтыла алмассың қашсаң да!
 
Соғылған үй мəңгiлiк пе?
 
Қойылған таңба мəңгiлiк пе?
 
Əлде қаны бiр туыс мұрасын мəңгiлiкке бөле ме?
 
Көбелек те қуыршағын қалдырар
 
Күнге қарап үнемi, ол да мəңгi өмiр сүрмейдi!
 
Ұйқы менен жансызға тəн нəрселер—сол өлiмнiң елесiндей емес пе?
 
Келтiрiлген бұл үзiндiде қойылған сұраққа жауап iздеу ғана емес, өмiрдiң мəнi, өлiм 
мəселелерi  туралы  ой-толғану  басым.  Гильгамеш  бұл  өмiрдiң  өткiншi  жəне  шектеулi
екендiгiн,  оның  өлiммен  аяқталатынын  түсiнедi.  Сондықтан  ең  жоғарғы  құндылық  бұл 
дүниедегi  өмiр  болып  табылады.  Бұл  өмiрдi  бағалап  қана  қоймай,  өзгелердiң  де  өмiрiн 
қорғау  арқылы  ғана  мəңгiлiкке  жетуге  болады.  Мəңгiлiк—бұл  өмiр  мен  жақсылық  үшiн 
бұрын-соңды  жасалған  ерлiк  iстер  туралы  адамдар  мен  халықтардың  жады,  тарихи  есi. 
Өмiр,  өлiм  мен  мəңгiлiк  туралы  осындай  ойлар,  құдайлардың  өмiр  сүруi  туралы  күмəндi
ойлар  азиялық  мəдениеттiң  көптеген  ескерткiштерiнде  кездеседi:”Құлдың  қожайынымен
əңгiмесi”, “Ригведа”.
 
Логосқа  қарай  батыл  қадам  жасаған  ерте  дүние  ескерткiштерiнiң  бiрi  Упанишад 
(б.з.д. 800-300 жылдар)  болып  табылады.  Бұнда  қоршаған  əлемнiң  мəнiн  тереңiрек 
ұғынуға деген ұмтылыс дiни догматтық постулаттарға табан тiрей отырып өрiлген ақыл-ой 

басым болды. Болмыстың субстанциялы негiзiн рационалды iздеу, адамның рухани-
құқықтық  əлемiндегi  күрделi  ұғымдар  мен  категориялар,  қайғы-қасiреттiң  мəнiн  түсiнуге 
талпыныс—мұның бəрi Упанишадтың рационалды-рухани iзденiстерiнiң өзегiне айналды.
 
Упанишад бойынша əлемнiң бастапқы түпнегiзi Брахма болып табылады. Брахма—
бұл  атманмен  (адамның  рухани  мəндiлiгi)  бiртектес  тұлғасыз  мəндiлiк.  Адам  өмiрi -
сансарамен (өмiрдiң мəңгi айналымы) жəне кармамен (жазмыш заңдылығы) анықталатын 
əртүрлi қайта пайда болулардың шексiз тiзбегi. Карма—бұл жанның мəңгiлiкке көшуi мен 
қайта  оралуының  өнегелiк  заңын  айқындайды.  Дүниеге  келу  немесе  өлу  де  пайда 
болатын  немесе  жойылатын  тек  дене  ғана,  ал  жан  сақталады  жəне  əрбiр  жаңа  туумен 
жаңа денеге ауысып көшiп отыратын айналымға кiредi. Адамның болашақ өмiрi осы өмiрдi
қалай  өткергендiгiмен  жəне  өнегелiк  сапасымен  айқындалады.  Адамның  мiндетi
сансараның  шеңберiнен  шығып,  Брахманмен  бiрiгу.  Бұл  үшiн  Атман  мен  Брахман 
бiрегейлiгiн  танып,  санаға  сiңiру  қажет.  Бұл  жол  деваяна  (құдай  жолы)  деп  аталады. 
Деваяна  жолы—бұл  адамның  өзiн  өзi  ой  елегiнен  өткiзiп,  өз  артықшылықтары  мен 
кемшiлiктерiн саналы түрде пайымдау жолы. Деваяна жолы - бұл бүкiл қоршаған əлемнiң 
шарттылығын  зердемен  игеру  арқылы  өзiңдi  меңгеруге  ұмтылу.  Бұл жолда адам  барлық 
нəрсенiң  өткiншiлiгiне,  бұл  дүние  қызықшылығының  тұрлаусыздығына,  ал  iшкi
субьективтiлiктiң  тұрақтылығына  көзiн  жеткiзуi  тиiс.  Адамның  iшкi  рухани  əлемiнiң 
маңыздылығын,  адамгершiлiктi  жетiлдiру  қажеттiлiгiн  жете  түсiну—мiне, “деваяна” 
жолындағы адамның ең басты мiндетi осы.
 
Деваяна  жолына  түскен  адамның  мiндетi  Брахман  əлемiне  енуiмен  сипатталады. 
Өзiн  осы  жолға  арнаған  адам  феномендер  дүниесiнен,  иллюзиялық  əлемнен  шығып, 
Брахман əлемiмен бiртұтас күйге енуi тиiс.
 
Философиялық  ойлаудың  келесi  бiр  ескерткiшi  ежелгi  үндiлiк  “артхашастра”  болып 
табылады.  Онда  философия  барлық  ғылымдардың  шырағданы,  барлық  iс-əрекеттiң 
құралы  жəне  барлық  ұстанымдардың  тiрегi,  өйткенi  ол  қандай  жағдайда  да  болмасын 
бақытсыздық  болсын,  қуаныш  болсын  адамның  рухын  күшейтедi,  дұрыс  ойлауға,  дұрыс 
пiкiрлесуге үйретедi.
 
Ертедегi  үндi  жерiнде  рухани  ойдың  одан  арғы  дамуының  айшықты  көрiнiсi
даршандардан  көрiнедi.  Даршандардың  пайда  болуы  зерттеу  объектiсiнiң  мəнiн  ұғынуға, 
ешқандай  авторитеттiң  көмегiнсiз  ақиқатқа  жетуге  жəне  сондай-ақ  болып  жатқан 
құбылыстарды ақылмен пайымдауға мүмкiндiк беретiн теориялық жəне практикалық əдiс-
тəсiлдер  қалыптастыруға  ұмтылумен  байланысты  болды.  Даршандардың  қалыптасуы—
күрделi процесс, оның басталуы б.з.д 6 ғасыр, ал гүлденген кезеңi б.з.д. III-I ғасырларды 
қамтиды.  Негiзгi  даршандар  қатарына  ежелгi  Үндiнiң  мынадай  философиялық  жүйелерi
жатады: миманса, веданта, санкхья, ньяя, йога, буддизм, джайнизм, чарвака-локоята. Дəл 
осы  мектептерде  философиялық  ой  адам  болмысының  мəселелерi  төңiрегiндегi
рефлексиялардың өз алдына дербес формасына айналды.
 
Санкхья б.з.д. VII ғасырда (негiзiн қалаушы Капила) пайда болып, ал б.з.д. III ғасырда 
дербес iлiм ретiнде толық қалыптасып бiттi. Санкхья iлiмi бойынша бүкiл əлем дүниедегi
екi  субстанцияның—пракрити  жəне  пурушидiң  өзара  əрекетiнiң  нəтижесiнде  пайда 

болады.  Егер  пракрити—бұл  мəңгi  əрекеттегi  жəне  құбылмалы  энергия,  əртүрлi
материалдық  объектiнiң  бастау  көзi  болса,  ал  пуруши  таза  сананың  немесе  “меннiң”, 
рухтың жеке болмысы. Пуруши мен пракритидiң қосындысы əлемдi құрайды жəне ғарыш 
эволюциясының  себебi  болып  табылады.  Мəңгiлiк  əлемдi  мойындау  оның  таным 
объектiсi. Адам əлемдi логикалық формалар мен құралдардың көмегiмен таниды, ал əлем 
туралы  бiлiмнiң  ақиқаттылығын  адам  мынадай  логикалық  тəсiлдердiң  көмегiмен 
негiздейдi: аргументация, дəлелдеу, ойқорытындылау.
 
Жалпы  iшкi  рухани  жетiстiк  жəне  iшкi  еркiндiкке  ие  болу,  сыртқы  əлем  мен  рух
арасындағы  үйлесiмдiлiкке  жету  идеалдары  өзге  де  даршандарға  тəн.  Бұл  бағыттағы 
батыл қадамды йога философиясы жасайды. Йога - бұл рухты тəннен жəне материалдық 
əлеммен  сыртқы  байланыстың  нəтижесiнде  туындайтын  шектеулерден  азат  етуге
мүмкiндiк  беретiн  теориялық  қана  емес,  практикалық  тұрғыда  да  негiзделген 
философиялық  мектеп.  Йога  адам  миының  жасырын  потенциалды  мүмкiндiктерi  туралы 
ойды қалыптастырып, экстрасенсорлық қабiлеттi дамытудың əдiс-тəсiлдерi жүйесiн ойлап 
тапты.  Карманың  шынжырын  бұзып,  сансарадан,  қасiреттен  құтылып,  рухани  еркiндiкке 
жетудiң практикалық тəсiлдерiн қалыптастырушы Патанджали (б.з.д. II ғ) болып саналады. 
Ол  өзiнiң  “Патанжалисутра”  еңбегiнде  жан  мен  тəннiң  үйлесiмдi  жəне  жүйелi  тренингiнiң 
төрт  бөлiмнен  тұратын—саматхипада,  садханапада,  вибхутипада,  кайвальяпада  жəне 
төрт  формадан  тұратын—джана-раджа, -бхакти,  карма-,  хатха-йога, - комплексiн   жасап  
шығарды.  Йоганың   əрбiр  формасының  өз  сатылары  мен  мақсаттары  бар.  Мысалы, 
джанана-жəне  раджа-йогалар  рухты  əлемдегi  бағыныштылықтардан  азат  етушi  сатылар 
болса,  бхакти-йога  ұлы  ақыл-ойға  алып  баратын  саты.  Карма-йога  халыққа  ерiктi  түрде 
жəне қалтқысыз қызмет етуге бағдар бередi. Хатха-йога-бұл физиопсихикалық тренинг.
 
Ньяя  жəне  вайшешика  философиялық  жүйелерi  ведалық  дүниетанымға 
жақындықтарына  қарамастан,  рационалдық  таным  принциптерiн  қалыптастырды. 
Мысалы,  ньяя  дəйектi  таным  көздерi,  сезiмнен  тыс  қабылдау,  сөйлемнiң  логикалық 
құрылымы туралы iлiмдi қалыптастырды. Вайшешика əлемнiң атомдық құрылымы туралы 
ойды  дамыта  отырып,  сонымен  қатар  ньяя  сияқты  логика  мəселерiне  көңiл  қояды. 
Вайшешиканың  қарастыратын  негiзгi  мəселелерiне  болмыстың  жеке  заттарға 
дифференциациялануын  талдау,  оларды  салыстыру  мен  ерекшелендiру  нəтижесiнде 
белгiлерiн  айқындау,  субстанцияны  барлық  күрделiнiң  себебi  жəне  заттардың  қасиетi
ретiнде талдау жатады.
 
Миманса  барлық  даршандардың  iшiндегi  ортодоксалды  мектеп  болып  табылады. 
Миманса  атомдарды  материалдық  денелердiң  субстанциясы  ретiнде  мойындайды. 
Веданта  барлық  мəндiлiктiң  қайнар  көзi  ретiнде  Брахман-Атманның  нақтылығын 
негiздейдi.  Осы  аталған  алты  даршандар  Упанишад  идеялары  трансформациясы  мен
эволюциясының  əр  түрлi  формаларын  бiлдiрiп,  оның  дамуының  алты  параллельдi
аспектiсiн байқатады.
 
Бұл  алты  даршан  индуизмнiң  философиялық  негiзiн  құрап,  ол  б.з.д. I ғасырдан 
бастап үстем идеологияға айнала бастайды. Ертедегi Үндi жерiндегi этникалық топтардың 
ұзаққа  созылған  рухани  эволюциясының  нəтижесiнде,  индуизмнiң  негiзiнде  əртүрлi

архаикалық культтар мен ведалық мəдениеттiң синтезi жүзеге асады. Бұл синтездiң 
əдеби  жемiсi  Бхагавадгита  (Құдiреттi  əн)  болып  табылады.  Онда  көптеген  этикалық 
мəселелерге қатысты рухани iзденiстер келтiрiлген. Қарастыратын ең басты мəселелерi -
бұл  карма,  мукти,  реинкарнация,  өмiрдiң  мəнi  тақырыптары.  Бхагавадгитаның  мəтiндерi
бойынша  адам  карманы  тани  отырып,  өз  санасының  көкжиегiн  кеңейтiп,  дамытып,  өз 
интеллектiнiң  позитивтi  жағдайына  жетуi  тиiс.  Қайырымдылық  жəне  имандылықпен 
сипатталатын  бұл  жағдай  болашаққа  өзiнiң  оң  ықпалын  тигiзедi,  яғни  адам  кейiнгi  өзге 
күйге  ауысу  барысына  əсерiн  тигiзе  алатындай  сананың  сатысына  көтерiле  алады.  Бұл 
тезиске  Гита  мəтiнi  баса  назар  аударады,  яғни  Кришна  Арджунаға  былай  дейдi: “Жан 
материалды  денеге  ене  отырып,  балалық,  ересектiк  жəне  кəрiлiк  тəжiрибесiнiң  басынан 
өткiзгенi  сияқты,  ол  басқа  денеге  енгенде  немесе  басқа  күйге  ауысқанда  да  дəл  осылай
өмiр  сүрiп,  өз  жазмышын  орындайды” (қараңыз: 3.184). Бұл  мəтiнде  реинкарнациямен
тығыз  байланыс  жайлы  айтылып,  ал  карма  басқа  өмiрден  екiншi  өмiрге  ауысуды 
анықтайтын себеп-салдардың тiзбегi ретiнде түсiндiрiледi.  Бұл ауысу рухани тəжiрибенiң 
бiртiндеп  кеңейтiлуiмен,  рухани  қабiлеттi  дамыту  жəне  жетiлдiрумен  сипатталады. 
Реинкарнация—бұл  индивидуалды  жанның  Брахмаға  көтерiлуiмен  жүзеге  асатын 
адамның  өзiндiк  рухани  қабiлетi.  Адам  бiр  өмiрден  келесi  өмiрге,  əлемдегi  өзiндiк 
физикалық  тұрғыдағы  бiр  сатыдан  екiншiсiне  өтуi  барысында  рухани  жағынан  жетiле 
түседi.  Атман  Брахма-Атман  жағдайына  жеткенге  дейiн  жан  осылайша  əртүрлi  күйге 
ауысулардан өтуi тиiс.
 
Атманның  трансформациялану  сатылары  адам  тəнiнiң  əртүрлi  деңгейлерiнен 
көрiнедi:  физикалық  дене—материалдық  структуралардан  тiгiлген  сезiм  органдарымен 
қабылданатын  нəрсе,  эфирлiк  жағдай-физикалық  дененiң  өлiмiнен  кейiн  түсетiн  жағдай. 
Ол  сезiм  органдарымен  қадағаланбайды  жəне  қабылданбайды,  астралдық  жағдай—бұл 
физикалық  дененiң  қолынан  келетiннiң  бəрiн  автоматты  түрде  қайталайтын  ақыл-ойсыз 
рухани  мүрде;  менталдық  жағдай—бұл  ойдың  субстанциясы.  Бұл  ой—формалар. 
Ментальдықтың  көлемi  өмiрде  жинақталған  ақпараттық,  адамгершiлiк-интеллектуалдық 
жəне мəдени тəжiрибеге бағынышты.
 
Казуальды дене,  рухани  ақыл-ой денесi,  жоғары меннiң денесi - бұл мəңгi өлмейтiн 
жанның  қабаттары,  абстрактылы-тылсымдық  əлем.  Онда  рухани  эволюцияның  барлық 
этаптары, өткен шақтағы рухани болмыс өзгерiстерi мен деңгейлерi жинақталады. Мүның 
бəрi  өзiндiк  талғам  мен  таңдауға, iс-əрекетке  себеп  болған  итермелеушi  алғышарттар, 
барлық  өмiрлiк  бет-бейне  құндылықтарын  пайымдау  процесi.  Осындай  барлық  рухани 
процесс кейiнгi рухани эволюция мен реинкарнация формаларын айқындайды.
 
Адамның  рухани  эволюциясының  өзiндiк  жинақтаушысы  атман  болса,  ал  рухани 
энергияны тудырушы мен сақтаушы—Абсолют Брахма. Брахма өзiнiң эманацияларының 
көмегiмен  əрекет  етедi.  Брахманың  эманациясы  ақыл-ой,  энергия  жəне  материя  арқылы 
жүзеге асады. Абсолюттiң рухани өрiсiн құрайтын “меннiң” мазмұнын бiлдiретiн ой-форма 
жалғыз  нақтылық  болып  табылады.  Абсолют  бұл  барлығы,  онсыз  ешнəрсе  жоқ,  ол  бүкiл 
эманацияның  қайнар  көзi  болып  табылады,  ал  барлық  қалған  нəрсе  өзгередi  жəне  өмiр 
сүруiн тоқтатады.
 

Адамға оның рухында атман бар екенiн саналы түрде сезiну ғана берiлген. Адамның 
мiндетi  рухани  өзгерiстердi  бастан  кешiре  отырып,  өзiнiң  рухани  эволюциясын  түсiну 
деңгейiне  жетуiнде.  Бұл  деңгейге  жеткеннен  кейiн  ғана  адам  Жердегi  өмiрдiң  мəнi  мен 
мақсаты  өмiр  сүру  барысында  өзiн-өзi  рухани  жетiлдiрудiң  барынша  жоғары  дəрежесiне 
қол жеткiзу екендiгiн түсiнедi.
 
“Өзiңдi  өзiң  жеңу”  буддизм  философиясынағы  адамның  ең  негiзгi  мақсатының  бiрi
болып  табылады.  Ертедегi  Үндiде  буддизмнiң  пайда  болуы  ежелгi  Грецияда  Сократқа 
дейiнгi  философия  қалыптасқан  уақытпен  бiр  мезгiлде  iске  асты.  Буддизмнiң  негiзiн 
қалаушы  Сиддхартха  Гаутама  (б.з.д. 563-483). Гаутама  дiнi  ой-сананы  терiске  шығарды. 
Оның  iлiмi  адамды  азат  етуге  бағытталған.  Бұл  үшiн  барлық  күйбең  тiршiлiкке  қатысты 
бағыныштылықтардан  азат  болып,  нирванаға  жету  шарт.  Сондықтан  да  Будда  үшiн 
философия—бұл  нирванаға  жетудiң  құралы.  Бiрақ,  нирванаға  жетпей  тұрып,  адам  “төрт 
шынайы  ақиқаттың”  мəнiн  терең  ұғынуы  қажет: 1. дүние  қасiретке  толы; 2. барлық 
қасiреттiң   себебi адамның құлқынынан; 3. қасiреттiң себептерiн жою; 4. нирванаға  жету, 
ол үшiн  мына жолды  ұстану  қажет—дұрыс  түсiнiк,  дұрыс  сөз,  дұрыс  ойлау,  дұрыс  жүрiп-
тұру, дұрыс өмiр сүру тəртiбi, дұрыс күш-жiгер, дұрыс ой бағыты, дұрыс жинақтала бiлу.
 
Буддизмнен  өзге,  брахманизмге  қарсы  оппозициялық  көңiл-күйдегi  келесi  бiр 
мектеп—джайнизм  (б.з.д. VI-V ғ)  Веданың  қасиеттiлiгiн,  əртүрлi  дiни  əдет-ғұрыптар  мен 
салттарды, адамзат тағдырына құдайлардың ықпал етуiн терiске шығарды. Джайндардың 
пiкiрiнше адамды оның құдайға табынушы тақуалығы да, əлеуметтiк шыққан тегi де емес, 
жеке тұлғалық қасиеттерi ғана айқындайды. Адам карманы өзiнiң адамгершiлiк iс-əрекетi
мен моральдық деңгейi арқылы ғана жеңуi тиiс.
 
Үндiнiң  философиялық  ойы  сияқты  қытай  даналығы  да  өте  ерте  кездегi  мəдени 
қабаттардан өз бастауын алады. Мифологиядағы “Ян” жəне “Инь” туралы көзқарастарды
ежелгi  қытай  ойшылдары  дүниетанымдық  ұғымға  айналдырды  жəне  оны  “ци”  ұғымымен 
толықтыра отырып (б.з.д. VIII-V ғ.), “У-син” концепциясын (б.з.д. V-IIIғ-бес түпкi элементтер 
туралы  iлiм)  дамытты.  Бұл  көзқарастар  Лао-Цзыдiң  (б.з.д. VI-V ғ.) “Дао  де  Цзин”  деп 
аталатын  еңбегiнде  жарқын  көрсетiлген.  Лао-Цзыдiң  пiкiрiнше,  дао—бұл  ғаламдық 
заңдылық. “Цимен”  бiрге  дао  əлемдегi  заттардың  дамуы  мен өзгеруiне  ықпалын  тигiзедi. 
Əлем  алуантүрлi  жəне  үнемi  өзгерiсте.  Адам,  даостардың  пiкiрiнше,   Даомен    бiрiгiп,   
жерге  тəн   бағыныштылықтан  құтылуы 
 
қажет (7.37).
 
Кун  Фу-Цзы,  аңыздардың  айтуынша  Лао-Цзыды  құрмет  тұтып,  оның  əңгiмелерiнен 
үлкен өнеге алған. Бiрақ Лао-Цзы Даоны тұтып, жоғары қойса, ал Кун Фу-Цзы “асыл тектi
ер  мiнездi”  ең  басты  қасиет  ретiнде  санап, “жэнь”  мəселесiне  үлкен  көңiл  қойды. 
Конфуций  пiкiрiнше,  жэнь—бұл  гумандылықтың  идеалды  қатынасы.  Жэнь  асыл  тектi
адамға  тəн  барлық  жақсы  қасиеттердi  жинақтайды.  Жэнь—бұл  ақыл-ой,  жүрек, 
адамгершiлiк парасат. Жэньнiң арқасында адам ешқандай зұлымдық жасамайды, жердегi
адамдар  мен  барлық  тiршiлiк  иелерiн  жақсы  көрiп,  халық  пен  қоғамға  ешқандай  зиян 
келтiрмейдi.
 
Егер  жэнь—бұл  гумандылық  болса,  ли—бұл  адамдар  арасындағы  қатынастар  мен 

байланыстардағы үйлесiмдiлiк. Ли—бұл өзге адамдарға деген құрмет, бұл iзгi iлтипат 
жəне  сыпайыгершiлiк.  Кун  Фу-Цзыдiң  айтуынша  “жэнь”  жəне  “ли”  адамгершiлiк  пен 
құрметтiң  өзара  байланысының  алғышарты.  Парасаттылыққа  жеткен  адам—бұл 
адамгершiлiктi жəне тəрбиелi адам. Парасаттылыққа жету музыка мен поэзияны меңгеру
арқылы жүзеге асады. Онсыз əлеуметтiк қағидаларды игеру мүмкiн емес.
 
Конфуцийдiң  идеялары  қытайдың  рухани  мəдениетi  дамуына  өзiнiң  зор  ықпалын 
тигiздi.
 
Сонымен,  ертедегi  үндi  жəне  ежелгi  қытай  философиялары  (əсiресе,  дао  iлiмi) 
адамды  тiкелей  болмыспен  бағдарластырады,  адамның  əлеммен  үйлесiмдiлiгi  мен 
тұтастығына үндейдi.
 

1.3.
   
Антикалық философия
 
 
 
“Антикалық  философия”  деген  термин  мың  жылдан  аса  тарихы  бар  грек-рим 
философиясын  бiлдiредi. “Антика”  сөзiнiң  латын  тiлiнен  аударғанда  “көне”  деген 
мағынаны  бiлдiретiнiн  ескерсек,  бұл  жалпы  философиялық  ой  дамуының  бастапқы
кезеңiн аңғартар едi. Алайда, қалыптасқан дəстүр бойынша антикалық дəуiр тек батыстың 
көне  заманын  бiлдiрiп,  осы  грек-рим  əлемiне  қатысты  айтылады.  Ал  хронологиялық 
шеңберiне  келер  болсақ,  антикалық  философия  өзiнiң  бастауын  б.з.д. VII-VI ғасырдан 
алып,  ал  оның  аяқталуы  б.з. 529 жылы  император  Юстинианның  барлық  христиандық
емес 
философиялық 
мектептердi  
ресми   
түрде   
жаптырған   
датасымен  
байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның iшiндегi үш iрi кезеңдi айқындауға 
болады:  антикалық  философияның  қалыптасуы  немесе   Сократпен    аяқталатын    ерте   
классика (б.з.д. VII-V ғ.); классикалық   грек   философиясы   (б.з.д. 
ΙV ғ);  эллиндiк-римдiк 
философия    (б.з.д. 
ΙΙ  ғ - б.з. V ғ).  Ал  Дж.Реале  мен  Д.Антисери  антикалық  философия 
дамуының төмендегiдей жетiлдiрiлген жүйесiн ұсынады:
 
1.  Б.з.д. VI жəне V ғасырлар  аралығын  қамтитын  физис  жəне  космос  мəселерiмен 
айналысқан натуралистiк кезең. Мұның өкiлдерi қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, 
элеаттар, физик-плюралистер жəне физик-эклектиктер жатады.
 
2. Адам болмысының мəнiн айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистiк кезең. Бұл 
кезеңнiң басты өкiлдерi—софистер жəне Сократ.
 
3.  Сезiмнен  тыс  əлемнiң  ашылуы  жəне  негiзгi  философиялық  мəселелердi 
органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдiң үлкен синтезi кезеңi.
 
4.  Александр  Македонский  жорықтары  дəуiрiндегi  эллиндiк  мектептердiң—кинизм, 
эпикуреизм, стоицизм, скептицизм жəне эклектицизм бағыттарының дəуiрi.
 
5.  Антикалық  дүниетанымдық  ойының  дiни  дəуiрi - неоплатонизм  жəне  оның 
модификацияларының қайта жандану кезеңi.
 
6.  Христиандық  ойдың  қалыптасуы  жəне  грек  философиясының  категориялары
тұрғысында жаңа дiннiң догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңi.
 
Ежелгi  Греция  дүниетанымның  жаңа  формасы—философияны  қалыптастырған 
негiзгi үш мəдени орталықтың бiрi болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үндi жəне 
Ежелгi Қытай жерлерiнде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бiрақ эллиндiк ақыл-
ойдың  дүниеге  келтiрген  жемiсiнiң  шығыстық  философиямен  салыстырғанда  өзiндiк 
түбiрлi ерекшелiктерi болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек өмiрiнiң 
формалары  қатарына,  тағы  да  басқа  халықтардағы  сияқты  мифология,  дiн,  ғылыми 
бiлiмнiң бастапқы түрлерi, əдеттiк сана жəне тiршiлiк даналығы жатады.
 
Грек  философиясы  “физис”  философтары  немесе  натурфилософтар  болған  милет
мектебiнiң  өкiлдерiнен  (Фалес,  Анаксимандр  жəне  Анаксимен),  Гераклиттен  жəне 
Пифагордан  басталады.  Олар  дүниедегi  барлық  заттардың  түннегiзiн  iздеумен 
айналысты, нəтижесiнде дүниетанымда төңкерiс басталып, философияның қалыптасуына 
əкелiп соқты.
 
Түпнегiз (архэ) - бұл барлық нəрселердiң шығу тегiн, олардың мəндiлiк ретiнде өмiр 

сүруiн  жəне  неге  айналатынын  бiлдiретiн  бастапқы  негiз.  Фалес  барлық  нəрсенiң 
түпнегiзiн  су  деп  пайымдаса,  Анаксимандр  өзi  апейрон  деп  атаған  шексiздiк  пен 
белгiсiздiктi атайды. Архэ ретiнде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор—
сандық  қатынастарға  аса  мəн  бередi.  Бұлардың  арасында  Анаксимандр  түпнегiздi 
неғұрлым философиялық жəне абстракциялық тұрғыда түсiндiруге тырысады. Алайда, су, 
ауа  жəне  отты  физикалық-химиялық  элементтердiң  немесе  процестердiң  бiр  бөлiгi  ғана 
деген  ой  туындамауы  тиiс,  себебi  олар  ең  алдымен  құдiреттi  бастаумен 
байланыстырылады. Бұл шексiз бастаудың құдiреттiлiк қасиетi бар, өйткенi ол мəңгi өмiр 
сүредi  жəне  бұзылмайды.  Бұл  Сократқа  дейiнгi  алғашқы  философтар  осы  құдiреттi 
түпнегiздi  əлемнен  бөлiп  алмай,  керiсiнше  əлемнiң  мəнi  ретiнде  түсiндiргендiктен 
“натуралистер”  деп  аталады.  Сондықтан  Гомер  жəне  антикалық  дəстүрмен
салыстырғанда бұл ұғым пантеистiк типтегi түсiнiк болып табылады. Мысалы, Фалес “бəрi 
құдайға толы” деп айтқанда барлық нəрсенiң өн бойын түпнегiз қамтиды дегенге меңзейдi. 
Ал өмiр бастапқы болғандықтан, бар тiрi нəрсенiң де жаны болады (гилозоизм).
 
Алғашқы  грек  ойшылдары  əлемдегi  бiр-бiрiне  үстемдiк  етуге  ұмтылған  қарама-
қарсылықтарды  аңғара  бiлдi (суық  пен  ыстық,  құрғақтық  пен  ылғалдық  жəне  т.б.). 
Анаксимен барлық өзгерiстер мен трансформацияларды түсiндiрудiң негiзi ретiнде өзiнiң 
үнемi өзгермелi табиғатына орай универсалдық стихия түрiнде ауаны түпнегiз етiп алғаны 
белгiлi. Ол сонымен қатар, “тығыздалу” мен “сиректелу” процестерiне динамикалық себеп
принципiн  енгiзгендiктен,  себептiлiктiң  түпкi  бастаумен  жетiлген  үйлесiмдiлiгiн  түсiндiрiп 
бергендiктен  милеттiк  ақыл-ойдың  қатаң  жəне  логикалық  көрiнiсiн  айшықты  түрде 
көрсетедi.  Кейiнiрек,  бұл  парадигмаға,  иониялық  ақыл-ойдың  үлгiсiне  айналып,  əсiресе 
Гераклитте  барлығын  басқаратын  логос  түрiндегi  түпнегiз—от  ретiнде  өзiнiң  заңды 
жалғасын  табады.  Гераклит  сонымен  қатар,  түпнегiздiң  универсалды  динамизмi 
тақырыбын онан  ары дамытты. Оның “бəрi ағады, бəрi өзгередi” деген атақты тезисi осы 
ағын  образынан  туындайды.  Осыған  байланысты  Гераклит  мынадай  терең  де  батыл
түйiндерге  тоқталады:  бiр  қарама-қарсылықтан  екiншiсiне  үнемi  алмасу  ретiндегi 
қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресi идеясы, олардың үйлесiмдiлiкке бiрiгуi, 
ақиқат  пен  танымның  көп  қырлығы.  Гераклиттiң  дəл  осы  тұжырымдарын  Гегель  жоғары 
бағалап, өз еңбектерiнде пайдаланды.
 
Философия  дүниеге  келiсiмен  құдiреттiлiк  (Ксенофан)  пен  ақиқатқа  (элеаттар) 
қатысты  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  наным-сенiмдердi  бұзып,  өзiнiң  жаңашылдық  күш-
қуатын  байқатты.  Элейден  шыққан  ойшылдардың  жаңашылдығы  былайша  сипатталады: 
космологияны  онтологияға  (болмыс  теориясына)  өзгерту,  өзiндiк  философиялық 
категорияларды  ойлап  табу (“болмыс”, “болымсыздық”, “ойлау”),  диалектикалық  тəсiлдi 
енгiзу мен пайдалану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дəлелдеудiң 
қажеттiлiгi  мен  оның  тəсiлдерiн  қолдануды  (абсурдқа  əкелу  принципi)  мойындау. 
Зенонның  аргументтерi  өзiндiк  заңдылықтың  күш-қуатын  бекiтетiн  берiлген  тəжiрибеге 
күмəн келтiретiн логостың позициясын күшейтуге бағытталған.
 
“Кiшi  физиктер”  немесе  физик-плюралистер—Эмпедокл  жəне  Анаксагордың 
көзқарастары  элеаттардың  осы  апорийларын  шешуге  ұмтылумен  байланысты  болды. 

Олардың  плюралистiк  концепциялары  элейлiктердiң  де,  иониялықтардың  да 
монизмiне  қарсы  бағытталды.  Ал  бұл  үшiн  Эмпедокл  элемент,  немесе  төрт  “түбiр” 
ұғымынан  өзге  бiрiктiруге  жəне  ажыратуға  мүмкiндiк  беретiн  Махаббат  жəне  Дұшпандық 
деп  аталған  ғарыштық  күштердi  де  енгiзедi.  Ал  Анаксагор  болса  (Афинадағы 
философияның  дамуы  оның  есiмiмен  басталады)  əлемдегi  сан  жетпес  сапалар  мен 
өзгерiстердiң  көп  құбылмалы  себебiн  заттардың  “ұрықтары” (гомеомериялар)  мен  ақыл 
(Нус), олардың бiр тəртiпке келуi арқылы түсiндiредi.
 
Бұл мəселенi түсiндiруге келгенде ең жүйелi жəне мақсатты талпыныс Левкипп жəне 
Демокрит  ұсынған  əлемнiң  атомистiк  картинасы  болды.  Əлемдегi  барлық  өзгерiстi, 
қозғалысты  түсiндiретiн - атом  (абсолюттi,  тығыз,  онан  ары  бөлiнбейтiн  болмыс),  бос 
кеңiстiк  (болымсыздық)  жəне  олардың  қозғалыстары.  Атомдар  формасына,  ретi  мен 
жағдайына  қарай  ерекшеленедi,  олар  сезiммен  қабылданбайды,  тек  ақылмен 
пайымдалады.  Элеаттардың  апорийларын  игеру  мақсатында  олар  əртүрлi  сезiмдердiң 
болуы атомдардың сыртқы əсерiнен, ал ақиқатты түсiну атомдардың өмiр сүруiн ақылмен 
ұғыну арқылы iске асады дей отырып, “ақиқатты” да, “пiкiрдi” де сақтап қалды. Демокриттiң 
бүкiл  дүниетанымынан  байқалатын  атомизм  принципi  ғаламның  шексiздiгi  мен  ондағы 
əлемдердiң  сан  алуандылығы,  себептiлiк  пен  кездейсоқтылық  туралы  iлiмдерiнде, 
мəдениет  тарихына  көзқарасында,  моральды  зерттеуiнде  жəне  т.б.  оның  данышпан 
ойларды дүниеге əкелуiне мүмкiндiк бердi.
 
Антикалық  философия  тарихындағы  ерекше  орынды  софистер  (Протагор,  Горгий 
жəне  т.б.)  алады.  Əдетте,  оларды  теориялық  тұрғыда  тұрлаусыз,  ақиқатқа  жету 
жолындағы  шынайылықтың  орнына  жеке  мүдденi  ойлаушылар  жəне  тағы  да  басқа 
күнəлармен айыптайды. Шындығында софистика б.з.д. V ғасырдың екiншi жартысындағы 
Грецияның  өмiрiне  объективтi  əлеуметтiк,  экономикалық,  мəдени  дамудың  алғы 
шарттарымен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс 
ұғып,  оған  форма  мен  дауыс  бердi.  Олар  аға  ұрпақтың  дəстүрлi  құндылықтарымен 
қанағаттанбаған  жастардың  арасында  үлкен  табыс  пен  қолдауға  ие  болды.  Оларды 
Сократпен  қоса  “грек  ағартушылары”  деп  те  атайды.  Софистер  дəстүрдiң  орнына  рух 
еркiндiгiн  жариялап,  бұрынғы  əлеуметтiк  кестенi  бұзып,  оның  орнына  тəрбие  мəселесiн 
алдыңғы орынға қойды. Бұл мəдениеттi бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана
емес, қоғамның барлық қабатына кеңiнен енгiзуге жағдай жасады. Полистiң тар шеңберiн 
кеңейтiп,  панэллинистiк  бастаудың  негiзiн  қалады. “Адам—бар  нəрсенiң  өлшемi”  деген 
Протагордың  аксиомасындағы  релятивизм  мен  прагматизм  Горгийдiң  нигилизмiне 
ұласқанымен  қатар,  сөз  өзiнiң  шынайылығынан  гөрi  нандыру  мен  сендiрудiң  құралы 
дегенге саятын теориялық ашылымға да əкелдi. Сондықтан б.з.д. V ғасырдағы Грецияда 
риторика 
немесе 
сендiру 
өнерi “мемлекет 
қайраткерiнiң 
қолындағы 
нағыз 
штурвалға” (В.Йегер) айналды.
 
Софистер  философиялық  рефлексияны  физис  жəне  космос  мəселелерiнен  адам 
тақырыбына,  оның  қоғам  мүшесi  ретiндегi  өмiрiне  бұрғаны  дүниетанымдағы  төңкерiс 
болып  табылды.  Софистиканың  қарастыратын  басым  тақырыптары  этика,  саясат, 
риторика,  өнер,  тiл,  дiн,  тəрбие  немесе  басқаша  айтқанда  барлық  мəдениетке  қатысты

мəселелер  болды.  Сондықтан  да  софистер  антикалық  философиядағы  гуманистiк 
кезеңнiң негiзiн қалаушылар болып саналады.
 
Алайда софистер адамның бұзылған дəстүрлi өмiр сүру тəртiбiнiң орнына тартымды 
жаңашылдық ұсына алмады. Мұны iске асырған Сократ болды, сондықтан оны антикалық 
философия  тарихының  “орталығы”, “философияның  аралығы”  деп  те  атайды.  Сократ  та 
софистер секiлдi өзiнiң басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның 
мəнi—ақыл-ойға  негiзделген  белсендiлiк  жəне  адамгершiлiк  бағдар  ұстанған  əрекет 
ретiндегi  оның  жаны  деген   түйiнге  тоқталады.  Белгiлi  бiр  мағынада  Сократ
құндылықтардың  дəстүрлi  жүйесiнде  төңкерiс  жасады.  Байлық,  даңқ,  билiк,  денсаулық, 
сұлулық  өз  табиғаттарында  ешқандай  игiлiкке  жатпайды,  бiрақ  олар  тек  ғылыммен, 
таныммен жəне дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игiлiкке айналады. Сократ 
бойынша таным игiлiктi iстiң, қайырымды қылықтың қажеттi алғышарты (“Жақсылық—бұл 
бiлiм”). Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптастырды: адам өз бақытының 
да,  бақытсыздығының  да  ұстасы.  Сократтың  өзi  күш  көрсетпеу  төнкерiсiн  теориялық 
тұрғыда негiздеп қана қоймай, өз өлiмiнiң фактiсi арқылы да оған мəңгiлiк өмiр сыйлады. 
Жанды  адамның  мəндiлiгi  ретiнде  белгiлеуi,  танымды  нағыз  жақсылық  ретiнде,  өзiн-өзi 
ұстауды  iшкi  еркiндiлiк  ретiнде  бағалауы – оның  этикасының  осы  тұжырымдары 
индивидтiң автономиясын жоғары көтерiп жариялады. 
 
Сократ  философиясын  саралай  отырып,  ондағы  екi  бағытты  ағғаруға  болады: 
бiржағынан бiлместiк принципi ("мен ештеңе бiлмейтiнiмдi ғана бiлемiн") ғылымды терiске 
шығаруға əкелсе, екiншi жағынан нағыз жоғары бiлiмге жол сiлтейдi; оның афиналықтарға 
жасаған  арнауы  (Платонның  "Сократ  апологиясы")  бiр  жағынан  қарапайым  моральдық 
уағыз  ретiнде  түсiндiрiлсе,  екiншi  жағынан  платондық  метафизикаға  кiрiспе  ретiнде 
бағаланады;  оның  диалектикасы  бiржағынан  софистика  мен  эристиканы  еске  түсiрсе, 
екiншi жағынан ғылым ретiндегi логиканың негiзi болып табылады; оның iлiмi бiржағынан 
афиналық  полистiң  қамалымен  шектелсе,  екiншi  жағынан  тұтас  əлемнiң  космополиттiк 
кеңiстiгi ашылады. Платон жəне тағы басқа сократшылдар осы əртүрлi жолдармен жүрдi.
 
Б.з.д. IV ғасыр  Греция  үшiн  "жоғары  классика"  дəуiрi  болып  табылады.  Бұл  дəуiрде 
антикалық  философиялық  ойдың  айшықты  көрiнiсiн  беретiн  екi  философиялық  жүйе  –
Платон  жəне  Аристотельдiң  философиялық  жүйелерi  қалыптасты.  Сократтың  ең  ғұлама 
шəкiртi  жəне  Академияның  негiзiн  қалаушы  Платонның  iлiмi  əр  деңгейлi  жəне  əр  алуан 
қырларымен  ерекшеленедi.  Оның  шығармашылығында  философия  мифке  қайта
оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпiн бередi. Əртүрлi 
кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, дiни проблематика 
мен  мистицизмге  үлкен  көңiл  бөлiнсе,  қазiргi  уақытта  платонизмнiң  мəнi  ретiнде  оның 
ауызша  диалектикасына,  этикалық-саяси  проблематикасына  баса  назар  аударылады. 
Платон  iлiмiнiң  шынайы  маңызы  осы  көзқарастардың  барлығын  жинақтағанда  ғана
көрiнедi.
 
Платондық  метафизиканың  кең  ауқымды  ерекшелiгi  ондағы  жаңа  шындықтың 
ашылуымен  байланысты,  яғни  физис  философиясында  бұрын-соңды  сөз  қозғалмаған 
сезiмнен  тыс,  физикалықтан  тыс  кеңiстiктiң  ашылуымен  байланысты  болды.  Платонның 

дəл  осы  жаңалығы  философия  дамуындағы  маңызды  кезең  болып  саналды  жəне
батыстық  даналықтың  дамуындағы  материалдылық  жəне  материалдылық  емес,  сезiмге 
тəн  жəне  сезiмнен  тыс  деген  айырмашылықтардың  негiзiн  қалады.  Осы  категориялар 
тұрғысында  табиғат  пен  ғарыш  өз  алдына  заттар  түрiнде  емес,  тек  олардың  құбылысы 
түрiнде  ғана  көрiнедi.  Нағыз  жəне  нақты  болмысқа  заттардың  мəнiн,  олардың 
парадигмасын  бiлдiретiн  идеялар  ғана  ие  болады.  Платонның  идеялар  əлемi – бұл 
сатылы  түрде  ұйымдастырылған  жүйе.  Оның  ең  жоғарғы  шыңында  Игiлiктiң  абсолюттiк 
идеясы  орналасқан.  Физикалық  əлем  немесе  сезiммен  қабылданатын  ғарыштың  əлемi 
мынадай  кесте  негiзiнде  пайда  болады:  үлгi (идеалды  əлем),  көшiрме  (физикалық  əлем) 
жəне Жаратушы (демиург). 
 
Платон таным мəселесiн жанда əуел бастан нақтылық түрiнде ұшырасатын ақиқатты 
ажыратып  алу  ретiнде  қарастырады.  Бұл  ажыратудың  тəсiлi  сократтық  маевтика  болып 
табылса,  ал  "диалектика"  терминi  онда  жаңа  мағынаға  ие  болады.  Платон  өнердi 
ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретiнде қарастырса, ал эротика 
–  абсолютке  жетудiң  логикалық  емес  жолы.  Платонның  адам  концепциясы  дуалистiк 
болғандықтан   (жан  мен  тəн),  таным  тазару  ретiнде,  ал  диалектика  бетбұрыс  ретiнде 
қарастырылады.  Жанның  мəңгiлiгi  Платон  үшiн  ең  маңызды  мəселе  болғандықтан 
метемпсихоз ұғымы əртүрлi мифтер түрiнде сипатталады.
 
Платондық 
дүниетанымның 
iнжу-маржаны 
оның 
бүкiл 
ой-толғамдарын 
қорытындылайтын  "Мемлекет" диалогы болып табылады. Платонның түйiндеуiнше, егер 
саясаткер  философқа  айналса   (жəне  керiсiнше),  онда  Ақиқат  пен  Игiлiктiң  жоғары 
құндылықтарына  негiзделген  шынайы  мемлекет  қалыптастыруға  болады.  Ал  Əдiлеттiлiк 
бүкiл басқа нəрселер соның төңiрегiнде айналатын негiзгi өзек болып табылады. Идеалды 
мемлекеттi  практикалық  тұрғыда  қалыптастырудың  бiрнеше  мүмкiндiгi  сəтсiз  аяқталған 
соң  Платон  өзiнiң  "Саясат"  жəне  "Заңдарында" "барлық  нəрсенiң  өлшемi - Құдай"  деп 
санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттiң формасын табуға ұмтылады. 
 
Платондық  Академияның  ең  қабiлеттi  шəкiртi  Аристотельдiң  рухани  дүниесiн 
платонизм  мен  метафизикадан  бас  тартып,  натурализм  мен  эмпиризмге  бет  бұру  деп
түсiнуге  болады.  Яғни  ол  ұстазының  жолын  қайталамай,  оның  iлiмiн  алға  жылжыта 
отырып,  оның  теориясы  шеңберiнен  шыға  бiлген.  Аристотельдiң  таланты  мен  ғылыми 
рухы  оны  тəсiлдердiң  дифференциациясына,  органикалық  синтез  бен  жүйелеуге  алып 
келдi.  Ол  философиялық  бiлiмдердiң - метафизиканың,  физиканың,  психологияның, 
этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму жолдарының негiзiн қалады. 
 
Ғылымдарды  классификациялауда  Аристотель  ең  алдымен  теориялық  ғылымдарға
басымдылық бередi, оның iшiнде барлық ғылымдардың шыңы ретiндегi ең маңызды орын 
метафизикаға немесе "бастапқы философияға" берiледi. Бұл жалғандыққа жол бермейтiн 
бiлiмге  деген  таза  құмарлық,  ақиқатқа  деген  құштарлық.  Оның  мақсаты  болмыстың  төрт 
себебiн  зерттеу  болып  табылады,  оның  iшiндегi  ең  маңыздылары – барлық  заттарды 
құрайтын  форма  (мəндiлiк,  бастапқы  субстанция)  жəне  материя.  Жəне  метафизиканы 
тəмамдайтын сезiмнен тыс субстанция – бұл мəңгi жəне қозғалмайтын Бастапқы түпнегiз, 
Бастапқы  қозғаушы.  Аристотель  өзiнiң  физикасында  сезiммен  қабылданатын

субстанцияларды  зерттей  отырып,  оның  iшкi  сипаттамасы  ретiнде  қозғалысты 
қарастырады. Оның психологиясы бiрнеше трактаттарда мазмұндалған, оның iшiндегi ең 
терең  жəне  даралығымен  ерекшелетiнi "Жан  туралы"  деп  аталады.  Стагирит  жанды  үш 
құрамда  қарастырады:  вегетативтi,  сезiмдiк  жəне  рационалдық,  бiрақ  оның  алғашқы  екi 
құрамы барлық жанды затарға тиесiлi болса, тек адам ғана осы үш құрамның барлығына
да бiрдей ие. 
 
Аристотель  практикалық  ғылымдар  қатарына  этика  мен  саясатты  жатқызады,  ал 
олардың  мақсаты  бақытқа  жету  болып  табылады.  Этикалық  қадiр-қасиеттер  "дұрыс 
ұстаным"  немесе   "шет  аралықтардың  ортасы"  ретiнде  қарастырылады.  Аристотель, 
сондай-ақ бейбiт өмiр мен парасаты белсендiлiк түрiндегi жетiлген мемлекеттiң идеалын 
ойлап шығарды. 
 
Мəдениет  тарихында  Аристотель  өз  есiмiмен  аталатын  дəстүрлi  логиканың  негiзiн 
қалаушы  ретiнде  де  белгiлi.  Шындығында  да  ол  негiзiн  қалаған  логикалық  тұжырымдар 
бүкiл орта ғасырлар бойы өзгерiссiз қолданылып,  тек жаңа заманнан бастап, оның екiншi 
этапы,  яғни  қазiргi  математикалық  жəне  символикалық  логиканың  даму  кезеңiне  дейiн 
өмiр сүрдi.
 
Егер  ақиқатты  зерттеу,  бiлiмдi  жан-жақты  дамыту  философия  мен  жеке 
ғылымдардың негiзгi мiндетi болса, ал шығармашылық ғылымдардың мiндетiн Аристотель 
өзгеше  түсiндiредi.  Риторика  сендiрудiң  тиiмдi  құралы  мен  тəсiлi  болса,  ал  поэтика 
моральдық  тұрғыда  құмарлықтардан  тазартады,  рационалдылықты  күшейтетiн 
эмционалдық саланы жаңартудың құралы болып табылады. 
 
Аристотель  де  Платон  сияқты  өзiнiң  мектебiн – Ликей  немесе  Перипатетиктер 
мектебiн  ұйымдастырды.  Бұл  мектептiң  талантты  түлегiнiң  бiрi - Теофраст  едi.  Ликей 
мектебi  бүкiл  эллиндiк  дəуiр  бойына  христиан  үстемдiгiне  дейiн  өмiр  сүрдi.  Б.з.д. I 
ғасырдың  екiншi  жартысында  перипатетиктердiң  бiрi  Андроник  Родосский  ұлы  Стагирит 
еңбектерiн  алғаш  рет  жүйелi  түрде  басылымға  дайындады.  Бiрақ  перипатетиктердiң 
ешқайсысы да өз ұстаздарының деңгейiне жете алған жоқ. 
 
Эллиндiк-римдiк  философия  сегiз  ғасырға  жуық  уақытты  қамтитын  антикалық
философия тарихындағы ең ұзақ кезең болып табылады. Эллиндiк дəуiр гректердiң саяси 
өмiрiмен қатар рухани əлемiн де ұлы өзгерiстерге алып келген Александр Македонскийдiң 
жорықтарымен (б.з.д. 334-323) басталады. "Эллинизм" терминi гректердiң hellenizo деген 
сөзiнен шыққан жəне "грекше сөйлеу", " грекше жасау" деген ұғымды бiлдiредi. Эллиндену 
А.С.Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мəдениетi жоғары дамыған 
халықтардың эллиндiк мəдениеттi қабылдай отырып, грек жəне əртүрлi варвар халықтар 
мəдениеттерi  өзара  байланысып,  синтезделуi  нəтижесiнде  өзiндiк  өркениеттi 
қалыптастыруы болып табылады.
 
Саяси  дербестiктi  жоғалту  гректiң  полистiк  жүйесiнiң  дағдарысымен  сипатталады. 
Эллиндiк монархиялар жағдайындағы жаңа өмiр тəртiбi бұрынғы  "құндылықтарды" қажет 
етпедi,  мемлекет  пен  адам  арасындағы  ескi  байланыс  бұзылды.  Эллиндiк  адам  ендi 
"азамат"  емес,  орасан  зор  империяның  арасына  сiңiп  кеткен  "бағыныштылар"  едi. 
"Варварлармен"  салыстырғанда  өзiн  жоғары  қоятын  сананың  орнын  индивидуализмге

негiзделген  космополиттiк  идеал  алмастырды.  Азамат  пен  мемлекет  арасындағы 
тығыз тұтастықтың бұзылуы бұл кезеңде этиканың саясаттан бөлiнуiне əкелiп соқты. 
 
Классикалық  грек  мəдениетiнiң  эллинизмге  өзгеруi  тереңдiк  пен  тазалықтың 
жоғалуына əкелгенiмен, шығыс мəдениетiмен синтезделудiң нəтижесiнде оның интенсивтi 
дамуы  да  орын  алды.  Жаңа  мəдени  орталықтар  пайда  болды:  Пергам,  Родос, 
Александрия,  олардың  даңқы  белгiлi  дəрежеде  Афиныдан  асып  түстi.  Əсiресе, 
Александрияда  жекелеген  ғылымдардың  гүлденуi  ерекше  көзге  түседi:  Кiтапхананың 
жұмысымен  байланысты  филологияның  қалыптасуы,  математиканың  (Евклид), 
механиканың  (Архимед)  дамуы,  астрономияда  гелиоцентристiк  төңкерiс  жасауға 
талпыныс  (Аристарх),  эллиндiк  медицинаның  жеткен  шыңдары,  анатомиядағы  табыстар, 
географияның  жүйеленуi (Эратосфен),  сипаттамалы  жаратылыстанудың,  тарихтың, 
бейнелеу  өнерiнiң,  техниканың  дамуы.  Мұның  бəрi  ерекшелiгi  мамандану  болып 
табылатын  көлемi  жағынан  да,  сапасы  жағынан  да  өзгеше  жаңа  феноменнiң   өмiрге 
келгендiгiн дəлелдейдi.
 
Эллиндiк  адамның  əлемге  көзқарасы  антикалық  философияның  дағдарысын, 
деградациясын  бiлдiретiн  философиялаудың  сипатын  айқындайды.  Философия  бiрте-
бiрте  өзiнiң  шығармашылық  сипатынан  арылып,  философияның  бет-бейнесiндегi  акцент 
те  өзгере  бастайды.  Басты  назарға  этика  алынып,  адамгершiлiк  мəселесiнде  мынадай 
сұрақ  алдыңғы  орынға  шықты:  əлемнiң  бұзылып  жатқан  тұсында  қалай  еркiндiктi  сақтап 
қалуға  болады?  Сондықтан  да  стоиктер  философияны  жеке  бөлiктерге  бөле  отырып 
(логика,  физика  жəне  этика),  оны  бақшаға  теңейдi,  онда  бақтың  қоршауы – логика, 
ағаштары – физика  болса,  ал  оның  жемiстерi  мен  ұмтылатын  мақсаты  этика  болып 
табылады.
 
Эллиндiк-римдiк  философияның  жалпы  дағдарыстық  сипатына  қарамастан  оның
мазмұнына  күмəн  келтiруге  болмайды,  өйткенi  онда  сол  заманға  тəн  қайшылықтардың 
барлығы да көрiнiс тапқан.
 
Эллинизм дəуiрiнде ең танымал сократтық мектептердiң бiрi – кинизм болды. Оның 
символы ретiнде өзiнiң атақты  "Адам iздеп жүрмiн"  (тал түсте қолына шам ұстап) деген 
тезисiмен  белгiлi  жəне  ешқандай  өркениет  пен  комфортты  мойындамай  өмiрiн  бөшке 
iшiнде өткiзген Диоген Синопский кең танымал болды.
 
Кинизм байлық, атақ, даңқ, билiк жəне тағы басқа да бақытсыздыққа əкелетiн адамға 
тəн  иллюзияларды  терiске  шығара  отырып,  халық  арасында  үлкен  табыстарға  жеттi. 
Бақытқа  жеткiзетiн  зерделiк  пен  даналықтың  шарты  болып  табылатын – апатия  жəне 
автаркия. Бұл ұстаным эллинизм  дəуiрiндегi өзге де философиялық бағыттарға тəн. 
 
Өзге  философиялық  ағымдармен  салыстырғанда  киниктердiң  дəуiрi  аз  уақытты 
қамтыды.  Олар  дəстүрлi  құндылықтарды  терiске  шығарғанымен,  өздерi  ешқандай  жаңа 
нəрсе  ұсына  алмады.  Адамды  айуандық  бастауға  əкелiп  тiреу  жəне  осындай  тұрпайы 
адамнан  жоғары  рухты  талап  ету  ғылым  мен  мəдениеттiң  рөлiн  төмендетiп,  рухани 
азғындыққа  əкелерi  сөзсiз.  Ертедегiлер  кинизмдi   "жақсылыққа  жетудiң  қысқа  жолы"  деп 
атағаны  белгiлi,  алайда  философияда  да,  өмiрде  де  қысқа  жолдың  болмайтыны  айдан 
анық.  Б.з.д. III ғасырда  өзге  де  сократтық  мектептер  (киренаиктер,  мегариктер)  өздерiнiң 

өмiр сүрулерiн тоқтатты.
 
Эллиндiк философияның жарқын беттерiнiң бiрi Эпикур шығармашылығы жəне б.з.д. 
IV ғасырдың соңында ол негiзiн қалаған "Бақ" мектебiнiң өкiлдерiнiң философиясы болды. 
Эпикур  жəне  оның  iзбасарларының  философиясы  грек  философиясындағы  түбiрлi 
өзгерiстерiнiң  айшықты  көрiнiсiн  бiлдiредi.  Оның  iлiмiнде  каноника  да  (ақиқаттың  өлшемi 
жəне таным ережелерi туралы iлiмi), физика да (болмыстың құрылысы туралы iлiмi) бар, 
алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни бұл адамның мақсаты 
туралы iлiм бақыт жəне оған жетудiң тəсiлдерiне негiзделедi. Тiптi атомизмге негiзделген 
Эпикурдың  онтологиясы  да  атомдарға  жаңа  сипаттамалар  (салмақ  жəне  көлем) 
енгiзгенiмен, минимумдар теориясы мен ауытқулар теориясын қосқанымен, оның мақсаты 
осылар  арқылы  этиканы  негiздеу  едi.  Эпикур  бойынша  ғаламның  табиғатын  бiлмей  өмiр 
мен өлiм, тағдыр жəне т.б. алдындағы адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкiн 
емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкiн емес. Эпикурдың айтуынша бақыт – бұл ешнəрсемен 
бүркемеленбеген лəззат, ол  "денеге тəн қасiреттiң жоқтығынан" (aponia) немесе жанның 
тебiренiссiз  қалпынан  
(ataraxia) көрiнедi.  Сондықтан  Эпикур  үшiн  нағыз  идеал 
практикалық  даналық  болып  табылады,  яғни  моральдық  өмiрдi  басқаруға  жағдай 
жасайтын  ақыл-ой.  Саяси  өмiрге  деген,  құндылықтарға  жəне  заңның,  құқықтың, 
əдiлеттiлiктiң  мəнiне  деген  Эпикурдың  көзқарасы  классикалық  дəуiрдiң  теорияларына 
түпкiлiктi  қайшы  келедi.  Платондық  идеалдық  əлем  мүлдем  төңкерiлдi.  Адам-азаматтың 
орнына  тарихи  аренаға  адамзатқа  тəн  байланыстардың  iшiнде  тек  достықты  ғана 
қадiрлейтiн  адам-индивид  келдi.  Эпикур  тағдыр  мен  фатализмге  қарсы  шыға  отырып,  өз 
замандастарына  бақытқа  жетудiң  жаңа  жолын көрсеттi:  бақыт  iштен  туындайды  жəне  ол 
тек бiздiң қолымызда, ал қалған нəрсенiң бəрi iш пыстыратын бос дүние.
 
Эпикурдың  идеялары  Римде  республикалық  жəне  империялық  кезеңдерде  кеңiнен 
таралады. Римде эпикуреизм сол қалпында игерiлуiмен қатар, оның гедонизм рухындағы 
түсiндiрiлуi де кездесiп отырады. Эпикуреизмнiң нағыз iзбасарларының бiрi Тит Лукреций 
Кар  болды.  Оның  еңбегiнiң   маңыздылығы  эпикуреизм  мен  атомизмдi  тарихқа  
таныстырып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  ақылмен  ғана  емес,  жүрекпен  де  ұғынуға
лайықтап тамаша поэзиялық-образдық формада жеткiзуiнде болды.
 
Б.з.д. IV ғасырдың  аяғында  "Бақ"  мектебi  құрылғаннан  кейiн-ақ   Афиныда  тағы  бiр 
атақты  философиялық  стоиктер  мектебi  пайда  болды.  Ол  б.з. III ғасырына  дейiн  өмiр 
сүрiп, дүниеге Зенон, Сенека, Марк Аврелий жəне т.б. ұлы ойшылдарды əкелдi.
 
Егер  Эпикур  онтологияда  атомизмдi  ұстанса,  ал  стоиктер  гераклиттiк  от-логосқа 
сүйенедi.  Бiрақ  ең  басты  айырмашылық   олардың  этикасында  болды.  Стоиктер  iлiмiнше 
кедейлер   мен  құлдардан  бастап  императорға  дейiн  бейiм  болып  келуi  оның  кең 
танымалдығына  себеп  болды.  Эпикур  адамға  үнемi  қауiп  төндiрiп  отыратын  тұрақсыз, 
аумалы-төкпелi   болмыстан,  белгiсiздiк  пен  сенiмсiздiктен  құтылудың  құралы  ретiнде 
жоғары еркiндiкке  жетуге мүмкiндiк беретiн, данышпанның жан тебiренiссiз, толқыныссыз 
қалпын,  яғни  атараксияны  ұсынғаны  белгiлi.  Бiрақ  оны  Эпикурдың  "Бағына"  енген  тек 
кейбiр  "таңдаулылар"  ғана  пайдалана  алды.  Стоицизм  болса  мұндай  данышпанға  да, 
қоғамдық жəне саяси өмiрге қатыса алатын қарапайым адамға да лайықты неғұрлым кең

идеалды  алға  тартады.  Стоиктiк  адам – бұл  жазмышқа  да,  құдайдың  еркiне  де 
бағына отырып,  өз  үлесiн салқынқандылықпен жəне  абыроймен көтере  бiлетiн адам.  Ол 
қарсы  тұрудың  мəнi  жоқ  екендiгiн  түсiнедi,  өйткенi "тағдыр  ұмтылғанды  жетелейдi,  ал 
қаламағанды сүйрейдi" (Сенека). Сондықтан "төзiмдiлiк сұлулығының" идеалы үмiтсiздiктiң 
өзiн  тiршiлiк  пен  жағдайлардан   үстем  жеңiске,  ал  бағыныштылықты  iшкi  еркiндiкке 
айналдырады.  Жарты  мың  жыл  бойында  философиялық  аренада  стоицизмнiң  үстемдiк 
етуi де осы алғышарттарға байланысты болады.
 
Эллиндiк  дəуiрде  стоицизммен  салыстырғанда  азырақ  таралған  тағы  бiр 
философиялық  бағыт – скептицизмнiң  негiзiн  қалаушылар  Пиррон  жəне  Тимон  болды. 
Олардың  iлiмiн  Академия  (Аркесилай,  Карнеад)  жалғастырды,  кейiнiрек  Энесидем  мен 
Агриппа  "жол-сүрлеу" (тропы)-скептикалық  аргументация  жүйесiн  ойлап  табуы 
нəтижесiнде  қайта  өркендеттi,  ал  оның  тарихын  Секст  Эмпирик  жəне  т.б.  эмпиризммен 
байланыстыра отырып аяқтады. 
 
Скептицизм  эллинизм  дəуiрiнiң  полемикалық  ұстанымын  бiлдiредi:  ол  бүкiл  жəне 
жалпы  "догмаларға"  қарсы  өз  дəлелдерiн  келтiре  отырып  пiкiр  таластарды,  антикалық 
философтың өмiрi мен күресiн аша отырып, оның бiлiмге деген ұмтылысын аша отырып, 
оның жалпы мүмкiндiгiне терең күмəн келтiрдi.
 
Скептицизмнiң  идеалы – теория  туралы  пiкiрден  бас  тарту,  практикада  мүмкiн 
болатын парасаттылыққа ғана, əдет-ғұрыпқа ғана сүйену. Бұл бағыт ақырында нигилизмге 
алып келдi.
 
Кейбiр 
мектептердiң 
өмiрлiк 
потенциалының 
түгесiлуi, 
олардың 
проблематикаларының 
бiржақты 
шектелуi, 
скептицизмнiң 
əсерiмен 
теориялық 
барьерлерiнiң бұзылуы эклектизмнiң (грекше ek-legein "бұзу жəне қайта жинақтау" дегендi 
бiлдiредi)  қалыптасуына  ықпал  еттi.  Эклектизм  классикалық  жəне  эллиндiк 
философияның  əртүрлi  жүйелерiнiң  "ең  жақсы"  жəне  келiсiлген  түйiндерiн  таңдап  алып, 
ал  жалғандарын  алып  тастайтын  философияның  түрi  болып  табылады.  Бұл  тенденция 
б.з.д. II ғасырда  басталғанымен  эклектизмдi  ресми  түрде  Филон  Академияға  б.з.д. 87 
жылы  енгiзiп,  оны  Антиох  қолдады.  Эклектизм  академиялық  философияның  негiзiнде 
дами  отырып,  табиғатпен  қатар  қоғамдық  танымды  да  қамтитын  энциклопедизмнiң 
шекарасына ұласты. 
 
Римде  бұл  бағыттың  ең  көрнектi  өкiлi  атақты  шешен  жəне  саясатшы  Цицеронның
шығармашылығы  эклектизмнiң  принципсiз  жəне  қайшылықты  емес  екендiгiн  дəлелдейдi. 
Онда  əсiресе,  бiртұтас  синтетикалық  дүниетанымға  деген  қажеттiлiк  айқын  көрiнедi,  ал 
бұл синтезге объективтi түрде қол жеткiзу бөтен əңгiме. Цицеронның мəдениет феноменi 
ретiндегi  баға  жетпес  маңызы  грек  мəдениетiн  рим  өркениетiмен,  кейiннен  жалпы 
батыспен  байланыстыруында  едi.  Латын  ғұламасының  маңызы  осы  грек  ақыл-ойының 
бүкiл əлемдегi триумфын жасауда, оның тiрiлтушi жəне қозғаушы күшiнде. 
 
Рим  империясының алғашқы  ғасырлары əртүрлi  дүниетанымдық  бағдарлардың  бiр-
бiрiмен араласа дамуымен сипатталады. Эллиндiк философияға монотеистiк идеаларды 
ендiрудегi  шешушi  қадамды  Александриядан  шыққан  Филон  жасады.  Оның 
дүниетанымында  грек  философиясының  иудейлiк  мифологиямен  тұтастана  бастауы 

байқалады.
 
Эллинизм  дəуiрiндегi  дiни  емес  даналықтың  соңғы  бағытының  бiрi  б.з. III-IV 
ғасырларында  дамыған  неоплатонизм  болып  табылады.  Оның  Александриялық-Римдiк 
(Аммонии  Саккас,  Плотин,  Порфирий),  Сириялық  (Ямвлих)  жəне  Афиналық  (Прокл) 
мектептерi болды.
 
Неоплатонизм  өз  дəуiрiне  тəн  философиялық  бағыт  болғандықтан  сол  заманның
қоғамы  мен  адамының  əлеуметтiк  тəжiрибесiн  дəл  ұғынып,  оны  абстракциялық 
философиялық  формулаларда  шебер  көрсете  бiлдi.  Бейнеленбейтiн  Тұтастық  пен  оның 
алуан  түрлiлiкпен  байланысын  iздеу,  Тұтастықты  абсолюттендiру  жəне  Тұтастық  пен 
материалдық  ғарыш,  Құдай  мен  адам  арасындағы  шексiз  аралық  сатыларды  iздеу 
мифологиялық  ойлауды  философиялық  тұрғыда  реконструкциялауға  əкелдi.  Тəнге 
қатысты барлық нəрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы iлiмге басымдылық 
беру  тек  ертехристиандық  философияға  ғана  емес,  бүкiл  ортағасырлық  теологиялық 
ойлауға  өзiнiң  едəуiр  ықпалын  тигiздi.  Филон  Александрийскийдiң  Көне  Өсиеттi  грек 
философиясымен  алғаш  синтездеуге  ұмтылысы  өзiнiң  жалғасын  таппады.  Христиан 
дiнiнiң жеңiске жетуi ертедегi гректердiң ойлау тəсiлiн игере отрып, терiске шығару арқылы 
жүзеге  асты.  Бұл  ортағасырлық  өркениетте  бастапқыда  антикалық-христиандықты,  ал 
кейiнiрек европалық христиандықты даярлады.       
 

1.4. Ортағасырлық батысевропалық философия
 
 
 
Ортағасырлық  батысевропалық  философия  дүниетаным  дамуындағы  өзiндiк 
ерекшелiгi бар кезеңдердiң бiрi. Бұл ерекшелiк философиялық ой дамуының тiкелей дiни-
теологиялық  шеңбердiң  iшiнде,  христиандық  дiни  iлiмiнiң  апологетикасы  төңiрегiнде 
өрбуiмен  сипатталады.  Ортағасырлық  батысевропалық  философияның  қалыптасуы  мен  
дамуына  Муций  Феликс,  Тертуллиан,  Ориген  сияқты  апологеттер,  неоплатонистер  жəне
Аврелий  Августин  өздерiнiң  интеллектуалдық  ықпалдарын  тигiздi.  Рим  шiркеуi  əулие 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет