Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет1/63
Дата06.03.2017
өлшемі2.85 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   

 БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ю. К. ШОҚАМАНОВ

Қ. Қ. БЕЛГІБАЕВА

СТАТИСТИКА

Оқулық

Алматы


2010

 


УДК 330.1

ББК 65.051

Ш 78

Білім  жəне  ғылым  министрлігі,  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің 



Ғылыми кеңесі, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы жоғары жəне жоғары оқу орнынан 

кейін  білім  беретін  «Əлеуметтік  ғылымдар  жəне  бизнес»  мамандықтары  бойынша  ОƏК 

басуға ұсынған.

Пікір жазғандар:  С.Н. Нысанбаев – э.ғ.д., профессор;



 

М.А. Нұриев – профессор, ҚР Жоғары мектебінің еңбегі сіңген 

қызметкері;



 

А.П. Авров – э.ғ.к., доцент.

Ш 78 



Шоқаманов Ю.К., Белгібаева Қ.Қ.

 

Статистика: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық /



 

Ю.К. Шоқамановтың редакциялауымен – Алматы: Экономика, – 540 бет.

ISBN 978–601–225–143–2

Оқулық  БҰҰ-ның 1993 жылғы  ұлттық  шоттар  жүйесіне  негізделген 

статистиканың  қазіргі  заманғы  əдістемесінің  жəне  халықаралық  статистика 

жөніндегі  басқа  басшылықтардың,  сондай-ақ  ҚР  Статистика  агенттігінің  өзге  де 

жарияланымдарының, статистика жөніндегі оқулықтар мен оқу құралдарының не-

гізінде дайындалған. 

Оқулықта  статистикалық  деректерді  жинаудың,  өңдеу  мен  талдаудың 

статистикалық  əдістемесі  екі  бөлікте  баяндалған.  Кітаптың  авторы  экономи-

ка  ғылымдарының  докторы  Ю.К.  Шоқаманов  дайындаған  бірінші  бөлігінде 

статистикалық деректерді жинау, өңдеу мен талдаудың жалпы қағидалары, əдістері 

мен  тəсілдері  қарастырылады,  сондай-ақ  бұқаралық-қоғамдық  құбылыстар  мен 

процестердің дамуының заңдылықтары жəне үрдістері зерттеледі.

Оқулықтың  экономика  ғылымдарының  кандидаты  Қ.Қ.  Белгібаева  жазған 

екінші бөлігінде əлеуметтік-экономикалық процестерді сипаттайтын аса маңызды 

ұғымдар мен статистикалық көрсеткіштері, сонымен бірге еліміздің экономикалық 

дамуының  негізгі  факторлары  мен  деңгейіне  баға  беріледі,  сондай-ақ  өндіріс 

саласындағы шығындар мен нəтижелердің көрсеткіштері, халықтың əл-ауқатының 

көрсеткіштерін есептеу əдістемесі қарастырылады.

Кітап  кредиттік  оқыту  технологиясы  саласы  бойынша  экономикалық 

мамандықтарды оқытатын жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студент-

теріне  арналған,  сондай-ақ  біліктілік  арттыру  курстарының  тыңдаушыларына, 

аспиранттарға,  ғылыми  қызметкерлерге,  мемлекеттік  басқару  органдарының 

қызметкерлеріне де пайдасын тигізеді. 

УДК 330.1

ББК 65.051

Ш

0601000000



© Шоқаманов Ю.К., Белгібаева Қ.Қ., 2010.

444 (05) 09

© «Экономика» баспасы» ЖШС, 2010.

ISBN 


978–601–225–143–2

Бұл еңбекті немесе келесі оның бөліктерін автордың келісімінсіз таратуға жəне авторлық құқық 

жөніндегі нормаларға қайшы келетін басқа да əрекеттерге тыйым салынады əрі заң бойынша 

жазаланады.



Алғы сөз       3

АЛҒЫ СӨЗ

Қазіргі  кезеңдегі  нарықтық  экономикада  əлеуметтік-экономикалық 

жəне өндірістік процесті тиімді басқару саласында басқарушылық шешім 

қабылдап, оны орындауды ұйымдастыруда статистикалық ақпараттың 

рөлі айтарлықтай артты. Алайда ақпарат қана емес, сонымен бірге оның 

мазмұнын жете түсінетін əрі оны талдау əдістерін игерген мамандар да 

қажет, ал мамандарға білімді статистика береді. 

Нарықтық  экономика  статистикасы  жалпы  теорияны  немесе  ма-

тематикалық статистиканы қоспағанда, жоспарлы экономиканың ста-

тистикасынан түбегейлі ерекшеленеді. Осыған байланысты осы оқулықта 

статистиканың  əр  түрлі  тараулары  бойынша  əр  алуан  əдебиеттің 

жеткілікті  болуына  қарамастан,  аталмыш  оқулық  статистиканың  екі 

құрамдас бөлігі кіретін жəне экономикасы нарықтық елдер үшін статис-

тика  саласындағы  халықаралық  стандарттардың  талаптарына  жауап 

беретін республикадағы мемлекеттік тілде жазылған алғашқы оқулық бо-

лып табылады.

1991  жылғы 16 желтоқсанда  Қазақстанның  мемлекеттік  тəуел-

сіздігі  жарияланған  сəттен  бастап  республикамыздың  ресми  статисти-

касы  Халық  шаруашылығы  балансының  (ХШБ)  əдістемесінен  бастап  БҰҰ 

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) əдістемесіне дейінгі даму жолынан өтті. 

Мемлекеттік статистиканы реформалаудың үш бағдарламасы шеңберінде 

1992-2005  жылдары  тəуелсіз  мемлекеттің  мəртебесіне  лайық  ұлттық 

статистикалық жүйе жаңадан құрылды, статистикалық жіктемелер мен 

стандарттар, сондай-ақ халықаралық деңгейде қабылданған қазіргі заманғы 

құралдар мен статистикалық қадағалау əдістері енгізілді.

Осы өзгерістердің нəтижелері Қазақстан Республикасы Статисти-

ка агенттігі 2001 жəне 2005 жылдары шығарған Статистика жөніндегі 

əдіснамалық  ережелерде  көрсетілген.  Алайда  осы  өзгерістер  статис-

тика  жөніндегі  қазіргі  кезеңдегі  оқу  əдебиетінде  жеткілікті  түрде 

көрсетілмеген. Осы оқулық аталмыш олқылықтың орнын толтырады.

Экономикалық  мамандықтардың  мамандары  үшін  статистиканың 

əдіснамаларын түсінудің маңызы зор. Сондықтан авторлар осы оқулықты 

статистикалық деректерді жинау, өңдеу мен талдаудың жалпы əдістерін 

ғана емес, сонымен бірге еліміздің экономикалық дамуының негізгі фактор-

лары мен деңгейін бағалауды, өндіріс саласындағы шығын мен нəтижелер-

дің көрсеткіштеріне баға беруді, халықтың əл-ауқатының көрсеткіш терін 

есептеу  əдістемесін  қоса  алғанда  əлеуметтік-экономикалық  процестер-

дің көрсеткіштер жүйесі мен оны талдау əдістерін игерген мамандар ды 

даярлауға көмек көрсету мақсатында жазды.

Статистика  əдіснамасы  жөніндегі  əдебиеттің  тапшылығын  ескер-

сек, аталмыш оқулық біліктілік арттыру курстары тыңдаушыларының, 

4       Алғы сөз

аспиранттардың, ғылыми қызметкерлердің, мемлекеттік басқару орган-

дары қызметкерлерінің де кəдесіне асады.

Авторлар  оқулықтың  тақырыптарын  Т.  Рысқұлов  атындағы  Қазақ 

экономикалық  университетінде,  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

университетінде,  Алматы  экономика  жəне  статистика  академиясын-

да,  Еуразиялық  нарық  институтында,  Қазақстан  Республикасының 

Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік жоғары басқару мектебін-

де «Статистиканың жалпы теориясы» жəне «Əлеуметтік-экономикалық 

статистика» курстарын оқыту жөніндегі көп жылғы жұмыс барысында 

пайдаланды.

Оқулық жаңа кредиттік оқыту технологиясында пайдалануға арнал-

ған жəне лекциялық сабақтарды өзін-өзі тексеру бойынша сұрақтар мен 

ұсынылатын  əдебиеттің  тізбесін  көрсете  отырып  өткізуге  мүмкіндік 

береді.  Сонымен  бірге  оқулықта  баяндалған  материалды  түсініп, 

статистикалық деректерді іс жүзінде пайдалануға кірісуге көмектесетін 

практикум  (семинар  сабақтарында  пайдалану  үшін  ізденуге  арналған 

сұрақтар мен типтік есептердің шешімдері кіретін) жəне студенттер-

дің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары бар.

Авторлар  пікір  білдірушілерге – экономика  ғылымдарының  докто-

ры,  профессор  С.Н.  Нысанбаевқа,  ҚР  Жоғары  мектебіне  еңбегі  сіңген 

қызметкер, профессор М.А. Нұриевке, экономика ғылымдарының кандида-

ты, доцент А.П. Авровқа оқулықтың сапасын жақсартуға мүмкіндік бер-

ген құнды ескертулері үшін шынайы алғысын білдіреді.

Авторлар оқырмандардың сыни ескертпелерін, ұсыныстары мен пай-

далы кеңестерін ризашылықпен қабылдайды.

I   Б ‡ Л І М

СТАТИСТИКАНЫ¢

ЖАЛПЫ  ТЕОРИЯСЫ

6       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

1-òà¿ûðûï

СТАТИСТИКАНЫҢ 

ПӘ´НI МЕН ´ӘДIСI

 

1.1.



Статистика жөніндегі жалпы түсінік 

жəне оның даму тарихы

Статистика  жөніндегі  жалпы  түсінік.  «Статистика»  деген  термин 

əдетте үш мағынада қолданылады. Біріншіден, бұл қоғамдық құбылыстар 

жөніндегі  кестеде  жинақталған  сандардың  қатары.  Екіншіден,  статистика 

– бұл дерек жинаумен, өңдеумен жəне таратумен байланысты практикалық 

қызмет саласы. Үшіншіден, статистика – күрделі əрі сан қырлы ғылым. Ол 

ғылым  ретінде  екі  бөлікке,  яғни  статистиканың  жалпы  теориясына  жəне 

əлеуметтік-экономикалық статистикаға бөлінеді.

Статистиканың жалпы теориясы шын мəнінде математикалық статис-

тикамен  тұтасқан  математикалық  пəн  болып  табылады.  Статистиканың 

базалық негізі ретінде ықтималдық теориясы қолданылады. Осы тұрғыдан 

статистика қоғамдағы, экономикадағы, өндірістегі, табиғи құбылыстардағы 

көп  өзгеретін  құбылыстардың  санын  көрсетудің,  оларды  талдау  мен  мо-

дельдеу əдістерін зерттеп, əзірлейтін кең салалы əдістер жиынтығы болып 

табылады.

Əлеуметтік-экономикалық  статистика  БҰҰ  Ресми  статистиканың  не-

гізін  қалайтын  қағидаларына (1994 ж., 1-қосымша, 1-қағида)  сəйкес  БҰҰ 

Ұлттық  шоттар  жүйесіне (1993 ж.) (1.1-кесте)  негізделетін  төрт  негізгі 

тармаққа,  яғни  экономикалық,  əлеуметтік,  демографиялық  статистикаға 

жəне қоршаған орта статистикасына бөлінеді.

1.1. Статистика салалары жүйесінде статистиканың жалпы 

теориясының алатын орны

Статистиканың жалпы 

теориясы

(математикалық 

статистика) 

Экономикалық 

статистика

Əлеуметтік 

статистика

Демографиялық 

статистика

 Қоршаған орта 

статистикасы 

Ықтималдық теориясы  Ұлттық шоттар жүйесі



1-тақырып. Статистиканың пəні мен əдісі       7

Статистиканың салалары мен статистикалық ұйымдардың қызметінің 

бұдан да толық жіктемесі 2-қосымшада келтірілген.

Статистиканың пайда болуы мен дамуы. Статистиканың тарихшы-

лары əдетте статистиканың түп-тамыры ерте заманда кейбір сандық дерек-

терді жинаудан басталады деп пайымдайды. 

Мəселен, бізге төрт мың жылдан астам уақыт бұрын Қытайда халықты 

санау жөніндегі мəлімет жетті. Ал олардың бір санағаның өзі біздің дəуі-

рімізге  дейін 2238 жылы  атақты  Ся  əулетінің  заманында  болғаны  мəл ім. 

Көне Египетте, Грецияда, Римде, Иранда, Жапония мен басқа да көне за-

ман  мемлекеттерінде  де  халық  санағы  болғаны  жөніндегі  мəліметтер 

баршылық.

Италияда XVI ғасырда халықаралық сауда дамыған əр түрлі мемлекет-

тер  жөніндегі  мəліметтердің  жинақтары  пайда  бола  бастады.  Германияда 

XVII ғасырдың соңында мемлекеттердің жай-күйі жөнінде жиналатын ма-

териал жүйеге келтіріле бастады. Жаңа ғылым мемлекеттану деп аталып, 

оның негізін неміс ғалымы Г. Комринг (1606-1681 жж.) қалады. 

Осы бағыттағы жұмысты Г. Ахенваль мен А. Шлецер жалғастырды. 

Г.  Ахенваль (1719-1772 жылдары) 1742 жылдан  бастап  алғашқыда 

Магдебург, ал содан кейін Геттинген университетінде өзі статистика деп 

атаған жаңа оқу пəнін оқыта бастады. Мектеп 150 жылдан астам уақыт бойы 

өзінің теориялық негізін өзгертпестен жұмыс істеді. Аталмыш ғылымның 

мəні мен əдісі айқын белгіленбеген болатын, негізінен ақпараттық-сипаттау 

материалы жиналатын.

Ресейде статистиканың сипаттау мектебінің ең беделді өкілдері ретін-

де  И.К.  Кирилловты (1689-1737 жж.),  В.Н.  Татищевті (1686-1750 жж.), 

М.В.  Ломоносовты (1711-1765 жж.),  И.И.  Голиковты (1735-1801 жж.), 

С.Н.  Плещеевті (1752-1802 жж.),  М.И.  Чулковты (1740-1793 жж.)  атауға

болады.


Статистиканы  сипаттаудың  осы  неміс  мектебінен 100 жылға  жуық 

бұрын  статистиканың  қазіргі  кезеңдегі  ұғымына  жақын  саяси  арифме-



тиктер мектебі пайда болды. Оның негізін Дж. Граунт (1620-1674 жж.), 

Э. Галлей (1656-1742 жж.) жəне В. Петти (1623-1687 жж.) қалады. Олардың 

еңбектерінде  демографиялық  жəне  статистикалық-экономикалық  деп  ата-

латын екі бағытқа баса назар аударылды. Мектеп Ұлыбританияда ғана емес, 

сонымен  бірге  шет  елдерде  де,  атап  айтқанда  Голландия  мен  Францияда 

дамыды.


Капиталистік  құрылымның  дамуына  байланысты  мемлекеттік  басқа-

рудың  бір  құралы  ретінде  статистиканың  рөлі  артып,  статистикалық 

қызметттің жылдам жандануына жол ашылды.

XVIII  ғасырда  ғылым  ретінде  қалыптасқан  статистика  келесі  ғасыр-

дың  өзінде-ақ  жалпы  ғылымда  өзінің  орнына  нық  орналасты.  Көптеген 

еуропалық елдерде XIX ғасырда əр түрлі статистикалық мəліметтерді жи-



8       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

наумен жəне өңдеумен жүйелі түрде айналыса бастаған арнайы мекемелер 

құрылды. Мəселен, Францияда 1801 жылы статистикалық бюро құрылды, 

содан  кейін  мемлекеттік  статистика  органдары  Пруссияда,  Австрияда, 

Бельгияда, Англия мен Ресейде пайда болды. 

1853 жылы Брюссельде бірінші Халықаралық статистикалық конгресс 

өтті, содан кейін ол жиырма жыл бойы Еуропаның əр түрлі қалаларында 

сегіз  рет  өткізілді. 1885 жылы  тұрақты  халықаралық  статистикалық  ор-

ган – Халықаралық  конгрестің  функциясын  атқаратын  Халықаралық 

статистикалық институт құрылды.

XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында  статистикалық  ғылымның  үшінші 

бағыты пайда болып, ол статистикалық-математикалық статистика деп ат-

алды. Осы бағыттың дамуына статистиканы «əлеуметтік физика», яғни сан дық 

əдістердің көмегімен қоғамдық өмірдің заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп 

атаған бельгиялық ғалым Адольф Кетле (1796-1874 жж.) зор үлес қосты. 

Статистикадағы  математикалық  бағыттың  дамуына  П.П.  Чебышев 

(1821-1894  жж.),  А.А.  Марков (1856-1922 жж.),  А.М.  Ляпунов (1857-

1919 жж.) есімді орыс математиктерінің еңбектері ықпал етті. XX ғасырда 

Батыста  математикалық  статистика  саласымен  айналысқан  ғалымдар дың 

ішінен ең танымалы Р. Фишер (1890-1962 жж.) болып табылады.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы аралығындағы кезең Ре-

сей ғалымы А.А. Чупровтың есімімен байланысты. Ғалым немістің сынына 

шыдамай  күйреген  Кетле  доктринасының  орнына  академиялық  статис-

тика  мектебі  деп  аталған  жаңа  статистикалық  теорияны  қалыптастыру 

мақсатын қойды. 

Кеңес статистикасы мектебінің осы бағытының сол кезеңдегі ең таны-

мал өкілі ретінде В.И. Хотимскийдің (1892-1937 жж.), В.С. Немчиновтың 

(1894-1964  жж.),  В.Н.  Старовскийдің (1905-1975 жж.),  А.Я.  Боярскийдің 

(1906-1985  жж.),  Б.С.  Ястремскийдің (1877-1962 жж.),  Л.В.  Некрашаның 

(1886-1949  жж.)  есімдері  аталады.  Соғыстан  кейінгі  кезеңде  индекстік 

əдістің теориясына С.М. Югенберг, В.Е. Адамов, Г.И. Бакланов, Л.С. Кази-

нец, И.Г. Венецкий, ал статистикалық байланыс теориясына – Я.И. Луком-

ский көп үлес қосты.



1.2.

Статистиканың мəні жəне оның 

теориялық негіздері 

Əрбір  экономист  статистикалық  деректерді  түсінуге,  олардың  өз  жұ-

мысында  пайдалана  білуге,  сонымен  бірге  экономикалық-статистикалық 

талдау əдістерін жете игеруге жəне оның нəтижелері бойынша дұрыс шешім 

қабылдауға тиіс. 


1-тақырып. Статистиканың пəні мен əдісі       9

Кейде  статистика  əмбебап  немесе  əдістер  жинағы – қоғамдық  та,  со-

нымен  бірге  табиғи  құбылыстарды  талдауға  да  бірдей  қолдануға  бола-

тын  статистикалық  əдістер  жүйелі  түрде  баяндалатын  теория  ретінде 

қарастырылады. Бұл жағдайда «статистика» деген ұғым ықтималдық тео-

риясына негізделетін математикалық статистикамен тұтасады.

Мəселен, Еуростаттың «Зерттеу саласы мен дайындау аялары» (1999 ж.) 

басшылығына сəйкес статистиканы зерттеу (462- код) деп «сандық дерек-

терді жинау, сипаттау, ұйымдастыру мен талдау» деп түсініледі /1, 37-бет. 

Мұның  өзінде  статистика  математикамен  бірге (461-код)  Халықара лық 

білім беруді стандартты жіктеуге (ХБСЖ, ISCED-97) «математика жəне ста-

тистика» деп аталатын 46-кодпен білім беру саласының құрамына кіреді. 

Статистиканы  зерттеу  ауқымына  актуарлық  ғылым  (сақтандыру  ста-

тистикасы),  математикалық  (теориялық)  статистика,  ықтималдық  теори-

ясы,  қолданбалы  статистика,  тексеру  жоспары,  іріктеп  тексеру  бойынша 

бағдарламалар кіреді. Бұл ретте осы саладан демографиялық статистика 

шығарылып, ол «Əлеуметтану жəне мəдениетті зерттеу» деп аталатын 312-

салаға енгізілді.

Біздің ойымызша, статистика бір əмбебап ғылым ретінде (бір жақты) 

қарастырылса да, ол ең алдымен қоғамдық құбылыстардың санын зерттеуге 

қолайлы  болғанына  қарамастан  статистиканың  жалпы  теориясына  лайық 

деп санаймыз. 



Статистиканың  жалпы  теориясы  курсында  статистикалық  ғы лым-

ның  негізгі  категориялары,  қағидалары,  статистикалық  деректерді  жинау, 

өңдеу жəне талдаудың ғылыми негіздері баяндалады. Арнайы оқытылған 

статистикалық  қызметкерлер  статистикалық  ғылымда  белгіленген  тиісті 

ережелер мен тəртіптерді басшылыққа алады.

Статистиканың  əлеуметтік-экономикалық  құбылыстар  мен  процес-

терді  зерттеумен  байланысты  екенін  ескере  отырып,  статистикаға  дербес 

қо ғамдық ғылым ретінде (шын мағынасында) анықтама беріледі. Кез кел-

ген ғылым ретінде оның да зерттеулерінің мəні мен өзіндік ерекше əдістері 

бар.


Статистика  пəні.  Статистика  жаппай  белең  алған  қоғамдық 

құбылыстың сапалық мағынасының сандық жағын зерттейді.

Осы  анықтама  статистиканың  үш  ерекшелігіне  келесідей  сипаттама 

береді: 

1)  статистика  математикалық  статистикамен  тұтасатын  əмбебап 

ғылым  емес,  бұл  қоғамдық  құбылыстарды  зерттейтін  ғылым  (осыған 

қарамастан біз статистика деп математикалық статистикамен шын мəнінде 

тұтасатын  статистиканың  жалпы  теориясын  ғана  əмбебап  ғылым  дейтін 

ғалымдармен келісеміз);

2)  қоғамдық құбылыстардың сапалы мазмұнының сандық жағы зерт-

теледі;


10       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

3)  статистика  жаппай  белең  алған  қоғамдық  құбылыстарды  зерт-



тейді,  яғни  статистика  көп  заттардың  санын  олардың  əр  түрлі  белгілері 

бойынша сипаттайды. Статистика статистикалық жиынтық, вариация, ва-

риацияланатын  белгілер,  статистикалық  заңдылықтар,  көп  сандар  заңы 

сияқты категориялармен байланысты.

Статистика – қоғамдық ғылым, сондықтан басқа қоғамдық ғылымдар 

сияқты ол экономикалық теория мен философияға негізделеді. 



Статистика  жəне  экономикалық  теория.  Статистик  өзі  зерттейтін 

құбылыстардың мəнін дұрыс түсіну үшін ол жақсы экономист болуы тиіс.

Статистик  озық  экономикалық  теорияны  басшылыққа  ала  отырып, 

статистикалық жинақтаудағы факторлардың жиынтығын ғылыми жағынан 

қорытады  жəне  оларды  қойылған  мақсатқа  орай  топтарға  бөледі  немесе 

біріктіреді. Ол қоғамның дамуының заңдылықтарын білген жағдайда ста-

тистика  қоғамдық  құбылыстардың  нақты  сандық  сипаттамасын  беретін 

көрсеткіштерді, топтар мен жіктемелерді анықтай алады.

Сонымен қатар статистика экономикалық теорияны дамытуға мүмкін-

дік беретін статистикалық заңдылықтар түріндегі қорытылған фактілердің 

жаңа жиынтығын береді. Ал демографиялық статистика демографияға не-

месе халықты зерттейтін ғылымға негізделеді.



Статистика  жəне  философия.  Статистикалық  əдіснама  диалектика-

лық жəне тарихи материализмнің жалпы заңдарына негізделеді. 

Диалектикалық таным əдісінің талабының бірі – барлық құбылыс тар ды 

бір-бірінен бөлектеу емес, қайта оларды өзара байланыстырып қарас ты ру. 

Метафизикада табиғат пен қоғам бір-бірімен байланысы жоқ кездейсоқ жи-

ын ретінде қарастырылады. Статистика осы құбылысқа қатысты фак ті лердің 

салдарлы себептерін, тұтастай əрі өзара байланыстары мен тəуелділіктерін 

ашып зерттейді. 

Диалектикалық  таным  əдісінің  екінші  бір  ерекшелігі  ретінде  оның 

табиғат пен қоғамның барлық құбылыстарын үздіксіз даму жолында қарауын 

айтуға болады. Құбылыстардың өзара байланысы мен тəуелділігі жағынан 

ғана зерттеліп қана қоймай, сонымен бірге олардың қозғалысы, өзгеруі, да-

муы жəне пайда болуы мен жоғалуы да назардан тыс қалмауға тиіс. Ста-

тистика барлық құбылыстарды тарихи жағынан, ал алынған статистикалық 

сипаттамалар – өндірістің  осы  тəсіліне  тəн  тарихи  ретінде  қарастырады. 

Диалектикалық əдістің осы ерекшелігінің статистиканың барлық тараула-

ры үшін, əсіресе динамиканы, орташа шама мен топтастыру əдісін зерттеу 

əдістері үшін өте маңызды болып табылады.

Статистика,  сондай-ақ  санның  жаңа  сапаға  көшудің  диалектикалық 

заңына да сүйенеді. Даму санның шамалы əрі жасырын өзгеруінен түбегейлі 

жəне  сапалы  өзгеруге  көшу  ретінде  қарастырылады.  Сондай-ақ  статисти-

када кездейсоқ жəне қажеттілік, жеке дара жəне жаппай белең алушылық, 

жеке жəне жалпы сияқты ұғымдар диалектикалық түрде қолданылады. 


1-тақырып. Статистиканың пəні мен əдісі       11

Қоғамдық  жаппай  белең  алған  процестер  мен  құбылыстардың 

заңдылығы.  Статистика  жаппай  белең  алған  қоғамдық  құбылыстардың 

сипаттамасын  жинақтап  қорыта  келе,  олардың  көмегімен  статистикалық 

деректердің  орналасу  тəртібіндегі,  арақатынасындағы  немесе  өзгерісінде 

байқалатын белгіленген заңдылықтарды анықтайды. Заңдылықтардың мы-

надай түрлері болуы мүмкін:

1)  құбылыстардың  даму  (динамикасының)  заңдылықтары  (мысалы, 

халық  санының,  өндіріс  мөлшерінің,  халықтың  əл-ауқатының  деңгейінің, 

өнімнің өзіндік құнының жəне т.б. динамикасы);

2)  құбылыстар  құрылымының  өзгеру  заңдылықтары  (мысалы,  қала 

халқының  оның  жалпы  санындағы  үлесі;  салалардың  өнеркəсіптегі  тех-

никалық  прогресті  қамтамасыз  ететін  үлестері;  жекелеген  өнімдердің 

халықтың тұтынуындағы өзіндік салмағының үлесі);

3)  жиынтықтың ішінде бірліктерді бөлу заңдылықтары (халықты жас 

бойынша  бөлу,  дүкендердегі  сатып  алушыларды  сағаттар  бойынша  бөлу 

жəне т.б.);

4)  жиынтықтағы  вариацияланатын  əр  түрлі  белгілердің  бір-бірімен 

байланысты өзгеруінің заңдылықтары (өнімділіктің енгізілген тыңайтқыш-

тың мөлшеріне байланысты болуы, жұмысшылардың біліктілігінің жұмыс 

өтіліне байланысты болуы жəне т.б.).

Талдап  қорытылған  статистикалық  деректер  күрделі  себептердің 

кешенінің ықпалынан пайда болады. Осы себептер кешенінің ішіндегі бір 

себептер негізгі, жиынтықтың бірліктері үшін ортақ, ал басқа себептер жеке 

бірлікке тəн (бүкіл жиынтық үшін кездейсоқ) болады. Жаппай бақылаудың 

негізінде есептелген талдап қорытылған статистикалық көрсеткіштерде осы 

жеке  себептер  туындатқан  салдарлар  тегістіледі,  ал  бүкіл  жиынтық  үшін 

ортақ болып табылатын себептер айқын білінеді. Бұл орайда көп сан заңы 

осылай қолданылады. 

Статистикалық сипаттамалар үлгі түрінде болуы жəне оған кездейсоқ 

факторлар ықпал етпеу үшін көп сан заңына сəйкес бақылаудың санын ба-

рынша көбейту қажет. Мысалы, 100 қызға шаққанда 105-107 ер бала көп 

туатыны белгілі, бұл жағдай белгіленген биологиялық заңның көрінісі бо-

лып табылады.



Каталог: files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Көркемсөз зергері
files -> Мұратбеков Сайын
files -> Литература по физико-математическим наукам
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет