Оқулық Алматы, 2012 2 (075. 8) Ббк 32. 81 А 99



Pdf көрінісі
бет1/31
Дата06.03.2017
өлшемі8,17 Mb.
#7967
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

1
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. С. Аяжанов, Ш. Е. Омарова, 
Қ. С. Аяжанов 
АҚПАРАТТЫҚ 
ЖҮЙЕЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕРІ 
Оқулық
Алматы, 2012

2
УДК 004 (075.8)
ББК 32.81
А 99
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған
Пікір жазғандар:
экономика ғылымдарының докторы, профессор 
С. Байзақов;
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Г. О. Тəжіғұлова;
техника ғылымдарының кандидаты, доцент 
Г. Т. Дəненова.
Аяжанов С. С. жəне т.б.
Ақпараттық жүйелердің негіздері: Оқулық. / С.С. Аяжанов, 
Ш.Е. Ома  рова, Қ.С. Аяжанов – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 
2012. – 400 бет.
ISBN 978-601-217-336-9
Оқулықта қазіргі ақпараттық жүйелердің сипатты ерекшеліктері, жүйелік 
талдау мен ақпараттық жүйелерді синтездеудің негіздері, макро жəне микро 
деңгейлерде есептердің қойылуы мен алгоритмдеу əдіснамасы, математикалық 
дабыл модельдері, байланыстардың үзіліссіз жəне дискретті арналарының моделі, 
дабыл мен арнаның ақпараттық сипаттамалары, кодтау теориясының жалпы 
түсініктері, ақпаратты қысу əдістері қарастырылған.
Оқулық оқыту жүйесінің кредиттік технологиясына негізделіп жазылып, əрбір 
тақырыптың мақсатынан, дəріс жоспарынан, негізгі түсініктерден, тақырыптың 
мазмұнынан, түйіндемеден, білім деңгейін бағалауға арналған бақылау 
сұрақтарынан, тақырып бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.
Оқулық жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелер мамандығының 
студенттері мен оқытушыларына, сонымен қатар ақпараттық технологияға 
қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.
УДК 004 (075.8)
ББК 32.81
 
 
 
 
 
©  Аяжанов С. С., Омарова Ш. Е.,
 
 
 
 
     Аяжанов Қ. С., 2012
 
 
 
 
©  Қазақстан Республикасы Жоғары оқу 
 
 
 
 
     орындарының қауымдастығы, 2012
А 99
ISBN 978-601-217-336-9

3
 
1-ТАҚЫРЫП. КІРІСПЕ
Дəрістің мəнмəтіні
Мақсаты: Ақпараттық жүйелердің негізгі қасиеттерін қарастыру.
Дəріс жоспары 
1. «Ақпараттық жүйелердің негіздері» курсының мақсаттары мен 
есептері
2. Қазіргі ақпараттық жүйелердің сипатты ерекшеліктері
Негізгі түсініктер: өндірісті автоматтандыру, жүйе, жиын, 
атқарымдық ықпалдасу, гетерогендік, ашық жүйелер
Тақырыптың мазмұны: Есептеу техникаларын кеңінен 
қолданбай жəне əртүрлі бағытта ақпараттық жүйелерді құрусыз 
қазіргі кезеңдегі адам қызметінің əртүрлі аяларының дамуы мүмкін 
емес. Осындай жүйелерде ақпараттарды өңдеу дербес ғылыми-
техникалық бағытқа айналды.
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) – ғылымды қоғамдық 
өндірісті дамытудың жетекші факторына айналдыру негізінде 
өндіргіш күштерді түбегейлі, сапалық қайта құру. Бастауы ХХ 
ғасырдың ортасына келетін ҒТР барысында қарқынды дами оты-
рып, ғылымның тікелей өндірістік күшке айналу үдерісі аяқталады. 
Ғылыми-техникалық революция қоғамдық өндірістің бет-бейнесін, 
еңбек жағдайын, сипаты мен мазмұнын, өндіргіш күштердің 
құрылымын, қоғамдық еңбек бөлінісін өзгертеді, өндіргіш 
күштердің шапшаң өсуіне мүмкіндік береді, адамдардың мəдениетін, 
тұрмысын, психологиясын, қоғамның табиғатпен өзарақатынасын 
қоса алғанда, қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал етеді, 
ғылыми-техникалық ілгерілеуді (ҒТІ) күрт жеделдетуге əкеледі. 
ҒТІ-нің бастауы техникадағы революциямен байланысты. Жо-
баланатын жүйелердің күрделенуі мемлекетті ірі ұлттық ғылыми-
техникалық жобалар шеңберлерінде ғылым мен техниканың 
келісімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға «итермеледі». Ғылымға 
қаржы бөлу мен зерттеу мекемелері санының күрт өсуі басталды. 
Ғылыми қызмет жаппай кəсіпке айналды. 50-ші жылдардың екінші 
жартысында елдердің көпшілігінде ғылыми қызметті жоспар-

4
лау мен басқарудың жалпы  мемлекеттік органдары құрыла бас-
тады. Ғылыми жəне техникалық əзірлемелер арасындағы тікелей 
байланыстар күшейді, өндірісте ғылым жетістіктерін пайдалану 
жеделдетілді. 50-ші жылдары ғылыми зерттеулерде, өндірісте, со-
дан кейін басқаруда, ҒТІ символына айналған, электрондық есептеу 
машиналары (ЭЕМ) жасалып, кеңінен қолданыла бастады. Олардың 
пайда болуы өндіріс үдерісіндегі адамның жағдайы мен рөлін 
өзгертетін, өндіріс пен басқаруды кешенді автоматтандыруға бірте-
бірте көшудің басталуы мен байланысты. 
ҒТІ-нің бірнеше басты ғылыми-техникалық бағыттарын бөліп 
көрсетуге болады: 
- өндірісті, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді автоматтан-
дыру;
- энергияның жаңа түрлерін ашу жəне пайдалану; жаңа 
конструкциялық материалдар жасау жəне қолдану.
Өндірісті автоматтандыру – бұл бұрын адам орындаған 
басқару мен бақылау функцияларын аспаптарға жəне автоматты 
құрылғыларға беретін машиналық өндірісті дамытудағы үдеріс.
Өндірісті автоматтандырудың мақсаты өндірістің бүкіл қорларын 
оңтайлы пайдалану үшін еңбек өнімділігін арттыру, шығарылатын 
өнімдердің сапасын жақсарту, жағдай жасау болып табылады. 
Аса күрделі (үлкен) жүйелердің пайда болуы қоғамды дамытудың 
сипатты үдерістерінің бірі болып саналады. Бұның негізгі себептері 
мыналар: халық шаруашылығында қолданылатын техникалық 
құралдардың үздіксіз ұлғая түсіп отырған күрделілігі; техникалық 
жəне сол сияқты ұйымдық жүйелердің (кəсіпорындар, сала, мем-
лекет жəне т.б.) басқару сапасын арттыруға деген қажеттілігі; 
кəсіпорындардың мамандануы мен бірігуінің кеңейе түсуі – халық 
шаруашылығын дамытудың негізгі үдерістері.
Жай жүйелерді жобалаудың дəстүрлі тəжірибесінен өзгешелігі 
- ірі автоматтандырылған, технологиялық, энергетикалық, 
аэроғарыштық, ақпараттық жəне өзге күрделі кешендерді əзірлеу 
кезінде, элементтердің атқарымдық функционалдану қасиеттері 
мен заңдарын қарастырумен байланысты – аздау, ал ең жақсы 
құрылымдарды таңдаумен, элементтердің өзара əрекетін оңтайлы 
ұйымдастырумен, олардың атқарылымының оңтайлы режимдерін 
анықтаумен, сыртқы ортаның əсерін ескерумен жəне т.б. байла-
нысты - көбірек проблемалар туындайды. Жүйелердің күрделене 

5
 
түсуімен байланысты осы кешенді жалпыжүйелік мəселелерге 
барған сайын маңыздырақ орын беріледі.
ҒТІ қарқыны халық шаруашылығының барлық аялары мен 
салаларында жобалау, жоспарлау мен басқару үдерістерінің 
күрделенуін туғызады. Салалардың дамуы мен олардың бір-біріне 
өзара ықпалының күшеюі, кəсіпорынның, бірлестіктің, саланың 
жəне т.б. жобалау, өндіру жəне пайдалану, жоспарлау мен басқару 
кезінде шешімдер қабылдау жағдайларында қарастырылатын 
мүмкін нұсқалар санын арттыруға əкеледі. Осы нұсқаларды талдай 
отырып, əртүрлі білім салаларындағы мамандарды тарту, олардың 
арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара түсіністікті ұйымдастыру 
қажет. 
Осылардың барлығы, үлкен жүйелерді талдауға жаңа, жүйелік 
көзқарастың пайда болуына əкелді. Олар көбінесе толық сипаттауға 
көне бермейді жəне олардың əрбірі сондай-ақ жекелеген атқарымдық 
ішкі жүйелер арасында көпқырлы байланыстарға ие болатын 
олардың əрбірі, сондай-ақ үлкен жүйе болып көрінуі мүмкін. Ар-
найы теория – жалпы (абстрактылы) жүйелер теориясы – жүйелік 
көзқарастың негізі болып қаланған.
«Жүйе» ұғымын пайдалануға деген қажеттілік өте ертедегі 
уақыттан əртүрлі физикалық табиғат объектілері үшін пайда болды: 
сол кездің өзінде-ақ Аристотель, тұтастық (яғни, жүйе – авт.) – оны 
құраушы бөліктердің қосындысы ғана еместігіне назар аударды.
Нақтылай айтқанда, «жүйе» термині жəне онымен байланысты 
кешенді, жүйелік көзқарасты философтар, биологтар, психолог-
тар, кибернетиктер, физиктер, математиктер, экономистер əртүрлі 
мамандықтардағы инженерлер зерттейді жəне солар ой елегінен 
өткізеді. Осы терминді пайдалануға деген қажеттілік математикалық 
өрнекпен əлденені көрсету, бейнелеу, көзге елестету мүмкін 
болмаған жағдайларда туындайды жəне бұл үлкен, күрделі, бірден 
толық түсінікті (анық емес) емес жəне тұтас, бірыңғай болады. 
Мысалы – «күн жүйесі», «станокты басқару жүйесі», кəсіпорынды 
(қаланы, өңірді жəне т.б.) ұйымдық басқару жүйесі, «экономикалық 
жүйе», «қан айналысы жүйесі» жəне т.б.
Математикада жүйе термині математикалық өрнектер неме-
се ережелер жиынтығы – «теңдеулер жүйесін», «санау жүйесін», 
«өлшемдер жүйесін» жəне т.б. бейнелеу үшін пайдаланылады. Осы 
жағдайларда «жиын» немесе «жиынтық» терминдерін пайдалануға 

6
болатын сияқты болып көрінеді. Бірақ жүйелер ұғымы реттілік, 
тұтастық, белгілі бір заңдылықтардың болуын атап көрсетеді. 
Жүйелік түсініктерге деген қызығушылық, ыңғайлы жинақтаушы 
ұғым ғана емес, сонымен бірге үлкен анықталмағандық пен 
есептердің қойылым құралы ретінде де көрінеді. 
Өндірістік үдерістердің күрделіленуі мен ғылымның дамуына 
қарай, дəстүрлі математикалық əдістердің көмегімен шешілмеген 
жəне есептердің қойылым үдерісінің өзі барған сайын көбірек 
орын ала бастаған есептер пайда болды, эвристикалық əдістердің 
рөлі өсті, формалды математикалық модельдердің бара-барлығын 
дəлелдейтін эксперимент күрделіленді.
Осындай есептерді шешу үшін математиканың жаңа бөлімдері 
əзірлене бастады; практикалық есептерге жуықтатылған мате-
матикалық əдістер дербес қолданбалы математика ретінде 
қалыптасты; есептердің қойылымын осы шешу кезеңіне тең деп та-
нитын шешімдер қабылдау ұғымы содан кейін оның бағыты пайда 
болды. 
Бірақ есептерді қою құралдары жаңа бағытты қамтымады, өйткені 
дамудың көпғасырлық тарихы С. Лемнің бейнелеп айтуы бойынша 
«математиктер, мəнді қолдануды өз ойларының қарастыру шегінен 
шығарып тастады», яғни есептердің қойылу құралдарын əзірлеуді 
математиканың функциялары емес деп санады. 
Есептердің қойылу үдерістерін, күрделі жобаларды əзірлеу 
үдерісін зерттеу адамның негізгі рөліне назар аударуға мүмкіндік 
берді: адам тұтасты қабылдаушы, проблемаларды бөліктеу, 
жұмыстарды бөлу кезінде тұтастықты сақтаушы, шешімдер 
қабылдау өлшемдері, құндылықтары жүйесінің иесі болып санала-
ды. Жобалау үдерісін ұйымдастыру үшін жобалауды ұйымдастыру 
жүйелері, əзірлемелерді басқару жүйелері жəне т.б. құрыла бастады.
«Жүйе» ұғымы білімнің əртүрлі салаларында кеңінен пайдала-
ныла бастады жəне ғылыми білімнің белгілі бір даму сатыларында 
жүйелер теориясы дербес ғылым болып қалыптасты.
Оқулықта берілген ақпарат ақпараттық жүйелерді (АЖ) жо-
балау жəне əзірлеу саласындағы мамандар – жүйелік талдау-
шылар, жүйелік жобалаушылар мен интеграторлар, қолданбалы 
бағдарламалаушылар даярлау бағдарламаларының құрамына 
кіретін, «Ақпараттық жүйелердің негіздері» пəні бойынша 
оқитын студенттерге арналған. Өнеркəсіптік кəсіпорындардың, 

7
 
сауда фирмаларының, қаржы топтары мен холдингтердің, 
коммерциялық банктер мен ел экономикасының негізін құрайтын 
өзге де ұйымдардың корпоративтік АЖ жобалау объектілері болып 
ұйғарылады. Оған сондай-ақ кеден жəне салық қызметтері, құқық 
қорғау органдары жəне т.б. сол сияқты мемлекеттік құрылымдардың 
ақпараттық жүйелері жатады.
Мəлім болғандай, осы жүйелерге, олардың атқарымдық жауап-
кершілігімен, нарықтық экономикадағы бизнестің үздіксіз өзгермелі 
жағдайларына бейімделу қажеттілігімен, мемлекеттік органдар мен 
бизнес-серіктестердің шектес ақпараттық жүйелерімен ақпараттық 
өзара іс-қимыл жасаумен байланысты аса жоғары талаптар 
қойылады.
Ықпалдастыруға (интеграция) деген үдерісті қазіргі АЖ 
дамытудың неғұрлым маңызды ерекшеліктерінің бірі деп са-
нау қажет. Сөз, атқарымдық ықпалдасу, біртекті емес ақпараттық 
қорларды ықпалдастыру, ақпараттық жүйелерді пайдаланушы-
лар үшін ақпараттар берудің əртүрлі тəсілдерін ықпалдастыру, 
ақпараттық жəне/немесе есептеу жүйелерін телекоммуникациялық 
жүйелермен ықпалдастыру туралы болып отыр. 
Қазіргі уақытта бұл үдеріс, сөзбе-сөз мағынасында АЖ архи-
тектуралары мен құрылымдарының барлық құрамдас бөліктерінен 
көрінуде.
Атқарымдық ықпалдасу бір-біріне қатыссыз («автоматтау 
аралдары» сияқты, мысалы, 70-ші жəне 80-ші жылдардағы өндірістік 
кəсіпорындарда) бұрын автономды жұмыс істеген жүйелерді, 
барлық атқарымдарға, бөлімше мен объекті, кəсіпорын немесе ме-
кеме қызметтеріне қызмет көрсететін, бірыңғай ықпалдасқан АЖ-
ге біріктірумен байланысты болып отыр. Осындай көзқарас, ішкі 
жүйелердің өзара іс-қимылын жəне тұтастай алғанда АЖ құруды 
жүзеге асыратын қолданбалы бағдарламалар кешендерінің ар-
хитектурасы мен құрылымына жаңа көзқарасты айқындап берді. 
Кəсіпорын немесе ұйымдар қызметінің жаңа сапасын (мысалы, 
нарық талаптарына тез əрекет ету жəне өндірісті тиісінше қайта 
құру тұрғысында) қамтамасыз ете отырып, атқарымдық ықпалдасу 
АЖ күрделіленуін күрт арттыруға əкеледі. АЖ-ның күрделіленуінің 
арта түсуі, өз негізінде, қолданбалы бағдарламалар мен мəліметтер 
қорларын жобалау, əзірлеу əдістері мен құралдарына қосымша та-
лаптар қояды. 

8
Қазіргі АЖ-нің екінші маңызды ерекшелігі – бөлінген мəлі-
меттерді өңдеу, атқарымдық ықпалдасумен байланысты. 
Бірыңғай АЖ-ге ықпалдасатын функциялар мен ішкі жүйелер, 
бір-бірінен аумақтық алыс тұруы мүмкін кəсіпорын бөлімшелерінде 
орналасқан, 
гетерогендік (грекше. heterogenes – əртекті) бағдар-
ламалық-ақпараттық платформаларда жүзеге асырылуы мүмкін. 
Компьютерлердің сыныптары мен типтеріндегі, операциялық 
жүйелердегі, мəліметтер қорларын басқару жүйелеріндегі (МҚБЖ) 
жəне өзге де жүйелік бағдарламалардағы айырмашылық, я осы 
платформалардың шешілетін есептер сыныптарының талаптарына 
сəйкес келу керектігінен, я осыған дейін пайдаланылған техникалық 
жəне бағдарламалық құралдарды пайдалану қажеттілігінен болады. 
Осындай гетерогендік платфор 
малардың сипатты мысалы – бұл 
кəсіпорынның жергілікті немесе корпоративтік желісі арқылы бай-
ланысатын пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орын-
дарынан (дербес компьютерлерден немесе жұмыс стансаларынан) 
жəне серверлердің (қосымшалар серверлері, мəліметтер қорлары 
серверлері, файлдық серверлер жəне т.б.) жиынтықтарынан тұратын, 
«клиент-сервер» архитектурасымен бөліктелген ақпараттар өңдеу 
кешендері.
Осындай бөліктеліп ықпалдасқан АЖ-ні жобалай отырып, 
жүйелік ықпалдастырушы (интегратор), əртүрлі операциялық 
жүйелер қолдайтын қосымшалардың өзара əрекетін қамтамасыз 
етуге мүмкіндік беретін шешімді табуы тиіс. Бұл ретте, бөліктелген 
өңдеу ортасы қызметімен желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді 
жүзеге асыратын, аралық қабаттың (қосымшалар мен операциялық 
жүйелер арасындағы) бағдарламалық қамтамасыз етуі пайдаланы-
луы тиіс. Осындай гетерогендік ортада бірлесіп жұмыс жасауға 
арналған қолданбалы бағдарламалар, қызметтер интерфейстеріне 
жəне осы ортаның қызметтеріне сəйкес келетін бағдарламалық ин-
терфейстерге ие болуы тиіс. 
Ақпараттық қорлардың ықпалдасуы қазіргі АЖ-ні құруда 
маңызды рөл атқарады. Мəліметтер қорлары, білім қорлары, 
қайталап пайдаланатын бағдарламалар қорлары ақпараттық қорлар 
болып түсіндіріледі. Осы қорларды құруға жұмсалатын шығындар 
аса елеулі, ал осыған дейін қолда бар қорлардың көлемі мен 
құндылығы аса зор жəне тез өсіп отырады. Сондықтан қазіргі АЖ-ні 
құру кезінде екі есепті шешуге тура келеді:

9
 
- жаңаны əзірлеу немесе осыған дейін қолданыстағы АЖ-ні да-
мыту кезінде, қолда бар ақпараттық қорларды пайдалануды қалай 
қамтамасыз ету керек;
- əртүрлі мақсаттағы бірнеше АЖ-нің жалпы (бөлінетін) 
ақпа раттық қорларды бірлесіп пайдалануын қалай қамтамасыз 
ету керек.
Бұл ретте құрылатын АЖ-де пайдалануға жататын ақпараттық 
қорлардың мəліметтерді берудің, білімді берудің, бағдарламалау 
тілдерінің əртүрлі модельдерінің көмегімен жүзеге асырылуы жəне 
əртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс жасауы мүмкін екенін еске-
ру қажет. 
Демек АЖ құру үшін қолданылатын инструментальдық құралдар, 
сондай-ақ қосымша жұмыс істейтін, құрылатын АЖ ортасына, 
ақпараттық қорлардың бірыңғайланған көрсетілімі мен оған жүгіну 
тəсілдерін қамтамасыз ететін компоненттер кіруі тиіс.
Қазіргі АЖ-де сипаты ақпараттар беру тəсілдерімен анықталатын, 
ақпараттық технологиялардың (АТ) бірнеше түрлерінің ұштасуы та-
лап етіледі:
•  есептеу есептерін жəне/немесе басқару есептерін шешу;
•  мəліметтерді өңдеу;
•  мəтіндерді өңдеу;
•  машиналық кескіндемелер;
•  бейнелерді өңдеу (статикалық немесе бейнекескіндер);
•  сөйлесу хабарларын өңдеу.
Осы технологиялар үшін тиісті мəліметтер қорларын қолдайтын 
АЖ (мысалы, МҚБЖ) орталарының жүйелік бағдарламаның 
қамтамасыз етілуі мен мəліметтердің тиісті типтерін өңдейтін 
қолданбалы бағдарламаларды талап етеді. Ақпараттарды берудің 
осы тəсілдерін пайдаланатын интерфейс құралдары қолдауы тиіс. 
Соңғы жылдары 
ықпалдасқан ақпараттық-телеком 
муника-
циялық жүйелер (ЫАТЖ) құру мен оны пайдалану үдерісі белсенді 
дамуда. Осындай жүйелерде АЖ функциялары мен мəліметтер беру 
жүйелері біріктіріледі жəне осы кезде, мысалы, байланыс арналары 
бойынша оларды сақтау, өңдеу жəне беру кезінде мəліметтерді қорғау 
бойынша жоғары талаптар қойылады. ЫАТЖ-нің осындай мысалдары 
мыналар: электронды банкаралық есеп айырысу жүйелері мен қаржы-
несие аясының өзге де жүйелері, əуе тасымалдауын басқару жүйелері, 
құқық қорғау органдарына қызмет көрсететін жүйелер. 

10
ЫАТЖ өзге сыныбы – бұл дəстүрлі байланыс қызметтері мен 
мəліметтер беру, жаппай пайдаланушыларға ақпараттық қызмет 
көрсету қызметтерімен толықтырылатын, жаһандық ақпараттық 
желілер. Ақпараттық қорлардың иелері оларды пайдаланушыларға 
тиісті серверлер беретін Интернеттің қарқынды дамуы, Web-
технологиялар деп аталатын ақпараттық қорлар беру мен оған кіру 
технологияларын дамытуды ынталандырды.
ЫАЖТ-ге Web-технологияларды қолдану электронды бизнес 
(виртуалды биржалармен қоса көтерме жəне бөлшек сауда – Ин-
тернет-супермаркеттер; тұтынушылармен жəне жеткізушілермен 
өнеркəсіптік кəсіпорындардың өзара іс-қимылы – business-to-
business), электронды кітапхана, қашықтықтан оқыту (виртуалдық 
университеттермен қоса) сияқты салаларды дамытуды қамтамасыз 
етеді.
ЫАТЖ, оларды құру əдістері мен құралдары, қосымшаларды 
жобалау жəне бағдарламалау құралдарын сүйемелдеу жəне дамыту 
ақпараттық қорларды беру құралдары мен оған қатынау, ақпараттық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары көзқарасы тұрғысынан 
қазіргі заманауи АЖ-нің неғұрлым күрделі сыныбын білдіреді.
Қазіргі АЖ-нің ілгеріде айтылған ерекшеліктерін ескере оты-
рып, АЖ-ні əзірлеушілер мен пайдаланушылар, АЖ-нің өсе түскен 
күрделілігі мен оларды жобалау жəне енгізудің мерзімдері мен 
жұмсалатын шығындарға қатаң шектеулер арасындағы объективті 
қарама қайшылықтармен бетпе-бет келетінін атап өту қажет. 
Нарықтағы бəсекелетік күрес жағдайларындағы кəсіпорындар 
мен ұйымдардың қызметі үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. 
Бұл, қазіргі уақытта кəсіпорынның ажырағысыз бөлігін құрай-
тын жəне онымен бірге бизнес-реинжирингке тартылатын, ақпараттық 
жүйелерде соған сəйкес өзгерістердің болуын талап етеді. Бұл жағдайда 
АЖ, өзгеріс, талап етілетін АЖ-ның атқарымдық бөліктеріне ғана 
қатысты болатындай жəне өзге атқарымдық бөліктерді қозғамайтындай, 
модульдік ретінде жобалануы тиіс екені ақиқатқа айналады. АЖ-нің 
бұл қасиеті кеңеюішілік (extensibility) деп аталады. Сондай-ақ АЖ-нің 
сандық сипаттамалары – қызмет көрсетілетін пайдаланушылардың 
саны, шешілетін есептердің өлшемділігі өзгерістерге ұшырайды. 
Осыдан – АЖ-нің масштабтылығын (scalability) қамтамасыз ету 
қажеттілігі туындайды. 
АЖ-нің өмірлік циклінің, жекелей алғанда қолданбалы 
бағдарламалық қамтамасыз етудің ұзақтығы, техникалық жəне 

11
 
жүйелік бағдарламалық құралдардың моральдық жəне физикалық 
ескіру мерзімдерінен əлденеше рет асып кетеді. Сондықтан əртүрлі 
ақпараттық-бағдарламалық платформалар (portability) арасында 
қолданбалы бағдарламалық құралдардың тасымалдаушылығын 
қамтамасыз ету қажет. Қосымшалардың тасымалданушылығына 
қойылатын талап мəліметтерді бөліктеп өңдеу қолданылатын 
гетерогендік платформалардан туындайды.
АЖ-ның өзге жүйелермен деректер алмасу бойынша, сол сияқты 
оларды өңдеу үдерістерін басқару бойынша (мысалы, транзакция-
ларды орындау кезінде) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету талабы 
АЖ-ні интероперабельділік (interoperability) қасиетімен ерекшелеу 
қажеттілігін анықтайды.
Ең соңында, АЖ-мен жұмыс жасауға пайдаланушыларды 
даярлауға жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту талабы 
тұрақты жəне достық пайдаланушылық интерфейсін (friendly user 
interface) қамтамасыз ету қажеттілігін анықтайды. 
Ілгеріде айтылған қасиеттердің жиынтығы ашық АЖ-ні 
(ААЖ) сипаттайды. Жекелей алғандағы бұл қасиеттер қандай да 
бір шектерде АЖ-нің бұрынғы буындарында жүзеге асырылған 
болатын. Ашықтық қасиеттерін қамтамасыз ету тəсілдері ендігі 
уақытта өзара байланыста кешенді түрде қарастырылатындығы, 
ашық АЖ-ге деген қазіргі көзқарастың ерекшелігі болып саналады. 
ААЖ идеологиясы мен стандарттары АЖ-нің өсе түсіп отырған 
күрделілігі мен оларды құруға жұмсалатын қаржы мен уақыт 
шектеулері арасындағы ілгеріде айтылған қарама қайшылықтарға 
берілетін жауап болып табылады. 
Ашық жүйелердің артықшылығы тегін сыйға берілмейтіні 
түсінікті. Ол үшін жабық, монолиттік жүйелердің ең аз қорларымен 
салыстырғанда, жүйелік қорларды (өнімділікпен, жадылардың 
көлемімен) біршама артық төлеуге тура келеді.
Бірақ аппаратуралар мен жүйелік бағдарламалық қамтамасыз 
етуді дамытудағы қазіргі уақытқа дейін қол жеткізген ілгерілеушілік, 
қолайлы бағаға ашық АЖ-де қажетті мол қорларға ие болуға 
мүмкіндік береді. Қорлардың осындай молшылығы, егер ашық 
жүйелердің идеологиясы мен стандарттарын сақтамаса, оны өндіруге 
тура келетін, АЖ-ні жобалауға жəне бағдарламалауға жұмсалатын 
шығындарды үнемдей отырып, сондай-ақ ашық АЖ құруға салған 
инвестицияларды сақтау жолымен өзін-өзі ақтайды. 

12
Ілгеріде айтылғандай, ашық жүйелер тұжырымдамасы бірден 
пайда бола салған жоқ. Ол бірте-бірте, АЖ пайдаланушыларының 
олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, олардың техникалық 
жəне бағдарламалық құралдардың бір жеткізушісіне тəуелді бо-
лудан босағысы келетіндігін сезінулеріне қарай қалыптасты. Осы 
құралдардың əзірлеушілері мен жеткізушілері сондай-ақ, тіпті аса 
ірі фирмалардың өзі құралдардың барлық спектрінде іс-қимыл 
жасай алмайды жəне тұйық фирмалық идеологияның орнына 
өзге фирмалардың ең жақсы жетістіктерін оңтайлы пайдаланған 
тиімдірек деген қорытындыға келді. 
Сондықтан ашық жүйелер тұжырымдамаларының тарихы 
ақпараттық технологияларды стандарттау үдерісімен тығыз байла-
нысты. 
Ашық жүйелер тарихын – ашық жүйелер стандарттарының тари-
хы деп анық айтуға болады. 
60-шы жылдардың өзінде архитектурасы əртүрлі компьютер-
лер арасындағы  осымшаларды тасымалдаушылық туралы қам-
қаракет жоғары деңгейде бағдарламалау тілдерін жасауға жəне 
осы тəсілдерге стандарттар қабылдауға əкелді. Бағдарламалау 
тілдерінің бұрынғы нұсқалары, мысалы, КОБОЛ, ФОРТРАН жəне 
т.б. бір ақпараттық платформалардан екіншісіне ауысу кезінде 
(стандарттық шеңберлермен атқарымдық мүмкіндіктерді шектесе 
де) бағдарламалардың (жəне қолданбалы бағдарламалаушылардың) 
тасымалданушылық проблемаларын шешуге мүмкіндік берді. Бұл 
стандарттарды іс жүзінде платформалардың бүкіл пайдаланушыла-
ры жүзеге асырған болатын. 
Стандарттау жөніндегі халықаралық жəне ұлттық ұйымдар 
бағдарламалау тілдеріне де-юре стандарттар қабылданған кезде, 
тілдер нақты өндірушіге тəуелсіз болды. Сондықтан ФОРТРАН-ды, 
мысалы, IBM фирмасының жасап шығарғанының, ендігі уақытта 
ешқандай маңызы болмады. Тілдің синтаксисі мен семантика-
сы нормаларын сақтай отырып, өндірушілердің компиляторлар-
ды жетілдіру есебінен бəсекелесе алуы, ал пайдаланушылардың 
– қандай да бір нақты машинаға қатал байланусыз қолданбалы 
бағдарламаларды жасай алуы, түбегейлі болды. 
Тасымалдаушылықтың осындай деңгейіне жету ашық жүйелер 
мүмкіндіктерінің бірінші мысалы болды.
Бұйрықтардың бірыңғай жиынына ие жəне бір операциялық 
қ

13
 
жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге қабілетті IBM/360 компьютер-
лер буынының жасалуы тасымалдау үшін бағдарламаны қайта ком-
пиляциялау талап етілмегенде, ал тиімділік аппаратураның барлық 
мүмкіндіктерін пайдалану қамтамасыз етілген кезде орындалатын 
код деңгейінде бағдарламалардың тасымалдануына жетудегі алға 
басқан қадам болды. Бірақ тасымалдаушылық, аталған архитекту-
ралар шектерінде ғана қамтамасыз етілді жəне IBM/360 компьютер-
лерде құрылған АЖ-нің қасиеті болды. 
VAX VMS операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасай-
тын Digital Equipment фирмасының VAX компьютерлер үйірі 
қосымшаларды операциялық ортада виртуалдық мекенжайлық 
кеңістікпен тасымалдаушылық бағытындағы ашық жүйелер 
тұжырымдамаларын дамытудың келесі сатысы болды. 
Бір мезгілде, алдымен IBM фирмасының SNA, Digital фирмасының 
DECnet ЭЕМ желілерінің фирмалық архитектуралары түрінде, содан 
соң, мысалы, ARPA желілерінің ТСР/ІР хаттамаларының жергілікті 
жəне жаһандық желілерінің стандарттық хаттамаларының, содан 
кейін Интернеттің желілік технологияларының қарқынды дамуы 
жүрді.
Стандарттау жөніндегі ұйымдардың желілік технологияларға 
назар аударуы ашық жүйелердің өзара байланыстарының (АЖӨ) 
эталондық модельдерін OSI/ISO құруға жəне интерфейстерде стан-
дарттар мен осы модельдердің бүкіл жеті деңгейінің хаттамаларын 
əзірлеуге əкелді. 
Unix операциялық жүйесі (ОЖ) тасымалданушылықтың жал-
пы базасын жасаудың тарихи өте өміршең нұсқасы болып санал-
ды. Оның интерфейстерінің спецификацияларын түсінікті жəне 
жеңіл сипатталатын деңгейде жеткізуге мүмкіндік беретін Unix 
қарапайым болды. Бұл Unix-тің əртүрлі жүзеге асырылуын басқара 
отырып жұмыс жасайтын əртүрлі аппараттық платформалардың, 
сол сияқты POSIX(Portable Operating System Interfaces) жəне X/
Open интерфейстеріне стандарттарды қанағаттандыратын, өзге ОЖ 
платформаларының арасында жеңіл тасымалданатын қолданбалы 
(жəне тіпті, ОЖ ядросынан өзге, жүйелік) бағдарламалар əзірлеуге 
мүмкіндік берді. Əрине, бұл мүмкіндік Си бағдарламалаудың 
бірыңғай тілінің болуымен тікелей байланысты. Айтпақшы, Си тілі 
неғұрлым анық жəне дəл стандарт болып саналады. 
 Unix ОЖ-нің өзі тұтастай дерлік Си тілінде жазылған, модульдік 

14
жəне салыстырмалы түрде икемді болып саналады. Оған мыналар 
кіреді: аппаратурамен тікелей өзара əрекет ететін бағдарламалардың 
аппараттық тəуелді ядросы, мəліметтерді өңдеу бойынша негізгі 
əрекетті орындайтын инструменталдық утилиттер жиыны жəне 
пайдаланушылық интерфейсті білдіретін қабықша. 
Пайдаланушының бір платформадан екіншісіне Unix-те 
қарапайым ауысу мүмкіндіктері əуелгі бастан-ақ қарастырылған 
болатын. Пайдаланушының жүйемен өзара əрекет ететін жалғыз 
интерактивті интерфейсі – бұл қабықша (shell). Unix пен shell тілі 
диалектілері қаншалықты жүзеге асырылса да, өзара əрекет ету 
қағидаты өзгеріссіз, сол күйінде қалды. Бірақ барлық Unix – плат-
формаларда қолдайтын жəне жүйемен өзара əрекет етудің кестелік 
пайдаланушылық интерфейстерінің біркелкі құралдарын қамтамасыз 
ететін терезелік жүйе (XWindows System) құру пайдаланушылық 
интерфейсті стандарттаудағы шешуші қадам болды. 
Ең соңында, Unix-те ТСP/ІР (OSI/ISO модельдерінің үшінші жəне 
төртінші деңгейлері) хаттамалары стегін жүзеге асыру, жүйелер 
тұжырымдамаларын қалыптастырудағы аса маңызды қадам болды. 
Бұл əртүрлі компьютерлерде əртүрлі операциялық орталарда жұмыс 
істейтін, əзірленген бағдарламалық компоненттерге қатыссыз, нақты 
интероперабельділік мүмкіндігін қамтамасыз етті. 
Unix-тің жəне POSIX стандарттарының пайда болуымен ашық 
жүйелер тұжырымдамаларында, олар жұмыс істейтін орта мен 
қосымшалар арасында қолданбалы бағдарламалау интерфейстері 
ұғымы пайда болғанын көру қиын емес. Бұл ұғым ашық жүйелерді 
стандарттау үшін негізгіге айналды. 
Əртүрлі АЖ арасында электронды мəлімет алмасуды (Electronic 
Data Interchange - EDI) қамтамасыз ету қажеттілігі осы АЖ 
қосымшалары деңгейінде бірлесіп жүзеге асыру стандартта-
рын жасауға əкелді. АЖ-ні қолданудың əртүрлі салалары үшін 
халықаралық стандарттар əзірленген болатын:
- осы құжаттармен алмасудың құрылтайшылық құжаттары мен 
форматтарының архитектуралары – ISO Open Document Architecture 
(ODA) жəне Open Document Interchange Format (ODIF);
- тдүниежүзілік банк қауымдастығы – Society for World – Wide 
Interbank Financial Telecommunications қабылдаған, SWIFT алмасу 
хаттамалары мен банкаралық төлем құжаттарының форматтары;
- EDIFACT (Electronic Data Interchange For Administration, 

15
 
Commerce and Transport) əкімшілік, сауда жəне көлік үшін электрон-
ды мəліметтермен алмасу форматтары.
Осы бағытты одан əрі дамыту əртүрлі салалар, əсіресе, ғылым, 
мəдениет жəне білім беру салалары үшін электронды мəліметтер 
алмасу форматтарына стандарттар əзірлеумен байланысты бол-
ды. Ғылыми жарияланымдардың электронды көрсетілулерімен 
алмасудың стандартталған форматтары, осы салалардағы 
объектілердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, математи-
ка, химия, биология жəне медицина мен өзге де ғылым салалары 
үшін ұсынылған. Сондай-ақ мұражай коллекцияларының (сəулет, 
живопись, мүсін, музыкалық шығармалар) жəне құжаттамалық 
мұрағаттардың электронды көрсетілулері үшін стандартталған фор-
маттар бар. 
Электронды кітапханалар құру проблемалары электронды ката-
логтарды, библиографиялық сипаттамаларды, жарияланымдардың 
толық мəтіндерін көрсетуге, осы құжаттардағы қажетті ақпараттарды 
іздеуге жəне онымен алмасуға қолданылатын стандарттар көмегімен 
шешіледі. 
Осылардың барлығы, ақпараттық қорлардың жиынтығы мен осы 
қорларға қатынау құралдарын білдіретін, 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет