Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет113/211
Дата07.01.2022
өлшемі4.09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   211
4. Биогаз өндірудің маңызы
Биогаз өндірудің алғашқы  пайда болуы. Алғашқы биогаз  алу  үшін жасалған
қондырғылар, осы  үдерістердің  ғылыми  тұрғыдан  əлі  негізделмей  тұрған
кезеңдерінде, Индияда 1900 жылдары жасалған болатын. Мұнда шикізат ретінде мал
шаруашылығы 
мен 
өсімдіктердің 
қалдықтары 
пайдаланылған. Осындай
қондырғылар  кейіннен 1918 ж. Германияда, 1922 ж. Англияда, ал 1930 жылдары
АҚШ-да пайда бола бастаған. Бұл қондырғылар құрылымы бойынша өте қарапайым
– бөшке тəрізді болып келген жəне бұған арнайы құбыр арқылы сиыр немесе шошқа
фермаларынан қалдық массаларының ағып келуі  қамтамасыз етілген. Келіп  түскен


167
нəжіс  қалдықтары  осы  ыдыста  ыдырап, одан  бөлініп  шыққан  метан  газы  арнайы
түтіктер  арқылы  асхана  мен  басқа  да  қажетті  орындарға  берілген. Бұл  үдеріс  тірі
ағзалардың тіршілігі нəтижесінде өтуі себепті, алынған газ – биологиялық газ немесе
биогаз деп атала бастаған.
Биогаз  алу  мақсатында  жасалған  алғашқы  қондырғылардың  құрылымы  өте
қарапайым болуынан, олардан алынатын метан көлемі өте аз болатын жəне де олар
жылдың суық мезгілдерінде мүлдем жұмыс істемейтін еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   211




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет