Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет126/211
Дата07.01.2022
өлшемі4.09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   211
Ағынды  суларды  аэробты  өңдеу – судағы  ластағыш  қалдықтардың  жай
тұздарға, газдар  мен  суға  дейін  толық  минерализациясын  жүргізетін,
микроорганизмдерді  ең  көп  пайдаланатын  биотехнологияның  үлкен  салаларының
бірі. Ол келесі сатылардан тұрады:
1. Субстраттың жасуша бетіне адсорбциялануы.
2. Адсорбцияланған  субстраттың  жасушалық  экзоферменттердің  əсерінен
ыдырауы.
3. Жасушалардың еріген заттарды сіңіруі.
4. Өсу жəне эндогенді тыныс алу.
5. Экскремиттеленуші өнімдердің босауы.
6. Бірінші  популяция  өкілдерін, екіншілік  тұтынушы  организмдердің  қорек
ретінде пайдалануы.
Қалдық  ағынды  суларды  аэробты  өңдеудің  тиімділігі, микроорганизмдердің
қалдық заттармен байланысу уақыты мен биомассасының мөлшеріне пропорционал
болады. Қалдықтарды аэробты өңдеуде 2-түрлі жүйе қолданады .
1. Активті (белсенді тұнба) жүйе.
2. Перколяциялық (биологиялық сүзгілер) жүйесі.
Активті  жүйе  бойынша  тұнба  арқылы  қалдықтарды  өңдеуде, суды
түссіздендіретін тұндырушымен байланыстырушы ретінде – ағынды аэрациялайтын
биологиялық  реакторлар  пайдаланылады. Бұл, белсенді  тұнбада  кездесетін
микроорганизмдердің  ортадағы  қоректік  заттарға  бейімделуіне  мүмкіндік  береді.
Екінші  тұндырушыда  тұнбаның  жартысы  қайтадан  биореакторда  жиналып,
қалдықтардың  жүйеде  ұзақ  уақыт  сақталуы  қамтамасыз  етіледі. Бұл, белсенді
тұнбада  кездесетін  микрорганизмдердің  ортадағы  қоректік  заттарға  бейімделуіне
мүмкіндік  береді. Белсенді  тұнбаның  негізгі  өкілі Zoogleoa ramigera бактериясы,
оның  негізгі  қасиеті  ортаға  гель  түзетін  полисахаридтерді  синтездеу  жəне  сыртқа
бөлу. Ортада  мұндай  гельдің  болуы  микроорганизмдердің  агрегациялануына  жəне
мақта  тəрізді  қосылыс (фрокул), яғни  белсенді  тұнба  түзілуіне  əкеледі. Бірінші
сатысындағы  органикалық  заттардың  аэрацияланатын  реактордағы  белсенді  тұнба
əсерінен  тез  ыдырауы – физикалық  үдеріс  болып  саналады. Мұндай  физикалық
үдерістерде, алдымен, органикалық  заттар  тұнбаның  мақта  тəрізді  қосылыстарына
адсорбцияланады, сонан соң олардың баяу биологиялық тотығуы жүреді.
Перколяциялық  биологиялық  фильтр, қалдықтарды  өңдеуде  алғаш  рет
қолданылған  жүйе  болып  табылады. Бұл  жүйе 1890 ж. құрылып, Европа  мен
Американың 
тазалау 
қондырғыларының 70%-да 
қолданылып 
келінді.
Перколяциялық  биологиялық  сүзгіде  микроорганизмдер  популяциясы  қатты
алмастырғыштың  бетінде  қабықша  немесе  шырышты  қабат  түрінде  жинақталады.
Ластағыш  заттарды  заласыздандыру  механизмі «сүзгі» сөзінің  мағынасына  сай
механикалық  сүзуге  байланысты  емес, керісінше, белсенді  тұнба  жүйесінде
кездесетін, биологиялық  тотығуы  жəне  байланысу  үдерісі  сияқты  тізбектелген


185
сатылар  арқылы  іске  асады. Перколяционды  фильтрдің  негізгі  кемшілігі – онда
микроорганизмдердің  қарқынды  өсуі  салдарынан  ауаның  алмасуы  жəне
сұйықтықтың өтуі нашарлайды, ал ол сүзгінің бітеліп қалуына алып келеді.
Сонымен, тұрмыстық  жəне  өнеркəсіптік  қалдықты  ағынды  суларды  мұқият
өңдеу  үшін, міндетті  түрде  олардың  құрамын  жəне  ластаушы  заттардың
концентрациясын анықтап алу керек жəне ағынды қалдықты ыдырататын, олардың
қоршаған  ортаға  зиянды  əсерін  жоятын  микроорганизмдер  композициясын  таңдап
алу маңызды болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   211




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет