Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет192/211
Дата07.01.2022
өлшемі4.09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   211
Сомалық  эмбриогенез (гр. embryon – ұрық, genesis – шығу  тегі, ағ. somatic
embryogenesis) – ұлпаларды  жəне  жасушаларды  қоректік  ортада  өсіргенде  ұрық
тəрізді  құрылымдардың  түзілу  үдерісі, табиғи  жағдайдағы  ұрықтың  дамуына  өте
ұқсас болады.
Сорғалаң (течка) – жыныс  бездерінен, жатырдан  жəне  жатыр  түтікшесінен
бөлінген  шырыштардың  көрініс  беруімен  аяқталатын, аналықтың  жыныс
мүшелерінің қызарып, ісіну кезеңі.
Сперматозоид – өздігінен  қозғала  алатын  жəне  аналық  жұмыртқаға  ену
арқылы аталықтың тұқымдық ерекшелігін болашақ ұрпаққа беру қабілеттілігіне ие,
ұсақ, гаплоидты аталық жасушалары.
Сплайсинг (ағ. splice – тұтастыру, өріп  қосу) – иРНҚ-ның  транскрипциядан
кейінгі «пісіп» жетілуі, яғни информациясы жоқ өліктерінің (интрондардың) кесіліп
алынып  тасталынуы  жəне  информациясы  бар  бөліктерінің (экзондардың) бір-
бірімен жалғасу үдерісі.
Стерилизациялау
– хирургиялық  киімдерде, құрал-жабдықтар  мен
зертханалық ыдыстардағы микробтар мен олардың спораларын жоюға бағытталған
жұмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   211




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет