Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту



Pdf көрінісі
бет82/211
Дата07.01.2022
өлшемі4.09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   211
2. Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
Жекелеп  бөлініп  алынған  өсімдік  ұлпаларын  өсіру  үшін, оны  бастапқыда
əртүрлі  микроорганизмдерден  тазарту  мақсатында  стерилизациялап, құрамында
минералды  тұздар  мен  органикалық  заттар (қант, амин  қышқылдары),
фитогормондар (ауксиндер, цитокниндер) бар  жасанды  қоректік  ортаға
орналастырады. Жасанды қоректік орта сұйық немесе қатты болуы мүмкін. Қоректік
ортаның қатты болуы, оған кейбір су өсімдіктерінен дайындалатын агар-агарды қосу
арқылы жүзеге асырылады.
Осындай  жолмен  дайындалған  қоректік  ортаның  негізгі  заттары  қатарына
құрамында  азот, фосфор, калий, күкірт, магний, кальций, темірі  бар  минералды
тұздар  жатады. Аталған  макроэлементтердің  қайсібірінің  қоректік  ортаның
құрамында  жетіспеген, əлде  кездеспеген  жағдайларында, ұлпа  нашар  өседі  немесе
мүлде  өліп  қалады. Ұлпалардың  қалыпты  өсуіне  микроэлементтердің  де (мырыш,
бор, мыс, марганец) болуы  үлкен  роль  атқарады. Көміртекті  заттардан –
сахарозаның болуы аса маңызға ие болса, құрамында азоты бар заттар қатарында –
ақуыз гидрозилаттары (казеин) мен кейбір амин қышқылдары жатқызылады.
8-кесте. Өсімдік жасушаларын in vitro жағдайында өсіру үшін кеңінен
пайдаланылатын қоректік орталардың құрамы
Ортадағы концентрациясы, мг/л
Ортаның
компоненттері
Мурасиге-
Скруг
ортасы
Уайт
ортасы
Шенк –
Хильдербранд
ортасы
В5
ортасы
Хеллер
ортасы
Линсмайер
- Скруг
ортасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   211




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет