Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Өсімдіктердің патогендерге жəне дақылды өсімдіктердің жалпы



Pdf көрінісі
бет93/211
Дата07.01.2022
өлшемі4.09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   211
5.3 Өсімдіктердің патогендерге жəне дақылды өсімдіктердің жалпы
төзімділік қасиеттерін арттыру
Өсімдіктердің  патогендерге  төзімділік  қасиеттерін  арттыру. Вирусқа
төзімділікті  арттыруға  арналған  гендік  инженерия  жұмыстары, өсімдік
шаруашылығындағы  басым  бағыттардың  бірі  болып  саналады. Вирустар  əр
жылдары  адамдарға  тиесілі  өнімдердің  көп  бөлігінен  айырады  екен. Вирустарға
төзімді өсімдіктерді  қолданудың  бірнеше  мысалын  келтіруге  болғанымен, олардың
саны  əзірше  өте  аз. Мысалы, папайя  деген  тропикалық  жеміс  бірталай  зинкес
жəндіктердің, немесе вирустық ауруларға төзімсіз келеді. Ал, папайяның трансгенді
UH Raindow деген  түрінің, осы  өсімдіктің  жабайы  популяциясында  көп  кездесетін
«шеңберлі  таңба» ауруын  тудыратын  вирусқа  төзімді  екендігі  анықталған  соң,
Гавайя  аралдарында  көптеп  өсіріле  бастаған. Флорида  университетінің  ғалымдары,
құрамында  жібек  құртының  гені  бар  жүзім  сұрыптарын  шығарған  жəне  оның


142
жүзімнің  өте  қауіпті  бактериалды – Пирс  ауруынан  қорғануға  мүмкіндік  беретінін
анықтаған. Бұл  ауру  жүзім  мен  басқа  да  көптеген  өсімдіктерге  көп  залалын
тигізетін. Бөрікгүл (артишок) өсімдігінің  жапырақтарының  бүрісіп  қалуына  алып
келетін  вирусқа  қарсы  жатденені (антитело) темекінің  трансгенді  түріне
экспрессиялау, темекі  өсімдігінің  осындай  вируспен  зақымдану  мүмкіндігін
төмендеткен.
Дақылдардың  төзімділігін  арттыру. Жер  шарының  көптеген  өңірлерінде
егістік  мақсатында  пайдаланатын  жер  көлемі  өте  аз  келеді. Орталық  Шығыс
мемлекеттері, Африка, Азия  мемлекеттерінің  көптеген  аймақтарын  құм  басып,
шөлге  айналуы  себепті, ауылшаруашылығы  үшін  пайдалануға  жарамсыз  болып
қалған. Сондықтан, қолайсыз  жағдайларда  өсуге  бейімделген  өсімдік  түрлерін
шығару  жұмыстары  ғалымдар  мен  селекционерлер  тарапынан  қызығушылық
тудырады. АҚШ-ның  Калифорния  жəне  Канаданың  Торонто  университеттерінің
ғалымдары  топырақ  құрамы  тұзды  болып  келетін  жерлерде  өсуге  бейімді  жəне
тұздарды жапырақтарына жинауы себепті, жемісі ащы болмайтын қызанақ түрлерін
шығарған. Қазір  ғалымдар  бұл  технологияны  азықтық  маңызы  бар  өзге  де  өсімдік
түрлеріне қолдану үшін ізденіс жұмыстарын жүргізуде.
Бұдан  басқа  да  мысалдарға  келетін  болсақ, раундап  гербицидіне  төзімді
келетін көгал (газон) шөбі шығарылған. Бұл шөп өте баяу өседі жəне көп суғаруды
талап  етпейді. Бұл  технологияны  қолдану, құрғақшылық  аймақтарда  орналасқан
қалалардағы  гольфке  арналған  алаңдар  мен  саябақтарда  өсетін  жасыл  құрақтарды
суғаруға  кететін  суды  ысырапсыз  пайдалануға  көмектеседі  деген  тұжырымдар
жасалынған.
Бірақ  та, бұл  технологияны  сынаушылар, осы  əдіспен  жасалып  шығарылған
көк  құрақтарды  ештеңе  құрта  алмауы  себепті, олар  əртүрлі  экожүйелерге  тез
таралып, табиғи  түрлерді  ығыстырып  шығуы  мүмкін  деген  қауіп  айтады. Адамзат
тəжірибесінде  мұндай  келеңсіз  жағдайлар  да  кездеседі. Мысалы, балық
фермаларында  қолдану  үшін  культивация  жасалынған  жəне  жақсы  нəтиже  берген
Caulerpa taxifolia балдыры, теңізге түскеннен кейін көп зиян келтіретіні анықталған.
Балық  фермаларының  иелері  теңіз  үшін  арам  шөп  болып  табылатын  осы
балдырларды суға тастауы себепті, қазір бұл өсімдік Жерорта теңізі, Австралия мен
Калифорния  жағалаулары  аймақтарын  жаулап  алған. Сондықтан  генетикалық
модификацияланған  көгалдық  шөптері, осы  теңіз  арам  шөптерінің  құрылықтық
баламасы болу мүмкін деген күдік туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   211




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет