Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


-топ тапсырмасы: «Жеке тҧлға туралы тҥсінік»



Pdf көрінісі
бет146/203
Дата07.01.2022
өлшемі2.14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   203
 
1-топ тапсырмасы: «Жеке тҧлға туралы тҥсінік» 
 
Тҧлға  -    біріншіден,  дербес  әрекет  жасайтын  субъект  ретіндегі 
нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның 
қоғамдық  ӛмірінің  дара  нысаны.  тұлғаның  мәні  нақты  индивидтің 
ӛзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік  жүйе шеңберіндегі ӛзімен-
ӛзі  болу  қабілетінде  ашылады;  екіншіден,  адамдар  арасындағы 
ӛзінің  ұстаным-орнын  еркін  және  жауапкершілікпен  анқытайтын, 
қоғамның  ӛкілі  ретіндегі  адам.  Қоршаған  ортамен,  қоғамдық  және 
адами 
қарым-қатынастар 
жүйесімен, 
мәдениетпен 
ӛзара 
әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға 
айналады. 
Индивид  (лат.  individuum  –  бӛлінбейтін)  –  1)  жекелей  табиғи 
тіршілік  иесі.  Homo  sapiens  түрінің  ӛкілі  филогенездік  және 
онтогенездік  дамудың,  туа  біткен  және  жүре  біткеннің 
біртұтастығының  ӛнімі,  тән  сипатты  даралық  белгілердің  иесі 
ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір ӛкілі; табиғи 
шектелу  шеңберінен  асып  шыққан,  құралдарды,  белгілерді 
пайдаланатын  және  осылар  арқылы  ӛзінің  мінез-құлқы  мен 
психикалық  процестерді  меңгеретін  әлеуметтік  тіршілік  иесі. 
Индивидтің сипаттамалары: 

психофихиологиялық ұйымдасуының тұтастығы

қоршаған 
ортамен 
ӛзара 
әрекетестіктегі 
орнықты 
тұрақтылығы; 

белсенділігі. 
Тұтастық  белгісі  индивидтің  ӛмірлік  қатынастарын  жүзеге 
асыратын  сан  алуан  функциялар  мен  механизмдер  арасындағы 
байланыстардың 
жүйелі 
сипатын 
кӛрсетеді. 
Тұрақтылық 
индивидтің  шындық  болмысқа  деген  негізгі  қатынастарының 
сақталуын  анықтайды.  сонымен  қатар,  икемділік,  вариативтілік 
жайттарының  болуын  кӛздейді.  Белсенділігі  оынң  ӛзін  ӛзгертуге 
қабілеттілігін қамтамасыз етеді. 
Жеке  тҧлғалық  (индивидуальность)  –  1)  жеке  адамның 
қайталанбас,  ӛзіндік  ерекшелігі,  тек  соған  тән  ерекшеліктердің 


 
261 
жиынтығы;  2)  басқа  адамдардан  ӛзінің  әлеуметтік  мәнді 
ерекшеліктері 
тарапынан 
сипатталатын 
адам; 
индивидтің 
психикасы 
мен 
тұлғасының 
ӛзіндік 
ерекшелігі, 
оның 
қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, 
мүдделер  сипатында,  перцептивтік  процестер  мен  зият  санасында, 
қажеттіліктері мен қабілеттерінде кӛрінеді. 
Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  –  қалыптасып  келе  жатқан  жеке 
тұлғаның  әлеуметтік  тәжірибені  меңгеруі,  оның  жан-жақты 
үйлесімді  дамуы.  Жеке  тұлғаның  даму  мен  қалыптасу  мәселесінің 
кӛп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдарыжеке тұлғаның 
дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да 
әсер етеді деп есептеген.  
Адам  –  ӛзіне  тән  биологиялық  құрылысы  бар  тіршілік  иесі, 
сондықтан  да  табиғат  заңдары  оның  дамуына  әсер  етеді.  Адам 
табиғатының  ӛзгеруі  адам  ӛмірінің  әлеуметтік  жағдайларының 
әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, 
сонымен  қатар,  тарихи  даму  нәтижесінде  де  пайда  болады. 
Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: 
биологиялық  және  әлеуметтік.  Адам  биологиялық  тіршілік  иесі 
болып  туады,  алайда  ӛз  дамуы  барысында  ол  әлеуметтік  тіршілік 
иесіне айналады. 
 
2-топ тапсырмасы: «Тҧлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуы» 
 
Адамның  жеке  қасиеттері  ӛмір  жолында  дамып,  қалыптасатын 
болғандықтан,  жеке  тұлғаның  «дамуы»  мен  «қалыптасуы» 
ұғымдары қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән 
жалпы  қасиет  болып  табылады.    Даму  –  тӛменнен  жоғарыға, 
қарапайымнан  күрделіге  қарай  қозғалыс.  Даму  кезінде  барлық 
философиялық заңдар жүзеге асады: ӛзгеру, санның сапаға ауысуы, 
Бұл  қозғалыс,  ӛзгеріс  жеке  тұлға  дамуының  қозғалыс  күші  болып 
келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүхеге асады. 
Жеке  тұлғаның  дамуы  –  оның  қасиеттері  мен  сапасындағы 
сандық  және  сапалық  ӛзгерістер  процесі  (адамның  анатомиялық-
физиологиялық  жетілуі,  оның  жүйке  жүйесі  мен  психикасының 
дамуы,  танымдық  және  шығармашылық  іс-әрекетіндегі,  оның 
дүниетанымы,  ӛнегелілігі,  қоғамдық-саяси  кӛзқарастары  мен 
сенімдерінің кеңеюі). 


 
262 
Қалыптасу – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық 
пен  нақты  бір  түр  беру;  жеке  тұлғаның  дамуының  нәтижесі  және 
оның  пайда  болып,  тұтастыққа,  бірқалыпты  қасиеттер  мен 
сапаларға  ие  болуы.  Бұл  арада  тұқымқуалаушылықтың  мәні  ӛте 
зор.    Тҧқымқуалаушылық  –  баланың  ата-анасынан  немесе  ата-
бабаларынан  қалған  биологиялық  ерекшеліктердің  жиынтығы.  Ол 
екі  түрге  бӛлінеді:  жалпы  адамзаттық  (тік  жүру,  сана,  ақыл,  сезім 
мүшелерінің  даму  бейімділігі,  шартсыз  рефлекстер,  нәсілдік  және 
ұлттық  белгілер)  және  даралық  (жүйке  жүйесінің  түрі, 
анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).  
Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни 
адам  және  қоғам  ӛміріндегі  әлеуметтік-экономикалық,  тарихи 
қалыптасқан  жағдайлар.  Оның  екі  түрі  бар:  макро  және  микро. 
Макроорта  –  адамға  әлеуметтік-экономикалық  ықпалдардың  мол 
жиынтығы  (ӛндіргіш  күштер  мен  ӛндірістік  қатынастар  деңгейі, 
ӛмірдің  қаржы  жағдайлары,  мәдениеттің  даму  деңгейі,  бұқаралық 
ақпарат  құралдары).  Микроорта  –  адамның  ең  жақын  қарым-
қатынас ортасы. 
Жеке  тұлғаның  қалыптасуына  әсер  ететін  факторлардың 
арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Тәрбие - ӛсіп келе жатқан 
ұрпаққа  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  игерту  үшін  мұғалім 
мен  оқушылар,  балалар  мен  ата-аналар  арасындағы  бірлескен  іс-
әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.  
Тұқымқуалаушылық  пен  қоршаған  ортамен  қатар  тәрбие  тұлға 
қалыптасуының  үшінші  факторы  болып  саналады.  Тәрбиеде 
тұқымқуалаушылық,  бейімділік  пен  қоршаған  ортаның  ӛзгерістері 
жӛнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен 
ӛтеді,  ол  мекемелер  педагогикалық  процесті  сауатты  құрастырып, 
оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады.  
Тек  тәрбие  ғана  жеке  тұлға  дамуының  әлеуметтік  бағдарламасын 
жүзеге асырады, оның бейімділігі мен қабілеттілігін күшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   203




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет