Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет185/203
Дата07.01.2022
өлшемі2.14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   203
Іс-әрекеттерді  ҧйымдастыру  және  қоғамдық  мінез-қҧлық 
тәжірибесін (іскерлік, дағды, әдет, ерік, мінез т.б.) қалыптастыру 
әдістері. 
Тұлғаның тәрбиелілігін тек қана сӛзі емес, сонымен бірге  істеген 
ісі,  қылығы  сипаттайды.  Білім  алушылардың  іс-әрекеттеріндегі, 
қарым-қатынасындағы,  мінез-құлқындағы  жағымды  тәжірибені 
қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, 
арнайы тәрбиелік жағдайат, тапсырма. 
Талап  –  мінез-құлық  нормасының  кӛрінісі,  білім  алушыларды 
әлеуметтік  тәжірибеге  қатыстыру.  Талаптың  ынталандыру  және 
тежеу қызметтері бар. Ынталандыру қызметі – бұл жұмысты бастау 
және аяқтау. Тежеу – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін 
әрекетті  тоқтату.  Қойылу  формасына  қарай  талаптар  мынадай  болып 
бӛлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша 
(кеңес, ӛтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап  - кеңес; 4) ойын-талап; 
5)  сенім  арқылы  талап;  6)  талап-ӛтініш;7)  талап-ишара;  8)  талап-
қуаттау; 9) жағымды және жағымсыз, мысалы қорқыту. 
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал  талап 
нақты  міндет,  оны  іс-әрекет  үрдісінде  орындау  қажет.  Ұжым 
мүшелерінің  байымдауы,  баға  беруі  -  бұл  қоғамдық  пікір, 
ұжымының  еркі  мен  күші.  Ұжым  тәрбие  субъектісі,  педагогтың 
тірегі. 
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез-құлық нормасына сәйкес білім 
алушыларды  қажетті  дағдыға,  әдетке  тӛселдіру.  Тәрбие  үйретуден 
басталады.  Мысалы,  білім  алушының  ӛз-ӛзін  тәрбиелеуі,  уақыт 
жоспарлауы, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б. 
Үйрету  әдісі  білім  алушының  орындағыштық,  сыпайылық 
(инабаттылык),  мұқияттылық,  табандылық  сияқты  қасиеттерін 
қалыпттастырады.  Білім  алушылардың  ӛмір  тәжірибесі  кеңейіп, 
санасы  дамыған  сайын,  үйрету  әдісі  ӛзінің  алғашқы  маңызын 
жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске ӛте жақын – 
жаттықтыру әдісі. 
Жаттықтыру  әдісі  –  бұл  әр  түрлі  жағдаяттарда  білім 
алушылардың  моральдық  нормалар  мен  тапсырмаларды  орындауы. 
Жаттықтыру  әдісінің  ұжымының  мүддесімен,  талаптарымен  үндесуі 
қажет. Мысалы, кез келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау білім 


 
325 
алушыларды  тәртіптілікке,  ұйымшылдыққа  тәрбиелейді.  Білім 
алушылардың  ӛндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оларды 
борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады. 
Үйрету  және  жаттыктыру  әдістерінің  тәсілдері:  нұсқау  кӛрсету, 
машықтандыру, тапсырма. 
Жаттығу  нәтижесінің  ұғынықты  болуы  мына  жағдайларға 
байланысты:  1)  жаттығулар  жүйесіне;  2)  мазмұнына;  3) 
жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) кӛлеміне; 5) қайталау 
жиелігіне;  6)  бақылау  мен  түзетуге;  7)  білім  алушының  ӛзіндік 
ерекшелігіне;  8)  топтық,  жеке  және  ұжымдық  жатттығулардың 
үйлесімділігіне;  9)  жаттығудың  мотивтік  негізі  мен  ынталандыру 
жұмыстарына. 
Педагог ситуация арқылы жеке адамның жағымды әрекеттері мен 
қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер мен 
тәрбиеленушілер  арасындағы  қарым-қатынас  үшін  қолайлы  жағдай 
жасайды.  Ӛз  еркімен  таңдау  ситуациясының  тәрбиелік  мәні  ӛте  зор. 
Мысалы  екінші  адамға  бұрын  орын  беру  немесе  үндемей  қалу, 
шынын  айту  немесе  жалған  сӛйлеу  т.б.  Мұндай  ситуацияларда 
тірбиеленушілер  кӛп  ойланып  толғанып  барып  белгілі  бір  іс-әрекет 
жасайды. 
Іс-әрекетті және мінез-қҧлықты ынталандыру әдістері. 
Мінез-құлық  пен  іс-әрекетті  ынталандыру  әдістері  –  жарыс, 
жазалау,  мадақтау,  марапаттау.  Мадақтау  мен  жазалау  әдістері  білім 
алушылардың  оқу  орнындағы  іс-қимылы  мен  әркеттерін  мақұлдау 
немесе  айыптау  үшін,  үлгілі  тәртіпті  ынталандыру  немесе  нашар 
тәртіпті  тежеу  үшін  қолданылады.  Кӛтермелеу  білім  алушының 
мінезі  мен  тәртібіндегі  жақсы  қасиеттерді  дамытуға  және  бекітуге 
ықпал  жасайды.  Жақсы  бағалаған  кезде  білім  алушы  қанағаттану 
сезіміне бӛленеді.  
Мадақтау  –  бұл  білім  алушының  жағымды  мінез-құлқын 
ынталандыру  құралы.  Оның  түрлері:  құрметті  міндеттер  тапсыру 
(лаборанттық,  оқытушы  ассистенті  т.б.),  кӛтермелеу  сыйлықтары, 
құрмет  және  мақтау  грамоталары,  ұжымдык  және  жеке  алғыс, 
арнаулы  шәкіртақылар,  т.б.  Ынталандыру  дегеніміз  –  жағымды 
әрекетті  ынталандыру  мақсатындағы  тәрбиелеушіге  педагогикалық 
әсер ету жолдары.  
Мадақтауды  қолдану  талаптарының  бірі  –  ұжымның  пікірін 
ескеру.  Мадақтау  әдісі  әдептілік  пен  нақты  мӛлшерді  сақтауды 


 
326 
талап етеді. Ең алдымен мадақтаудың психологиялық тарапы маңызды 
келеді. Мадақтау әдісі мына жағдайда нәтижелі болады: 
1) 
білім  алушылардың 
мақтау  алуға  іштей  сенімді 
талпыныстарының болуы; 
2)  мақтау  арқылы  білім алушыны ұжымның  қалған  мүшелеріне 
қарсы қоймау; 
3) мақтаудың қылық-ісіне сай болуы;  
4) мақтау арқылы білім алушыға жекелей шешім табуды үйрету;  
5) мактаудың шындыққа негізделуі.  
Жазалау  –  білім  алушылардың  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқын 
ынталандыру  әдісі.  Жазалау  –  қате  қылықты  ескеріп  тежеу,  ӛз  ар-
ұяты  алдында,  басқа  адамдар  алдында  кінәсін  түсінуге  әсерін 
тигізетін педагогикалық әдіс.  
Жазалаудың  мынадай  түрлері  белгілі:  педагогтың  ескертуі;  білім 
алушыны  аудиориядан  шығарып  жіберу;  ауызша  және  жазбаша  сӛгіс; 
қосымша  тапсырмалар  беру;  белгілі  бір  құқығынан  айыру  немесе 
уакытша  моральдық  кемшілігін  таныту;  оқудан  шығару  (оқуға 
байланысты болмаса).  
Педагогикалық  талаптар  ішінде  жазалау  әдісінің  нәтижелі 
болуының негізгі шарттары мыналар: 
1) жазаның ұжым тарапынан туындауы;  
2) жазаның нақты болуы; 
3) жазаның міндетгі түрде орындалуы; 
4) білім алушының не үшін жазаланғанын түсінуі;  
5) тәрбиеленушінің жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу; 
6)  жазалау  мақсатының  тек  ұнамды  қасиеттерді  баулуға 
бағытталуы; 
7) жазаның қате қылықтары толық түсіну негізінде орындалуы; 
8) жазаның ӛш алу құралы ретінде болмауы; 
9) жазалаудың жеке білім алушыға бағытталуы;  
10) студенттердің дара психологиясын
 
біліп барып жазалау. 
Дамыған  елдерде  барған  сайын  жоғары  оқу  орындарының  оқыту 
мен тәрбиесі унитарлық сипатқа ие болып, бірбасты мақсатқа – оқу 
орнын бітіргеннен кейін жұмыс табу, ӛмір сүру үшін қаржы табуға 
тәуелді  болып  барады.  Білім  алушыларға  тәрбиесіз  болудың  теріс 
жақтарын  сезіндіретін  жағдайларды  тудыру  –  ынталандырудың 
субъективтік-прагматикалық  әдісі  деп  аталады.  Оның  мәні  – 
тәрбиелеу  дәрежесінің  нашар  болуы,  қоғамдық  тәртіпсіздіктің 


 
327 
экономикалық  тұрғыда  зиянды  екендігіне  кӛздерін  жеткізу. 
Субъективтік-прагматикалық әдістің нақты түрлері мыналар: 
1.  Контрактілер,  оны  педагогтар  мен  білім  алушылар  жасайды, 
онда екі жақтың міндеттері анық кӛрсетіледі; 
2.  Ӛзін-ӛзі  жетілдірудің  жеке  карточкасын  оқытушылар  мен 
студенттердің бірлесіп құруы; 
3.  Қызығушылық  бойынша  сараланған  топтар  құру,  онда  білім 
алушылардың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  ақылы  да 
болуы мүмкін;   
4.  Мониторинг  –  білім  алушылардың  іс-әрекетін,  дамуын  т.б. 
үздіксіз бақылау, сол арқылы жеке дамуының бағытын, «тағдыр 
сценарийін» т.б. анықтау; 
5.  Тестілер  арқылы  тәрбиелік,  әлеуметтік  дамуын,  бағытын, 
азаматтық кӛзқарасын анықтау, алынған нәтижені сайыстар, іскерлік 
ойындар, жарыстар, байқаулар, т.б. арқылы тексеріп отыру; 
6.  Айыппұл  салу  арқылы  жазалауды,  яғни  теріс  іс-әрекетін 
ақшалай ӛтету, құқық және ерік ауқымын азайту т.б. 
Жарыс – іс-әрекетті ынталандыру әдісі болы табылады. Жарыс 
–  адамға,  қоғамға  қажетті  сапаларды  тәрбиелеуде  білім 
алушылардың  табиғи,  бәсекелестік  қасиеттерін  бағыттайтын  әдіс. 
Жарыс  әдісі  –  ӛз  нәтижесін  басқалардың  нәтижелерімен  салыстыра 
отырып  тұлға  қасиеттерін  калыптастыру  және  бекіту  жолы. 
Жарысты 
ұйымдастыру 
барысында 
білім 
алушылардың 
психологиясын толық білуді талап етеді.  Жарысты ұйымдастыруда 
мына жағдайларды ескеру кажет: 1) жарысты белгілі максатқа орай 
ұйымдастыра  білу;  2)  жарыстың  бағытын  белгілеп,  мазмұнын 
анықтау.  
Ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу  –  ӛзінде  белгілі  бір  қасиеттерді  дамытуға 
бағытталған  адамның  саналы  іс-әрекеті.  Ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу  – 
тұлғаның  ӛзінде  меншікті  құлықтық  (адамгершілік)  қасиеттерді 
қалыптастыруға  бағытталған  саналы  іс-әрекет.  Ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу 
процесінің  кезеңдері  –  мақсатты  анықтау,  белгіленген  жұмысты 
орындау,  жұмыс  қорытындыларын  жинақтау.  Қайта  тәрбиелеу  – 
этикалық  нормаларға  қарама-қайшы  келетін  кӛзқарастар  мен  мінез-
құлық түрлерін игерту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   203




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет