Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет43/203
Дата07.01.2022
өлшемі2.14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   203
бiр-бiрiмен  кiрiгуi,  білім  алушының  ғылымды  бiртҧтас  тҥсiнуiне 
қол жаткiзу», - деп кӛрсетедi.  
Едәуір кең кӛлемді ӛзгерістер интеграция дәуірін кешіп жатқан 
Еуропа  елдерінде  жүргізілуде,  бұл  Еуропалық  Одақ  құруға  әкелді. 
Интеграция  оған  кіретін  мемлекеттердің  экономикасы  мен 
саясатының  барлық  саласына  енгізілуде.  Білім  беру  саласындағы 
интеграцияны  ынталандыру  үшін  1976  жылы  ЕО  мүше-
мемлекеттердің  білім  беру  комитеті  құрылды,  оның  міндетіне 
батыс  еуропалық  елдердің  білім  беру  жүйесін  үйлесімді  ету 
мақсатында ынтымақтастық стратегиясын құру кірді.  
Бұл  терминнiң  пайда  болуы,  оның  дамуы,  адамдардың  iс-
әрекетiндегi  диалектикалық  процестердiң  қажеттiлiгiнен  туатын 
дүниедегi болып жатқан объективтiк процестермен байланысты.  
Интеграцияның  педагогикалық  қырын  қарастыратын  ғылыми 
зерттеулерге  тоқталатын  болсақ,  мысалы  Г.Д.Гачев  интеграцияны 
рухани  мәдениеттің  бірлігін  сақтауға,  тұтастық  бейнесін  беруге 
қабілетті маңызды фактор деп есептейді.  
П.Н.Федосеев  «жаңа  адамды»  қалыптастыру  процесіндегі 
ғылымдардың  ӛзара  әсер  етуінің  жағымды  рӛлі  туралы  пікірді 
негіздейді. Ал интеграцияның тәрбие процесіндегі зор мәні жӛнінде 
В.П.Кузьмин  мазмұнындағы,  соның  ішіндегі  кәсіби  білім  берудегі 
интегративтік құбылысты есепке алудың қажеттілігін кӛрсетеді.  


 
101 
Қазіргі  ғылымдардың  даму  аймағында  іргелі  даярлық  алған 
мамандарды  талап  етеді  соған  байланысты  мамандар  даярлауда 
ғылымдар  синтезін  есепке  алудың  қажеттілігі  туындап  отыр. 
Осыған  байланысты  ерекше  маңызды  мынадай  қарама-қайшылық 
байқалады:  бүкіл  білім  берудің  мазмұны  түгелімен  және  толықтай 
ғылымдардың функционалдығы мен бӛлінуі принципіне құрылған, 
бірақ  сол  мезгілде  ғылыми  білім  құрылымының  дамуында  оның 
интеграциялану тенденциясы басты болып табылады.  
Интеграцияның 
педагогикалық 
қыры 
И.П.Яковлевтің 
еңбектерінде  кӛрініс  тапқан.  Ол  жоғары  мектеп  және  қоғамның 
дамуына  ортақ  интеграциялық  тенденцияларды  анықтай  отырып, 
сонымен қатар жоғары оқу орнындағы интеграциялық процестердің 
пайда  болу  ерекшеліктерін  қарастырады.  Онда  оқу  процесіндегі 
кейбір сапалық ӛзгерістерді жобалауға деген ұмтылыс бар.  
И.П.Яковлев  интеграцияны  қоғамның,  ғылым  мен  білімнің 
дамуындағы  жетекші  тенденция  ретінде  қарастыра  отырып,  білім 
берудегі  интеграцияның  барынша  жетістікпен  жүруіне  қажетті 
шарттарды  анықтаудың  зор  маңызын,  оның  жоғары  мектептегі 
мамандарды  даярлаудың  сапасын  арттыруға  тигізетін  әсерін 
кӛрсетеді.  Автор  жоғары  мектептегі  интеграциялық  процестердің 
ӛзіндік  ерекшелігін  айта  келіп,  ал  «білімнің  синтезі  мен 
кооперациясының жоғары мектеп жағдайы үшін жоғары мектептің 
мамандар  даярлауы  мен  ғылыми  зерттеулерін  жетілдірудің 
маңызды  факторы  ретінде  негіздеуді,  теориялық  талдаудың 
қажеттілігі  туындайды»  деп  кӛрсетеді.  Ол  тҧлғаны  жан-жақты 
және  ҥйлесімді  дамыту  тҧжырымдамасы  дегеніміз  тұлғаның 
интеграциясы  теориясы  деп  жариялай  отырып,  «оның  тұлғалық 
және қоғамдық қызығушылығының бірлігі тұрғысынан да, әрі оның 
барлық  қырлары  мен  қасиеттерінің  бірлігі  мен  ӛзара  тәуелділігі, 
яғни тұтастығы тұрғысынан да деп кӛрсетеді.  
Интеграциялық  процестердің  рӛлін  кӛтеру  жоғары  мектептің 
тұтастығының  ӛсуімен  тікелей  байланыстырылады.  Бұл  ӛсудің 
негізгі  бағыттары  жоғары  мектеп  қызметінің  кӛптүрлілігімен: 
кәсіптік, 
әлеуметтік-саяси, 
қоғамдық 
және 
жүйелілікпен 
байланысты.  Жүйелілік  қызметті  интегралдық  деп  қарастыратын 
болсақ  жоғары  мектеп  бүкіл  әрекетінің  қоғамның  басты  міндеті 
жан-жақты  дамыған  тұлғаны  қалыптастыру  міндетін  шешуге 
жинақтайды және бағыттайды. 


 
102 
И.П.Яковлев «Тұтас тұлға» ұғымын аша отырып, барлық әрекет 
түрлерінде  жоғары  белсенділікті  және  олар  арасындағы  үйлесімді 
қатынастағы  тұлға  деп  есептейді.  Ол  әрекеттің  барлық  түрлерінің 
сәйкес  келу,  толықтыру  және  олардың  бірлігі  принципі  негізінде 
қалыптасады.  Тұлғаны  қалыптастыру  процесінде  сыртқы  ортаға 
оның  барлық  құраушыларының  ӛзара  әсерлесуіне,  оның  адаммен 
ӛзара қарым-қатынасына ерекше кӛңіл бӛлінеді.  
И.П.Яковлев 
ӛзінің 
әмбебаптық 
және 
үйлесімділіктің 
органикалық  бірлігіне  сүйенетін  тұтас  адам  тұжырымдамасы 
негізінде  «интегралдық  бейінді» маман  моделін  –  тұлғаның кәсіби 
қалыптасу негізін жасады. Мұндай маманға әмбебап-синтетикалық 
білімдер  және  әмбебап-қызметтік  іс-әрекеттерді  игеру  тән. 
«Интегралдық  бейіндікті»  меңгерген  маманды  қалыптастыруға 
кӛшу тӛмендегі процестермен байланысты:  

 
біріншіден технологияның әмбебаптануы,  

 
екіншіден ӛндірістің ғылыммен интеграциясы,  

 
үшіншіден 
зерттеушілік, 
ұйымдастырушылық, 
педагогикалық 
сияқты 
әртүрлі 
қызметтердің 
мамандық 
мазмұнында орын алынуында.  
Автор  сонымен  қатар  ӛз  еңбектерінде  жоғары  мектептің 
ғылыммен  және  ӛнеркәсіппен  интеграциясы  проблемасын 
қарастырды.  Негізінен  ұйымдастыру  жағына  кӛп  кӛңіл  бӛледі.  Ол 
нақты  процесс  тұлғаға  «қызмет»  ету  үшін  ӛндірістің,  ғылымның, 
білім 
беру, 
басқарудың 
барлық 
құралдарын 
біріктіру, 
интеграциялау талап етіледі деп дәлелдейді. Ол еңбектерде жоғары 
оқу  орны  ішілік  кооперация  және  интеграция  мәселелері 
қарастырылып  ӛз  шешімін  табады.  Сонымен  қатар,  жоғары  оқу 
орнының  ғылыми  мекемелермен  интеграциясының  ерекшеліктері 
кӛрсетіліп, 
«оқу-ғылыми-ӛндірістік» 
кешендердің 
жіктемесі 
беріліп,  «білім  беру-ғылым-ӛндіріс»  жүйесін  қалыптастырудың 
теориялық-әдіснамалық және технологиялық-әдіснамалық негіздері 
сипатталады. 
Жоғары  мектептегі  интеграциялық  процестерді  технологиялық 
қамтамасыз етудің арнайы мәселесіне тоқталатын болсақ, мамандар 
даярлаудағы  интеграция  ӛз  кезеңінде  оқу  процесіндегі  әдістер, 
формалар мен құралдардың белгілі-бір ӛзгерісіне алып келетіндігін 
кӛрсетеді.  Бұл  ӛзгерістердің  мәні  оқыту  мен  тәрбиенің  бір-бірімен 
нашар байланысқан формалары мен әдістерінен мамандардың білім 
мен  әрекетінің  синтезі  мен  әмбебаптылығы  міндеттеріне  сәйкес 


 
103 
келетін  кең  кӛлемдегі  ӛзара  байланысты  кешеніне  кӛшу  одан  әрі 
олардың  органикалық  жүйеге  интеграциялануы  ретінде  кӛрсетуге 
болады.  
Дизинтеграциялық  оқыту  технологияларына  мысал  ретінде 
лекциялық  және  практикалық  сабақтар  бір-бірінен  алшақ  екендігі, 
лекцияда  теориялық  проблемалардың  абстрактілік-кеңейтілген 
жағы  басым  да,  ал  практикалық  сабақтар  –  міндеттік  оқуға 
бейімделген.  Бұл  студенттердің  жалпығылыми  және  практикалық 
білімдері арасындағы алшақтық туғызады. 
Тәрбие  мен  оқытудың  әртүрлі  тәсілдері,  әдістері,  жолдарын 
біріктіру және қолдану мәселесі, алдымен мазмұндық интеграцияға 
қатысты,  яғни  интеграцияланған  курстар,  пәндерді  интеграциялау 
(«білім беру»), олардың құраушылары – білімді, іскерліктерді және 
т.б.  яғни  білімнің  интеграция  мазмұнымен  байланысты  болып 
келеді. 
Шетелдік  педагогикалық  әдебиеттерде  мазмұндық  интеграция 
мәселесіне  де  кӛп  орын  беріледі.  А.Блюм  оқыту  мазмұны 
интеграциясының 
әртүрлі 
дәрежелерін 
қарастыра 
келіп, 
координацияланған  процесс  және  бағдарламалар  бойынша  бір 
аймақтан  алынған  білім  басқа  аймақтан  алынған  білімге  негіздеп 
құрады.  Бұл  тұрғыда  әртүрлі  сипаттағы  аралас  бағдарламалар 
тиімді  болып  келеді:  а)  кеңейтілген  пәнаралық  бағдарлама,  ә) 
«байланыстырушы  бағдарлама»,  б)  бірізді  бағдарлама.  Мұның 
алғашқысы  –  бірнеше  пәннің  бір  пәнге  құрастырудың  нәтижесі. 
Оған мысал ретінде «Әлеуметтік пәндер» пәнін алуға болады. Оған 
тарих, география, экономика, социология, құқықтану, антропология 
кіреді.  «Байланыстырушы  бағдарлама»  бірнеше  пәннің  бір  пәнге 
қосылуын  кӛздейді,  бірақ  бір  жүйе  құраушы  пән  негізінде 
құрылады. 
Бағдарлама бойынша логикалық тұрғыдан келу басым: онда бір 
тақырып  бірінен  кейін  екіншісі  бірізді  беріледі.  Мысалы  қала 
тарихын  ӛту  процесінде  алдымен  экономикалық  мәселелер 
туындайды.  Одан  соң  –  географиялық,  экологиялық  және  т.б. 
«Бірізді  бағдарламаны»  жүзеге  асыру  формасының  бір  түрі  – 
интегративті  оқу  күні  деп  аталады.  Шетелде  «іріблоктық» 
құрастырылған  бағдарламалар  пәнаралық  тақырыптар  негізінде 
жасалады. 
Интеграцияның амальгамдық бағдарламалары жоғары дәрежеде 
қолданыс  тапқан.  Оларда  білім  салаларының  координациясы 


 
104 
немесе  құрастырылуы  емес,  нақты  ӛмір  жағдайларын  барынша 
жақындатылған жобалар негізге алынған. Мысалы: ойын алаңының 
жобасы,  азаматтық  қоғамды  дамыту  т.б.  жобалары.  Жобаға  идея 
сапасында  қазіргі  ӛмірдің  оң  мағыналы  әлеуметтік  проблемасы 
ретінде  –  жатсыну  алынуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  оны  екі  есептік 
нүктеден, 
яғни 
баспа 
беттерінде 
жазылатын 
әлеуметтік 
құндылықтар  және  кӛркем  әдебиетте  ұсынылатын  кӛзқарастарды 
салыстыру тұрғысынан қарастыру маңызды. 
Аталған  бағдарламалардың  түрлері  ғылымның,  техниканың, 
мәдениеттің,  әртүрлі  аймақтарының  ӛзара  бір-біріне  енуінің 
тереңдігін 
сипаттайтын 
интеграция 
дәрежесін 
кӛрсетеді. 
Интеграциялық  бағдарламаларында  тӛмендегілерді  біріктіру 
кӛзделген.  
1)  қиылысатын  пәндерді:  химия  және  физиканы  физикалық 
химияға; тіл мен тарихты тіл тарихына т.б.  
2) әртүрлі жаратылыс ғылымдарын; 
3) іргелі және қоғамдық ғылымдарды
4) жаратылыс ғылымдары мен философия
5) жаратылыс және қоғамдық ғылымдар
6) шет тілдері және олардың мәдени ортасы.  
Олай болса интеграцияның шегі жоқ екен. Оған шет елдердегі 
интегративтік  курстар,  жобалар  интеграциялық  курсы  жобасында, 
ӛз «ӛзегіне» физика, жаратылыс ғылымдарын ала отырып тарихпен, 
философиямен,  ӛнер  және  әдебиетпен  интеграцияланады.  Сондай-
ақ  университеттің  ғылыми  жобасы  астрономия,  физика,  химия, 
биология,  геологияны  біріктіреді  және  осы  пәндер  үшін  ортақ 
(жалпы)  категорияларды  әртүрлі  позициялар  қарастырылатын 
категорияларды меңгеру мақсатын қояды. Бір қызығы, аталған курс 
дедуктивтік  интеграция  аталған  пәндердің  мәліметтерін  ӛзіне 
біріктіретін,  жалпы  тақырыптардан  тұратын,  құрастырушы 
тәсілмен қалыптасады.  
Ал,  екінші  бӛліміне  негізінен  жүйелеу  тән,  яғни  олардың 
әрқайсысының ерекшелігіне кӛңіл бӛлудің қажеттілігін дәлелдейді. 
Бірақ  кӛрсетілген  айырмашылықтар  жалпы  міндеттерді  орындауға 
кеселдік  келтірмейді.  Ол  міндеттер:  а)  қоршаған  дүниенің  белгілі 
бір құбылыстарын бӛліп алып кӛрсету іскерлігі және оған ғылыми 
түсінік беруге үйрету; ә) білім алушылар құбылыстарды ӛз бетімен 
талдауға  мүмкіндік  беретін  жалпы  ұғымдар  жүйесіне  үйрету;  в) 
дүниені  эксперименттік  тану  әдістерін  және  проблемаларды  ӛз 


 
105 
бетімен  шешу  жолдарын  іздестіруге;  ғылыми  дүниетанымның 
мәдени 
құндылықтарын 
түсінуге 
үйрету. 
Интеграцияның 
мүмкіндіктерін  жеке  пәндердің  басқа  пәндермен  интеграциясынан 
да кӛруге болады. 
Батыс 
елдеріндегі 
қазіргі 
интегративтік-педагогикалық 
идеяларының  бірі  –  кооперативті  оқыту  приницпі  болып 
табылады.  Оның  негізінде  білім  алушылардың  ойлау  әрекетінің 
ұжымдық  ұйымдастыру  алынады.  Мұнда  «ынтымақтастық 
миссияға», «оқыту үрдісінде» ӛзара қолдау және ӛзара түсіністікке 
ерекше  кӛңіл  бӛлінуі  бұл  тұжырымдаманың  ізгіліктік  бағдарының 
айқын куәсі.  
Шетелдік  педагогтар  білім  берудегі  интеграцияның  тікелей 
технологиялық  қырларын  да  қарастыра  отырып  интеграциялық 
әдістердің, 
жобалау-интеграция 
құралдарын 
қолданудың 
формалары  мәселелері  шешімін  тапқан.  Бұған  оқу  процесіндегі 
ынтымақтастық  әдістері,  интегративтік  семинарлар  т.б.  Бұл 
мысалы,  АҚШ  колледждеріндегі  құрастырылған  курстар  мен 
интегративтік  семинарлар,  американдық  мектептер  мен  елдің 
іскерлік  әлемінің  серіктестік  интегративті  формалары;  оқу 
процесіндегі бірлескен шығармашылық әдістері  т.б. 
Студенттердің  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  мақсатында 
олардың  білімін  интеграциялау  қабілетін  дамыту  күні  ӛзекті 
мәселеге  айналып  отыр.  Интеграциялық  қабілет  құзыреттілік 
тұрғыдан  келуде  адамның  жетістікті  әрекетінің  қажетті  шарты 
болып табылады.  Білімді  интеграциялау, синтездеу және талдауды 
студенттердің  білім  мазмұнын  меңгеру  процесіндегі  ең  маңызды 
мәселелердің  бірі.  Бірнеше  кәсіптерді  меңгерген  адамның  жаңа 
білімді  интеграциялауы,  бұрын  алған  білімдері  мен  жаңа  білімдер 
арасында  байланыс  орнатуы,  кәсіби  әрекетте  интеграцияланған 
білімдерін қолдану мүмкіндігі пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   203




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет