Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет48/203
Дата07.01.2022
өлшемі2.14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   203
Бағалаудағы қателіктер  
Мектеп  пен  жоғары  оқу  орындарындағы  баға  қоюдың 
субъектив қателіктері тӛмендегідей:  


 
116 
–кең  пейілділік,  орынсыз  жомарттық.  Баға  ретсіз  кӛтеріңкі 
қойылады.  Білім  алушыларды  бағалаудағы  ―жомарттықтың‖ 
шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тәжірибесінен арылуы қиындық 
тудырып 
отырған 
формасы 

―проценттікке‖ 
жүгіну 
(процентомания).  
–білім  алушыға  болған  ұнамды  не  кері  қарым-қатынас  күйін 
бағалауға, бағаға ӛткізу;  
–кӛңіл-күйге орай баға қоя салу;  
–тұрақты  да  қатаң  ӛлшем-шектердің  болмауы  (деңгейі  тӛмен 
жауап үшін Педагог жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы);  
–орташа  бағалау  ұстанымында  болу  (―екілік‖  не  ―бестік‖ 
бағаларды қоймау);  
–жүйе  тұрақсыздығы  (оқытушы  кӛп  уақытқа  дейін  сұрақ 
жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен білім 
алушылар бағасын тізіп салу);  
–  ӛткендегі  бағаға  жақындау  бағаны  қоя  салу  (мысалы,  білім 
алушының  ӛткендегі  ―екілігінен‖  кейін  оған  бірден  ―бестік‖  баға 
беру Педагог үшін қиын сияқты); 
– әсіре (ореол) қателігі (оқытушы ӛзі ұнатқан білім алушысына 
жаман, жек кӛрген  шәкіртіне ұнамды баға қоюда  тартыншақтыққа 
түседі);  
–білім  алушының  тәртібіне  қойылатын  баға  пән  үлгеріміне 
ауыстырылады;  
–бағаны әсіре кӛтеру не себепсіз тӛмендету және т. б.  
Дегенмен,  әрқандай  бағаны  кӛтере  түсу  немесе  тӛмендей 
бағалау негізінде неше түрлі мән болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі 
тӛмен  білім  алушыға  кӛтеріңкі  баға  қою  оған  психологиялық 
қолдау  кӛрсетіп,  алдағы  оқуда  ілгерілеуіне  кӛмектесу  ниетінен 
болуы  мүмкін.  Сондықтан  бағалаудағы  субъектив  ойдың  бәрін 
бірдей қателікті деп қарастыру дұрыстыққа келмейді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   203




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет