Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет5/203
Дата07.01.2022
өлшемі2.14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203
пәні бір-бірімен ӛте тығыз байланысты. Ғылым ӛз пәні жайындағы 
білімді жинақтайды. Оның міндеті – пәнін толық және терең  тану, 
ал басты  қызметі – зерттеу. Ал, оқу  пәні ғылымның тек негіздерін 
ғана оқытады. Ол білім оқытудың міндеттерін, жас шамасын және 


 
13 
білім  алушылардың  дайындық  деңгейін  есепке  ала  отырып  
таңдалады.  Оқу  пәнінің  басты  қызметі  –  оқу.  Пәннің  құрылымын 
жасауда ғылыми  білім тек беріліп қана  қоймайды сонымен қатар 
олар  нақтыланады,  ұғымдары  тереңдетіледі,  жүйеленеді.  Оқу  пәні 
белгілі бір жүйе ретінде құрылады. 
Оқу  пәні  ғылымда  нәтижелі  болып  келетін  білімді  кіріктіреді. 
Оқу  пәнінің  құрылуы  ұзақ  процесс.  Оның  мазмұнын  анықтауда 
ғалымдар,  оқытушылар  тарапынан  дидактикалық  мәселелер 
бойынша  пікірталас жүргізіледі. Соған байланысты  ғылымда жаңа 
мәселелер  пайда  болып,  оның  дамуы  жүзеге  асады.  Бұл 
шығармашылық  жұмыс  ғылымның  дамуына,  оқу  пәнінің 
тұрақтануына    ықпал  етеді.  Бастапқыда  оқытылатын  пәндердің 
құрылымынан арнайы орта және жоғары мектептерде оқытылатын 
пәндердің  белгілі  бір  айырмашылықтары  бар.  Жоғарғы  оқу 
орындағы  оқу  пәнінің  мазмұны  ғылым  құрылымына  жақын,  онда 
ғылымның жаңалықтары, шешілмеген мәселелері де қамтылады. 
Әрбір ғылымның нақты-ғылыми әдіснамасы және оның сәйкес 
қызмет ететін практикасы ӛзіндік салыстырмалы түрде  ӛз бетіндік 
кӛзқарастар немесе принциптер арқылы анықталады. 
Ғылым  үнемі  жаңа  фактлермен  толықтырылып  отырған 
жағдайда  ғана  дами  алады.  Ал  оның  жинақталуы  мен 
интерпретациясы  үшін  ғылыми  негізделген  зерттеу  әдістері  қажет 
болады.  Зерттеу  әдістері  ғылымтануда  әдіснама  деп  аталатын 
теориялық принциптердің жиынтығына тәуелді болып келеді.  
Зерттеушілер кӛбінесе «әдіснама» ұғымын  нақты ӛмірден және 
білімдік  процестен  мүлдем  алыс  жатқан  абстрактылық  ұғым  деп 
санайды.  Шын  мәнінде  «әдіснама  дегеніміз  –  теориялық  және 
практикалық әрекетті ұйымдастыру және құрудың принциптері мен 
тәсілдерінің жүйесі».  
Әдіснаманың  «ғылыми  танымның  және  дүниені  қайта 
ӛзгертудің  әдісі  туралы  ілім»  деген  анықтамасы  да  бар.  Қазіргі 
ғылыми  әдебиеттерде  әдіснаманы  алдымен  ғылыми  таным 
әдіснамасы, 
яғни 
ғылыми-танымдық 
іс-әрекетті 
құрудың 
принциптері,  формалары  мен  тәсілдері  туралы  ілім  ретінде 
беріледі.  Ғылым  әдіснамасы  ғылыми  зерттеудің  компоненттеріне, 
оның  объектісі,  талдау  пәні,  зерттеу  міндеттері,  оны  шешуге 
қажетті  зерттеу  құралдарының  жиынтығына  сипаттама  береді, 
сонымен  қатар  зерттеушілік  міндеттерді  шешу  процесіндегі 


 
14 
зерттеуші 
іс-әрекетінің 
бірізділігі 
жӛніндегі 
кӛзқарасын 
қалыптастырады. 
Әдіснаманың  қазіргі  әдебиеттерде  беріліп  жүрген  басқа  да 
анықтамалары.  Бұл  түсініктің  келесі  қырларына  сүйенетіндігін 
кӛруге болады, яғни айтқанда әдіснама дегеніміз: 
а) үнемі ӛзгеріп отыратын педагогикалық шындықты кӛрсететін 
ғылыми білімдерді алу тәсілдерін анықтайды. 
ә)  белгілі  бір  ғылыми-зерттеудегі  мақсатқа  қол  жеткізу  негізгі 
жолдарын бағыттайды, алдын-ала анықтайды. 
б)  зерттелетін  процесс  немесе  құбылыс  туралы  ақпаратты 
алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді. 
в)  педагогика  теориясы  қорына  жаңа  ақпаратты  ендіруге 
кӛмектеседі. 
г)  ғылымдағы  теминдер  мен  ұғымдарды  айқындауға,  байытуды, 
жүйелерді қамтамасыз етеді. 
д)  ғылыми  танымдық  объективті  фактілер  мен  логикалық-
аналитикалық құрадарына сүйенетін ғылыми ақпараттар жүйесін 
жасайды. 
«Әдіснама»  ұғымының  ғылымдағы  қызметін  анықтайтын  бұл 
белгілері  келесі  қорытындыны  жасауға  мүмкіндік  береді: 
педагогиканың  әдіснамасы  –  зерттеудің  мақсатын,  мазмұнын, 
әдістерін 
тұжырымдамалық 
мазмұндауды, 
педагогикалық 
процестер  мен  құбылыстар  жӛнінде  барынша  объективті,  дәл, 
жүйеленген ақпараттар алуды қамтамасыз етеді. 
Әдіснаманың  бұл  анықтамалары  бір-біріне  қарама-қайшы 
келмейді.  Олар  әдіснамалық  рефлексия  аймағының  бірқалыпты 
даму  процесін  кӛрсетеді.  Бұдан  шығатын  қорытынды,  педагогика 
ғылымының  әдіснамасын  педагогикалық  таным  мен  шындықты 
түрлендіру  туралы  теориялық  ережелердің  жиынтығы  ретінде 
қарастыруға болады. 
Әдіснама  негізінен,  реттеушілік,  нормативтік  қызмет  атқарады. 
Оның міндеті де осында. Бірақ әдіснамалық білімдер дескриптивтік 
(сипаттамалық),  немесе  прескрептивтік  (нормативтік)  формада, 
яғни,  алдын  ала  жазу,  әрекетке  тікелей  нұсқау  түрінде  де  берілуі 
мүмкін. 
Дескриптивтік  әдіснама  ғылыми  білімнің  құрылымы,  ғылыми 
танымның  заңдылықтары  туралы  ілім  ретінде  зерттеу  процесінде 
бағдар  ретінде  қызмет  атқарады,  ал  прескрептивтік  әрекетті 
реттеуге  бағытталады.  Нормативтік  әдіснамалық  талдауда  ғылыми 


 
15 
әрекетті  жүзеге  асырудағы  жағымды  ұсыныстар  мен  ережелерді 
жасаумен  байланысты  құрылымдық  міндеттер  басымырақ  болады. 
Дескриптивтік  талдау  ғылыми  танымның  бұған  дейін  жүзеге 
асырылған процестерді сипаттаумен байланысты болады. 
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымында: философиялық, 
жалпығылыми,  нақты-ғылыми  және  технологиялық  деп  тӛрт 
деңгейді  бӛліп  кӛрсетеді.  Әдіснаманың  жоғары,  философиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет