Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


 Педагогикалық оқыту ҥрдісінде тҥрлі әдістерді қолдану



Pdf көрінісі
бет59/203
Дата07.01.2022
өлшемі2.14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   203
 
2. Педагогикалық оқыту ҥрдісінде тҥрлі әдістерді қолдану 
Әдістердің,  онымен  бірге  оқыту  формаларының  дамуы  білім 
берудің  әртүрлі  элементтерін  үйрену  тәсілдеріне  байланысты 
таным  қызметінің  сипатының  ӛзгерісінен,  оқытудың  формалары 
мен құралдарының жаңаруынан туындайды. 
Оқыту  –  білім,  білік,  әрекет  дағдыларын  үйрету  мен  меңгерту 
үрдісі, ӛмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы. 
Әдіс  дегеніміз  –  алға  қойылған  мақсатқа  жетудің  жолы,  амалы, 
тәсілі, айласы. Оқыту әдістері – оқытушы мен білім алушылардың 
ӛзара  бірікке  іс-әрекетінің  тәсілдері.  Бұл  іс-әрекет  оқытудың 
міндеттерін шешуге бағытталады.  
Оқыту  тәсілі,  амалы  –  жалпы  әдістің  бӛлігі,  жеке  дара  әрекет 
(әсер) ету. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты 
пайдалануды  қамтамасыз  етеді.  Мысалы,  жазалау  тәсілдері  - 
ескерту,  айыптау,  сӛгіс;  сендіру;  нандыру  тәсілдері  -  иландыру, 
түсіндіру,  баяндамалар;  мадақтау  тәсілдері  -  мақұлдау,  мақтау, 
сыйлық беру т.б. 
Әдістердің  жіктелуі  –  бұл  анықталған  белгілерге  қарай 
құрылған  әдістер  жүйесі.  Жіктелуге  сүйене  отырып,  педагог  тек 
әдістер жүйесін анық  кӛріп, танып қоймай, ол әр түрлі әдістерінің 
ӛзіне  тән  белгілерін,  орнын  жақсы  түсінеді.  Кез  келген  әдістің 
жіктелуі  олардың  жалпы  негіздері  мен  белгілерін  анықтаудан 
басталады.  Қазіргі  педагогикада  ондаған  жіктеме  белгілі,  себебі 
әдістер  жүйесінде  жіктелудің  логикалық  негізі  анық  емес.  Қазіргі 
кезде  жіктелудің  негізіне  кіріктіруге  бағытталу  сипатты  алынуда. 
Ол ӛзіне оқыту  әдісінің мақсаттық,  мазмұндық  және үрдіссуалдық 
жақтарын бірлікте қарастырады.  
Практикада  үнемі  тұратын  міндет  –  әдістің  біреуін  ғана 
қолданбай,  тиімдісін,  нәтижелі  болатынын  таңдау.  Тиімді  деп  – 


 
138 
қойылған  мақсатқа  кӛп  күш-қуат  жұмсамай  жететін  неғұрлым 
пайдалы жолды айтамыз. 
Оқыту  әдісін  таңдауды  анықтайтын  жалпы  жағдайларға 
мыналар жатады: оқытудың мақсаттары және міндеттері, мазмұны; 
білім  алушылардың  жастық  ерекшеліктері;  ұжымның  қалыптасқан 
деңгейі; білім алушылардың жекелік және тұлғалық ерекшеліктері; 
оқытудың  жағдайы;  маманнның  педагогикалық  шеберлігінің 
деңгейі; оқыту уақыты; күтілетін нәтижелер, қорытындылар. 
Жаңа  әдістер  мен  формаларды  ендіру  колледждер  мен  жоғары 
оқу  орындарының  үнемі  қажеттілігі  болып  отыр.  Соңғы  оншақты 
жылда 
педагогика, 
психология 
мен 
әлеуметтанумен 
интеграциялана  бастады.  Жаңа  оқу  ӛзара  әрекетінің  мазмұнын 
бейнелейтін  анықтама  іздеу  үрдісінде  интерактивті  оқыту  термині 
пайда болды, ол шын мәнінде педагогикалық ӛзара әрекеттің мәнін, 
мазмұнын  және  құрылымын  жақсартуға  қабілетті.  Мұндай 
технология  педагогты  даярлау  үрдісінде  белгілі  бір  қайта 
құруларды  талап  етеді.  Ол  студенттермен  қарым-қатынаста  жаңа 
ӛзара  іс-әрекет  түрін  қалыптастырумен  байланысты,  сабақтың 
ӛзіндегі  бағалау  жүйесінің  ӛзгерісіне,  оқытушы,  әкімшілік, 
студенттер  тарапынан  интерактивті  сабақты  бағалауына  да  әсер 
етеді. 
Соңғы  кезде  белсенді  оқу  әдістері  (интерактивті)  кең  тарауда, 
оған әлеуметтік-психологиялық тренингтер, топтық талқылау және 
әртүрлі  ойындардың  (рӛлдік,  иммитациялық,  т.б.)  түрлері  жатады. 
Бұл әдістің ерекшелігі оқытудың белсенді түрі, топтық сипат және 
кері байланыстың үздіксіздігі. 
Оқытудың  белсендігі  бірқатар  процедуралармен  қамтамасыз 
етіледі:  оқыту  үрдісіне  проблемалық  жағдайдың  қосылуы, 
зерттеушілік  элементтері,  нақты  үрдістердің  әртүрлі  моделдерін 
қолдану. Белсенді  оқытудың кӛптеген әдістері, әсіресе әлеуметтік-
психологиялық  тренингте  міндетті  принципі  кері  байланыс 
саналады,  бұл  сабаққа  қатысушыға  ӛзін  сырттан  қаруға  мүмкіндік 
береді,  ӛз  мінез-құлқын  біршама  адекваттыға  ӛзгертуге  және  ӛзін 
жаңа  ұстанымда  сынауға  мүмкіндік  береді.  Белсенді  әдістерде 
топтық ӛзара әрекет әсері кең қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   203




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет