Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет98/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   203
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
206 
V. ПЕДАГОГИКА МАМАНДЫҒЫНА КІРІСПЕ 
 
1.  Педагогика  мамандығына  кіріспе  курсының  мақсат, 
міңдеттері.  Педагогика  мамандығына  кіріспе  пәні  бойынша 
университеттерге арналған типтік бағдарлама 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесі  қазіргі 
кезеңдегі  дамуында  терең  сапалық  ӛзгерістерге  қарай  бетбұрыс 
жасауда.  Бұл  саладағы  ең  басым  бағыттардың  бірі  –  қазіргі 
қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  жаңа,  динамикалық 
жағдайында  шығармашылықпен  және  белсенді  қызмет  жасауға 
қабілетті педагог мамандарды даярлау міндеті болып табылады. 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ӛміріндегі ӛзгерістер білім 
берудің  әдіснамалық  негізінің  ауысуына,  жаңа  білімдік 
құндылықтардың,  білім  берудің  барлық  салаларын  қамтитын 
инновациялардың  пайда  болуына  мүмкіндік  беруде.  Мұның 
барлығы  педагог  мамандар  даярлауды  жаңа  сапалық    тұрғыдан 
жүзеге  асыруды  талап  етеді.  Сондықтан  білім  беру  мәселелерін 
жоғары  кәсіби  деңгейде  ӛзбетімен,  шығармашылықпен  және 
жауапкершілікпен  шешуге  қабілетті  мамандар  даярлау  міндеті 
қойылып отыр. 
Білім 
беру 
процесін  кредиттік 
технология 
негізінде 
ұйымдастыру,  бакалавр  бойынша  студенттерді  оқытудың  деңгейі 
мен  сапасының  кӛрсеткіштері,  белгіленген  нормалары  мен 
ӛлшемдері 
айқындалған 
осы 
мамандықтың 
Мемлекеттік 
стандартының  жасалуы  осы  мақсатты  жүзеге  асырудың 
алғышарттары болып табылады. 
  
«Мамандыққа  кіріспе» курсы  -  «Педагогика  және психология» 
мамандығы (бакалавр) бойынша алғашқы кәсіптік – педагогикалық 
пән.   
Болашақ педагог-психолог дайындаудағы аталған курстың ролі 
мынада, бұл курс студенттердің кәсіптік жеке дамуын іске асыруды 
қамтамасыз  ете  отырып,  оларға  жоғары  оқу  орны  жүйесіндегі 
мектептен кейінгі оқуын қалыптастыруға кӛмек береді. 
Курсты  оқу  барысында  студенттер  дәрістерде  алынған 
теориялық білімдерді тереңдету, кеңейту, сондай-ақ, ӛз ойын дұрыс 
жеткізе  білуді  қалыптастыру,  түп  нұсқадан,  педагогикалық 
баспасӛз  беттерінен  алынған  мәліметтерді  талдай  білуге,  жүйелей 
білуге үйренуге бағытталған жұмыстарды меңгереді. 


 
207 
Болашақ  педагог-психологтар  кәсіпті  игерудің  алғашқы 
қадамынан  бастап,  педагогикалық  қызметтің  мәнімен,  оның 
құрылымымен  танысу  арқылы  педагогтың  заңды  негізгі  қызметі, 
сондай-ақ,  әртүрлі  шығармашылық  тапсырмалар  арқылы  кәсіптік 
қалыптасу процесіне белсенді араласады. 
 «Педагогика  мамандығына  кіріспе»  курсының  мақсаты  мен 
міндеттері: 
- Болашақ 
педагогика-психология 
бакалаврының 
педагогикалық қызметінің ғылыми негіздерімен таныстыру; 
- жоғарғы  оқу  орнындағы  есептік  еңбек мәдениетін игеруге 
кӛмек кӛрсету; 
- педагогика-психология  бакалаврының  кәсіптік  мәдениеті 
негізін қалау; 
- кәсіптік қызметке қызығушылығын дамыту; 
- тұлғалық  және  кәсіптік  ӛздігінен  жетілу  қажеттілігін 
қалыптастыру. 
Бұл     курста     болашақ педагог-психологтар  педагогикалық     
қызметтің     мәнімен, құрылымымен, педагогикалық қызметтің 
заңды негіздерімен танысады. 
 «Педагогика  мамандығына  кіріспе»  курсы  студенттерді 
теориялық тұрғыдан дайындайды.  
Ол: 
- студенттердің болашақ кәсіптік қызметінің негізін қалауға; 
- педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасын беруге; 
негізгі  ұғымдарымен  таныстыруға  (кәсіби  қызмет,  кәсіби 
қабілеттілік, кәсіби ӛзін-ӛзі тәрбиелеу және т.б.) бағытталған. 
Педагогика 
мамандығына 
кіріспе 
пәні 
бойынша 
университеттерге арналған типтік бағдарламада мына тақырыптар 
қарастырылады: 

 
Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері; 

 
Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы; 

 
Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы;  

 
Педагогикалық іс-әрекетінің құрылымы; 

 
Педагогтың кәсіби біліктілігі; 

 
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы;  

 
Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті; 

 
Педагогтың  даярлық жүйесіндегі педагогикалық тәжірибе;   

 
Зерттеушілік 
іс-әрекет 
педагогикалық 
іс-әрекетінің 


 
208 
компонеті; 

 
Педагогикалық 
шығармашылықтың 
психологиялық 

педагогикалық негіздері; 

 
Педагогикалық  қарым-қатынас  шығармашылық  процесі 
ретінде. 
Курс  соңында  студенттер  болашақ  педагог-психологтардың 
кәсіби  педагогикалық  қызметінің  ғылыми  негіздерімен  танысады, 
жоғарғы оқу орнындағы оқу еңбегінің мәдениетін меңгеруге кӛмек 
алады,  педагог-психологтық  кәсіби  мәдениетің  негізін  қалайды, 
кәсіби қызметке қызығушылығы дамыйды, тұлғалық кәсіби ӛзін-ӛзі 
жетілдіруге  қажеттілігін  қалыптастырады.  Бұл  курста  студенттер 
педагогикалық  қызметтің  мәнімен,  құрылымымен,  педагогикалық 
қызметтің  заңды  негіздерімен  танысады.  Студенттер  кәсіби  білім, 
біліктіліктер және дағды, іскерліктерді меңгереді.  
Курс  дәріс,  практикалық  сабақтар,  студенттердің  ӛзіндік  және 
оқытушымен  ӛткізілетін  ӛзіндік  жұмыстары  арқылы  жүргізіледі. 
Сабақтар  оқытудың  жаңа  технологияларын  қолданылады.  Оқыту 
негізгі  оқу  бағдарламасы  қамтыған  тақырыптар  негізінде 
жүргізіледі  және  алынған  практикалық  дағдылар,  түсініктер 
бекітіліп 
отырады. 
Студенттердің 
білімін 
бақылау 
үй 
тапсырмаларын 
тексеру, 
электрондық 
оқулық 
т.б. 
оқу 
құралдарында  берілген  тестілерді  орындау,  ауызша  сұрау,  жеке 
семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады. 
Болашақ  педагогтарды  даярлаудағы  курстың  маңызы 
Болашақ  мұғалімдердің  жоғары  оқу  орнындағы  дайындықтың 
мазмұны,  құрылымы  және  әдістері,  біріншіден,  қоғамның  даму 
бағыттарымен,  екінщіден,  педагогика  ғылымының  дамуымен, 
үшіншіден, педагог мамандығының ерекшеліктерімен белгіленеді. 
Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің құрамдас бӛліктері: 
- жоғары  педагогикалық  білім  беру  мемлекеттік  білім  беру 
стандарты және білім беру бағдарламалары; 
- мемлекеттік лицензияға ие жоғары оқу орындары; 
- ғылыми зерттеулер жүргізілетін ғылыми, жобалаушы, мәдени-
ағартушы орындар, ұйымдар; 
- педагогикалық білім беруді басқару органдары. 
Педагогикалық  білімге  ие  болу  белгілі  бағдарламаларды 
меңгеру  жағдайында  қол  жеткізілетін  түрлі  деңгейлі  кәсіби 
квалификациялы маман ретінде тұрақтанумен байланысты. 


 
209 
Үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  –  нақты  педагогикалық  іс-
әрекетке  дайындау  мақсатында  педагогикалық  білім  беру 
орындарынан бірізділікпен ӛту, тұлғаның білім алу қажеттіліктерін 
ӛтеу мақсатында жеке білім алу жолдарын жүзеге асыру. 
Педагогикалық  білім  беру  орындар  жүйесі  педагогикалық 
сыныптардан  (лицейлік)  басталады.  Олар  педагогикалық,  яғни 
гуманитарлық  бағыттағы  ересек  мектеп  болып  табылады  және 
кәсіби  педагогикалық  дайындыққа  дейінгі  міндеттерді  шешуге 
бағытталған. 
Кәсіби  дайындыққа  дейінгі  педагогикалық  орындардың  түрлі 
формалары қалыптасқан: 
- арнайы  бағдарлама  негізінде  жұмыс  жасайтын  мектептегі 
педагогикалық сыныптар
- гимназияның 10-11 сыныптарында педагогикалық профиль; 
- педагогикалық лицейлер және лицеисттер сыныптары; 
- педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  жүйесіне  енетін 
жоғары оқу орындарына дейінгі дайындық факультеттері. 
Кәсіпке дейінгі дайындық – бұл үздіксіз білім беру жүйесіндегі 
алғашқы  кезең  және  негізгі  мектептік  білімге  қосымша  болып 
табылады. 
Келесі  дайындық  деңгейі  педагогикалық  оқу  орындарында 
жүзеге  асырылады.  Бұнда  когнитивті  (білімділік)  және  тұлғалық 
сипаттамалар  қалыптасады,  педагогикалық  қызметті  орындауға 
қажетті дағдылар меңгеріледі. 
Педагогикалық  білімнің  негізін  1-ші  және  2-ші  деңгейлі 
білімділік-кәсіби бағдарламалары жүзеге асыратын базалық жоғары 
білім  құрайды.  Олар  адам  және  қоғам,  тарих  және  мәдениет 
жайындағы  білім  жүйесін  меңгеруге,  базалық  фундаментальды 
ғылыми  дайындық  пен  кәсіптік  педагогикалық  білім  негіздерін 
алуға мүмкіндік береді. 
1-ші  деңгей  –  жалпы  жоғары  білім.  Оған  екі  жыл  ішінде  1-ші 
деңгейлі  білім  беру  жүреді.  Ол  кәсіптік  бағдарламаларды  меңгеру 
жолымен  жүзеге  асырылады.  Ол  базалық  жоғары  педагогикалық 
білім деңгейінде 2-ші деңгейлі білімді меңгеруге жол ашады.  
Базалық жоғары педагогикалық білімнің 2-ші деңгейі екі жылға 
есептелген  және  бір  пәндік  бағыт  бойынша  білімділік-кәсіптік 
бағдарламаны  жүзеге  асырады.  Мемлекеттік  емтиханнан  ӛтіп, 
базалық  жоғары  педагогикалық  білімге  ие  болған  студентке 
таңдалған пән бойынша білім бакалаврының дипломы беріледі. 


 
210 
Толық  жоғары  педагогикалық  білім  базалық  жоғары  білімге 
негізделеді.  Мамандану  бағытына  сәйкес  кәсіптік  және  білімділік 
бағдарламаларының  дамуы  мен  саралануы  байқалады.  Бұл 
деңгейдің  басты  мақсаты  –  педагог-зерттеушіні  дайындау.  Бұл 
деңгейдегі  оқу  мерзімі  4  жылдық  базалық  жоғары  педагогикалық 
білім  негізінде  –  2  жыл.  Толық  жоғары  педагогикалық  білім 
алғандарға  білім  магистрі  дипломы  беріледі.  Ол  ғылымның  нақты 
саласында  жұмыстануға  кез-келген  білім  беру  орындарында 
кәсіптік  іс-әрекетті  жүзеге  асыру  құқығын  береді.  Бұл  деңгейдегі 
бағдарламалар  негізінен  дараланған  және  ғылыми  педагогикалық 
зерттеулерді  дұрыс  жүргізуді  үйретуге  бағытталған.  Олар 
университет типтес оқу орындарында ұйымдастырылады.  
Педагогикалық  білімнің  ең  жоғарғы  деңгейі  ғылыми 
квалификацияны жетілдіру. Ол магистратурада жүреді.  
Педагог  маманына  қойылатын  жалпы  талаптардың  мазмұны 
тӛмендегідей:  
1. 
табиғат, қоғам және сананың басты заңдылықтарын білу; 
2. 
адам жайында, оны жеке тұлға ретінде тану білімі; 
3. 
тарихи және қазіргі болмысты меңгеру тәсілдерін білуі. 
4. 
ақпаратты  жинақтау,  ӛңдеу  және  қолданудың  соңғы 
технологияларын меңгеруі . 
5. 
педагогикалық қызметті басқару мәселесін шешуі. 
Қазіргі  кезде  мектепке  қажет  мұғалім  тұлғасы  жайында 
пікірталас  тууда.  Ең  алдымен  қазіргі  мұғалімнің  бойында 
гуманистік  бағытталу,  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға  сүйену, 
кәсіби  қабілеттілік,  шығармашылдық  қабілеті,  психологиялық 
дайындығы  және  әдістемені  меңгеру  қасиеттері  белгіленеді. 
Мұғалімнің  дайындығында  жалпы  педагогикалық  дайындық 
ерекше  орын  алады.  Оның  мақсаты  педагогикалық  теориямен 
қатар оқыту мен тәрибелеудің практикада қолданылатын іскерлігі 
мен дағдысын меңгерген мұғалімдерді қалыптастыру. 
Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар: 
- ӛз  мамандығының  тұлғалық  және  әлеуметтік  мәнділігін 
сезіну; 
- мәдениеттің  берілуін  қамтамасыз  ететін  білім  беру  жайында 
тұтас түсінікті меңгеруі; 
- ғылыми-гуманистік кӛзқарасты меңгеруі; 
- табиғат  пен  қоғам  дамуының  негізгі  даму  заңдылықтарын 
білуі; 


 
211 
- адамның  рухани  сипаты,  тұлғасы  және  даралығы  жайындағы 
білім мен түсініктер жүйесін меңгеруі; 
- Қазақстан  Республикасының  конституциясын,  этикалық  және 
құқықтық нормаларды білуі
- білім  беру  процесінің  заңдылықтары  мен  принциптері 
жайындағы білім мен түсініктер жүйесін меңгеруі; 
- ғылыми  танымның  формалары  мен  әдістерін  білуі,  таным 
тәсілдерін меңгеруі; 
- пәндік білімін кәсіби тілмен жеткізе білуі
- экологиялық 
білімнің 
концептуальды 
негіздері 
мен 
принциптерін білуі; 
- ақпаратты іздеу, ӛңдеу, қолданудың соңғы әдістерін меңгеруі; 
- қарым-қатынас орнату іскерлігі; 
- ойлау 
мәдениетін,  сӛйлеу  мәдениетін,  қарым-қатынас 
мәдениетін меңгеруі; 
- жұмысқа психологиялық және әдістемелік дайындығы. 
Мұғалімді 
дайындау 
жүйесінде 
жалпыпедагогикалық 
дайындыққа ерекше кӛңіл бӛлінеді. Оның мақсаты – педагогикалық 
теория мен практиканы меңгерген мұғалімді қалыптастыру. 
Жалпы  педагогикалық  білім,  білік,  дағдының  қалыптасу 
кезеңдері 
Жалпы педагогикалық білім – мұғалімнің кәсіби функцияларын 
жүзеге  асыруға  қажетті  педагогикалық  білім,  практикалық  білік 
және дағды жүйесі. Ол мына бӛліктерден құралған: 
- фундаментальды 
әдіснамалық 
білім 
(педагогикалық 
ғылымның  әдіснамасын  білу,  оқыту  және  тәрбие  теориясын  білуі, 
педагогикалық менеджментті меңгеруі); 
- оқыту  мен  тәрбиенің  кейбір  жақтары,  озат  педагогикалық 
тәжірибе жайындағы теориялық-практикалық білім; 
- оқыту  мен  тәрбиені  ұйымдастыру  формалары,  әдіс-тәсілдері 
жайындағы әдістемелік білім. 
Педагогикалық  жоғары  оқу  орнының  оқу  жоспарларына 
педагогикалық  пәндер  енгізілген.  Олардың  кейбіреуі  міндетті 
болса, басқалары – жоғары оқу орнының, факультеттің профилімен 
анықталады. 
Болашақ 
мұғалімнің 
кәсіби 
қызметінің 
ерекшеліктерімен  танысу  «Педагогикалық  мамандыққа  кіріспе» 
курсынан  басталады.  Бұнда  түрлі  тарихи  кезеңдердегі  мұғалім 
мамандығының  мазмұны  мен  спецификасы,  педагогикалық 


 
212 
мамандықтың  даму  перспективасы,  педагогикалық  қызметтің 
гуманистік сипаты жайында түсінік беріледі. 
Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері 
Жалпы  педагогикалық  мамандықты  таңдаудың  8  факторы 
белгіленген. Бұл факторларды анықтаған педагог В.А.Климов. 
1.Жанұяның және үлкендердің кеңесі. 
2.Жолдастарының кеңес беруі. 
3.Мектептегі педагогикалық ұжымның кеңес беруі. 
4.Жеке кәсіби және ӛмірлік жоспары. 
5.Қабілеттері және олардың кӛрінуі. 
6.Қоғамдық құрметке бӛлену сезімі. 
7.Кәсіби қызмет жайында толық білуі. 
8.Бейімділік. 
Сонымен  қатар,  мамандық  таңдаудың  сыртқы  және  ішкі 
мотивтері анықталған. Сыртқы мотивтер - мамандықтың қоғамдағы 
орны,  жұмыс  жасау  барысында  шығармашылық  кӛзқарас,  басқа 
адамдармен  қарым-қатынасқа  түсу,  оларды  басқару.  Ішкі 
мотивтері:  жалақысы,  құрметке  иеленуге    бағытталуы,  қорқыту, 
сӛгу. Ішкі мотивтер екіге бӛлінеді: жағымды, жағымсыз. Жағымды 
мотивтерге  материалдық  тұрақтылық,  қызметтік  ӛсу  мүмкіндігі, 
ұжымның,  әкімшіліктің  риза  болуы.  Жағымсыз  мотивтерге 
жазалау, қорқыту, үстемдік жасау ықпалдары. 
Жоғары  оқу  орындарындағы  педагогика  мамандығына  кәсіби 
бағыттау жұмыстары мына бағыттарда жүргізіледі: 

 
мектептегі  оқушылар  мен  жоғарғы  оқу  орнындағы 
студенттердің ӛзара байланысқан және сабақтасқан әрекеттері. 

 
студенттердің мінез-құлқының ерекшеліктерін ескере отырып, 
жоғары оқу орнында белгілі бір бағдарлама бойынша дайындығын 
ұйымдастыру. 

 
студенттерді  мектептегі  кәсіби  бағытталу  жұмыстарына 
енгізу. 
Мұғалім  мамандығына  кәсіби  бағыттау  жүйе  ретінде  мына 
компоненттерден  құрылған:  мамандық  жайында  білім  алу, 
профессиограмма, мамандық  жайында ақпарат алу, кәсіби таңдау, 
кәсіби бейімделу. 
Мамандық  жайында  білім  алу  мектепте  жүргізіледі.  Бұнда 
мамандықтың  негізгі  қасиеттері,  оған  қойылатын  талаптар  және 
ерекшеліктері айтылады. 


 
213 
Профессиограмма  -  бұл  мұғалім    мамандығының  суреттелуі. 
Онда  мұғалімге  қойылатын  талаптар,  психологиялық  және 
физиологиялық  қасиеттері,  мұғалім  тұлғасының  жетілуі  схема 
түрінде кӛрсетіледі. 
Мамандық  жайында  кеңес  алу  -  мамандықтың  ерекшеліктері 
жайында оқушының тұлғасына сәйкес келуі, келмеуі айтылады. 
Кәсіби  таңдау  -  оқушыға  үйлесімді,  қажетті,  келісті 
мамандықты таңдауы. 
Кәсіби  бейімделу  -  бұл  жас  адамның  ӛңдірістік,  еңбек 
ұжымына,  жұмыс  жағдайларына  бейімделуі.  Кәсіби  бейімделу  
мектептен-ақ басталады. 
Кәсіби  бағытталуға  аталған  компоненттерден  басқа  мына 
факторлар да әсер етеді: 
1.Экономикалық 
2.Әлеуметтік. 
3.Психологиялық. 
4.Дәрігерлік, физиологиялық. 
5.Педагогикалық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет