ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдістер



жүктеу 4.09 Mb.
Pdf просмотр
бет16/23
Дата28.12.2016
өлшемі4.09 Mb.
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

2. Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдістер
Мал  шаруашылығы  биотехнологиясын – молекулалық  жəне  жасушалық
биотехнология  əдістерін  қолданып, генотипін «түзету» арқылы  қарқынды  өсіп-
жетіле  алатын, резистенттілігі  мен  өнімділік  қасиеттері  жоғары  малдарды  шығару
тəсілдерін зерттейтін ғылым деп айтуға болады.

147
Малдардың  биотехнологиялық  қорларын  танып, оларды  іске  асыру
мақсатында  мал  шаруашылығында  молекулалық  биотехнология, жасушалық  жəне
көбею биотехнологиялары пайдаланылады.
Көбею биотехнологиясы деп – малдың генетикалық потенциалдарын арттыру
мақсатында асыл тұқымды малдардан көп ұрпақтар алудың қорларын (ресурстарын)
ұтымды пайдалану əдістері айтылады.
Көбею  биотехнологиясы  мал  шаруашылығында  өз  төлінен  көбеюін
қамтамасыз  етіп, асылдандыру  жұмыстарының  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік
береді. Көбею  биотехнологиясы  əдістерін  қолдана  отырып  біздер  популяция
құрамына əсер ете аламыз.
Көбею  биотехнологиясының  зерттеу  аясы  ретінде  малдардың  көбею
қабілеттіліктері алынатын болса, зерттеу зерзаты ретінде:
1.
Гипоталамус, гипофиз  бен  гонадалар  арасындағы  өзара  əрекеттілік
нəтижесінде көбею гормондары арқылы мал ағзасында көрініс беретін гормональді
статусы.
2.
Көбею  мүшелерінің  морфологиялық  жəне  физиологиялық  жағдайы  бола
алады.
Көбею биотехнологиясында келесі əдістер қолданылады:
1.
Суперовуляция – ұрғашы  донорда  қосымша  фолликулалардың  өсіп-жетілуін
қамтамасыз ету мақсатында гормональді əсер ету (егу).
2.
Қолдан  ұрықтандыру – мал  тобының  генотипін  қарқынды  түрде  өзгерту
мақсатында  жоғары  өнімді  аталық  ұрығымен  аналықтарды  жаппай  ұрықтандыру
жұмыстары. Генетика  мен  қолдан  ұрықтандыру  технологиясындағы  қол  жеткен
жетістіктердің  арқасында, мал  тұқымын  жақсарту  бағытында  үлкен  мүмкіндіктер
ашылды, атап  айтқанда, жоғары  өнімділікті  жəне  генетикалық  потенциалы  бар
аталықтарды  таңдап  алу  мен  қолдану  нəтижесінде, бүтіндей  популяциялардың
генетикалық  құрылымын  жедел  өзгертуге  қол  жеткізілді. Сондықтан мал  тұқымын
жақсартуда  аталықтардың  ролі  артты. Қазіргі  кезде  қолдан  ұрықтандыру
нəтижесінде  генетикалық  құнды  бір  аталықтан  алынатын  ұрпақ  саны  бірнеше
мыңдаған басқа дейін жетеді.
3.
Эмбриондар тасымалдау (трансплантация) – эмбриондарды аналық-донордан
(жоғары  өнімді, құнды  аналық  эмбриондарын) аналық-реципиетке (құндылығы
төмендеу, яғни басқаша айтқанда, суррогаты ене жатырына) тасымалдау əдісі. Мал
шаруашылығындағы эмбриондарды тасымалдаудың негізгі мақсаты – жоғары өнімді
аналықтардың генетикалық мүмкіндігін (резервін) толығынан пайдалану.
Эмбриондар тасымалдау əдісінің арқасында, жоғары өнімді малдардың аналық
бездерінде  көптеген  аналық  жасушаларының  қоры  болатындықтан, оларды
пайдалану  арқылы, ұрғашы  даралардың  биологиялық  ерекшелігін  мейлінше
пайдалану  мүмкіндігі  артты. Сондықтан, генетикалық  потенциалы  бар  малдарды
толықтай пайдалану мақсатында, жоғары өнімді аналықтың эмбриондарын олардың
дамуының  ерте  сатыларында  өнімділігі  төмен  болғанымен, көбею  қабілеттіліктері
жақсы малдар жатырына тасымалдап қондыру əдістері зерттелді.
Осындай технологияның арқасында:
1) жоғары өнімді аналықтың ұрпақ санын жедел арттыруға;

148
2) организмдерді (зиготаларды) гамета  жəне эмбриондар  түрінде  тасымалдау
мен сақтау мүмкіндігіне;
3) гаметалар  мен  эмбриондарды  іріктеу  нəтижесінде  керек  жынысты  жəне
қажетті  физиолого-биохимиялық  қасиеттері  бар  ұрпақтар  алуға  қол
жеткізіледі.
Жалпылай  алғанда  мал  тұқымын  көбейту  технологиясында  атқарылатын
жұмыстарды  келесі  кезеңдерден  тұрады  деп  айтуға  болады: донорларды, ұрықтық
аталықтарды жəне реципиенттерді іріктеу, донорлардың суперовуляциясын шақыру
жəне  донор  мен  реципиент  араларында  күйге  келу  мерзімдерін  синхронизациялау,
донорды  ұрықтандыру (табиғи  жолмен  немесе  қолдан), эмбриондарды  шайыу
жолымен (смыв) бөліп  алу, шайылып  алынған  эмбриондардың  сапасын  бағалау,
дайын эмбриондарды реципиент жатырына орналастыру.
Қазіргі  кезде  малдарды  көбейтуге  бағытталған  биотехнологиялық  əдістер
молекулалық жəне жасушалық биотехнология салаларымен өте тығыз байланыста.
Жасушалық  биотехнология – жасушалармен  əртүрлі  микроманипуляциялар
жасау  нəтижесінде, бағалы  биологиялық  қасиеттері  бар  организмдерді  алуға
бағытталған  ғылым  саласы. Бұл  мақсатта  мал  шаруашылығында  пайдаланылатын
негізгі  зерттеу  зерзаты  ретінде  ағзаның  көбеюге  арналған  жасушалары (гонадалар)
алынады.
Мал  шаруашылығындағы  жасушалық  биотехнологиясы  өз  құрамында  бір-
бірін толықтырып тұратын екі ғылыми бағыттан құралады:
1. Эмбриокультуральдық  зерттеулер – бөлініп  алынған  жасушалардың
(гаметалар  мен  эмбриондар) тіршілігі  мен  ары  қарай  өсіп-дамуына  қажетті
жағдайларды  толықтай  қамтамасыз  етуге  бағытталады. Эмбриокультуральдық
зерттеулердің негізгі міндеттеріне:
А) гаметалар мен эмбриондарды өсіру (культивирование),
Б) гаметаларды экстракорпоралды ұрықтандыру,
В) гамета мен эмбриондар банкін жасақтау,
Г) қоректік орталар жасау мен оларды жетілдірулер кіреді.
2. Жасушалық технологиялар – бағалы, яғни генотипі «құрастырылған» малдар
шығару мақсатында ядро мен жасушалық деңгейінде атқарылатын жұмыстар.
Жасушалық  технологиялардың  мал  шаруашылығындағы  негізгі  міндеттері
қатарына:
А) денелік жасушаларын (соматикалық) гибридтеу;
Б) клондау;
В) химерлі жануарлар жасау жұмыстары жатады.
Молекулалық  биотехнология – мал  организмінде  жаңа  генетикалық
бағдарламалар  алу  мақсатында  тұқым  қуалаушылық  белгілеріне  молекулалық
деңгейде «түзетулер» енгізу. Мұндағы  негізгі  зерттеу  зерзаты  ретінде  нуклейн
қышқылдары (ДНҚ  жəне  РНҚ  молекулалары) алынады. Молекулалық
биотехнология екі бөлімнен құралады:
1. Генетикалық инженерия – тек қана жекелеген генге (немесе гендерге) қатысы
бар. Генетикалық инженерияның негізгі міндеттері қатарына мыналар жатады:
А) гендерді синтездеу немесе бөліп алу мен модификациялау;
Б) рекомбинантты молекулаларды құрастыру жəне клондау;

149
В) генотип банкін (геном библиотекасын) жасақтау.
2. Генетикалық  трансформация – гендерді  тасымалдауға  негізделеді. Бұл
жұмыстардың негізгі міндеттеріне:
А) реципиентке генді ендіру;
Б) трансфоранттарды іріктеу мен сараптау;
В) гендер интеграциясы мен экспрессиясы;
Г) бағалы  заттарды  продуценттеушілерді  жəне  трансгенді  хайуандар  жасау
жатады.
Мал  шаруашылығындағы  биотехнологиялық  жұмыстарының  орындалу  реті
жоғарыда аталған үш əдістердің (суперовуляция, қолдан ұрықтандыру мен эмбрион
тасымалдау) тығыз  байланыстылығы  арқылы  жүзеге  асырылады. Мысалы,
малдардың  генетикалық  жағынан  бағалы  эмбриондарын  алу  үшін, көбейтуге
бағытталған  биотехнологиялық  əдістері (суперовуляция, ұрықтандыру  мен
эмбрионды  шайып  алу) қолданылғаннан  кейін, алынған  эмбриондар  сұрыптаудан
өткізіліп, кейіннен  молекулярлық (трансгеноз) жəне  жасушалық (клондау)
микроманипуляцияларына ұшыратылады. Кейіннен «құрастырылған» эмбриондарға
in vitro  жағдайында «реанимациялық» жағдай  туғызылып, сапалық  белгілері
бойынша  бағаланғаннан  кейін (жасушалық  селекция), соңғы  кезеңі – генетикалық
бағалы  ұрпақ  алу  үшін  дайын  эмбрионды  реципиент  аналығының  жатырына
қондырылуымен (трансплантация) аяқталады.
Сонымен, молекулалық  биотехнология, жасушалық  биотехнология  мен  көбею
биотехнологиялары, мал 
шаруашылығында 
малдардың 
гаметаларында,
эмбриондары  мен  ағзаларында  жинақталған  биотехнологиялық  қорларын  анықтау
мен 
пайдалануға 
мүмкіндік 
беретін 
жаңа 
ғылыми 
бағыттарының –
эмбриоинженерия, эмбриокультура  мен  эмбриотрансплантацияларының  пайда
болуына алып келді.
Эмбриоинженерияны – генетикалық  жағынан «құрастырылған» жəне
экономикалық  тұрғыдан  тиімді  организмдерді  алу  мақсатында, молекулалық  жəне
жасушалық биотехнологияларының  тəсілдерін  қолдану  арқылы мал  организміндегі
генетикалық  ресурстарын  алудың  мүмкіндіктері  мен  жолдарын  қарастыратын
биотехнологиялық əдіс деп қарауға болады.
Эмбриокультураны – малдардың гаметасы мен эмбриондарынан физиологиялық
қорларын (ресурс) алудың  мүмкіндіктері  мен  жолдарын  қарастыратын  жəне
олардың  тіршілігінің  сақталып  қалуы  мен in vitro  жəне in vivo  кездерінде  қолайлы
жағдайлар 
тудыруға 
бағытталған 
мал 
шаруашылығында 
қолданылатын
биотехнологиялық əдісі деп айта аламыз.
Эмбриотасымалдау (трансплантация) – бағалы  генотипті  малдарды  барынша
тез  көбейту  мақсатында, жануарлардың  репродуктивті  жүйесінен  физиологиялық
қорларын (ресурс) алудың  мүмкіндіктері  мен  жолдарын  қарастыруға  бағытталған
мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдісі.

150
3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен
қауіпті тұстары
Қазіргі  кезде  тек  қана  екі  генетикалық  модификацияланған  жануарлар
адамдардың  тағамдық  қолданылуы  үшін  шығарылған. Оның  біреуі Aqua Bounty
Technologies компаниясы  шығарған  трансгенді  бекіре  балығы. Бұл  балықта  чинук
бекіресі деп аталатын түрдің өсу гормонының гені, промотермен қосылыстырылған.
Мұнда  промотер  генді  транскрипциялау  үшін  қажет  болған. Табиғи  туысымен
салыстырғанда, трансгенді  бекіреде  өсу  гормоны  жыл  бойына  бөлініп  отырылуы
себепті, бұл балықтың жедел өсуі қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде бұл белгіні басқа
балық түрлерінде де қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде.
Экологтар  тарапынан, мұндай  балықтардың  табиғи  айналымға  түсіп  кетуі
салдарынан, жабайы  формаларды  ығыстырып  шығаруы  мүмкін  деген  қауіптер
айтылуда. Бұл  күмəннің  де  қуіпі  бары  шындық, өйткені  фермаларда  қолдан
өсірілетін балықтардың өзен-көлдерге ауып кету жағдайлары жиі кездеседі.
Ауылшаруашылық  малдары  ішіндегі  екінші  трансгенді  хайуан, Онтарио
штатында  орналасқан  Гуэльф  университеті (Universitu of Guelph) ғалымдары
шығарған Enviropig шошқасы  болып  табылады. Бұл  доңызға  сілекей  бездері
жасушаларында  экспрессия  жасалынатын, фитаза  гені  ендірілген  болатын. Фитаза
шошқа азығы құрамындағы фосфаттарды ыдыратуы нəтижесінде, оның нəжісіндегі
мөлшерінің  азаятыны  анықталған. Осындай  трансгенді  шошқалар  санын  көбейту
арқылы, шошқа  фермаларының  қоршаған  ортаға  тигізер  зиянды  əсерін  азайтуға
болады.
Қазіргі  кезде  ғалымдар  тарапынан, ауылшаруашылық  малдарынан  алынатын
тағамдар  құндылығын  биоинженериялық  əдістерді  қолдану  арқылы  арттыру
мəселесі  бойынша  маңызы  зор  тəжірибелік  жұмыстары  өз  жалғастарын  табуда.
Мұндай мəселелердің қатарында сиыр, қойлар мен тауық сияқты үй жануарларының
қайсібір  ауруларға  төзімділігін  арттыру  бағытындағы  жұмысты  айтуға  болады.
Мысалы, ViaGen компаниясы ағзасында көптеген ауруларға қарсы тұратын қабілеті
бар су шаянын (креветка) тауып, мұндай гені бар дараларын іріктеп алған. Сөйтіп,
осындай  төзімді  су  шаяндары  популяцияларын  өсіру, осы  бизнеспен  айналысатын
компаниялар  үшін  өте  үлкен  пайда  келтіреді  деп  есептелінуде. Миннесота
университетінің (АҚШ) ғалымдары  күрке  тауықтардың  төсін  дамытуға  əсер  ететін
жəне салмонелла ауруының қоздырғыштарына төзімді келетін гендерді зерттеуде.
Адамдардың  өз  ата-тектерін  білгісі  келетіні  сияқты, фермерлер  де
малдарының  шығу  тегін  биотехнологиялық  əдістер  арқылы  нақты  анықтауды
қалайды. Мысалы, сиырдың Angus тұқымына  жататынын  анықтау  өте  қиын  жəне
дəлелсіз  деп  есептелінетін. Жоғарыда  аталған ViaGen компаниясы  болса, осы
малдың  бұқасының  қаны  немесе  ұлпа  сынамасы  арқылы, зерттелетін  малда Angus
генінің  нақты  пайыз  мөлшерін  анықтап  беретін  генетикалық  тест  əдісін  ойлап
тапқан.
Көптеген компаниялар ауылшаруашылық малдарының тез өсетін тұқымдарын
шығару, немесе  оның қарқындылығын  əртүрлі дəрмектер  қолдану арқылы  арттыру
бағытында  зерттеулер  жүргізуде. Жұртшылықтың  назарын өзіне аударған  осындай
технологиялардың  бірі – ірі  қара  малының  өсу  қарқындылығы  мен  сиырдан

151
алынатын сүт көлемін арттыруға əсер ететін, бұқаның өсу гормонын (Bovine Growth
Hormone, немесе  қысқартылған  түрде BGH) пайдалану  болатын. Бірақ  та  мұны
практикада қолдану нəтижесі, сиырлардың мастит кеселімен ауру мүмкіндігіне алып
келуі  себепті, оларға  антиденелер  қолдануға  мəжбүр  етті, ал  ол  өз  кезегінде  сүт
сапасына  əсер  етуі  мүмкін  деген  күдіктер  туғызған. Бұдан  басқа  кемшіліктер
қатарына, ағза  құрамында  өсу  гормонының  көп  болуы, сиыр  жасының  қысқаруы
мен кейбір малдардың жарақатқа төзімділігін төмендететіні анықталған.
Келесі 9-кестеде  кейбір  биотехнология  жетістіктерін  ауылшаруашылығында
қолданудың пайдасы мен қауіп туғызатын тұстары қысқаша келтіріледі.
9-кесте. Биотехнологияны  ауылшаруашылығында  қолданудың  пайдасы  мен
қауіпті тұстары
Технология
Пайдасы
Қауіпті тұстары
Трансгендер
(жалпы
барлығы)
Ауылшаруашылық өнімдері
алынатын 
барлық
формаларды жақсарту
Пайда  болған  жаңа  патогендердің
үдемелі
əсері 
нəтижесінде
биокөптүрлілігінің  азаюы; ГМ-
өнімдерінің
хабарсыз
тұтынушыларға 
жетуі; жаңа
жағдайда  технологияның  жұмыс
істемеуі
Гербицидке
төзімділігі
Өнім  шығымының  артуы,
биодеградацияға
ұшырамайтын
гербицидтерді  қолдануды
азайту
Гербицидке 
төзімді 
арам
шөптерінің  пайда  болуына  алып
келетін ауткроссинг мүмкіндігі
Зиянды
жəндіктерге
төзімділік
Өнім  шығымының  артуы,
биодеградацияға
ұшырамайтын
инсектицидтерді қолдануды
азайту
Bt-төзімді 
жəндіктерінің
қалыптасуына 
алып 
келетін
ауткроссинг  мүмкіндігі. Табиғи
таза
өнімдер 
шығарумен
айналысатын 
фермелер
Bt
пайдаланбайды. Көбелектер
популяциясына зиян келтіру.
Азықтық
құндылығын
арттыру
Дамып  келе  жатқан  елдер
халқы 
рационында
қолданылатын  өнімдердің
тағамдық 
құндылығын
арттыруға оң əсер етуі
Тиімділігі  төмен  болғанымен, тек
жарнама  ретінде, немесе  коммер-
циялық ұйымдарды алдау.
Жалпы
төзімділік
Табиғи-климаттық
жағдайлары 
нашар
аймақтарда,
ауылшаруашылығын
дамытуға мүмкіндік береді
Супертөзімді  өсімдіктердің  пайда
болуы 
себебінен, табиғатта
қажетсіз шөптердің көбейіп кетуі
Суыққа
төзімділік
Ауылшаруашылық өнімдері
шығымының артуы
Климаттың  өзгеруіне  алып  келуі
мүмкін
Жаңа 
тағам  Майлы  өнімдер  өндіруге  Қалыптасқан
əдіспен
өнім

152
көздері (ГМ-
малазық рапстан
алынатын  лау-
рин қышқылы)
кететін  шығындар  көлемін
азайту
шығаратын
өндірушілер
экономикасына  құлдырап, зиян
шегу мүмкіндігі
Биоинженерлік
əдіспен  алынған
ауылшаруашы-
лық малдары
Ауылшаруашылық
малдарынан  алынатын  өнім
көлемін арттыру
Балық 
фермасында 
өсірілетін
трансгенді  балықтың  өзен-көлдер-
ге  түсіп  кетуінен, мұндағы  табиғи
балық  популяциясын  ығыстырып
шығуы мүмкін
Басқада  бағыттар  генетикалық  бағдарлаулар (профилирование) мен  клондау
нəтижелерімен  байланыстырылады. Алайда, клондау  əдісінің  өте  төменгі
шаруашылықтық  тиімділігі (2%-дан  төмен) мен  ұрпақтары  ішінде  анатомиялық
жағынан кемістердің көптеп туылатыны белгілі болған.
Мал шаруашылығындағы биоинженерияның үдемелі даму кезеңі, қазіргі кезде
қолға  алынып  жатқан  тауық, ірі  қара  малдарының  геномын  анықтау  жұмыстары
аяқталғаннан  кейін  басталады  деген  болжамдар  жасалынуда. Атап  айтқанда, мұны
білу  арқылы  мал  шаруашылығында  қарқынды  өзгерістер  жасауға  негіздер
қаланбақшы: əртүрлі  өсіру  əдістері, малдардың  ірілігі  мен  олардан  алынатын
өнімдердің дəмділігі, т.б жұмыстары бағыттарындағы.
4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау əдістері
Денелік  жасушалардың  бір-бірімен  қосылатыны  жөніндегі  болжаулар  ХІХ-
ғасырдың  басында  олардың  көп  ядролы  екендігі  белгілі  бола  бастағаннан  кейін
айтыла басталған. Бірақ та денелік (соматикалық ) жасушалардың гибридтері алғаш
рет тек қана өткен ғасырдың 60-шы жылдары ғана алынды. 1960-шы жылы Барский
тышқан  саркомасының  бір  жасушасынан  өсірілген, құрамында  əртүрлі
хромосомалары  бар  жəне  морфологиялық  құрылымы  өзгеше  екі  желілік
культураларды  қосу  нəтижесінде  алған  болатын. Алынған  гибридтік  жасушалар
құрамындағы  хромосомалар  саны  бойынша  өздері  шыққан  желілік (линейных)
жасушалар  санынан  өзгеше  екендігі  жəне  беткі  антигендері  екі  желілік
жасушалардікіндей  болатынын  анықтаған. Ары  қарай  жүргізілген  зерттеу
жұмыстары  нəтижесінде, гибридті  жасушаларды  əр  түрге  жататын  хайуандардың
жасушаларын  қосу  нəтижесінде  де  алуға  болатыны  анықталған. Мұнда, екі
жасушаларды  біріктіретін  агент  ретінде  инактивизацияланған  Сендай  вирусы  деп
аталатын HVJ түріндегі вирус қызмет атқарған. Осы кезден бастап Сендай вирусын
əртүрлі  жасушаларды  қосуда  жиі  пайдалана  бастады. Гибридті  жасушалардың
құрамын зерттеу барысында екі өте маңызды қасиет анықталған:
-гибридтерде екі ата-ананың геномы да болуы мүмкін
-ұзақ  өмір  сүретін  тұқымаралық  гипбридті  хайуандарда  ата-аналарының
біреуінің хромосомалары жойылуы мүмкін.
Екі  жасушалардың  қосылуы  əрдайым  басқа  бір  агент  арқылы  жүзеге  аса
бермейді. Мұндай үдерістер in vivo (табиғи, ішкі жағдайда) немесе in vitro (сыртқы)
жағдайларында, басқа  агенттердің  араласуынсыз  да  жүзеге  асырыла  береді.

153
Кейбіреулері  онтогенез  үдерістерінде  əрдайым  жүріп  отырады, сондықтан  бұл
құбылысты эволюциялық заңдылық деп есептеуге де болады. Сонымен бірге, табиғи
жағдайда  əр  түрге  жататын  хайуандардың  қалыпты  жасушалары  бір-бірімен  өте
сирек  қосылады. Ауылшаруашылығында  мұндай  жұмыстар  көбінесе  хайуандарды
қолдан  ұрықтандыру  жəне  кейіннен  оны  тасымалдау (трансплантация) арқылы
жүзеге  асырылады. Бұл  жұмыстар  малдарда  жасанды  полиовуляция  жасау, аналық
ұрық  жасушасын (яйцеклетка) қолдан  ұрықтандыру  мен  ұрықтандырылған
жасушаны  басқа  мал  жатырына (адамдарда  осындай  жолмен  ұрықтандырылған
аналар –суррогатты  шеше  деп  аталады) мүмкіндігінің  ашылуына  байланысты  өз
жалғасын тапты.
Бұл  əдістің  технологиялық  үдерісінің  қысқаша  сипаттамасы  келесідей
кезеңдерден  тұрады: мысалы, жоғары  өнімді  сиырға  күйлеу  алдында  арнайы
дəрмектер (гормондар, прогестерон, синустроэл, буаз  бие  қан  сарысуынан
дайындалатын ББС дəрмегі, т.б.) егіліп, одан 10-20 аналық жасушаларының жетіліп
шығуы (полиовуляция) қамтамасыз етіледі. Кейіннен, лапоратомия əдісімен аналық
жасушалары 
жатыр 
түтікшесінде 
бұқаның
сперматозоидтарымен
ұрықтындырылады. Ұрықтанудың 7-8 күндері  бұл  жасушалар  арнайы  əдіс  арқылы
жатырдан шайылып алынып, басқа, яғни көбінесе өнімділіктері төмен болып келетін
сиырлардың  жатырына (реципиент) салынады. Осындай  жолмен  туылған
бұзауларда 
генетикалық 
жағынан «шынайы» ата-енелерінің 
тұқымдық
ерекшеліктері сақталады.
Əр  түрге  жататын  малдар  жасушаларын  гибридизациялау  əдістері  негізінде
«химер» немесе  аллофенді  деп  аталатын  ұлпа  құрамында  əртүрлі  генотипті
жасушалары  бар  хайуандар  да  алынады (мысалы, қара  жолақты  тышқан  немесе
арыстан).
Жасанды  гибридизациялау  əдістеріҚазіргі  кезде  ғылымда  қолдан
ұрықтандырудың келесідей əдістері қолданылады:
1. Агрегациялық  əдіс. Бұл  əдісті 1961-1962 жылдары  Тарковский (Польша)
жəне  Минц (США, Филаделфия) екеуі  бір  кезде  ұсынған. Аталған  əдіс  бойынша
ұрғашы  донор  жатырынан 8-бластомер  кезеңіне (стадиясына) дейін  бөлінген, əр
түрге  жататын  хайуандардың (мысалы, қара  жəне  ақ  түсті  тышқандар) ұрық
жасушасы  сорылып  алынып, олардың  агрегациялануына  жағдай  жасалынып, 16
жасушалы ұрықтың дамуына дейін ұсталады. Құрамында осындай əртүрлі гені  бар
ұрық жасушалары in vitro жағдайында бластоцит кезеңіне дейін жетілдіріліп, алдын-
ала  тиісті  гормондар  егу  арқылы «жалған» буаздық  реакциясы  шақырылған,
реципиент  аналықтың  жатырына  салынады. Соның  нəтижесінде  ұрпағында
аллофенді  тышқандар  туылады. Мұндай  тышқандардың  жүні  ата-анасындай
біріңғай  қара  немесе  ақ  түсті  болып  келмей, ұзын  жолақты  ақ-қара  түстерден
тұрады. Бұл  алынған  хайуанның  мозаикалық-химерлі  екендігін  көрсетеді. Сыртқы
жағдайда  білінбегенімен, олардың  ішкі  ағзасында  орналасқан  ұлпалары  да
мозаикалық  құрылымда  болып  келеді. Мұнда  негізгі  айырмашылық  ақуыз
түрлерінде болуы мүмкін, өйткені олар ата-аналарындағыдай белгілі бір катализдік
қызмет  атқаратын  ферменттер  болғанымен  жəне  құрылымы  жағынан  ұқсас
келгенімен, дəл сондай болып қайталанбайды. Мұндай ақуыздар изоферменттер деп
аталады  жəне  бұларды  электрофорез  арқылы  бөліп  алуға  болады. Агрегациялық

154
химерлерді  тек  қана  екі  эмбриондар  арқылы  ғана  емес, бірнеше  жекеленген
бластомерлер  немесе  эмбриондардың  бөлшектері  арқылы  алуға  да  болады. Бұл
əдістің  негізгі  артықшылығы  ретінде, арнайы  хирургиялық  операциялардың
жүргізілмеуі себепті, эмбриогенетикада кеңінен қолданылуын айтуға болады.
2. Инекциялық  əдісті 1968 ж. Р. Гарднер  ойлап  тапқан. Мұнда  бластоцит
кезеңіндегі эмбриондар пайдаланылады. Алғашында бластоцитті бекітеді, сонан соң
өте  кішкене  микроқондырғыларды  пайдалану  арқылы  донордың  ішкі  бластоцит
жасушасын  эмбрион-реципиент  бластоцельіне  енгізеді. Осындай  жолмен  өте  ерте
мерзімдегі  эмбриондардың  ішкі  жасушаларын  ендірумен  бірге, кешірек  мерзімдегі
мамандандырылған жасушаларды да егуге болады.
Инекциялық  əдіс  əр  түрге  жататын  жануарларды  жұптап, химерлі
жануарларды  алуда  кеңінен  пайдаланыла  бастады. Ең  бірінші  түр  аралық  химерлі
хайуан  табиғи  жағдайда  өзара  көбеймейтін  жақын  екі  түрге  жататын M. Muskulus
жəне M. caroli тышқандарын  шағылыстыру  негізінде  алынған. Осы  жұмыс
барысында  тек  қана  бластоциті  пайдаланылған  түрдің – реципиент  аналығының
жатырына  ендірілген  химерлік  эмбрионы  өсіп-дамитыны  анықталған. Мысалы, M
Muskulus бластоцитіне M. Karoli эмбрионынан  алынған  жасуша  ішіндік  заттары
егіліп, ол M. Muskulus жатырына  егілген  жағдайда  пайда  болған  химерлі  хайуан
жақсы дамиды  да, керісінше, ол M. Karoli аналығына ендірілген  жағдайда – ұрпақ
екі аптадан соң өліп қалатыны анықталған.
3. Түр  аралық  агрегациялық  əдісі арқылы  химерлі  хайуандардың  жаңа
қалыптасқан  ұрықтары (зародыш) тек 1970 жылдары, жай  тышқан мен  көртышқан
жасушаларын  қосу  жолымен  алынған, ал  бірінші  тірі  химерлі  ұрпақты 1973 ж. Р.
Гарднер  мен  М. Джонсон  деген  ғалымдар  алған. Осы  жұмыстар  барысында,
агрегациялық  əдіс  арқылы, ірі  қара  малдарының  химерлі  ұрпақтарын  алу  мүмкін
емес екені анықталған. 1984 ж. бір кезде Англия мен ФРГ мемлекеттерінде қой мен
ешкі  арасындағы  химерлі  ұрпақ – козран  алынған. Табиғи  жағдайда  ешкі  мен  қой
ұрықтана  алмайды, себебі  олардағы  хромосомалар  саны əртүрлі; ешкіде 2n =60, ал
қойда 2n = 54 хромосомалары  болады. Германия  мемлекетінде 1985 ж. 32
жасушалық  эмбрионның  жартысын  агрегациялық  əдіс  арқылы  өңдеу  жолымен
швидтік (қоңыр) жəне  голштино-фриздік (қара-ала) сиыр  тұқымдарының  химерлік
бұзаулары  алынған. Бұзаудың  фенотипінде  ата-аналарының  екі  түсі  де  көрініс
берген.
Қытай  аграрлық  университетіне  қарасты  мемлекеттік  агробиотехнологиялық
зертханасының  ғалымдары (Нин  Ли) адам  генін  сиыр  эмбрионы  ДНҚ-на  ендірген.
Нəтижесінде  ересек  сиырдан  сауылып  алынатын  сүт, құрамы  бойынша  ана  сүтіне
өте жақын болып шыққан. Сиыр сүті мен ана сүті арасындағы басты айырмашылық
– ақуыз көлемінде екендігі белгілі. Қалыпты сиыр сүтінде ақуыз (3,2%) ана сүтімен
салыстырғанда (1-1,2%) анағұрлым  көп  болады. Бұл  өз  кезегінде  бұзаудың
қатарластарынан қалмай тез өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді. Ал ана сүтіндегі ақуыз
мөлшері, нəрестенің қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті. Бұған керісінше – ана
сүті  құрамында  лизоцим  ферменті  анағұрлым  басым  келеді. Лизоцимнің
антибактериальді  қабілетке  ие  екендігі  белгілі. Ол  патогенді  бактериялардың
қабығын  еріте  алуы  себепті, нəрестенің  алғашқы  айларында  инфекциялық
ауруларынан  сақтануын  қамтамасыз  етеді. Сонымен  бірге  мұндай  трансгенді

155
сиырларынан  алынған  сүт  құрамы  лактоферонмен  байытылуы  себепті, баланың
иммундық қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Гендік модификацияланған сүт
өнімінің  жəне  бір  маңызды  артықшылығы – альфа-лактальбуминнің болуы. Кейбір
зерттеулерге қарағанда, бұл ақуыз ісік ауруларына қарсы тиімді əсер ете алады. Осы
ақуыздың  белсенді  түрін  ғалымдар HAMLET (лат. human alpha-lactalbumin made
lethal to tumors) деп атай бастаған.
Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Н. Н. Столярчук, Т. В. Василюк English Английский язык
books -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
books -> В языкознание теория речевой деятельности психолингвистика
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Сабақ жүргізетін: 1 Сыздыкбеков Н. Т. доцент, т.ғ. к 2 Шакенова Ж. Н. аға оқытушысы 3 Исанова М. К. оқытушысы
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет