ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Микрохирургиялық əдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу



жүктеу 4.09 Mb.
Pdf просмотр
бет17/23
Дата28.12.2016
өлшемі4.09 Mb.
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

5. Микрохирургиялық əдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу
əдісі
Табиғи  жағдайда  монозиготалы  егіздері  өте  сирек – 0,01% көлемінде  ғана
кездеседі. Егіздердің  тосыннан  пайда  болу  мүмкіндігінің  сыры  əлі  де  беймəлім
болуы  себепті, төл  санын  арттыру  мақсатында  биотехнологияның  жаңа  бір  əдісі –
микрохирургияны  қолдану  бағыты  дамып, генетикалық  жағынан  бірдей  егіздерді
алу мүмкіндігі туылды. Бұл əдісті қолдану тасымалдауға (трансплантация) арналған
эмбриоматериалдар  санын  арттыруы  себепті, генетикалық  жағынан  құнды  болып
келетін мал тұқымын көбейтуге мүмкіндік береді (сурет-23).
Эмбриондарды  ерте  даму  сатысында  бірнеше  бөлікке  бөлуден  тұратын
микрохирургиялық  əдісінің  мəні – жекелеген  бластомерлерінің  тотипотенттілік
қабілетіне, яғни  онтогенездік  даму  барысында  олардың  тұтас  организмге  айнала
алуына негізделген.
Сүт  қоректілерінің  жекеленіп  алынған  бластомерлерінің  тотипотенттілік
қабілетін алғаш  рет 1978 жылы Ж. С. Николас, Б. В. Халл (Nicholas J.S., Hall B.V)
тышқан  эмбриондарына  жасалған  сынақтарынан  кейін  дəлелденген  болатын.
Ғалымдар 8-16 жасушалы  кезеңінде  тышқан  эмбрионын  бөліп, 80 дэмэмбрионын
аналық жатырына  қайта  орналастыру  барысында  дүниге  келген барлық 30 тышқан
баласы  ішіндегі 40% айнымас  егіздер  болып  шыққан. Осы  тəжірибеде  пеллюцида
аймақтары  микропышақтармен  кесу  жəне  проназа  ферментін  қолдану  арқылы
ажыратылған. Кейіннен  осыған  ұқсас  əдістер  басқа  хайуандар  эмбриондарын  бөлу
жұмыстарында да қолданыла бастаған.
1981 жылы  С.М. Вилладсен  ірі  қара  малының  монозиготалы  егіздерін  алуға
қол жеткізген. Бұл тəжірибе нəтижелерінде эмбриондардың жатырға бекіп кетуі 75%
құраған, яғни, сиыр  жатырына  егілген 28 дана  демиэмбриондарынан  барлығы 21
бұзау  туылған. Бірақ  та  əдіс  өте  күрделі  болатын. Себебі 5-6 күндік  морула
сатысындағы ұрық пеллюцид аймағынан алынып бөлінгеннен кейін, жартылары бос
ооцит аймақтарына ендіріліп, агарлы цилиндрде қойлардың жыныс түтікшелерінде
өсірілуі қажет болатын
Кейіннен, демиэмбриондарды  аралық  реципиенттерін, яғни  басқа  аналықтың
жұмыртқа  түтігінде  өсіру  мен 6-8 күндік  эмбриондарын  микроманипуляциялау
əдісінен бас тарту мүмкін болды. Бірақ та əдіс əлі де күрделі еді. Бұл əдіс бойынша 5
құралды, атап  айтқанда  эмбриондарды  тұтып  тұруға  арналған  микросорғыш
(микроприсоска), пеллюцид  аймағын  аршуға  қажетті  екі  құрал  жəне  алынған
жартыларды  ооциттердің  бос  аймағына  тасымалдауға  арналған  екі  құралды
басқаруға қажет болатын арнайы манипуляторды пайдалану керек болатын

156
23-сурет. Микроманипуляторды қолдану арқылы эмбрионды дисекциялау
                     а – бөлуді бастау,                    б – бөлудің аяқталуы
1 – пеллюцида аймағы; 2 – ұрық (зародыш) комплексі;
3 – микропышақ; 4 – эмбрион жартысы
24-сурет. Микроманипуляторды пайдалану арқылы эмбриондарды бөлу (дисекция)
Неміс  ғалымдарының (Schwiderski H. et al., 1985 ж.) тəжірибелерінде
эмбриондар жартыларын пеллюцидтің бос аймағына жайғастырмай ақ тасымалдауға
болатындықтары  дəлелденген. Бұл  əдіс  бойынша  эмбриондар  бір  микропышақ

157
арқылы  екіге  бөлініп, арнаулы  қоректік  ортада  өсірілгеннен  кейін, реципиент
жатырына  отырғызылады. Осындай  жолмен  ұрықтандырылған  сиырлардың 75%
буаздығына  қол  жеткізілген. Қазіргі  кезде  бұл  əдістер  əрі  қарай  жетілдіріліп,
өндірістік мақсатта кеңінен қолданылу мүмкіндігі қарастырылуда.
Микроманипуляторға (Ф.Бахофер, Германия) бекітілген  микропышақ
көмегімен  эмбриондар  дисекциясын  жүргізу  барысы 24-ші  суретте  көрсетілген.
Мұнда микроманипулятор арқылы пышақ көлденең жəне тігінен еркін басқарылады.
6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
Силостеу  мақсатында  тиімді  малазықтық  заттарын, мысалы  жүгеріні
пайдалануға  болады. Силосты  барлық  мал  түрлерін, əсіресе  ірі  қара  малын
азықтандырғанда кеңінен қолданады. Көптеген түйнекті жəне бақша өсімдіктерімен
салыстырғанда, силос құрамы каротинге бай келеді. Сиырлардың 100 кг салмағына
есептеп, 8 кг силос беруге болады.
Силостың  негізгі  құндылығы  қатарына  оның  құрамындағы  қоректік
заттарының  салыстырмалы  түрде  жақсы  сақталатынын (силостағанда 15-21% ғана
жоғалтылса, шөпте ол 30% жетеді) жəне дайындау жұмыстарының қандай болмасын
ауа-райы  ерекшеліктеріне  қарамай  жүргізілетіндіктерін  айтуға  болады. Силостеу
барысында  оның  құрамындағы  ақуыз  мөлшерін  арттыру  мақсатында, бұршақ
тұқымдас (жоңышқа, бұршақ, маш  жəне  басқалар) өсімдіктерін, жақсылап
ұсақталған  жүгерінің  жасыл  массасымен  араластырып  силостайды. Туралатын
өсімдік  сабақтарының  ұзындықтары 4-тен 2 см  дейін  жəне  олардың  ылғалдылығы
төмен болған сайын, неғұрлым қысқа болғаны лəзім.
Шошқа  мен  құстарға  арнап  аралас  құрамды  силостар  дайындалады. Негізгі
массасы 75-85% түйнекті  өсімдіктерінен (қант  қызылшасы, сəбіз, картоп) жəне
бақша өсімдіктерінен (мал азықтық қарбыз немесе асқабақ) құралған силосқа, шикі
азықтық  бидайын, бұршақ  тұқымдас немесе  дəнді  дақылдарының  жас  сабақтары
қосылады. Түйнекті  өсімдіктерді  майдалағанда  бөлінетін  су  мөлшерін  азайтып,
силостың қажетті ылғалдылығын (65-75%) сақтау мақсатында, оның құрамына осы
суды өзіне сорып алатын шөп ұнын  қосады. Қосылатын құрамдас бөліктер əртүрлі
ластайтын заттардан (топырақ жəне басқа қажетсіз элементтер) мұқият тазартылуы
қажет. Силостауға  кіретін  барлық  өсімдіктер, арнайы  майдалап-жаныштайтын
қондырғылар  арқылы  ұсақталынады. Силостық  өсімдіктер  алдын  ала  дайындалып,
жан-жағы  жалтырланып, тегістелген  арнайы  орындарға (траншея, бассейн  тəрізді
көмбе) салынып, тапталады.
Силостеудің  химиялық  мəні, өсімдік  құрамындағы  қанттардың  сүтқышқылы
бактерияларының көмегімен, сүт қышқылына айналуы. Барлық қышқылдар тəрізді,
сүт  қышқылы  да  бактерияларды  жойып  жіберу  қасиетіне (бактериоцидтік) ие
болғандықтан, өсімдіктердің шіріп кетуіне жол берілмейді.
Сүтқышқылы ашуын тудыратын бактериялар, анаэробты, яғни оттегінсіз ортада
тіршілік  ете  алады. Сондықтан  оттегінсіз  ортада  сақталған  силостық  өсімдіктер
массасында  сүтқышқылы  мөлшерінің  көбеюі  салдарынан, ондағы  басқа
микроорганизмдер  жаппай  қырылады. Қышқылдық  ортаның  белгілі  бір

158
концентрацияға (РН) жетуі  кезінде, сүтқышқылы  бактериялары  да  өздерінің
тіршіліктерін тоқтата бастайды.
Оттегі  сүтқышқылы  ашу  үдерісін  тоқтатумен  бірге, өсімдік  құрамындағы
қоректік  заттарының  тотығуын  үдетеді  де, нəтижесінде  оның  азықтық  құндылығы
төмендейді. Сондықтан  жақсы  нығыздалмаған  өсімдік  массалары  қатты  қызып
кетеді.
Атмосфералық  ауа  құрамында  көптеген  микроорганизмдер  болады. Жақсы
тығыздалмаған  силостық  өсімдіктер  арасында  ауамен  бірге  қалып  қойған  осы
микроорганизмдер, ақуыздардың  шіріп-сасуы  мен  майларды  ыдырауға  ұшыратып,
силостың бұзылуына алып келеді.
Сондықтан шаруашылық үшін маңызды екі қорытынды жасауға болады:
1. Силостеуге  құрамында  оңай  ашитын  көміртектік  заттарға  бай  жүгері,
күнбағыс, ақ жүгері (құмық) сияқты өсімдіктерді пайдаланған абзал.
2. Силостеу  үдерісінің  жақсы  өтуін  қамтамасыз  ету  үшін, силостелетін
өсімдіктер  массасын  жақсылап  нығыздау  арқылы, оның  арасындағы
оттегілерінен мейлінше ада қылу керек.
Силосты  бағалауда  оның  иісі  өте  үлкен  маңызға  ие. Жүгері  немесе  жүгері-
күнбағыс  қосындыларынан  жақсы  дайындалған  силостан – жемістің  хош  иісі
(жібіген  алма) аңқып  тұрса, қос  жарнақты  өсімдіктер  мен  бұршақ  тұқымдас
өсімдіктерінен  дайындалғандарынан –  жаңа  піскен  нанның  иісі  шығып  тұрады.
Құнды  силостың  түсі  сарғыш-жасыл  келеді  жəне  өсімдіктердің  құрылымдық
өзгеріске  ұшырамағандары  байқалып  тұрады. Егер  де  силостан  сірке  қышқылы
немесе нəжіс иісі мүңкіп тұрса, түсі қара-сары немесе қап-қара жəне собықтары мен
жапырақтарын  зең  саңырауқұлақтары  басқан  болса – силостың  сапасы  төмен
екендігін көрсетеді.
Силостың  жақсы  дайындалмау  себептері  қатарына  келесі  факторларды
жатқызуға болады:
- жасыл  массасын  дайындау  мен  оны  арнайы  орындарға  төсеуге  кеткен  көп
уақыт айырмашылықтары;
-  силостелген  масса  құрамына  басқа  заттардың (топырақ, ластайтын  заттар)
түсіп кетуі;
- силостау уақытының ұзарып кетуі;
- жасыл массасының жақсылап нығыздалмауы;
-  оның бетінің ауа кірместей етіп (герметизация) жабылып, сақталмауы.
Силостайтын  өсімдіктер  құрамы  өте  ылғалды (80%-дан  жоғары) болса, силос
өте  қышқыл  болуы  мүмкін, ал  оны  ұсақтап  бастыру  кезінде  құрамындағы  сөк-
нəрлері көп шығып кетеді. Жасыл массаның ылғалдылығы төмен болған  жағдайда,
оны  нығыздау  қиынға  соғады. Сондықтан  ең  қолайлы  деп 70-75% ылғалдылық
саналады. Кейбір  жағдайларда  ылғалдылықты  төмендету  мақсатында  жасыл
массаны азғана дегдітіп алады, немесе оған сабан араластырады.
Пішенжем (Сенаж). Пішенжемді  ылғалдылығы 45-55%-дейін  дегдітілген,
бұршақ  тұқымдас (бобовые), бұршақ-дəнді жəне  дəнді өсімдіктерінен дайындайды.
Осындай  ылғалдылықтағы  жəне  ұсақталған  өсімдіктер  арнайы  орындарға
нығыздалу арқылы оның құрамындағы оттегілерінен аластатылады.

159
Пішенжемнің жай шөппен силосқа қарағанда құндылығы жоғары. Осы жолмен
сақтау барысында, азықтың құндылығының небары 3-4% ғана жоғалады. Пішенжем
арқылы  дайындау  кезінде  өсімдіктің  өте  құнды  болып  табылатын  гүлдері,
жапырақтары  сияқты  бөліктері  жақсы  сақталады. Төменгі  ылғалдылық  ашу
үдерісінің  жүрмеуіне, яғни  силостеу  кезіндегідей  көміртекті  заттарының
жоғалмауын қамтамасыз етеді.
Пішенжемді  дайындау  кезінде  оны  жақсылап  нығыздаудың  маңызы  зор.
Нығыздаудың  жақсы  өткенін  сенаж  массасындағы  температура  арқылы  бағалауға
болады. Егерде темрература 37°С жоғары көтерілген болса, нығыздаудың жеткілікті
дəрежеде болмағандығын байқатады.
25-сурет. Пішенжем сақтауға арналып темірден құрастырылған герметикалық
мұнаралар
Ауылшаруашылығының  көптеген  саласында  сонымен  бірге  хайуандар
өнімдерінен  алынатын  малазықтық  заттар  да  көптеп  қолданылады. Бұлардың
қатарына  сүт  жəне  оны  өңдеуден  қалған  қалдықтары, ет  жəне  балық  өндірісінің
қалдық заттарынан дайындалатын өнімдер жатады.
Сүт – өз құрамында жас малдың өсуіне қажетті, жəне ағзаға тез сіңетін барлық
заттар бар, өте құнды азық түрі екендігі белгілі.
Көк  сүт (обрат) – сепаратордан  өткізіліп, құрамындағы  майлары  бөлініп
алынған сұйық сүт. Бұның құрамында ақуыз, қант, минералды заттар болғандықтан,
əлі  де  құнды  азықтық  маңызы  бар. Көк  сүт  құрамындағы  жас  төлге  өте  қажетті,
майда  ерігіш  А  жəне D дəрумендері  сепараторды  тартқан  кезінде  маймен  ілесіп
шығып  кетуі  себепті, кездеспейді. Сондықтан  көк  сүт  бұзаулар  мен  торайларға
ацидофилин  түрінде  беріледі, өйткені  ол  астың  қортылуына  өте  жақсы  əсер  етеді
жəне ішек қуысында кездесетін ірің бактерияларын жоюға оң əсер етеді.
Ірімшік  жəне  сыр дайындаудан  қалатын сүт сарысуының  көк сүтке қарағанда
құнарлығы төмендеу келеді.
Пахта – қаймақтан  май  айыру  кезінде  бөлініп  қалады. Құнарлығы  бойынша
көк сүттен сəл төмендеу келеді.
Сүйек-балық  ұндары – протеинге (1 килограмында 300-500 г) жəне  тез  айнып
кететін майларға өте бай келеді. Сондықтан сүйек-балық ұндарының ұзақ сақталуы

160
үшін, арнайы  зат – сантоквинмен  өңдейді. Сүйек-балық  ұндары  шошқалар  мен
құстарға беріледі.
Мұнан  басқа  ауылшаруашылығы  малдарына  техникалық  мақсатта  өсірілетін
əртүрлі  өсімдік  қалдықтарынан  қалған, құрамында  қоректік  заттар  бар – барда,
күнжара (шрот), сығынды (жом) сияқты көптеген азықтар қолданылады.
Қазіргі  кезде  метионин, треонин, триптофан  жəне  əсіресе, лизин  жетіспейтін
өсімдік тектес жемдерге амин қышқылдарын көп мөлшерде қосады. Егер де малдар
ақуызы құрамында лизин мөлшері 7-9% көлемінде болса, бидай ақуызында ол 3% -
дай  ғана  кездеседі. Жем  құрамына 0,3% лизин қосудың өзінде, мал  азығын 20%-ға
үнемдеуге  қол  жеткізуге  болады. Тек  соңғы 8-10 жылдар  көлемінде  жемге
қосылатын  амин  қышқылдарының  мөлшері 14 есеге  артқан  деген  мəлімет  бар.
Көптеген  елдерде  жемге, ақуыздық  қосымша  ретінде  қолданылатын  соя  ұнына,
метионин  қосылады. Сондықтан  аминқышқылдарының  негізгі  қолданылатын
бағыты – жем құрамын байыту болып табылады. Өндірістік жағдайында өндірілетін
барлық  амин  қышқылдарының 66% жем  құрамын  байыту, 30% тағам  өндірісінде
жəне 4%-ға  жуығы  медицина, косметика  мен  химиялық  реактивтер  ретінде
пайдаланылады. Амин қышқылдарынан, негізінде, глюкозадан 150 есе  тəтті болып
келетін жасанды шырыны – метилді эфир L-аспартил-L-фенилаланин жасалынады.
VІІ тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Өсімдіктердің  кішкене  бөлшектері  мен  жекелеген  мүшелерін  алғаш  рет  өсіруді
бастаған ғалымдар кім?
2. Өсімдіктерді  өсіруге  қажетті  толыққұнды  құрамды  жасанды  қоректік  ортаны
алғаш рет кімдер жасады?
3. Жасушалық  селекция  дегеніміз  не? Өсімдік  шаруашылығындағы  жасушалық
селекцияның мəнісі неде?
4. In vitro  жағдайында  өсірген  өсімдік  жасушаларының  басты  артықшылықтары
неде?
5. Клондық  микрокөбейту  əдісінің  негізгі  бастамасы  не? Тотипотенттілік  қасиет
дегеніміз не?
6. Жаңа сорттарды шығару қандай принципке негізделеді?
7. Жасушалық (клеткалық) инженерия дегеніміз не жəне тірі жасушаларды өсірудің
негізгі бағыттары қандай?
8. Өсімдік  ұлпаларын  жасанды  ортада  өсіріп-көбейту əдістері  қалай  жүзеге
асырылады?
9. Парасексуалды  гибридтер  алудың  мүмкіндіктері  мен  болашағы  қандай  деп
ойлайсыз?
10. Өсімдіктер  өнімділігін  жоғарылату  мақсатында  қандай  жұмыстар  мен  əдістер
қолданылады?
11. Жасушалық  дақылдау  жұмыстарында  қандай  бағыттағы  жаңа  технологиялар
жасалынуда?
12.Апикальды меристема дегеніміз не жəне ол қандай қызмет атқарады?
13.Жасушалық  жəне  гендік  инженерия  негізінде  жасушаға  геномды, немесе  жеке
генді енгізу үшін қандай əдістемелік мəселелерді ескеру керек болады?

161
14. Жекеленген протопластар дегеніміз не?
15.Протопластарды  біріктіру  əдісі  қалай  жүзеге  асырылады  жəне  оның  болашағы
қандай деп ойлайсыз?
16. Жасушалық  инженерияны  өсімдіктердің  жаңа  сұрыптарын  шығаруда
қолданудың басты артықшылықтары қандай?
17.Қоректік суспензияда екі протопластардың өздігінен қосылуын жеделдету үшін
қандай зат қолданылады?
18.Цибридтер деген атау қандай жағдайда қолданылады?
19. Жасушалық  жəне  генетикалық  инженерияның  өсімдіктердің  жаңа  сорттарын
шығарудағы маңызы қандай ?
20. Қоректік ортаның каллустарды өсірудегі маңызы қандай?
21. Интрондар дегеніміз не жəне қандай қызмет атқарады?
22. Генетикалық  инженерияны  өсімдік  шаруашылығында  қолданудың  болашағы
қандай деп ойлайсыз?
23. Сомалық  гибридтеу  əдісінің  мазмұны  не? Сомалық  гибридтеу  үшін  зерзат
ретінде не алынады?
24.Протопластарды қандай əдістер арқылы алуға болады? Олардың ерекшеліктерін
айтыңыз.
25.Гетерокариоттық сомалық гибридтерін қалай бөліп алуға болады?
26.Протопластар  арқылы  оңай  регенерацияланатын  өсімдіктерге  қандай  түрлер
жатады?
27.Генетикалық  модификацияланған (ГМ) өсімдіктер  дегеніміз  не? Қазіргі  кезде
көп шығарылатын ГМ өнімдері қатарына қандай өсімдіктер жатады?
28.Генетикалық  модификацияланған (ГМ) өсімдіктерді  шығарудағы  басты  қауіп
неде деп ойлайсыз? ГМ-өсімдіктерді шығарудың болашағы қандай?
29. Гендік  инженерия  əдісімен  ГМ  өсімдіктерінің  гербицидке  төзімділіктерін
арттыру қандай жағынан пайдалы?
30.Күшті əсері бар гербицидтерді неге ұшақ арқылы ауадан шашуға болмайды?
31.Глифосат пен глюфосинатты қолданудың басты артықшылықтары неде?
32.Ауткроссингтің қатері қандай деп  тойлайсыз? Оның таралу мүмкіндігі шынайы
ма?
33. Көп жылдардан бері қолданыстағы инсектицидтердің қандай түрлерін білесіз?
34.(Bt) ақуызын  бөліп  шығаратын Bacillus thurinqiensis  топырақ  бактерияларының
пайдаланудың қандай əсері бар?
35.«Биодиверсанттарды» ендіру əдісінің мəні неде?
36.Микробты  инсектицидтер  дегеніміз  не  жəне  оны  алу  үшін  қандай  ағзалар
пайдаланылады?
37. Өсімдіктердің патогендерге төзімділік қасиеттерін арттырудағы басым бағыттар
қандай?
38.Дақылды өсімдіктердің төзімділіктерін қандай жолдармен арттыруға болады?
39.Өте төзімді жəне шыдамды культураларды көптеп шығарудың қауіпі барма?
40.Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттырудың мəнісі неде?
41.ГМ технологиясы арқылы жасалынған құнарлығы жоғары өсімдіктердің қандай
түрлерін білесіз?
42.T-GURT технологиясы дегеннің мəні неде?

162
43.Терминаторлық технология дегеніміз не? Оны не үшін қолданады?
44.Ауа  құрамындағы  азотты  өсімдіктер  сіңіре  алуы  үшін  оларды  қандай  күйге
айналдыру қажет болады?
45.Азот  тыңайтқыштарын  себуді  азайтудың  биотехнологиялық  жолы  ретінде
қандай амалдар ұсынылады?
46.Симбиоздық қабілет дегеніміз не? Симбиоздық қабілетке негізделген үдерістерді
астық өнімділігін арттыруда қолданудың мысалдарын келтіріңіз.
47.Мал  шаруашылығында  биотехнологиялық  əдістерінің  қолданылуына  қандай
биологиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді?
48.
Малдар гаметасының биологиялық банкін құру қандай мүмкіндіктер береді?
49.
Бір аналық жұмыртқасынан дамитын егіздердің биологиялық зерттеулер үшін
маңыздылығы неде?
50.Малдардың  биотехнологиялық  қорларын  танып, оларды  іске  асыру  мақсатында
қандай биотехнологиялар қолданылады?
51. Көбею  биотехнологиясында  қандай  əдістер  қолданылады  жəне  мұндағы  басты
мақсат?
52.Генетикалық инженерияның негізгі міндеттері қандай?
53.Генетикалық 
трансформация 
жұмыстарында 
атқарылатын 
міндеттерді
саралаңыз.
54.Қазіргі кезде адамдардың тағамдық қолданылуы үшін шығарылған генетикалық
модификацияланған жануарлардың қандай түрлерін білесіз?
55.Биоинженерияның  мал  шаруашылығында  қолданылуының  қандай  мысалын
білесіз?
56.Биотехнология  жетістіктерін  ауылшаруашылығында  қолданудың  пайдасы  мен
қауіп туғызатын тұстары мен болашағы қандай деп ойлайсыз?
57. Жануарладың  жасушаларын  гибридизациялау  əдістерінің  ашылуы  қай  жылдан
басталады
жəне 
қазіргі 
кезде 
ғылымда 
қолданылатын 
жасанды
гибридизациялаудың негізгі əдістері қандай?
58. Табиғи жағдайда қой мен ешкі еркін ұрықтана ала ма? Гибридті ұрпақ кейіннен
өздігінен көбейе ала ма? Себебін түсіндіріңіз.
59.Монозиготалы  егіздері  алудың  қандай  маңызы  бар  жəне  оны  дайындау  қандай
кезеңде атқарылады?
60.Тотипотенттілік дегеніміз не? Оның маңызы қандай?
61.
Силос  дайындауға  қандай  өсімдіктер  қолданылады  жəне  оны  дайындаудың
технологиялық үдерістеріне сипаттама беріңіз?
62.
Силостауда  қандай  бактериялар  белсене  қатысады  жəне  оның  құндылығын
анықтағанда қандай белгілерге назар аударылады?
63.
Сенажды дайындаудың технологиялық үдерістеріне сипаттама беріңіз?
64.
Хайуандар өнімдерінен алынатын қандай малазықтық заттарды білесіз?

163
VІІІ тарау
БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН
ТОЛЫҚТЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
1. Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін
пайдалану
Қазіргі кездерде адамзат үшін қажетті энергия көздері ретінде табиғи қазбалы
байлықтар: мұнай, газ, көмір, уран сияқты заттар кеңінен пайдаланылуда. Бірақ та,
уақыт  өткен  сайын  табиғи  байлықтардың  қорлары  азайып, таусылу  қауіпі
туындауда. Кейбір табиғи қазба байлық көздері өте аз елдерде энергетикалық кризис
сезіле  басталды. Осының  бəрі  жасанды, яғни  қайта  толықтырылатын  энергия
көздерін іздестіру қажеттігіне алып келеді.
Дүние  жүзіндегі  энергия  көздерінің  сарқыла  бастауына  байланысты,
энергоэкологиялық  мəселені  шешуде  таусылмайтын  немесе  қайта  өндірілетін
энергия көздерін пайдаланудың маңызы зор. Осы бағытта Қазақстанда күн жəне жел
энергияларын  пайданумен  бірге  биоэнергетиканы  пайдаланудың  да  зор
мүмкіндіктері  бар. Өйткені, республикада  мал  жəне  құс  шаруашылықтары
қалдықтарының  жылдық  құрғақ  массасы 22,1 млн. тоннаны  құраса, бұл 8,6 млрд,
куб биогаз өндіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда жылына өсімдік қалдықтары 17,7
млн. тонна  көлемінде  қалса, олардың  құндылық  эквиваленті 14-15 млн. тонна
шартты отынға немесе 12,4 млн. тонна  мазутқа тең келеді екен. Ауылшаруашылық
дақылдарынан  биоотын (биотопливо), атап  айтқанда  биоэтанол  дайындаудың  да
болашағы зор деп есептелінеді. Осы мақсатта 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап
Солтүстік  Қазақстан  облысында  астық  өнімдерін  терең  өңдеуге  бағытталған
«Биохим» кəсіпорны өз жұмысын бастаған. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі осы
бағыттағы  алғашқы  жəне  қазіргі  кезге  жалғыз  кластер  болып  табылады. Аталған
кəсіпорынның  өндірістік  қуаттылығы  жылына 57 мың  тонна  биоотын  өндіруге
қабілетті деп есептелінеді.
Энергия  тапшылығын  азайту  мақсатында  көптеген  елдерде  атом  энергиясы
станциялары  салынуда. Алайда, атом  энергиясын  өндіруге  қажетті  уран  көздері  де
жер  шарында  көп  емес. Сондықтан, ғалымдар  жасанды  энергия  көздерін  табу
мақсатында  көп  ізденіс  жұмыстарын  жүргізуде. Осы  бағытта  жүргізіліп  жатқан
жұмыстар қатарына күн сəулесін пайдалану, жел жəне геотермиялық энергияларды
пайдалану сияқты жұмыстарды атап өтуге болады. Бірақ та оларды пайдалану үшін
жасап шығарылған қондырғылардың тиімділіктері əлі де төмен дəрежеде қалуда.
Табиғатта  күн  сəулесі  энергиясы  көзін, органикалық  заттарды  пайдалану
арқылы  химиялық  энергияға  айландырудың  табиғи  жолы  бар  екендігі  айқындала
бастады. Бұл  мүмкіндіктің  негізі  ретінде  жасыл  өсімдіктерде  жүретін  фотосинтез
құбылысын  атауға  болады. Ғалымдардың  есептеулері  бойынша  жер  шарындағы
мұхиттар  мен  теңіздерді  қосып  есептегенде, жасыл  өсімдіктердегі  энергия  көздері
жыл сайын жағатын көмір энергиясынан 100 есе көп екендігі анықталған. Тек қана
жер шарында қазіргі кезде өсіп тұрған ағаштардағы энергия қуаты, барлық табылған
газ, мұнай  жəне  көмір  қуаттарын  қосып  есептегеннен  артық  екендігі  мəлім  болды.

164
Қазбалы  байлықтармен  салыстырғанда, жасыл  өсімдіктердің  қорын  қайта  қалпына
келтіріп  отыруға  мүмкіндік  бар. Бұл  дегеніміз, жасыл  өсімдіктердің  фотосинтез
қабілеті  арқасында  түзілген  органикалық  заттардан  алынған  энергия  көздерін
пайдалана келе, адамзат келесі жылдары да осындай энергия алуды жоспарлы түрде
жүргіу мүмкіндігіне ие бола алатынын білдіреді.
Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Н. Н. Столярчук, Т. В. Василюк English Английский язык
books -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
books -> В языкознание теория речевой деятельности психолингвистика
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Сабақ жүргізетін: 1 Сыздыкбеков Н. Т. доцент, т.ғ. к 2 Шакенова Ж. Н. аға оқытушысы 3 Исанова М. К. оқытушысы
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет