Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет680/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   676   677   678   679   680   681   682   683   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Технооптимистік көзқарастар өз мәресіне XX ғ. 60 жж. жетті. Ол кезде 


Нуржігіт Алтынбеков 
749 
ғылыми-техникалық революция (ҒТР) жетістіктерін кеңінен өндірісте пайдалану 
қарқын алған болатын. Дж.Гелбрайт, Р.Арон т.б. ғалымдар ғылым мен техниканың 
дамуы «бүқаралық нарықты» тудырып, болашақта Жер бетіндегі барлык халықтарға 
тамаша өмір әкеледі деген ой тастады. 80 жж. Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер сияқты 
ғалымдар «ғылымның негізгі өндіргіш күшке» айналуына байланысты, барлық жер 
бетінде қорланған мәселелерді компьютерлік технологияларды өмірге енгізу арқылы 
шешуге болатынын айтты. Алайда жақын арада-ақ, ҒТР-дың теріс салдарлары да 
айқындала бастады. Көп елдер экологиялық дағдарысқа үшырады. Шикізат қорлары 
шексіз еместігі анықтала бастады. Дамыған елдер мен артта қалған елдердің арасында 
қайшылык өсе бастады т.с.с. Әрине, бүл теріс өзгерістер технопессимистік 
көзқарастарды тудырды. 
Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам адамдарды 
ғылым мен техниканың құлына айналдырады деген пікір айтты. К.Лоренц ҒТР 
адамдарды мыңдаған жылдар бойы бейімделген табиғи қоршаған ортадан жұлып 
алып, «тастан жасалған джунглиге» қамады. Кейбір адамдар жылдар бойы табиғатқа 
шыға алмайды. Автоматтар адамдарды ауыр қара жұмыстан босатқанмен, оның 
жүйкесін анағүрлым тез тоздырады. Қиындығы жоқ жеңіл өмір адамның күшті 
сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуге әкеледі. Іші пысқан адам не істерін 
білмей, өз өміріне қанағаттанбай, нашамен әуестене бастайды... 
Технопессимистер тәндік-сезімдік өмір бағдарламасынан бас тарту, тойымсыздық 
пиғылды жою, канағатқа келу мәселелерін көтерді. 
Батыста, Рим қаласында, 1968 ж. көрнекті ғалымдар «Рим клубын» құрып, 
адамзат алдында тұрған орасан зор қиын мәселелерді зерттеуге кірісті. Нәтижесінде 
«жарылған бомбадай» дүние-жүзілік қауымға әсерін тигізген «Өсудің шегі» (Тһе Limit 
оf Growth) деген баяндама 1972 ж. дүниеге келді. Бүл баяндамада Табиғат 
байлықтарының шектелгені жөнінде, әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салу 
экологиялык теңдікті жойып, адамзатты апатқа әкелу мүмкіндігі баса айтылды. Осы 
клубтың бірінші президенті А.Печчеи адамзатқа ең керекті нәрсе - руханияттылық, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   676   677   678   679   680   681   682   683   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет