Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет6/142
Дата14.01.2022
өлшемі4.68 Mb.
#24019
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
 
Өндірісті автоматтандыру кибернетика заңында негізделеді.  
Кибернетика  —  басқарудың  тәсілдері  мен  жүйелерін    зерттейтін 
ғылым,  ол  кез-келген  нәрсені  зерттейді,  мысалы:  машиналар,  тірі 
организмдер,  қоғам.  Тірі  және  өлі  табиғатты  басқару  заңдары  да 
осындай.  Біздің  еліміздің  социализмнен  капитализмге  өту  кезеңіндегі 
жалпы заңдылықтарының дамуының электрқозғалтқыш айналымының 
қуат  беруден  кейінгі  заңдылығынан  немесе  орбитаға  шыққаннан 
кейінгі  салмақсыздықты  игерген  ғарышкер  организмінен  еш 
айырмашылығы жоқ екен. 



 
Автоматика  —  өндірістік  процестерді  автоматтандырудың 
тәсілдері мен теориясын зерттейтін кибернетиканың бір бөлігі. 
Бұл  оқулықта  келесі  сұрақтар  қарастырылады:  өндірісті 
автоматтандыру  деген  не,  ол  не  үшін  керек,  ол  неден  басталады,  ол 
қалай  жүзеге  асады,  оған  қандай  техникалық  құралдар  қажет,  олар 
қалай  орналасқан  және  қалай  жұмыс  жасайды,  оларды  бірыңғай 
автоматты  жүйеге  қалай  біріктіреді  және  оны  қалай  басқарады? 
«Өндіріс» және «автоматтандыру» түсініктерін қарастырып көрейік. 
Өндіріс  анықтамасын  әртүрлі  жағынан  қарастыруға  болады    — 
экономикалық,  техникалық  және  әлеуметтік  тұрғыдан.  Жаңаша 
түсінікте жалпы түрдегі өндіріс — бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі 
үшін  маңызды  материалдық  және  материалдық  емес  игіліктер  мен 
қызметтерді қалыптастыру процесі. 
Өндірісті бірнеше санатқа бөлуге болады: 
■ 
Кен  қазу  өндірісі,  ол  табиғи  қорлар  мен  шикізат  өндіруді 
қамтамасыз етеді ( жерді қазу, балық аулау т.б.); 
■ 
Ауылшаруашылық  өндірісі,  ол  табиғаттың  қатысуымен,  яғни 
жануарлар  мен  өсімдіктерден  алынған  азық-түліктерді  өндірумен  
байланысты (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б.); 
■ 
Өңдеу  өнеркәсібі,  адамға  қажетті  бұйымдардағы  шикізатты 
өңдеумен айналысады; 
■ 
Көлік  және  сауда  қызметтері,  шикізат  пен  өнімді  өндірушіден 
тұтынушыға жеткізуші. 
Сәйкесінше,  дайын  өнім  мен  шикізатты  өндіруші,  жасаушы, 
өңдеуші,  түрлендіруші  және  жылжытушы    процесстерді  өндіріс 
процестері немесе өндірістік процестер деп атауға болады. 
Соңғы  кездері  адамның  ой  еңбегімен  байланысты  материалдық 
емес өндірістің үлесі анағұрлым өсті. Сондықтан өндірістік өнімдердің 
астарына 
дайындалатын, 
өндірілетін, 
жасалатын 
және 
жылжитындардың барлығы кіреді, бұлар – материалдық құндылықтар 
ғана  емес,  сонымен  бірге  рухани  құндылықтар  болуы  да  мүмкін: 
шикізіт,  материалдар,  бұйымдар,  энергия,  экономикалық  және  басқа 
ақпараттар,  өнер  туындысы,  компютерлік  бағдарламалыр  және 
ойындар  мен  басқа  да  көптеген  дүниелер,  бұның  барлығы  адам 
еңбегінің нәтижесі болып табылады.  
Егер  өндірістік  процесстердің  көптүрлілігін  негізгі  әрекеттері 
бойынша топтастырсақ, онда мұндай әрекеттер жасаушы, жинақтаушы, 
түрлендіруші  және  тасымалдаушы  болуы  ықтимал.  Бұл  әрекеттер 
заттардың, энергия мен ақпараттың үстінде өндірілуі мүмкін. Егер әсер 
ету объектілері ақпарат болса, онда процестер ақпараттық деп аталады, 
ал  заттар  немесе  энергия  болса,  онда  технологиялық  процесс  (ТП) 
болады. 



 
Технологиялық  процестер  —  бұл  материалдарды,  бұйымдар  мен 
энергияны жасау, жинақтау, түрлендіру және тасымалдау процестері.  
Технологиялық  процестің  мұндай  анықтамасы  жалпылама, 
абстрактілі  болып  есептеледі,  бірақ  дәл  осы  әртүрлі  өндіріс  
ерекшеліктеріндегі 
дерексіздік 
бір-бірінен 
айтарлықтай 
айырмашылығы  бар  өндірістердің  барлығының  автоматтандыру 
тәсілдемесінің бірыңғайлығын көрсетуге мүмкіндік береді.  
Өндірістік  процесстерге  адамның  қатысуы,  оның  еңбегі  шешуші 
фактор  болады  —  оның  қатысуынсыз  ешқандай  өндірістің  болуы 
мүмкін  емес.  Дегенмен,  адамның  өндіріске  қатысу  формасы  әртүрлі 
болуы  мүмкін  және  бұл  қатысудың  деңгейі  біз  оқып  отырған  пәнге 
тікелей қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет