Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет7/142
Дата14.01.2022
өлшемі4.68 Mb.
#24019
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   142
Автоматтандыру  —  бұл  өндірісте  адамдарды  өндірістік 
процестерге  тікелей  қатысудан  босататын  техникалық  құралдарды, 
әдіс-тәсілдер  мен  басқару  жүйесін  пайдалану.  Бұл  анықтамада  өте 
маңызды  ескеретін  жағдай  бар:  әңгіме  тікелей  қатысудан  босату 
жайлы,  яғни,  адам  өзі  жасаған  өндірістік  процесс  құрайтын 
әрекеттерден  босатылады.  Ақылды  адам  өзі  үшін  жұмыс  жасайтын 
машина жасап шығаруға қабілетті және ол тек физикалық жұмыстарды 
ғана емес, ой еңбектерін де орындай алады.   
Автоматтандырудың  мақсаты  өндіруді  жоғарылату  мен  еңбек 
тиімділігін  арттырудан,  өнім  сапасы  мен  адам  еңбегінің  жағдайын   
жақсартудан тұрады. 
Автоматтандыру  —  ғылыми-техникалық  прогрестің  негізгі 
бағыттарының  бірі.    Қазу  және  материалдарды  өңдеу  процестері, 
құрастырушы, энергетикалық, көліктік процестер және объектілер мен 
құрылыстарды  жобалау,  кәсіпорындар  мен  ұйымдарды  басқару  мен 
жобалау, 
ғылыми 
зерттеулер, 
медициналық 
диагностика, 
бағдарламалау 
мен 
инжинерлік 
есептеулер 
және 
т.б. 
автоматтандырылады.  
Бұл процестегі және оның түрлі этаптарындағы адам рөлі әртүрлі. 
Адамның басты ерекшелігі – саналы түрде ойлау қабілеті. Адам көтере 
алатын  жүктен  1000  есе  артық  жүкті  көтере  алатын  механизм  ойлап 
шығаруға  болады,  немесе  түймені  100  есе  тез  қадай  алатын  құрылғы 
жасап  шығаруға  болады,  бірақ  адамның  ойлау  қабілетіне  жететін 
машина әзірге жоқ.  



 
Сондықтан  адамның  ойлау  қабілеті  аз  пайдаланылатын  жерлерде 
өндірістен  адамдары  босату  анағұрлым  тиімді,  мысалы,  ауыр  дене 
еңбегінде  және  миды  шаршатып  жіберетін  бірқалыпты  және 
бірсарынды  бағытта.  Ол  үзіліссіз  жұмыс  жасайтын  өндірістерде  де 
тиімді,  себебі  адамды  алмастырушы  машина  түскі  асқа  үзіліс 
сұрамайды  және  демалыссыз  тәулік  бойы  жұмыс  жасай  береді.  Ол 
адамдарға  қауіп  төндіретін  орындарға,  адамның  қолы  жетпейтін 
жылдам әрекеттерді қажет ететін жерлерге керек.  
Материалдық  емес  өндірістің  мына  түрлері:  жобалау, 
бағдарламалау,  кәсіпорындарды  басқару  мен  ұйымдастыру,  білім 
саласы,  өнер  көп  ретте  адамның  ойлау  қызметіне  сүйенеді.    Мұнда 
адамның  тікелей  қатысуынсыз  ештеңе  мүмкін  емес.  Әрине,  онда 
адамдарды  босатуға  болатын  процесстер  бар  (мысалы  мәліметтер 
базасын  жасау,  құжаттарды  іздеу  және  т.б.),  бірақ  бұл  адамды 
өндірістен  шеттету  емес,  керісінше,  осы  саладағы  еңбек  қызметінен 
босамайтын адамдарға көмек деп қарастыруға болады.  
Әсіресе,  бірінші  кезекте,  адамдарды  материалдық  өндіріс 
процестеріне  тікелей  қатысудан  босату,  яғни,  технологиялық 
процестерден босату  маңызды. Бұл  автоматтандыру  бағыты,  яғни,  біз 
технологиялық  процесстерді  автоматтандыруды  қарастыратын 
боламыз. 
Технологиялық 
процестер 
технологиялық 
деп 
аталатын 
жабдықтардың көмегімен жүзеге асады. Процестің жобаланғандай өтуі 
үшін  ол  жабдықты  басқаруы  керек,  яғни,  белгілі  шарттары  бойынша 
әсер ету қажет. 
ТП-ны  жүзеге  асыратын  техникалық  жабдықтардың  жиынтығы 
басқару объектісі болып табылады. Мұндай объектіге автомобиль мен 
оның  бөлшектерін  жатқызуға  болады  -  жүргізушімен  басқарылатын 
рөлді басқару; тежегіштер мен беріліс қорабы; ұшақтар, онда басқару 
автопилотқа,  яғни,  автоматты  қондырғыға  тапсырылған;  цехтары 
толықтай автоматтандырылған металлургия зауыты.  
Кез келген технологиялық процесс белгілі бір мақсатқа қол жеткізу 
үшін  ұйымдастырылады.  Жоғары  сапаны  қамтамасыз  ету  үшін  ТП 
жүрісін  бақылаумен  бірге,  технологиялық  жабдықтың  да  жұмысын 
қадағалау қажет.  Бұған тек жан-жақты ақпараттар жинау арқылы қол 
жеткізуге болады.  
ТП-ның  өтуі  мен  жабдықтың  күйі  мезгілдің  әр  сәтінде  түрлі 
физикалық  шамаларға  байланысты  сипатталады:  температурамен, 
қысыммен,  жылжумен,  жылдамдықпен,  шапшаңдықпен,  газдар  мен 
сұйықтық шығынымен, электр кернеуімен, тоқ күшімен және т.б. 



 
 
Бұл 
шамалар 
технологиялық  параметрлер  деп  аталады. 
Технологиялық  процесс  пен  жабдықтың  жұмысы  барысында  бұл 
шаманың мәні үздіксіз өзгеріп отырады. Бақылауды жүзеге асыру үшін 
процесті жүргізуші оператор технологиялық параметрлердің мәні мен 
олардың оған ыңғайлы түрге өзгергендігі туралы мәлімет алуы керек, 
яғни,  барлық  қажетті  жиынтықтармен,  сараптамалармен  және 
болжамдармен.  Сөйтіп,  бақылау  құрастыруды,  өңдеуді,  сараптауды 
және  операторға  ТП  туралы  ақпарат  беру  мен  жабдықтың  жұмысын 
қамтиды. 
Бақылау  барысында  алынған  ақпарат  ТП-ның  оның  жобаланған 
барысына  толық  сәйкес  өтуін  қамтамасыз  ету  мақсатында  
технологиялық  жабдықтарға  әсер  ету  үшін,  яғни,  технологиялық 
процесті басқару үшін пайдаланылады. 
 
Технологиялық 
процестерді 
автоматтандыру 
— 
бұл 
технологиялық  құралдарды,  құрастыруға  арналған  басқару  жүйелері 
мен тәсілдерін пайдалану, өңдеулер, сараптамалар және технологиялық 
параметрлер  жайлы  ақпараттарды  беру  және  сараптама  нәтижесі 
бойынша технологиялық процеске әсер ету.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   142




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет