Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДЕ ҚАУІПСІЗДІГІН



бет11/67
Дата19.01.2023
өлшемі0.81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДЕ ҚАУІПСІЗДІГІН
ЖҰМЫС ЖАСАУ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
Дербес электрондық есеп машиналарын (ДЭЕМ) пайдаланушыға теріс әсерін тигізетін жағымсыз факорлардың үлкен мөлшері (электро-магниттік өріс, электростатикалық өріс, жылудың бөлінуі, психофизиялық жүктемелер, көзге түсетін жүктемелер) компьютермен жұмыс жасаудың қауіпсіз жағдай жасауға арналған санитарлық-гигиеналық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешенінің әзірленуіне ықпал етті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) адам үшін қауіпті және зиянды әсерлерді азайтуға бағытталған келесі ұсынымдарды әзірледі:

  • ДЭЕМ пайдаланушының жұмыс орнына талаптар;

  • монитордың техникалық сипаттарына талаптар;

  • медициналық көрсеткіштер бойынша шектеулер;

  • жұмыс қызметін ұйымдастыру бойынша талаптар.

Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік акт ұйымдастырушылық- техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдеу-профилактикалық шараларкешенін белгілейды. Олар:

  • қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

  • қызметкерлердің денсаулығын сақтауға;

  • . еңбек ету процесінде қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін сақтауға бағытталған;

Еңбекті қорау жөніндегі нормативтік актілерге мыналар жатады: 1) төменде көрсетілгендермен бекітілетін Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің стандарттары:

  • мемлекеттік стандарттар (МСТ) - Ресей Федеациясының Стандарттау, метрология және сертификаттандыру комитетімен және Ресей Федерациясының Архитектура, құрылыс мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетімен.

  • салалық стандарттар (ССТ) - атқарушы биліктің сәйкес федералды органдарымен;

  • кәсіпорындардың стандарттары (КСС) - кәсіпорындармен;

  1. РФ Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетімен бекітілген санитарлық ережелер, нормалар және гигиеналық нормативтер;

  2. Ресейдің сәйкес федералды қадағалау органдарымен бекітілетін қауіпсіз пайдалану және құру ережелері, қауіпсіздік (өрт, техникалық, жарылғы және электр қауіпсіздігі) ережелері;

  3. Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту тәртібі туралы ережеде қарастырылған тәртіпте бекітілетін Еңбекті қорғау жөніндегі ереже, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар;

  4. Атқарушы биліктің сәйкес федералды органдарымен бекітілетін ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттар (ережелер, әдістемелік нұсқаулар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет