Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



бет16/67
Дата19.01.2023
өлшемі0.81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
2.11.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Жұмыс берушілердің қызметкерлердің денсаулығы туралы қамқорлығы - жай ғана бос сөз емес, өйткені қызметкерлер еңбекті қорғауды қаржыландыруға ешқандай шығын шығармайды.
Еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көздерін қарастырайық. Еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржылық ету Ресей Федерациясы бюджетінде, Ресей Федерациясы субъектілерінің бюджеттерінде, қалалар бюджеттерінде жеке арналып бөлінетін қаражат, кәсіпорындар кірісі, сондай-ақ олардың еңбекті қорғау қорлары есебінен іске асырылады.
Еңбекті қорғау қорлары үш деңгейде қалыптастырылады:

Еңбекті қорғаудың федералдық қоры РФ Үкіметі және Ресей Федерациясы субъектілері бөлетін нысанды ақша бөлулер, кәсіпорындардың еңбекті қорғау қорлары қаражатының бөлігі, лауазымды тұлғаларға еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді бұзғандары үшін салынатын айыппұлдар сомасы, мемлекеттік (міндетті) әлеуметтік сақтандыру қорынан аударымдар, кәсіпорындардың ерікті аударымдары есебінен қалыптастырылады.
Еңбекті қорғаудың аумақтық қорлары Ресей Федерациясының әкімшілік-аумақтық құрылымдары бюджеттерінің,
кәсіпорындардың еңбекті қорғау қорлары қаражаты бөлігінің қаржыландыруы есебінен қалыптастырылады.
Кәсторындардың еңбекті қорғау қорлары жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы еңбекті қорғау жөніндегі ұжымдық шарттарда және келісімдерде белгіленген мөлшерде кәсіпорындардың кірістері есебінен қалыптастырылады.
Атап көрсетілген қорлардан өзге еңбекті қорғаудың қоғамдық қорлары құрылуы мүмкін.
Еңбекті қорғау қорларының қаражаттары тек қызметкерлерді сауықтыруға және олардың еңбек жағдайларын жақсартуға ғана пайдаланыла алады. Еңбекті қорғау қорларының қаражаттарын нысансыз пайдаланатын кәсіпорындар, қорлардан шығарылған қаражатты толық өтейді және Еңбекті қорғаудың федералдық қорына нысан бойынша пайдаланылмаған қаражаттың 100 %-ы мөлшерінде айып төлейді.
Еңбекті қорғауды басқарудың экономикалық тетігі мыналардан тұрады:

  • жұмыс берушінің еңбек жағдайларын жақсартуға және еңбекті қорғаудың барынша жетілдірілген құралдарын енгізуге экономикалық мүдделілігін қамтамасыз ету;

  • еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау және қаржыландыру;

  • еңбектің қауіпті, зиянды және ауыр жағдайлары үшін жұмыс берушінің экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету;

  • өндірістің заманауи техникалық деңгейі барысында жоюға келмейтін ауыр жұмыстар үшін және еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларындағы жұмыстар үшін қызметкерлерге өтемақылар мен жеңілдіктер беру.

Сонымен, еңбекті қорғау жөнінде кәсіпорында жүргізілетін шаралар кәсіпорын қаражаты есебінен ғана іске асырылып қоймайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен де
қаржыландырылады. Жұмыс беруші қызметкерлердің
денсаулығына және тиісті еңбек жағдайларына қаржы сала отырып, өз кезегінде, қызметкерлерінің жұмысты барынша сапалы орындауына және қаржылық шығыстарды үнемдеуге қолжеткізеді.
1.3.қосымшада берілген практикалық тапсырмаларды, тест тапсырмаларын және дербес жұмыс үшін тапсырмаларды орындаңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет