Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет15/128
Дата27.10.2022
өлшемі8.52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128
мында өзіндік ерекше болу жолы немесе тәсілі. О ны ң өзіндік орны да 
осында. Егер олай болмаса, адамдар бір-біріне моральдық-күқыктық 
т.б. талаптар қоя алар ма еді? О сы ндай талап қою ж ән е ондай 
тортіптерді бүзғаны қылмыс деп кдралып, сол үшін соттау ж әне адамды 
оз іс-эрекеттерінің бірден-бір иесі (авторы) деп тануға байланысты. 
Адамнан оған тоуелсіз, оны ң ырқында ж оқ ңөрсені қалай талап етуге 
болады? О ны ң себебі, эр адам өз істегенінің ең ақырғы бастамасы, 
себепшісі, жасаушысы деп танылғандықтан. Қасқырды қасқы рлы қ 
қылығы үшін жояды, адамды қасқы рлы қ қы лығы үшін соттайды, 
жазалайды. Қасқыр басқаша тіршілік ете алмайды, оны ң қасқы р бол- 
мауға мүмкіндігі жоқ, оны ң жаратылысы солай, ал адам ол жолды өзі 
тандап алған, оны ң басқа болуға мүмкіндігі бар. Қарапайым сана- 
дағы ж ақсы лы қ пен жамандық, өділеттілік пен әділетсіздік, қайы - 
рымдылық пен озбырлық, борыш, кінә мен күнә, ар-үят, жаза сияқты 
т. т. үғымдар мен талаптардың негізі де осы. Ж ауапкерш ілік те солай. 
Бүкіл рухани мәдениет осыны айқындайды.
Еркіндікке байланысты адамның бүкіл хайуанаттар дүниесінен 
озгеше белгісі - универсалдық. У ниверсалдық адам болмысыны ң жеке 
бір зандылығында емес. Ол адамға, керісінш е, еш бір жеке дербес 
зандылы қ тән емес деген соз. Адам жасаған дүние оны ң игере, түсіне 
алатын барлық әлем зандылықтарына ашық. Ол бүкіл әлемді бойына 
сіңіре алады, бүкіл әлемнен, соны ң мүқтажымен, тағдырымен, ты- 
нысымен өмір сүре алады. Дамыған адамның жан-дүниесі бүкіл әлемге 
барабар. Осыны универсалдық деуге болады. Бүл, әрине, әрбір адам 
тап осылай деген сөз емес, оны ң мазмүны - еркіндік осындай болуға 
жол ашады деген сәз. Озінің бүкіл әлемге аш ықтыгын тек адамның
34


өзі ғана жаба алады. Ол да еркіндіктің белгісі, өйткені еркін болу - 
сол еркіндіктен бас тартуға да мүмкіндіктің барлығын көрсетеді. Яғни, 
еркіндік өзіне қарама-қарсы қалыпты - күлшылыкты да (тәуелділікті) 
өзінің қүрамды бөлігі етіп түр.
Өзіне өзі ие болу, өзін бағдарлап билей білу әр адамны ң да, 
түтас бір адамдар бірлігінің де, яғни халықтар, үлттар, таптар т.т.- 
дың да субъектілік деңгейіне байланысты. Ол деңгей олардың қалы п- 
тасу, дамуының әр кезеңдерінде ж әне әр қилы тарихи жағдайларда 
әртүрлі, соған байланысты еркіндіктің нақгы мазмүны, сипаты да 
өзгеріп жатады. Ауқымы да кеңейеді. Неліктен еркіндікті біз адам- 
ны ң дүниеде болуының ең алғаш қы негізі дейміз? Сондай негіз деп 
адамны ң практикалы қ қызметін, іс-әрекетті айтуға болмас па еді? 
Дүниені ж әне өзін өзгертуден болмыстың барлық формалары бастал- 
май ма? Еркіндік соны ң нәтижесінде келмей ме? Ең алдымен еш қан- 
дай айырмаш ылығы ж оқ бір қызметтің әртүрлі жағдайда адам үшін 
мәнділігі басқаша бола беруі мүмкін. Яғни, бір адамның өзінің сол 
қ ы з м е т к е ә р
кезде ж аңа бір м ән беруі болып отырады. Ал бірдей 
қызметтің әртүрлі адамдар үшін алуан түрлі мәні болатынын айтпаса 
да түсінікті. М ысалы, адамға үлгілі оқу өзінің тікелей мақсатынан 
бөлек саналуан мәнділіктер үшін болатынын психология дәлелдейді. 
Ол мысалы: білімді маман болу, басқа бір кісілерден арты қ болып 
түру, қогамда биік мәртебеге жету т.т. үшін. Тіпті білімділікті әртүрлі 
ж аман пигы лдары на жетуге қүрал ретінде көретіндер де болады.
А.Н.Толстойдың “Инженер Гариннің гиперболоиды” деген романында 
Гарин өзінің аш қан техникалы қ жаңалыгын адамзатқа үстемдікке же- 
тудің күралы еткісі келген ж оқ па еді? Я ғни, мәнділікті тандау тіке- 
лей істейтін еңбектің, іс-әрекеттің негізінде жатады, олардан бүрын 
болады ж әне іс-әрекетті өзіне бағындырады. Егер белгілі бір мәнділік 
жогалатын болса, сол үшін атқарылатын іске үмтылушылық қүриды. 
М әнділікті талгау, немесе талғамау адам іс-әрекеттерінің бағытты- 
лығын немесе багытсыздыгын анықтайды. Іс-әрекеттің нәтижесінде 
келетін еркін д ік алгаш қы түпкі еркін діктен тіптен басқаш а. Бүл 
еркіндік оз ісін игергеннің арқасында адамның еркін қимыл, әрекет 
етуі, сыртқы ж әне өз табигатына үстемдігі. Ол белгілі бір мәнділікті 
тандағаннан кейінгі соған апаратын іс-әрекеттің жетілгендігі. Түпкі 
еркіндік барлық уақытта бар. Оны адам өзінің адамдық, субъектілік 
қасиетін жогалтпай түрып, жоғалта алмайды. Ол адамның адам болу 
қалпымен бірге берілген, тіпті сол адамдық қалы птың өзі осы. С он- 
ды қган да іс-әрекет еркіндікті туғызбайды, керісінш е, еркіндік іс- 
әрекетті туғызады.
Бүл жерде адамны ң осы еркіндікпен барабар қалпы қалай, ненің 
нәтижесінде пайда болған деген мәселені зерттей алмаймыз. Ол био-
35


логиялы қ эволю цияны ң нәтижесі ме, әлде басқа бір күштің нәтижесі 
ме деген таластар мәселенің ш еңберінен тыс нәрсе деп білеміз. Олар 
бәрі де адамның табиғатын одан тыс бір күш аны қтай алады дейтін 
көзқарастар.
Алғашқы еркіндік адамның дүниеде болуының бастамасы ғана. 
Осындай болудың белгілі бір жолдары мен үрдістерін қалаған адам 
оны өмірде орнату ж әне нығайту үшін соған сай іс-әрекеттерге көшуі 
қажет. Олар да сан түрлі. Олардың сандаған түрлерін адамдар тауып, 
өмірге ендіріп жатады. Соларды табу, тандау, іске асыру еркіндіктің 
басқа жақтары. Адам өз іс-әрекетінен ш ексіз кең ауқымды да әрі 
терең, жан-жақты. Д әлірек айтсақ - ол универсалды. О ның универ- 
с а л д ы ғ ы б о й ы н д а ғ ы б а р , т а п о с ы н д а ғ ы ж ә н е т а п қ а з ір г і 
мүмкіндіктерінің дарқандығы мен саналуандығында ғана емес, оның 
үнемі мүмкіндіктердің жаңа бір деңгейі мен ауқымына өте алатын- 
дығыңда. Сондықтан оны ң іске асқан, іске асып жатқан қызметтері 
мсн нотижелері белгілі бір көріністер ғана. Олар адам мазмүнын, әрине 
сарқа куәлондіре алмайды. Олай куәләндіру мүмкін емес. Сыртқы 
әрекеттер мен нотижелерде көрінбеген, көріне алмайтын, субъектінің 
тіпті көрсеткісі келм ейтін, ал көп жағдайда он ы ң өзіне де толы қ 
мәнінде беймәлім мағыналар жатады. Сондықтан да адамды, субъ- 
ектіні оны ң ісімен ғана түсіндіруге болады деген көзқарас кате. Субъ- 
ектінің дүниемен, басқа адамдармен байланысы сонш алыкты жан- 
жақты, оны ң нәр алып жататын сабақтастықгары тікелей іс-әрекет- 
термен шектелмейді. Іс-әрекеттер сондай сабақтастықтардың бір са­
ласы ж әне дүниемен арақатынастың сыртқы көріну формасы. Адам­
ды к белгілі бір мағыналықты сыртқы заттар мен процестерге сіңіру 
оларға әртүрлі ф ункциялы қ сипат береді. Олар сол мағыналықтың 
ж әй белгісі болуы ғана мүмкін. Бүл міндетті түрде адам жасаған зат 
емес. Кез келген табиғи қүбылыс белгі бола алады. Белгі мен белгіле- 
нетін мағы наның арасында үқсасты қ немесе сәйкестік болу міндет 
емес. Тағы бір заттар мен күбылыстар көрсететін мағынасына белгілі 
үқсастыққа қүрылып, көбінесе символ (емексітетін мағынаға оның 
бір емеуріні) қызметін атқарады. Тікелей туындайтын бүйымдар мен 
құралдардың қызметі түсінікті. Бірақ, адам жасаған, пайдаланатын 
немесе оған қатысты құбылыстардың негізгі қызметінен басқа көпте- 
ген қатынастардағы өзгеше функциялары бар. Олар көп функциялы. 
Қолданатын саймандарымыз тек күрал ғана емес. Ол әрі белгі, әрі 
символ. Соны мен бірге олар адамдардың дүниеге ж әне өзара қаты- 
настары ны ң сипаты н да белгілі дәрежеде куәләндіріп түрады. Бүл 
сырткы адамдык мазмүнга ие болған заттар мен қүбылыстар әр жан- 
ны ң бүкпелі сырларын түгелдей жария етпейді дедік. Олар, олай бол­
са, әркім нің басқаларға арнай алатын, басқалармен бірлесуге, қоғам-
36


дасуға, ортақ катынастарды түзеуге қажетті ж әне өзі үшін ғана емес, 
басқалар үшін де мағыналы нәрселер, мағыналы нәтижелер деп есеп- 
тейтін мазмүндары.
Яғни, заттану мен затсыздану - қоғамдасудың алғышарттары- 
н ы ң бірі. Д әлірек айтсақ, соны мүмкін ететін ж әне қоғамдасуды іске 
асырып отыратын процестер. Ол арқылы эр адам өзіндегі басқалар 
үшін де мағыналы нәрсені жария етеді, оған өзінен тыс бөгде фор- 
маға енген болмыс береді. О ның ол мағынасын басқа адамдар игеріп 
иемдеге алады, сол мағыналықты өз бойына сіңіріп, өзіндік ете ала­
ды. С оны ң арқасында әр адамдағы басқалар үшін мағыналы нәрсе 
жекеліктен қоғамдыққа, қоғамдасқан болмыстың бір күрамды бөлігіне 
айналады. О ны ң үстіне егер ол мағыналы нәрсе айры қш а түрақты 
мәнге ие бола алса, басқалардың да ықпалына үшырап, қайта жаңғыр- 
тылып, өңделіп отыратындықтан, алғаш қы ж алқы лы қ белгілерінен 
адаланып, ж алпы лы қ сипатқа ие болады. Бірақ, барлық өзгерістер 
жалқылықтан бастау алады.
Адам мен адамның арасындағы қоғамды қ қатынастардың ішкі 
сыры осында. Дүниеге келгенде өзіне лайықталған дайын болмысты 
таппайтын жандар ғана қоғамды қ қатынастар орнатып, қоғамдасады. 
Себебі, жануарлар табындарында бір жануар екінші жануардың қабілет 
мүмкіндігін тікелей игеріп, бойына сіңіре алмайды, қатар тіршілік 
етуші жануарлар арасында ондай сан алуан мағыналар әрқайсы сы нда 
дербес туындап, олар өз ара бірін-бірі байытып, алмасып жата ал­
м айды . С о н д ы қтан б и о л о ги ял ы қ түрдің дам уы н да тәж ір и б е бір 
үрпактан еқінш і үрпаққа тек түқым қуалау жолымен берілуі мүмкін. 
Ол тәжірибеге өзінің организмдік тәнінен бөлек, бөгде форма бе- 
рудің оларда тіпті ныш аны да жоқ. Кейбір жануарлардың жасайтын 
үялары, індері сияқты нәтижелері басқалармен қатынас жасаудың 
ж олдары емес, қоғамдасуды ң қүралы ем ес, он ы ң тек тірш іліктік 
маңызы бар. Олар әрбір жеке жануардың баска жануарларға бағыш- 
талған катынасы емес. Ал бір уакыттағы замандас адамдардың бірінің 
қолы жеткен бүкіл субъектілік болмысы, дүниеге біршама жаңа түрлі 
қатынасы, оны ң дүниені басқа түрде көріп, үғынып, басқаш а сезінуі 
басқаларына сонш алықгы эсер етіп, олардың бүкіл болмыс тіршілігінің 
өзгеруіне себепті болып жатады. М ысалы, А .С.П уш кин мен Абай, 
әрқайсы сы дүниені жаңаш а түсіну ғана емес, басқаша түсінудің де өз 
замандастары үшін бастамасы болды.
Заттану ж әне затсыздану адамдарды үрпақтары мен үрпақтары- 
н ы ң , зам ан мен зам ан н ы ң ж елісі үзілмей ж алғасуы ны ң, бірінен 
екіншісінің рухани нәр алып отыруының жолы. Адамзаттың үрпақтары 
ғана емес, әр замандағы жеке түлғалардың да бір-бірімен тілдесіп, 
үндесіп, тіпті сырласып отыруының кепілі. Абайдың өз замандаста-
37


ры ны ң көбісімен түсіністік таба алмай, әлі жоқ, бірақ келетін ұрпақтың 
адамдарына үміт артып, соларға мұңын шағатыны осындай сабақта- 
стықтың болу мүмкіндігінен. Қазіргі біздер сол үміттерді ш ы н мәнінде 
ақтай алдық па екен? Бүл әркім нің өзі туралы ойланаты н мәселесі. 
Сол арқылы әрқайсы мы з қазір өткеннің жалпыланған нәтижелерімен 
ғана емес, П латонны ң да, Аристотельдің де, Абайдың да әрқайсымен 
жеке түлға ретінде сүхбаттасамыз. Қ үрғақ ж алпы лы қ түлғаның жа- 
ны н қозғамауы мүмкін, ал жеке түлғаның ж ан толқынысы көбінесе 
немқүрайды қалдырмайды. Осылар туралы айта келіп, М аркс өзінің 
алғаш қы е ң б е к те р ін ің бірінде: б асқ ал ар д ы ң сезім д ері м ен ж ан
күйзелістері, м енің сезімдерім мен ж ан күйзелістеріме айналады - 
деген.
Осыған сай адамның да дүниеде болу-болмауы өмір мен өлімнің 
өзіне де өзгеше м ән береді. Адам үшін өмір мен өлім тікелей тәннің 
тірілігі м ен өлуім ен ш ектелм ейді. Ж ануарлар үш ін болу тән н ің
тіршілігімен барабар. Ал егер ол тірілік өз ш еңберінен шыға алатын 
болса, ж аңа басқа, тірілік яғни өз түқымы, өз төлі арқылы жалғасады. 
Адам өмірі өз тәнінің тірілігінен ш ексіз ауқымды. М әрт жанды адам 
бүкіл әлем нің өмірімен омір сүреді дегенбіз. С оны мен қатар ол өмірін 
тек құлқы нны ң қүлы болуға дейін тарылта алады. Олай болса өмірдің 
де, өлімнің де мәнділігі адамдар үшін әртүрлі. Онда универсалдык 
шексіздік те, жер қүртының тірілігіндей соқьірлы қ та бар. Екі мы ң 
жылдан астам бүрын болған П латон бізбен 'әлі сүхбаттасады, біреу- 
лерді иландырып, ал екінш і біреулерді ымыраға келмейтін қарсылас- 
тары етеді. Оны мен бір тірі адамдай қатынас жасауға тура келеді. Ал 
бүл тірілік емес пе? Ж ақсы болсын, жаман болсын ол біздің тағды- 
рымызға әлі де белгілі әсерін тигізіп келе жатқан ж о қ па? Адамның 
барлық болмысы оны ң тірі тәнім ен бізге ж оқ болатын болса, осылай 
болар ма еді? Я ғни адам тәнінің өлімімен бірге өлмеуі де мүмкін. Сол 
сияқты адамдық өлім тән н ің олімінен бүрын келуі де ықгимал. Т ән 
әлі тірі, бірақ адам жоқ. Бүл да өмірде кездеседі. Өзінің адамдық 
болмысын жасауға жетпеген, өз ы рқы на өзі ие бола алмаған немесе 
соған қабілетінен айырылған адамның тірілігі оның өзіне емес, қоғамға 
трагедия. Оған жасалатын қам қорлы к адамның адамдық болмысты 
қадірлеуінің белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет