Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет20/128
Дата27.10.2022
өлшемі8.52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128
Реальдық пен идеалдықтың
шекарасы осы жерден ажырайды. 
Яғни қоғамдық өмірде, адам жасаған дүниеде реалдык нәрсе адам- 
ның өзі. Реальдық өзінің болуының бірден-бір негізі өзі болатын нәрсе. 
Оның болуы басқа, одан тыс нәрселерге қаншалық қажетті байланы- 
ста болғанымен, түпкілікті себебі тек озінде. Идеалдық субъектінің 
болуының негізгі қасиеті. Онсыз адам субъект бола алмайды. Идеал- 
дық реалды күбылыстың өкілдік формасы. Ол бір заттың, не про- 
цестің өзінің барлық объективтілік болмысымен, заттық қалпы, не 
пішінімен екінші заттың бүтін табиғатының белгісі, суреттемесі, 
көрсеткіші, окілі болып түратындығы. Адамның жасаған бүйымда- 
рының бәрі де оның жеке болмысынан тыс дүниедегі белгілері, су- 
реттемелері, корсеткіштері, окілдері. Олардың заттық, объективтік 
болмысы, пішіні не функциялары адам туралы сыр шертеді, соны 
бейнелейді, адамдық мәнмен сәулеленіп түрады. Түтас бір дәуірдегі 
мәдениеттің заттық бүйымдары бүтін бір жүйені күрап, сол дәуірдегі 
адамзаттың, бір халықтың т. б. автопортреттерін береді деуге болады. 
Яғни олардың бәрі бір сөзбен айтқанда адамның, адамзаттың бей- 
несі. Өзін-озі жасау үшін оз болмысын озі түзеу үшін, оған иелік ету 
үшін адам озін озі сырткы объектідей коре алуы қажет. Өзін дамыту 
үшін, озінің мазмүнын универсалдық дүниемен тепе-тең ету үшін, 
сол әлемді игеру үшін, оған сол әлемнің де бейнесін жасап, жан дүни- 
есінің қүрамды болігіне айналдырып отыруы тиіс. Әрбір жасалған 
бейне игерілген адам ды қ дүниеден тыс м азм үн н ы ң адам ды қ 
мазмүнмен, мәнмен үйлескен бірлігі болуы тиіс. Бүкіл әлемді игеру,
63


тану, сезіну тынымсыз болып жататын процесс болғандықган, олар 
негізінде кобінесе идеалдық формада отеді. Бейнелеу адамның бүкіл 
әлемді жаны мен ойына сыйғызудың, сіңірудің жолы. Тікелей бол- 
мыстық формада оны адам оз өміріндегі бар формаларға айналдыра 
алмас еді.
Заттанған, объективтенген формалар адамдардың қогамдасуы- 
ның жолы екендігін айтқанбыз. Адамдардың бір-біріне қатынасы тек 
заттанған, объективтенген нәтижелер арқылы іске асады. Екінші 
жағынан қоғамдаскан адамдар гана өрқайсысының қолы жеткен нә- 
тижесін, тәжірибесін, ой-сезімдерін т.т. басқалардың да үлесіне ай­
налдыра алады. Бірігіп істейтін ең қарапайым істің өзі адамдардың 
әрекеттерін үйлестіру үшін әрбір жаңалықты, деректі бір-біріне 
жеткізуді қажет етеді. Объективтенген формалардагы адамдық мазмүны 
сондықтан да жалпы адамдық маңыздылықты білдіріп түруы қажет. 
Әрбір қогам мүшесінің атқарган ісінің, ойлауының нәтижесі сыртқы 
формада, ягни басқалардың сезім органдары аркылы қабылдай ала­
тын формада, бәріне де таныс, ортақ белгілерде көрінуі тиіс. Ол нә- 
тиже соны іске асырған адамның басқаларға бағышталған қатынасы. 
Ол нәтиже оз иесінің басқаларга багыштаган окілетті елшісі. Оның 
сипатына қарай басқалар да оган белгілі бір қатынас жасайды. Объ­
ективтенген нәтиже өз иесі (субъект) туралы хабардың, деректердің 
көзі. Осының бәрі бейне деген үғымға кіреді.
Өзара байланысты күбылыстарда олардың әрқайсының тікелей 
болмыстық қалпы басқаларының ішкі табиғатының көріну формасы 
болып түратындыгын М аркс адамдардың өзара қатынастарында 
көрсеткен. Адам Петр адам Павелдың бүкіл болмысынан жалпы адам- 
заттық болмысты танып, өзін де сол арқылы адам деп таниды, сүйтіп 
осы ортақ тектілікті сезінумен өздерін және басқаларды да бүтін адам- 
заттың өкілдері деп қарайды. Яғни Петр да, Павел да және басқа 
адамдар да әрі реалдық, әрі идеалдық қүбылыстар. Реальдық және 
идеалдық адамдардың өздерінің екі ажырамас жақтары. Себебі адам 
бүкіл өзі жасаған дүниесімен бірге гана адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет