Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет23/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   128
Ойлау әр адамнан тыс дүниенің 
сырына да, оның өз сырына да, өзінен тыс объектідей катынас жасап 
бойлай алатын және соның негізінде өзінің идеалдық дүниесін жасай- 
тын адамның кызметі.
Оған субъективтік психикалык кызмет те, әрі 
сыртқы дүниеде іс-әрекет түрінде жалғасатын түрі де жатады. 
Ойлау - 
барлык психикалык процестерді камтиды.
Олай болатын себебі, белгілі 
дәрежеде калыптасқан әрбір адамның сырткы нәрселерді түйсінуінің 
өзі де оның бүрын бойына сіңірген барлық өмірлік тәжірибесі, дүни- 
ені түсінуі, болмыстың мәнділігі хакындағы оның талғамдарына каты- 
сады, сол түйсінуге мағына береді. Әрбір үстап, көріп, түрін, түсін, 
қатты, жүмсақтығын, формасын т. т. түйсініп қабылдау жәй физио- 
логиялык нәрсе емес, оның не нәрсе екенін анықтау, онымен сүйсіну, 
немесе жирену, яғни белгілі бір бағалаушылык сезімін де туғызады.
§ 3

Бейнелеу және жар am ымпаздық 
(творчество)
Бірақ каншалықты маңызды болғанымен бар нэрсенің бейнесін 
күрау ойлаудың, идеалдықтың бірден-бір қасиеті де емес, әрі ең 
негізгісі де емес. Бейнелеудің адам болмысындағы шешуші функци- 
ясы - жаратымпаздық. Өмірде бүрын қалыптаскан, жасалынған 
жағдайларды, заттарды бейнелеу, әрине, үлкен қызмет атқарады. 
Дәлірек айтсақ ондай бейнелеу бар, бірак ол соңынан болатын, екінші 
қатардағы қьізмет. Адам ойлауының негізгі мақсаты әрі қызметі - ол
67


өмірде бүрын болмаған жаңа нәрсені идеалдық, бейнелік түрде жа­
сау. Бірақ мүны түсіндірмес бүрын біз ойлаудың өзі қандай қызмет 
екендігіне тоқталайық.
Біздің идеалдық деген категориямызга ойлау да жатады. Ойлау 
оның тіпті негізгі, шын мәніндегі өз формасы. Осыған дейінгі ай- 
тылған идеалдықтың бейнелеу екендігі өмірдегі бар нәрсенің бейнесі 
деген мағынада болды. Ал идеалдықтың шын оз формасы - ойлау - 
бар нәрсені ғана бейнелемейді. Оның негізгі қызметі - әлі адамдық 
өмірде жоқ, әлі тумаған, өмірге келмеген нәрселерді бейнелеу. Ойлау 
адамдардың рухани қызметі. Рухани қызметінің тудырған нәрселері 
екінің бірінде әлі болмыста жоқ, әлі іске аспаған, бірақ адамдарға 
қажетті, іске асуға лайықты, кейде тіпті олардың аңсайтын арманда- 
ры болып түрады. Оларды өмірде жоқ дейтініміз тек болмыстық фор­
мада жоқ деген мағынада. Әйтпесе рухани омірімізде бар, бар болғанда, 
тіпті күнделікті тіршілігімізді үнемі сәулелендіріп, үнемі өзіне тартып 
отыратын күштер. Болмыстың тікелей формасында болмаса да, олар- 
дың шын мәніндегі барлыгы, біздің іс-әрекеттеріміздің үнемі жетекшісі 
екендіктерінде дау жоқ. Оны әркім өз өмірінен біледі.
Ж о қ н әр сен і қалай бейнелеуге болады деген сүрақ тууы 
мүмкін.Тіпті ол еш ақылға симастық қағида болып көрінер де. Бірақ 
адамдық ойлаудың айрықша табиғаты да осында. Оның қиялы өмірінде 
бүрын болмаған, бірақ болуы мүмкін нәрселерді қүрастырып, өндеп, 
түзеп жатады. Әркім даму деңгейіне қарай өзінің озгеше рухани әлемін 
жасайды. Олардың сыртқьі кимыл, іс, әрекеттерінде оның көпшілігі 
көрінбеуі де мүмкін. Ол әр адамның өзгелерден окшауланатын, қоргай 
алатын озіндік дербес кеңістігі, мөлдек территориясы.
Адамдар болмысында пайда болатын коп жаңа қүбылыстар ең 
алдымен оның ойлау дүниесінде туады. Ол бірақ міндетті түрде сана­
лы формада емес, бейсаналық дәрежеде болуы мүмкін. Адамдардың 
әлеуметтік өмірінде, соның тарихында ендірген, іске асқан нәрсе- 
лерінің бәрі дерлік бүрын табигатта болмайтын, кездеспейтін қүбы- 
лыстар. Ең карапайым күраддардың озін мысал ретінде талдап кара- 
сак та соны көреміз. Кремний тасынан өткірлеп кашалган балтаның 
басын агаш сапқа мықтап шандыган түрін алсақ, ол да бір кезде жаңа 
бір әлуетті кару болып өмірге кіргені мәлім. Бүрыннан қүралган бүтін 
тәжірибені, қатынастарды, өзінің мүқтаждықтары мен мақсаттарын 
барлыгын қосқанда да, олардан тікелей балтаның бейнесі тумайды. 
Олар тек алғышарттар гана. Адам оз ойында,әрине, солардың бәріне 
сүйенеді. Ягни біздің айтпағымыз: бүл жерде балтаның бейнесі тіке- 
лей бар нәрсенің ойдагы суреті емес. Бар нәрсе - кесу, шабу функци- 
ясы және заттардың сол кездегі адамдарга таныс қасиеттері. Тікелей 
тәжірибеден туындайтын болып көрініп түрса да, мүндагы талас тугыза
68


алмайтын нәрсе, пайда болған балта адам қиялында туған өз бей- 
несінің іске асқан болмысы, керісінше емес. Сол сияқты әрбір жаңа 
күбылыс әуелі қиялда туады. Осыны біз ойлаудың жаратымпаздық 
қасиеті дейміз.
Маркстің философиялық толғауларында осыған жақын идеялар 
көп кездеседі. Мысалы, архитектордың үйді салуы мен араның үясын 
салуын салыстыра келіп, архитектор (яғни адам) үйді алдымен өзінің 
басында салады дейді. Маркс, бірақ, материалист болғандықтан үйдің 
адам басында бейнесі (образ) пайда болуына алдымен сырткы әлеу- 
меттік жағдайлар эсер етеді дейді. Солай болған күннің өзінде де 
адам ойлауы сыртқы дүниеден салынатын үйдің дайын үлгісін көрген 
жоқ. Ал егер жалпы үй салу түңғыш, бірінші іске асқан шақта ондай 
үлгінің тіпті болмағаны белгілі. Түңғыш автомобиль, аэроплан, раке- 
талар біздің ғасырымызда пайда болды. Ал олардың накты бейнесі 
адам қиялында өздерінен бүрын қалыптасады.
Адамның ойлауы В.И.Вернадскийдің айтуынша планеталық 
күшке айналды. Бірақ ол күшею үнемі басқа дүниеге үстемдік орна- 
ту, шексіз қарулану бағытында болып отыр. Ондай шексіз қарулану 
адам болмысының түпкі мәні бола алмайтындығын бүрынырақ айтқан- 
быз.
Кеңес философиясында ойлаудың негізгі табиғатын В.И.Ле- 
ниннің қағидаларының негізінде сәулелендіру (отражение) деп білетін. 
Ол түрғыдан ойлау тек бар нәрсенің бейнесін ғана жасай алады. Осы 
түрғыдан ауытку, ол материалистік түрғыдан тайыну, идеализмге қарай 
лағу делінуші еді. Бір ғана осы көзқарастың ресми үстемдігі, монопо- 
лиясы одан ауытқуды жай ғана қателесушілік деп қарамай, саяси зи- 
янкестік, қоғамдык күрылыстың тамырын қиюға ниеттенген зүлым- 
дықтай қудалайтын. Ал сол В.И. Лениннің озі социалистік қоғамның 
өмірде ж оқ кезінде социализм теориясы н ж асап, пролетарлы қ 
қозғалысқа социалистік сананы ендіріп, сонан кейін ғана, револю- 
цияның жеңісінен кейін шын, реальдык, социализмді күруды өздерінің 
программалык мақсаты еткен еді. Адамның қалыптасқан шегінен әр 
сәтте ауысып жататындығы да алдымен осы рухани, ойлау дүниесінде 
басталады. Ол үнемі озгеруде болады дедік. Ал озгеру сыртқы дүни- 
еге әрі озіне қатынасының өзгеруі. Осы өзгерулер адам жанында бо­
латын процесс. Сонан кейін ол істе, әрекетте корінеді, немесе сырт- 
тай көрінбеуі де мүмкін. Адамның дербестігі кобіне оныц жан сарай- 
ында. Ал осындай озгеру, өзгермеу рухани қызметтердің саласында, 
әсіресе жеке адамның жан әлемінің үнемі басқа дүниемен шекара- 
лығында отеді. Орыстың XX ғасырдағы белгілі ойшылы М .М .Бахтин 
осыны баса көрсетіп, мысалы көркемөнердің өзінше дербес дүние 
ретінде ішкі территориясы жок, оның барлық омірі, барлық өзіндік
69


мәні шекарада өтеді деген. Ол бірақ кеңістіктік шекара емес. Ол са- 
палық шекара, сыртқы емес, ішкі шекара. Олай болса адамның ойла- 
уын бұрынғы философиядағы белгілі дәстүр бойынша тек субъек- 
тивтік, тек сыртқы дүниеге тәуелді деп қарау қате болар еді. Ойлау 
объективтік процесс. Адамның сыртқы дүниеге төуелділігі немесе 
тәуелсіздігі оның ішкі жан дүниесінің үстанған мәнділіктері мен тал- 
пыныстарына байланысты.
Егер адамдар тарихында алдымен болмыстық формалар туып, 
ал идеялық, ойлаудағы бейнелер тек соларды қайталап отыратын болса, 
ойлаудың айрықша мәні де болмас еді. Сондықтан да материализм 
үшін, әсіресе механистік материализм үшін ойлау екінші, яғни екінші 
қатардағы күндылық. Ол негізінде болмысты тек баска түрде қайта- 
лайды. Механистік материализм осыған орай ойлаудың адамға неге 
қажет екенін де түсіндіре алмайды. Себебі ол түрғыдан адамға бір 
дүниені екі дүние етудің, түтастықты екі үдай етудің қандай қажеттігі 
бар екені белгісіз болып қалады.
Ойлау мен іс-әрекет, адамның, субъектінің екі жағы гана. Субъ­
ект негізінде ойлау процесінде өзгереді, қалыптасады, ал іс-әрекет- 
терде корінеді, субъект оз қатынасын басқаларға айқындайды, багыш- 
тайды. Осы түрғыдан іс-әрекеттерді туғызатын, сол арқылы озін тео­
рия ететін ойлау, ойлаудың үмтылыстары болып корінеді. Сол сияқты 
коп адамдардың іс-әрекеттерімен, олардың бір-біріне тоғысуынан 
олардың ешқайсысы тілемеген, үмтылмаған'үлкен озгерістер, нәти- 
желер де пайда болып жатыр. Яғни адамның ойлауы оның іс-әре- 
кетін барлық уақытта және бастан-аяқ анықгай алмайды. Іс-өрекетте 
әрбір адам озінің таза субъектілік дүниесінен, оз шеңберінен шығып, 
оған тәуелсіз дүниеде коптеген сырт күштердің ыкдалына душар бо­
лады. Ойлауға да, іс-әрекетке де ие бола алатын, ол - субъектінің 
түтастығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет