Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


§ 8. Пайым (рассудок) және зерде (разум)



Pdf көрінісі
бет31/128
Дата27.10.2022
өлшемі8.52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128
§ 8. Пайым (рассудок) және зерде (разум)
Адамның зерделі макдүқ, яғни зерде адамды басқа жәндіктердің 
бәрінен ажырататын белгі екендігі философияда ерте дәуірлерде-ақ 
айтьшған. Бірак зерде туралы айкын үғым кобінесе анықтала бер- 
мейді. Оның жалпы мағынасы күнделікті омірде колданылатындай - 
ортамен, қоғаммен, басқа адамдармен үйлесімді катынаста болуға 
мегзейді. Ал, ол үйлесімдіктің нақты олшемі негізінде бүлдыр. Осы 
бүлдырлыктың себептерінің бірі-зерде мен пайымның бір-бірінен 
ажыратылмағандығы. Философия тарихында пайым мен зердені бір- 
бірінен айқын ажыратып берген И.Кант болды. Оған себеп болған 
нәрсе - Кант философия пәнін түбірінен өзгертіп, ол (философия) 
адамнан тыс дүниені емес, адамның дүниені тану мүмкіншіліктерін, 
оның тану қабілеттерін зерттеу керек деп есептеді. Яғни, адамның 
(жеке адамның) ойлауын, оның күрылымын, формалаларын олар- 
дың таны м ды қ мүмкіндігі түрғысынан сынап кору қажет. Бүл 
түрғыдан, әрине, философияны толғантатын мәселе - сыртқы дүние 
емес, адамның өзі, дәлірек айтсақ, оның ойлауы. Мүны ол өзі фило- 
софиядағы Коперниктік төңкеріс деп атады. Бірақ, ойлауды Кант 
негізінде танымның шеңберінде ғана қарады.
Канттың түсінуінше кеңістік пен уақьіт ортадан келетін әсер- 
лерді үйымдастыратын әрі ешбір тәжіребеден тумайтын априорлык 
сезімдік формалар екенін айттық. Сезімдер ойлауға зат, объект бе- 
реді, яғни адамның нені танып, не туралы ойланатыны - осы сезімдер. 
Сезімдер ойлаудың материалы. Сезімдерсіз ойлайтын нәрсе жоқ, ойлау 
онда бос, ал сезімдер ойлаусыз соқыр.
Ойлаудың өзіндік априорлык формалары бар. Олар: жалпылық 
пен жалқылык, себеп пен салдар, мән мен күбылыс, қажеттік пен 
кездейсоктық, мүмкіндік пен барлық т. б. Бүл формалар сезімнің 
берген материалын қорытады, сан-алуан белгілер мен коріністерді 
бірлікке келтіреді, жүйелейді. Олар бір-бірімен байланысқан белгілі 
бір жүйе, бірақ бір-біріне тәуелсіз. Бір деңгей, не жазықтықтағы қатар 
формалар. Олар нақты мазмүнды тек сезімдерден алады, оған дейін 
тек бос формалар. Ойлаудың осы сезімділіктен кейінгі деңгейін И.Кант 
пайым (рассудок) деп атады.
87


И .К антты ң біз келісе алмайтын кейбір ойларын бұл жерде 
талқылаудың реті жоқ. Тек пайымның негізгі ерекшелігін дүрыс 
көрсеткенін айту керек. Пайым шынында сыртқы және ішкі жағдай- 
ларды тануға бағышталған. Адам дүниемен үйлесімді қатынаста болу 
үшін сол дүниенің қандай, қалай екендігін, оның ішкі мәнін білуі 
қажет. Пайым осы мүқтаждықты өтеуге қызмет етеді. Адам ойлауын- 
дағы үғымдар, логикалық формалар дүниенің белгілі бір бейнесі. Тек, 
егер сезімдер қүбылыстарды сыртқьі қатынаста әрі түтастықга көрсе- 
тетін болса, үғымдар олардың ішкі бірлігінде, түтастығында анықтауға 
бағытталған. Сезімдік бейнелерде қүбылыстардың саналуандығы, 
түрлері мен айырмашылығы басым көрінсе, пайымды қүратын фор- 
маларда жеке заттардың, олардың негізгі 
а й қ ы ң д ы қ т а р ы н ы ң
ішкі бір 
тектілігі көрінуі тиіс. Пайым үгымдарды қалыптастыратын қабілет. 
Пайым сезімдік андаудың, тәжірибенің жинактаган материалын қоры- 
тып үгымдар жүйесін күрады. Бірақ, ол формалар, яғни қорытудың 
ережелері мен болатын жолы сол тәжірибелік деректері қорытудың 
нәтижесі емес, керісінше, қорытудың алгышарты. Ол қашанда бар 
нәрсе.
Егер пайымның осындай қабілеті болмаса, ойлаудан туатын 
түжырымдардың ешбір шартсыз, абсолюттік қажетті күші болмас еді. 
Тікелей төжірибеден шыгатын, эмпирикалық түжырымдардың бар- 
лык күбылыстар үшін міндетті күші болмайды. Олар тек тәжірибеде 
қамтылган күбылыстарға ғана қатьісты. Кант теориялық ойлаудан 
шығатын белгілі бір табиғат заңы туралы түжырымдарды пайымның 
оз табиғатынан шыгатын қагидалар деп түсінген.
Канттың бүл түстағы ойларының дүрыс-бүрыстығын барлау ло­
гика ғылымының мәселесі. Ал философияның ісі-пайымның адам- 
ның белгілі бір қабілеті ретінде оның субъектілік болмысындағы ала­
тын орны жөнінде. Ол жөнінде айттық. Тек пайымдық шеңберді гана 
алып қарасақ, оның үғымдарының қүратын түгастығы біріншіден адам- 
ның оз түтастығы емес, оған тәуелсіз сыртқы және ішкі жағдайлар- 
дың түтастығы. Өйткені олар субъектілік шеңберден тыс, тәуелсіз 
нәрселер. Екіншіден, ол үғымдар объектілері озара сыртқы байланы- 
ста, сондықтан үғымдардың бір-біріне үласуы да бір дүниеден екінші 
дүниеге ауысқандай. Мысалы: физикалық, математикалық үғымдар- 
дан химиялық, одан биологиялық зандылықтарға ауысқандағы үғым- 
дар жүйесі тек сырттай ғана үйлеседі. Бүл ғылымда гана емес, прак- 
тикалық іс-әрекетте де солай. Мүнда адам өзінен тыс басқа заттар- 
мен ж ағдайларды ң ара қаты н астары н ескеріп, оз мүддесімен 
үйлестіреді.
Бірақ әрбір жеке адамның түтастыгы (ішкі бірлігі) озі игерген 
сыртқьі дүние бірлігінің тек бейнесі не көшірмесі емес. Әрбір жеке


адам өзінше бір дербес түтастық екенін айтқанбыз. Яғни пайым та- 
нылған сыртқы дүние бірлігінің адам ойлауындағы көрінісі болса, 
жеке адамның да, жалпы адамзат ойлауының да ішкі бірлігі пайым- 
мен аяқтала алмайды. Әрбір жеке ойлаудың да, адамзаттық жалпы 
ойлаудың да өзіндік ішкі тұтастығы құралу қажет.
Ондай түтастықты адам ойлауының түпкі мақсатының бірлігі 
ғана қамтамасыз ете алады. Адамда, әрине, мақсаттар көп, әрбір жеке 
істің, әрбір өмірлік кезеңнің т. б. өмір салаларының өзіндік өткінші 
мақсаттары бар. Бірақтүпкі мақсат, егер ол қалыптасқан болса - басқа 
барлық мақсаттарды өзіне құрал етеді. Мысалы, танымның өзі де 
адам үшін мақсат. Бірақ түпкі мақсат үшін таным да, оның нәтижесі
- білім де өзін іске асырудың қүралы ғана. Бүрын айтқан барлық іс- 
әрекеттің негізінде жататын күндылық осындай мақсатқа айналуы 
мүмкін.
Ойлаудың осы деңгейдегі бірлігін зерде деуге болады. И.Кант 
осылай деген жэне одан кейінгі көптеген ойшылдар онымен келіседі. 
Сонымен бірге, осы тым жалпы анықтаумен келісу зердені, оның 
нақты мазмүнын әртүрлі түсінуге ешбір кедергі болмайды.
Түпкі мақсаттың нақты мазмүны саналуан. Бірақ олардың бәріне 
дерлік тән нәрсе - әрбір адамның жан әлемінің ішкі күрылымын 
анықтайды, ондағы әрбір форманың, деңгейдің өзіндік функциясын 
белгілейді. И.Канттың тілімен айтқанда таза зерденің ішкі архитек- 
тоникасы10 оның түпкі мақсаты болатын идеяға байланысты.
Батыстық ойлау үрдісінде адамның бәрінен бүрын өз зердесіне 
ғана жүгінуді толық мәнінде Аристотельден басталды деуге болады. 
Бүл рационализм (ratio - зерде) деп аталды.
Батые адамының дүниеге қатынасы антикалық дәуірден бастап 
бірте-бірте жалаң пайдагерлікке, табиғат күштерін игеруде көбінесе 
бір кәдеге асырудың көзімен қарауға негізделе бергендігін айтқан- 
быз. Бүл түргыдан себеп пен салдарлық байланыстар алға шығады. 
Көбінесе қалыптасқан жүйелердің ішкі күрамды элементтерінің өза- 
ра тәуелділік қатынастары олардың түпкі байланыстары болып 
көрінеді.
Осы түрғыдан табигатта болсын, адамның оз дүниесінде болсын 
қалыптасқан күбылысты өз қалпында сыртқы субъективтік қоспасыз 
бейнелеу, бүл - пайымның ici, яғни пайымда адамның ол құбылысқа 
деген игіліктік, өзіндік мүддесі, не мақсаты әлі жоқ, ол, әрине, бар, 
бірақ бүл процестен тыс.
Зерденің міндеті - осы дәрежедегі игерілген мазмүнды адамдық 
бір игілікке бағындыру, яғни біріктіру. Батыста игілік (благо) идеясы
10 Сатылы жүйесі.
89


пайдагерлікке ойысқан. И.Кант пайым мен зерденің осы формаль- 
дық сыртқы белгісіне ден қойғанмен, батыс елдерінде бел алып келе 
жатқан капитализм жүйесінде адамдардың барлық нәрсені өзінің 
өзімшілдігінің тек қүралы деп қарауға бейімдігін көрген. Оған қарсы 
шыға отырып, ол әрбір жан басқа адамдарға өз мақсатына жетудің 
тек қүралы деп қарамай, оларға мақсат деп қарау керек деген тала- 
бын (максима) уағыздаған.
Яғни пайымның мазмүнын кез келген бір мақсатқа бағындыру 
және біріктіру (соны негіздейтін идеяға) зерделілік (разумность) бола 
алмайтыны осыдан да көрініп түр. Мысалы, Канттың өзі сынаған 
өзімшілдік идеялары пайымды зерделік дәрежеге көтере алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет