Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет42/128
Дата27.10.2022
өлшемі8.52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128
Кант И.
Соч. В 6-ти т. Т. 3. М., 1964. С. 358.
105


басқа да объективтік түрге ауысқан ұғымдар. Іске асқан формалар- 
дың бәрі де ақиқат формалар, ұғымның ақикаттығының айғағы. Олай 
болса әрбір нәрсенің ақиқаттығы оның идеясының ақиқаттығы, және 
олар өздері идея болғандықтан ақиқат.
Гегельдің бүл ойлары оның ойлау мен болмыстың барабарлығы 
принципіне негізделген. Тек онда болмыс ойлаудың объективтенген, 
іске асқан формасы, ойлау дамуының нәтижесі. Әрбір заттың ішкі 
мәні - идея, заттардан олардың идеялары сәулеленіп тұрады. “ Барша 
шын дүние акиқат болғандықтан, ол - идея және идея болғандықтан 
ғана, соның куатымен ғана ақиқат” 15.
Бүл жерде әсіресе ескеретін нәрсе, идея осы түрғыдан бір заттар 
туралы ой емес, идея барлык уақытта заттардың озінде. “Зат, объек- 
тивтік және субъективтік дүние идеяға сайма сай болуы гана керек 
емес, олардың өздері үғым мен реальды дүниенің барабарлығы; үғымға 
сәйкес келмейтін реальды нәрсе, ол - тек қүбылыс, акиқаттан мақрүм 
субъективтік, кездейсокгық, үшқалақтық” 16.
Сонымен Гегельдің идеяға берген анықгамасы: ол үғым мен ре- 
альдықтың бірлігі. Бірақ бүл бірлік ең бастан дайын емес, ол - про­
цесс. Идеяның өзі тарихи дамудың нәтижесі, ол процестің бір жағын 
ғана көрсететін абстракция емес, даму жолында көптеген қьірларын 
айқындап толысқан үғым. Оның даму жолында кездейсоқ, откінші 
белгілері екшеліп, сүрыпдалып, жоғалып, озінің шын табигатында 
тазарған түрі. Ішкі табиғатыда бөгде нәрселердён арылған үғым, ол - 
өмірлік болмыстық формаға ауысуға дайын болған да, өзін іске 
асырған.
Гегельдің осынша шабытпен суреттеп отырған ойлауының та­
рихи дамуында, бірақ, адамның ролі жоктың қасы, себебі, ол ойлау 
шын мәнінде әлемдік, косм осты қ процесс, соларды тудыратын 
күдіретті күш, ол - қүдай. Оны екінің бірінде Гегельдің өзі де шеге- 
леп айтып отырады. Логика дегеніміз, оның ойынша, табигатты және 

a
қандай да болмасын өткінші рухты (адамды) жаратканга дейінгі қүдай- 
ды суреттеу. Рухтың дамуының акыргы шегі, ең жогаргы жетілген 
деңгейі - Абсолюттік идея. Ол бүкіл даму тарихындагы жасалган ру­
хани байлыктардың бәрін бойына сіцірген, бір жүйеге біріктірген. Ал 
бүл, әрине, Гегельдің философиясы. Бірақ идеяның тек танымдық 
жагын гана қарау оныц шын табигатын толық ашпайды. Заттар дүни- 
есін бейнелеу, белгілі бір зандылықтарды корсету, әрине, идеяда бар. 
Бүл негізінде танымдагы, гылыми идеялардың ерекшелігі. Идеяның 
осы қьізметі белгілі галымдар П.В.Копниннің, Э.В.Ильенковтыц, Ж.
15 
Гегель.
Соч. T. 1. С. 321.
16 Он же. Т VI. С. 216.
106


Әбдіддиннің, І.Ерғалиевтің еңбектерінде ыждағаттықпен зерттелген.
Егер идеяны тек ғылым, таным саласымен шектемей, адамдык 
қызметтің барлық салаларында алып караса, оның табиғаты әлдеқай- 
да басқаша. Таным саласында идеяның үғымнан өзгешелігі жоқ, ол 
тек үғымдардың бір айрықша мәнді түрі болып қана қалады. Ал адам- 
ның жасампаздық қызметтерінде, өндірістік, әлеуметтік т. б. өзгерту 
іс-әрекеттерінде ол үғым емес, ойлаудың тіпті басқа формасы екендігі 
айкын. Адамның кез келген бір бүйымды жасауын алсақ, онда сол 
бүйымның бейнесі гана емес, оның адамға қажет қасиеттері, оның 
жасайтын материалды ондеу, ондағы күралдар, әрбір кимыл, әдіс т.т. 
бәрінің түтас тізбегі идеалдық түрде оның ой жүзінде коз алдынан 
отеді. Оның екінші жагы - сол іске байланысты баска адамдармен 
қарым-қатынастар. Бүлардың бәрі іске кіріспестен бүрынғы ойлар 
мен бейнелер желісі. Ж әне адам оны сан рет ой жүзінде озгертуі 
мүмкін. Осы әлі іске аспаған, бірақ тікелей іске асуға дайын ойлар 
мен бейнелердің жүйесі түтасымен идея болады. Онда объективтік 
дүниені бейнелеу бар, бірақ ол бейне негізгі емес. Ойлар мен бейне- 
лердің басым, негізгі жағы - омірде, болмыста әлі жоқ, бірақ болуға 
тиіс нәрсе туралы. Яғни, идеяның негізгі мазмүны барлық (сущее) 
емес, тиістілік (должное). Ал үғымның негізгі мазмүны - барлық, ол
- бар нәрсенің бейнесі. Үғым мен идеяның негізгі айырмашылығы 
осында.
Адам бір кездерде түңғыш рет кремнийден балта жасады, түңғыш 
рет оқдәріні тапты, доңгелекті ойлап шығарды, мемлекет қүрды, т. т. 
Аталған нәрселердің бәрі одан бүрын болмаған. Аталған нәрселердің 
идеясы адам санасында туғанда үғым болып тумайды, себебі, сол нәр- 
селердің табиғатын тануға бағытталмаған; идеяның міндеті сол нәр- 
селерді түсіндіріп беру емес, адамға қажет нәрсені жасауға нақты 
бағыттау. Оның негізінде белгілі бір адамдық күндылықжатыр, адам- 
ның омірлік мүқтаждығы бар.
Идеялар, әсіресе, әлеуметтік омірде, коркемонерде, дінде т.б. 
салаларда болуға тиістінің жалпы кескінін корсетеді, соның жалпы 
бағытын анықтайды. Сол идеялардың негізінде кейін түтас бір жүйе- 
лер, олардың нақты түрлері мен формалары орбиді. Осы жағынан 
алғанда идеялар әлеуметтік омірде, коркемонерде, дінде, философи­
яда шын мәнінде күндылыктың идеясы; олар белгілі бір күндылықтар- 
ды үсынады. Әрбір философиялық бағыттың негізгі озегі - белгілі бір 
күндылық идеясы. Олар, бүрын айтқандай, адам болмысын озі үсы- 
нып отырған күндылыққа күруды негіздеуге тырысады.
107




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет