ОҚулық г • г ! Л иіі нитп І • 'эдь щ щ 0щ ш я09*Я0*ащ яц ілюршііи т. ~ • « 4 ш атмніу. Г»



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата03.03.2017
өлшемі14,07 Mb.
#6703
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
6703

лматы,,

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
6А6.3
Ь в о
Т.  Қ.  Қойшиев
ЖАҢҒЫРТЫЛАТЫН 
ЭНЕРГИЯ  КӨЗДЕРІ
ОҚУЛЫҚ
г
• г
!****<(&*» 
Л
иіі
НИТП
і
 •
'ЭДЬ Щ
Щ

Ш
Я09*Я0*аЩ
ЯЦіЛЮРШІІИ-
т . ~  • «
) 4 ш  АТМНіу.Г»М ГЫПЫМИ  КГТАПГ.АКА
3“Э
Г ЗАЯІ.4
1
««
та
.*-*
л
М
ый
  ?
ал
П  НАкчндк  ғтіл.шт%ид  и?  с. 
бейсемблева
ч
?   ГС»<Н
г
Д
а
* ' С Т
і
й « м «
м
  у ц к щ ^ і   . » Т ! Т   л М . С Д 0 » » * » У » Ч » в Л   *
Алматы, 2013

ӘОЖ620 (075.8) 
КБЖ  31.15я73 
Қ60
Қазақстан Республикасы Білім жэне гылым министрлігінің «Оқулық» 
республикалық гылыми-пракшикалық орталыгы бекіткен
ГІікір жазгандар:
Т. А. Садықбек -  техника гылымдарының докторы, профессор; 
Қ. Қ. Жумагулов -  техника ғылымдарының докторы, профессор; 
Ж. Ж. Қалиев -  техника гылымдарынын кандидаты.
Қойшнев Т. Қ.
Қ60  Жаңгыртылатын энергия көздері: Окулык- Алматы: 2013 -256 б.
ІЗВЫ 978-601-80333-6-0
«Жаңғыртылатын  энергия  көздері»  пэні  бойынша  окулык  жогары 
білім  беретін  оқу  орындарының  энергетик  мамандыгы  бойынша  окитын 
студенттеріне арналған.
Оқулыкта -  жаңғыртылатын энергия көздерін пайдаланудың теорнялык 
негіздері  жэне  энергетикалык  кондыргылардың  жұмыс  істеу  тэртіптері 
қарастырылған. Сонымен қатар кітапта жаңгыртылатын энергия көздеріне 
негізделген қондырғылардың сұлбалары, оның есептік зерттеу жұмыстары 
мен математикалык үлгілері берілген.
То.
а т  ь
*
*'
акал*'м и ^
I
-«МҮ-ДІҢ
^ м б әө в
і

іі
ЫМИ
К ІТ А П
а
АНАСЫ
« •  •
ӘОЖ 620 (075.8) 
ҚБЖ31.15.я73
І8ВЫ 978-601-80333-6-0 
©  Т.  Қ.  Қойшиев, 2013
Қазакстан Республикасы жоғары оку
кауымдастыгы

КІРІСПЕ
XXI  ғасыр  тоғысында  адамзат  экономика  тұрғысынан  алғанда, 
қалпына  келмейтін  энергия  көздерінен  (көмір,  мұнай,  газ  жэне 
т.б.)  энерғия  шығару  өндірісіне  ғана  қатысты  болмайтын  күрделі 
мәселеге келіп тірелді.
Ол табиғаггағы динамикалық тепе-теңдікті бұзатын жэне соған на- 
зар аударуцы қажет ететін экологиялық қиындықгармен байланысты.
Қазіргі  таңда,  энергияның  қалпына  келмейтін  көздерін  кеңінен 
пайдалану  жағымсыз  үрдістерге  экеп  соғатыны  айқын  болды: 
жылулық,  қоршаған  ортаның  химиялық  жэне  радиобелсенді 
ластануының артуы адамның табиғи ортасын бұзады  [1,2].
Әрине,  термоядролық  реакторлардың  көмегімен  энергия-
ны  өндіруге  үміт  те  бар.  Бірақ  қазіргі  кезде  бұл  мүмкіндік  тіпті
демонстраңиялық  термоядролық  реакторлардың  жоқтығынан  іс
жүзінде  жүзеге  асуы  мүмкін  де  емес.  Сонымен  қатар,  термоядро-
лық  реакторлар  радиобелсенді  қалдықтардан  толығымен  тазарған
жоқ.  Ал  осындай  қалдықтарды  өңдеу  мен  көму  мәселесі  толғымен 
шешілген жоқ.
Сондықтан  адамзат  электр  энергиясын  алуцың  жаңғыртылатын 
жэне ресурсты сақтайтын технологияларын қолдануға мэжбүр.
Біріккен  Үлттар  ¥йымының  (Б ¥ ¥ )  Жоғары  Ассамблеясьгаың 
шешіміне  байланысты  жаңғыртылатын  (дәстүрлі  емес)  энергия 
көздеріне  (ЖЭК):  күннің,  желдің,  геотермалды,  теңіз  суларының, 
мұхиттар  мен  биомаңыз  энергиялары  жэне  үлкен,  кіші  су 
ағындарының энергия көздері жатады.
Ядролық 
энергетиканың 
қарқынды 
дамуын 
белсенді
жактаушьшар да XXI ғасырдың ортасына берген өздерінің болжам-
дарында, жаңғыртылатын қуат көздерінің көмегімен энергияның  18-
20%  өндіріледі  деген  пікір  айтады,  ал  басқа  бағалар  бойынша  [3] 
тіпті 40% дейін.
Жаңғыртылатын жэне ресурсты сақтайтын қуат көздері өздерінің 
салыстырмалы түрдегі экологиялық тазалығымен тартымды.
Ғылыми-техникалық  үдерістің  осы  кездегі  деңгейінде  энергия 
өндірудің  болашагы  тек  органикалық  отындарға  ғана тәуелді  емес,
3

оның жаңғыртылатын  энергия  көздеріне  негізделген  энергетикалық 
қондырғылардың  көмегі  аркылы  алуға  болатын  жолдары  шешімін
тауып отыр. 
.
Көптеген зерттеулердін нэтижесі  боиынша органикалык отын- 
дар  2020  жылға  қарай  әлемдік  энергетика  сұраныстарының  тек
Шінаоа ғана бөліғін  канағаттандыра алатындығы  айкын.
1ШШ  г 
____ -
МГГМГ
 
__ /Г!__
калған
қанағаттандырылады деп санайды.
•--~ ---- — .. 
ШШШЛ М
бұлар
гия  ағындарына  негізделген  корлар,  ол  адамның  белгілі  мақсатқа 
бағытталған  эрекетінін  салдары  болып  табылмайды,  бұл  оның
айрықша ерекшелігі. 
|   ';>^ЖВН8 И ^ Я
Жаңғыртьшмайтын  энергия  көздері  -   адамның  энергия  өндіруге
колдана алаган органикалык материалдар мен заттардың табиғи
Жан
Оған  ядролық  отын,  көмір,  мұнай,  газ,  т.б.  жатады. 
гыртылмайтын 
энергия 
ЖЭК-мен 
салыстырғанда 
табиғатта 
байланысқан  күиде  болады  жэне  адамның  белгілі  бір  мақсэтқа 
бағытталған әрекеттерінің нәтижесінде туындаиды.
Жаңғыртьшатын  қуат  көздерінің  баскалар  сиякты  накты  аумақ 
ү ш і н  
белгілі біо шектеүлері болады. Жаңғыртылатын жэне ресурсты
лдану  мен  паидалану  к 
туралы  өз түсінігімізде
уымыз керек.
Қоғамда  осы  қуат  көздерімен  жұмыс  істейтін  кұрылғыларды 
ендірудің алгышартын жасау кажет жэне  осындай  кұрылғыларды 
жасап  қана  қоймай  оларды  сауатты  түрде  пайдалануға  бере  ала- 
тын біліктілігі жоғары  мамандарды да дайындауымыз керек. 
Экономикалық фактордың да маңызы жоғары. Электр энергиясын
ш
алудың жаңғыртылатын  жэне  ресурсты  сактайтын  көздері жылдан-
түсуде,  ал  дәстүрлілері
кэсіпорындардан  жэне  көліктен  кашыктығына  карай,  жыл  өткен
сайын қымбаттай түсуде.
4

1.1-кесте
Әлемдік энергетикалық қордың жалпы сипаггамасы
Энергия көздері
Энергияның
мөлшері
10 х кВт.сағ
Жацгыртылмайтын энергия көздері
1 Органикалық отын көздерінің энергиясы
55364
2 Атом энергиясы
547000
Жаңгыртылатын энергия көздері
(жылдық энергиясы)
1 Күн энергиясы
667800
2 Жел энергиясы
17360
3 Мұхит және теңіздің толқын энергиясы
3
4 Мұхит суларының құйылу жэне қайту энергиясы 70000
5 Гидроэнергия
18
5

жаңгыраілын знергин квздері
1.1-сурет. Жаңғыртылатын энерғия көздерінің түрлері жэне
олардың басқа түрге жіктелуі
6

1. ЖАҢАРТЫЛАТЫН  ҚУАТ  КӨЗДЕРІНІҢ РӨЛІ
МЕН АЛАР ОРНЫ
Барлық  қуат  көздерін  жаңғыртылатын  және  жаңғыртылмайтын 
(қалпына келмейтін) деп екі топқа бөлуге болады.
Энергияның  жаңгыртылатын  көздері  -   бұл  тұрақты  немесе 
энергия  көздерінің  қоршаған  ортасында  оқтын-оқтын  эрекетте  бо- 
латын  негізгі  қуат  көздері.  Мұндай  куат  көздеріне  тэн  сипат  -   күн 
сэулесінің  шашыруы.  Жаңғыртылатын  энергия  табиғатга  адамның 
мақсатты  бағытталған  әрекетінің  салдары  болып  табылмайтындай 
түрде кездеседі.  Бұл белгі энергияның осы түрінің басты ерекшелігі 
болып табылады [4, 8].
Энергияның  жаңғыртылмайтын  көздері  -   адамдардың  энергия- 
ны  өндіру  үшін  пайдаланатын,  табиғи  заттар  мен  материалдардың 
қоры.  Бұған  жатқызылатындар:  ядролық  отын,  көмір,  мұнай, 
газ.  Жаңғыртылмайтын  көздерден  алынған  энергия  табиғатпен 
байланысқан  күйде  болады  жэне  адамның  мақсатты  бағытталған 
әрекетінің нәтижесінде босатылады [4, 8].
Алайда  жаңғыртылатын  көздердегі  энергетика,  ең  алдымен 
жергілікті  метеорологиялық,  гидрологиялық  жэне  климаттық
шарттарға, олардың ерекшелігін ескере отырып оағдарлануы тиіс.
Энергия 
жүйесінің 
тиімділігін 
жэне 
оның 
жұмысының 
экономикалық  көрсеткіштерін  арттыру  көп  жағдайда  оны  басқару 
шеберлігіне байланысты болады.
Энергияның 
жаңғыртылатын 
көздеріне 
қатысты 
негізгі 
түсініктерді бере кетейік.
Энергияның  жаңғыртылатын  көздерінің  ресурсы  (потенциал)  -  
бұл  белгілі  бір  жағдайларда  жыл  бойына энергияның  жаңғыртыла- 
тын көздеріне бекітілген немесе алатын энергия көлемі.
Энергияның  жаңғыртылатын  көздерінің  жалпы  элеуеті  -   тиімді 
пайдаланатын  энергияға  толықтай  айналдырған  кездегі  берілген 
ЖЭК болатын энергияның орташа жылдық көлемі.
Жаңғыртылатын  энергия  көздерінің  техникалық  элеуеті  -   жал- 
пы  әлеуеттің  бір  бөлігі,  яғни  пайдаланатын  энергияны  өндіру үшін 
қазіргі кездегі жетілдірілген техникалық құралдарды пайдалана оты- 
рып, қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды орындағанда 
гана мүмкін.
Жаңғыртылатын  энергия  көздерінің  экономикалық  элеуеті  -  
техникалық  элеуеттің  бір  бөлігі,  пайдалы  пайдаланатын  энергияға
7

айналдыру бастапкы отынға, жылу жэнс элсктр энсргиясы, жабдык- 
тардың,  материалдар  мсн  көлік  кызмсті  бағасының,  сңбскакы
төлеудің жэне т.б.  берілген  деңгейінде ғана  экономикалык жағынан 
тиімді болмақ. 

-|
1.1  Энергияның жаңғыртылатын  көздерін  пайдаланудын 
техникалық мүмкіндіктері
Энергияның  жаңғыртылатын  көздерін  ғылыми  жасалған  прин- 
циптер  негізінде  ғана  тиімді  пайдалануға  болады.  Тэжірибе 
көрсеткендей,  жаңғыртылатын  көздерде  энергетиканы  дамыт- 
пас  бүрын,  оның  нақты  қуатын  анықтап  алу  қажет.  Әрине,  бұл 
үзаққа  созылатын  жэне  түрақты  бақылауды  жэне  осы  көздердің
көрсеткіштерін сараптауды кажет етеді.
Жаңғыртылатын  көздердің  уақытша  сипаттамаларының  айтар- 
лықтай  маңызы  бар.  1.2-кестеде  түрлі  көздердің  куатын  жэне 
жергілікті  жерлердің  нақты  жағдайларына  байланысты  өзгеріп 
түратындай,  олардың  өзгерісінің  сипатты  кезеңдерін  аныкпгайтын 
негізгі көрсеткіштер берілген.
1.2-кесте
Энергияның жаңгыртьшатын көздері әрекеттерінің
қаркындыл ығы 
1  ,
Көзі
Анықтайтын
көрсеткіштер
Энергетикалық
арақатынас
Ескертпе
Күннің
тікелей
сэулеленуі
Сәулеленгендік (Вт/ 
м2), сэулеленудің 
құлау бұрышы
Р~С со§(Ө), 
Максимум 
1  кВт/м2
Тек күндізгі 
уақытта
Күннің
шашырап
сәулеленуі
Бұлттылық
Р<0; Р<300 Вт/М
2
Соған
карамастан
энергия
жетерлік
Биоотын
Жел
Топырақтың сапасы, 
сәулеленгендік, 
су, отынньщ 
ерекшелігі, 
шығындар
Жел жылдамдығы, 
жер бетінен биіктігі
Байланысқан қуат 
10 Мдж/кг
Отынның өте 
көп түрі.
Р-и 
3
щ  й  || 
о 
Флуктуирлейді
8

Толкын
Толкын 
амплитудасы 
Н 
және оның периоды
Т
Р~Н 2 Т


 
і^р і 
5
Энергияның
жоғары
тығыздығы
Су
энергиясы
Қысымы //, судың 
көлемді шығыны £?
р - н о
Жасанды
жасалынатын
көзі
Тасулар
Тасқынның биіктігі 
К, алап ауданы А
Р~К2А
Тасқынньщ
биіктігінің
аріуы,
Жылу
энергиясы
Жоғарыдағы және 
тереңдіктегі судың 
температурасының 
түрлілігі
Р~(АТ)2
Тропиктегі
аудандардың
қатары.
Энергия  көзінің  сапасы  туралы  жиі  айтылады.  Энергия  сапасы 
деп  механикалық энергияга түрленетін энергия  көзінің үлесін айта- 
мыз. Осыны ескеріп, энергияның жаңғыртылатын көздерін үш топқа 
бөлуге болады [4, 8].
1.  Механикалық  энергияның  көздері,  мысалы,  толқындық  жэне 
үдейтін  гидрожел  көздері.  Осы  көздерден  шығатын  энергияның 
сапасы  жоғары  жэне  олар  әдетте  электр  энергиясы  өндірісінде 
колданылады.  Толқындық  жэне  үдейтін  энергияның  сапасы  75% 
бағаланады, ол гидроэнергияда -  60%, жел энергиясында -  шамамен
30%.
2.  Энергияның  жаңғыртылатын  жылу  көздеріне,  мысалы,  био- 
отын жэне күннің жылу энергиясы жатады.  Механикалық жұмысты 
алу  үшін  қолданылатын  максималды  үлесі  термодинамиканың 
екінші заңымен анықталады. Алайда, іс жүзінде термодинамиканың 
екінші  заңымен  рұқсат  етілген  жылудың  шамамен  50%-ын  ғана 
жұмысқа  айналдыруға  болады.  Қазіргі  бу  турбиналары  үшін  жылу 
энергиясының сапасы 35%-дан аспайды.
3.  Фотонды  үрдістер  негізіндегі  энергия  көздері  фотосинтез  бен 
фотоэлектронды  құбылыстарды  пайдаланатын  үрдістер.  Іс  жүзінде 
фото  түрлендіргіштердің  15%-ға тең  пайдалы  эрекет  коэффициенті 
жақсы деп саналады [6,  15, 27,28].
Энергияның  жаңғыртылатын  көздерінің  тағы  бір  ерекшелігін 
айта кетейік. Олар таусылатын көздерден энергия ағынының төменгі 
тығыздығымен ерекшеленеді. Мысалы, күн сәулесінің таралуы үшін
9

бұл  шама  1  кВт/м2  тең,  ал  бу  казаны  құбырларындағы  жылулык 
жүктемесі  шамамен  100  кВт/м2  тең,  ядролык  реакторларындағы
мегаватт.
-------------------------------------------
Тәжірибе  көрсеткендей,  энергияның  жаңғыртылатын  көздерін 
пайдалану  ауылдық  жэне  қуатты  энергия  жүйелерінен  кашықтағы
аудандардың дамуын үдетеді.
Энергияның  жаңғыртылатын  көздерінің  тағы  бір  ерекшелігін  айта 
кетейік.  Ең  алдымен,  энергияның  жаңғыртылатын  бірден-бір  көзі  сол 
ауданда ғана қолдануға жарайтындаи әмбебап емес.  Бүл нақты табмги 
жағдайларға  және  қоғамның  немесе  ауданньщ  қажеттіліктерімен 
анықгалады.  Сондыкган  жаңғыртылатын  ресурстарда  энергетиканы 
тиімді жоспарлау үшін, біріншіден, нақты аумақтың өнеркәсіптік, ауыл 
шаруашылығы  өндірісі,  көлік  және  тұрмыстық  қажеттіліктер  үшін
энергияға деген қажеттіліктерін зерттеу қажет.
Осы  тұрғыдан  алғанда  жаңғыртылатын  көздердегі  энергетика 
қандай  да  бір  дақылды  өсірудің  рентабелділігі  аумақтың  көптеген 
топырақ-климаттық  жағдайларына  байланысты  болатын  ауыл
шаруашылығы өндірісіне ұқсайды.
Жоғарыда  айтылғаннан,  жаңғыртылатын  көздердегі  энергетика-
ны  халықаралық  масштабта да,  бір  елдің  аумағында да  жоспарлау- 
дың қарапайым да әмбебап әдісін ұсыну мүмкін еместігін көреміз.
Жаңғыртьшатын  көздердегі  энергияны  пайдалану  туралы  шешім- 
нің  негізінде  әдетте  сол  аумақгың  қоршаған  ортасын  көп  жылгы 
бақылау  нәтиежелері  жатады.  Жэне  мониторинг  барысында  алына- 
тын  ақпаратта  нақгы  энергетикалық  қондырғыны  жасауға  қажетп 
барлық параметрлердің болғаны өте маңызды. Мұндай ақпарат жарты- 
лай  метеорологиялық  бақылау  нәтижелерінде  болады,  бірак  өкінішке 
орай,  метеостанциялардың  орналасқан  жері  энергоқондырғьшарды 
орнатуцың  болжамды  жерімен  көп  жағдайда  сәйкес  келмей  жатады 
жэне қарастырып отырған міндетке толығымен сәйкес келмейді. Соған 
қарамастан,  метеостанциялардың  деректері  мақсатты  мониторинг 
нэтижелерімен салыстырмалы талдау өткізудің базасы бола алады. Со- 
нымен,  мысалы,  желқондырғыларын  орнатудың  болжамды  жеріндегі 
бірнеше  айдағы  желдің  жылдамдыгын  өлшеу  нәпгиежелерін  жакын 
маңцағы метеостанция деректерімен салыстырып, ұзақ кезеңдегі метео-
деректерге сүиеніп, желдщ жылдамдығьш мониторингтеу нәтиежелерін
экстраполяциялауға болады.
Негізіне  өлшеудің  арнайы  эдістері  жэне  сәйкес  прибор-
10

лар  алынбаған  энергияның  жаңғыртылатын  көздеріне  баға  беру 
элдеқайда күрделі, бұл айтарлықтай адами жэне материалды ресурс- 
тарды  қажет етеді.  Метеорология  деректеріне,  ауыл  шаруашылығы 
ғылымы  мен  теңіз  туралы  ғылымға  ғана  сүйеніп,  бұл  жағдайда  да 
қажетті ақпараттың көп бөлігін алуға болады [28, 31,42, 53].
Энергия  өндірісінің  алдында  қашан  да  оған  деген  қажеттілікті 
жан-жақты зерттеу тұрады.  Өйткені энергия өндірісі эрдайым арзан 
емес  жэне  қоршаған  ортаға  тигізетін  жағымсыз  эсері  де  бар,  оны 
тиімді де үнемді жұмсау өте маңызды.
Көбінесе энергия көлікте жэне жылу өндірісінде жұмсалады. Бұл 
тұтынушылардың  әдетте  тұрлі  энергия  жинақтағыштары  (аккуму- 
ляторлар)  пайдалануға  болады,  сондықтан  энергетикалық  жұйеге
енпзу олардың тиімділігін оіршама арттырады.
1.2 Энергия және тұтынушылар көздерін жетілдіру
Тұтынушылардың  сипаттамалары  мен  энергияның  жаңғыр- 
тылатын  әлеуетті  көздерін  талдаудан  кейін  оларды  бір-бірімен 
үйлестіру қажет.
Үйлестіру келесі шарттар орындалғанда барынша үнемді болмақ.
Энергоқондырғы  жаңартылатын  энергияны  максималды  пайда- 
лануы тиіс.
Тұтынушы  мен  энергия  көзі  арасындағы  теріс  кері  байланысы 
бар  басқару  жүйесін  қолдану  тиімді  емес,  өйткені  түрлендірумен 
шығарылған  энергияның  бір  бөлігін  қоршаған  ортаға тастауға тура 
келеді.
Энергожүйеге  аккумуляторларды  қосып,  электр  қондырғының 
қуатын арттырмай, сұраныс пен ұсынысты үйлестіруге болады.
Энергияның  жақсы  жинақтағыштары,  эсіресе,  егер  оларды 
әрекеттегі  энергожүйесіне  арнап  жасауға  тура  келсе  қымбат  бо- 
лады.  Энергоқондырғылар  үшін  (10  кВт  дейін)  көбінесе  басқа 
жинақтағыштар ретінде электрлік аккумуляторларды қолданады.
1.3 Жаңғыртылатын  көздердегі энергетика дамуының 
экологиялық салдарлары
Халықаралық  қауымдастық  көмірді,  мұнайды  жэне  газды 
жаққанда  С 0 2  шығарындылардың  артуымен  климат  өзгерісінің
11

жағымсыз  экологиялық  салдарының  байланыстылығын  моиындап 
отыр.  Жылу жэне электр энергиясын  алу жэне  көлік  кұралдарының 
жұмысын  қамтамасыз  ету  барысында  көмірді,  мұнайды  жэне 
бензинді  жаққанда  шығатын  көміртектің  қос  тотығы  (С 0 2)  біздің 
планетамыздың  Күнмен  жылынған  беткі  қабатының жылуын  жұта- 
ды  да,  былайша  аталатын  жылулық  эффект  түзеді,  ол  өз  кезегінде
жаһандық жылынуға әкеп соғуда.
Энергетикалық  қауымдастыктың  болжамдық  мэліметтеріне
сәйкес  жылулық  газдар  шығарындыларының  деңгейі  ұдайы  артып
отыр. 
;  - ■
 
УТШШЧ*:
Халықаралық  энергетикалық  агенттіктің  деректері  бойынша 
Қазақстан  ЖШӨ  қатысты  жылулық  газдар  шығарындыларының 
үлесі  бойынша  элемде  үшінші  орын  алады.  Тек  қана  көмірлі  энер- 
гетикамен  қоршаған  ортаның  ластануынан  келетін  экономикалық 
шығынның  шамалап  алғандағы  бағасы  Қазақстанда  жылына  3,4
млрд. $ құрайды [6,  15,18,42]. 
ү 
***.
Сонымен,  балама  энергетиканы  пайдалануды  жэне  энергиямен 
жабдықтауды орталықтандыруды елемеушілік энергетикалык ресур- 
старды  тиімсіз  пайдалануға,  энергиямен  жабдықтаудың  үнемділігі 
мен  сенімділігінің  төмендеуіне  экеп  соғады,  сондай-ақ  экологияға 
айтарлықтай зиян келтіреді. 
|  
-
Қазіргі  кездегі  экологиялық  мәселелер  кешенінде  энергетика 
жетекші орындардың бірін алып отыр. Энергияның жаңғыртылатын 
көздерін  практикалық  пайдалануға  қарқынды  жұмьшдыруға  бай- 
ланысты  экологиялық  аспектіге  жэне  олардың  қоршаған  ортаға 
әсеріне ерекше назар аударылып отыр.
Энергия алудың дәстүрлі түрлерін техникалық-экономикалык са- 
лыстыру келтірілетін  барлық эдістемелерде,  осы  факторлар  мүлдем 
ескерілмеген немесе жэй белгіленіп, сандық тұрғыдан бағаланбаған.
Сөйтіп,  энергияның  жаңғыртылатын  көздерінің  эр  түрлерін 
пайдаланудың  экологиялық  салдарын  экономикалык  бағалаудың 
ғылыми негізделген эдістерін жасау жэне дэстүрлі қондырғылармен 
салыстырғанда, қоршаған ортаға эсері өзгеше болатын факторларды 
сандық тұрғыдан ескеретін, энергияны түрлендірудің жаңа эдістерін 
жасау міндеті өзекті болып табьшады.
Жаңғыртылатын  энергия  көздерінің  түрлі  табиғи  ортаға  жэне 
нысаналарға  экологиялық  эсер  етуінің  негізгі 
факторларын 
қарастырайық. 

12

Күн энергетикасын дамытудың экологиялық салдары
Күн электр стансасын (КЭС) салу біраз аумақты қажет етеді. КЭС 
үлесті  жер  сыйымдылығы  0,001-ден  0,006  га/кВт  дейін  барынша 
ықтималды 0,003-0,004 га/кВт.  мәндерімен өзгереді.  Сондай-ақ, күн 
станцияларында материал (металл, шыны, бетон жэне т.б.) жэне жер 
сыйымдылықтың  келтірілген  мәндерінде  шикізатты  алу  мен  өңдеу 
кезеңдеріндегі  топырақты  алу  ескерілмейді.  Күн  тоғандары  бар 
КЭС  құру  кезінде үлесті  жер  сыйымдылығы  артады  жэне  жер  асты 
суларының тұздықпен ластану қаупі ұлғаяды  [8,  15,27,28].
Күн  шоғырландырғыштарының  орісі  бойынша  үлкен  жердің 
көлеңкеленуін  тудырады,  бұл  топырақ  жағдайының,  өсімдік 
қабаттарының қуатты өзгерістеріне экеп соғады.
Кремний, 
кадмий 
және 
арсенидогелилі 
фотоэлектрлік 
элементтерді  дайындау  кезінде  өндірістік  болмежайлардың  ауа- 
сында адамның денсаулығына зиянды  кремний шаңы,  кадмий жэне 
арсенилі  косылыстар пайда болады.
Жоғары  толқындық  сәулелену  есебінен  космостық  күн  стан- 
салары  климатқа  әсер  етіп,  теле  жэне  радибайланысқа  бөгеуілдер 
тудырып,  соның  эсерінде  қалған  тірі  ағзаларға  зиянды  әсер  етуі 
мүмкін.  Осыған  орай,  энергияны  жерге  беру  үшін  толқындардың 
экологиялық таза диапазонын пайдалану қажет.
Жел энергетикасының табиғи ортаға әсері
Қуатты онеркэсіптік жел электр стансалары (ЖЭС) жел бағытына 
жэне  ауданның  жергілікті  рельефіне  қарай  5-тен  15  МВт/ш.км 
есебінен алғандағы алаң қажет болады.
Қуаттылығы  1000  МВт ЖЭС  үшін  70-тен  200  ш.км.  алаң  қажет. 
Өнеркәсіптік аумақтарда мұндай алаңдарды бөлу үлкен қиындықтар 
туцыруына  байланысты  бұл  жерлерді  жартылай  шаруашылық 
қажеттіліктерге пайдалануға да болады.
Жел  бағы  алып  жатқан  аумақты  басқа  мақсатта  пайдалану  шу 
эффектілеріне жэне ЖЭС  сынған  кездегі  тәуекел дәрежесіне  байла- 
нысты.  Үлкен  жел  электрлік  қондырғыларының  (ЖЭҚ)  қалақтары 
үзілген кезде 400-800 м. дейін ұшып кетуі мүмкін [6, 8,  18,28].
ЖЭС  қоршаған  ортаға  әсерінің  маңызды  факторы  -   бұл 
акустикалық  әсер.  Шетелдік  тэжірибеде  жел  дөңгелектері  бар, 
конструкциясымен,  материалдарымен,  жерден  биіктігіне  қарай 
жэне  түрлі  табиғи  жағдайларға  арналған  (желдің  жылдамдығы 
мен  бағыты,  төселетін  қабаты  жэне  т.б.)  ерекшеленетін  түрлі  ЖЭҚ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет