Оқулық. М.Қ. Оспанова; Қ. С. Аухадиева; Т. Г. Белоусова, Алматы: Мектеп, 2019



бет14/33
Дата06.01.2022
өлшемі2.03 Mb.
#15631
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Электртерістілік. Элементтердің бейметалдық немесе металдық қасиеттері электртерістілік деп аталатын шамамен сипатталады, ол атомның иондану энергиясы мен электронтартқыштық мәндеріне сүйеніп есептеледі. Электртерістілік – бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті. Электртерістіктің алғашқы шкаласын құрған- Л. Полинг.

Атомның электртерістігі неғұрлым күшті болса , ол химиялық байланыс түзу кезінде ортақ электрондық  жұптың бұлтын соғұрлым өзіне күшті тартады. Электртерістігі ең күшті элемент фтор, оның электртерістігі 4-ке тең деп алынған. Сілтілік металдар атомдарының электртерістігінің мәні төмен. Инертті газдардың электртерістігі жоқ. Себебі олардың атомдарының сыртқы деңгейінің аяқталған және тұрақты.Химиялық элементтердің электртерістігін литийдің электртерістік мәнімен (1,0) салыстырып, қарапайым және қолдануға қолайлы салыстырмалы электртерістік шамаларын алады. Кестедегі элементтердің электртерістік  мәндерін салыстырып , бұл шаманың периодты өзгеретінін оңай байқайға болады: периодта элементтердің электртерістігі реттік нөмірі артқан сайын өседі, ал топта — кемиді. Салыстырмалы электртерістік неғұрлым үлкен болса, элемент соғұрлым бейметалдық қасиетті күштірек көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет