Оқулық. М.Қ. Оспанова; Қ. С. Аухадиева; Т. Г. Белоусова, Алматы: Мектеп, 2019



бет17/33
Дата06.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#15631
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Қолданылатын оқулық .М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019.

10 сынып. 1-бөлім



Сабақтың нөмірі: 8

Сабақтың тақырыбы: Периодта және топта қосылыстардың қышқылды – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.

1.Оқу мақсаты: 10.2.1.4 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;



2. Конспект

Периодта солдан оңға қарай металдық қасиет әлсіреп, бейметалдық қасиеттері күшейеді. Сонымен бірге осы бағытта ядро заряды, сыртқы қабаттағы электрондар саны, электртерістілік, жай заттардың тотықтырғыш қасиеттері, гидроксидтер мен оларға сәйкес оксидтердің қышқылдық қасиеттері артады. Атом радиустары кемиді, жай заттардың тотықсыздандырғыш қасиеттері, гидроксидтері мен оларға сәйкес оксидтердің негіздік қасиеттері әлсірейді. Топтарда жоғарыдан төмен қарай металдық қасиеттері күшейеді, бейметалдық қасиеттері әлсірейді. Металдық қасиеттері францийде одан кейін цезийде; бейметалдық қасиет фторда, содан кейін оттекте күшті білінетіні анық. Осы бағытта ядро заряды, атом радиусы, жай заттарының тотықсыздандырғыш қасиеттері, гидроксидтері мен оларға сәйкес оксидтерінің негіздік қасиеттері күшейеді. Электрондардың ядромен байланыс беріктігі, электртерістілік, жай заттарының тотықтырғыш қасиеттері, гидроксидтер мен оған сәйкес оксидтердің қышқылдық қасиеттері төмендейді, сутекті қосылыстардың тұрақтылығы төмендейді.

Қосылыстарының қасиеттерінде де заңдылықтар байқалады. Гелий, неон және аргоннан басқа барлық элементтер оттекті қосылыстар түзеді. Периодтық жүйеде олар әр топтың төмен жағында тотығу дәрежелерінің өсу ретімен орналасқан, жалпы формулалары Э2О, ЭО, Э2О3, ЭО2, Э2О5, ЭО3, Э2О7, ЭО4 болып өрнектеледі. Мұндағы Э- берілген топтың элементі. IV топтан бастап негізгі топша элементтері 4 түрлі сутекті газ тәрізді қосылыстар түзеді. Оларды ЭН4, ЭН3, ЭН2, ЭН жалпы формуламен өрнектейді. Сутекті қосылыстардың формулалары негізгі топша элементтерінің астына орналастырады.

Элементтер қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттері осындай түрдей периодтық кесте бойынша өзгереді. Олар төменгі реакцияларды айқын көрсетілген: 1-ші (сілтілік металдар) және 2-ші (сілтілікжер металдар) топ элементтерінің оксидтері негіздік қасиет көрсетеді. Олар қышқылмен әрекеттесіп, тұз + су түзеді.

натрий оксиді + тұз қышқылы ➞ натрий хлориді + су Na2О+ 2HCl➞ 2NaCl+ H2О

магний оксиді + күкірт қышқылы ➞ магний сульфаты + су МgО+ H24➞ МgSО4+ H2О

1-топ элементтері сумен әрекеттесіп, металл гидроксидін түзеді:

натрий оксиді + су ➞ нарий гидроксиді Na2О(қ) + H2О(с) ➞ 2NaOH(с.ер)

1-топ гидроксидтерінің барлығы – өте күшті сілтілер. 2-топ оксидтері де сумен реакцияға түсіп, металл гидроксидтерін түзеді: магний оксиді + су ➞ магний гидроксиді МgО+ H2О➞ Мg(ОH)2. 2-топ гидроксидтері де сілтілер. Бірақ, 1-топ гидроксидтеріне қарағанда, олардың сілтілік қасиеті төмен болады. 4-ші топтан 7-ші топқа дейінгі элементтердің оксидтері суда ерігенде, өздерін қышқылдық ретінде көрсетеді:

4-ші топ: көмірқышқыл газы + су ➞ көмір қышқылы CО2 + H2О ➞ H23

5-ші топ: диазот пентаоксиді+ су ➞ азот қышқылы 2N2О5 + 2H2О➞ 4HNО3

6-шы топ: күкірт триоксиді + су ➞ күкірт қышқылы SО3 + H2О= H24

7-ші топтағы галоген сутектер суда ерігенде өте күшті қышқылдық қасиет көрсетеді: тұз қышқылы HCl (с.ер), бромсутек қышқылы HBr (с.ер), йодсутек қышқылыHI (с.ер)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет