Оқулық. М.Қ. Оспанова; Қ. С. Аухадиева; Т. Г. Белоусова, Алматы: Мектеп, 2019



бет26/33
Дата06.01.2022
өлшемі2.03 Mb.
#15631
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Сабақтың нөмірі: 12

Сабақтың тақырыбы: Атом орбитальдарының гибридтелуі (sp, sp2, sp3) және молекула геометриясы

1.Оқу мақсаты: 10.1.4.4 әртүрлі гибридтелу түрлерінің мәнін түсіндіру;

10.1.4.5 BF3, CH4, NH3, H2O, ВеСl2 мысалында молекуланың электронды және кеңістіктік құрылысына зат қасиетінің тәуелділігін түсіндіру;

2. Конспект. BeC2BCl3 және CCl4 секілді молекулалардың құрылысын түсіндіру үшін Полинг пен Слейтер (АҚШ) атомдық орбитальдардың гибридтенуі жайлы түсінік енгізді. Олар бірнеше атомдық орбитальды энергиясы мен пішіні жағынан сәл ғана айырмашылығы бар гибридтенген орбитальдармен ауыстыруды ұсынды. Егер, атомдар арасындағы байланысты түзуге әртүрлі типті (s- және p-), пішіні де өзгеше орбитальдар қатысса, онда гибридтік орбитальдар түзіледі.

Орбитальдардың араласуы гибридтену деп аталады. Гибридтену моделі s- және p-орбитальдары араласқанда қолданылады. Атомдық s және p-орбитальдарына қатысты электрон толқындарының интерференциясы энергия мен пішіндері әртүрлі жаңа, қосылған орбитальдар түзуі мүмкін.



sp-гибридтену. Берилий хлориді түзілгенде бір s- және бір p-орбитальдарының гибридтелуі жүзеге асады. Be атомының қозған күйде екі жұптаспаған электрондары болады. Оның біреуі 2s-орбитальда, екінші бір электроны – 2p-орбитальда орналасады. Химиялық байланыс түзілгенде екі түрлі орбиталь араласып, формасы өзгерген екі бірдей гибридтенген орбитальдар түзеді. Олар өзара 180° бұрыш жасап байланысады (сурет 1). Гибридті орбитальдардың бір-біріне қатысты сызықты орналасуы – олардың бір-бірінен аз тебілуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде BeCl2 молекуласының құрылысы сызықтық болады. Өйткені, барлық үш атом да бір сызықтың бойында орналасады.



BeCl2 молекуласы түзілгендегі электрон бұлттары бүркесуінің сызбанұсқасы.

sp2-гибридтену. BCl3 молекуласының құрылысын sp2-гибридтену тұрғысынан түсіндіруге болады. Бор атомы қозған күйде сыртқы электрон қабатында бір s-электроны және екі p-электрондары болады. Яғни, үш жұптаспаған электрондары болады. Осы үш электрон араласып, қайта бөлінеді. Жаңадан пайда болған үш электрон бұлттары пішіні мен энергиясы бойынша бірдей болады. Яғни, электрон бұлттарының алғашқы пішіні, энергиясы өзгереді. Үш гибридтенген орбитальдар бір-бірінен тебілуі ең аз болатындай орналасады. Сонда, гибридтенген орбитальдар арасындағы байланыс бұрышы 120° (2-сурет). Осылайша, BCl3 молекуласы жазық пішінге ие болады.





BCl3 молекуласының жазық құрылымы. Метан молекуласының тетраэдрлік құрылымы

sp3-гибридтену

Көміртек атомының валенттік орбитальдары (s, px, py, pz ) араласып, төрт бірдей гибридтенген орбиталь түзеді. Олар кеңістікте бір-бірімен 109,5° бұрыш жасап, тетраэдрдің төбесіне бағытталып орналасады және ортасында көміртек ядросы болады..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет