Оқулық. М.Қ. Оспанова; Қ. С. Аухадиева; Т. Г. Белоусова, Алматы: Мектеп, 2019



бет32/33
Дата06.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#15631
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
5. Кері байланыс:

тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды



Химия пәнінен қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан

Қолданылатын оқулық .М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019.

10 сынып. 1-бөлім



Сабақтың нөмірі: 15

Сабақтың тақырыбы: Сутектік байланыс. Жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыс және кристалдық тор типіне тәуелділігі. Зертханалық тәжірибе № 1 «Әр түрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Түрлі кристалдық торлы заттардың қасиеттерін оқу»

1.Оқу мақсаты: 10.1.4.10 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;



10.1.4.11 кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау;

2. Конспект. Сутектік байланыс – бұл бір молекуладағы оң полюстенген сутек атомы мен екінші бір молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек және азот (кейде хлор, күкірт және т.б.) атомы арасында түзілетін ерекше байланыс. Ол көбінесе молекулааралық кейде молекулаішілік болады. Сутектік байланыс деп сутек атомы мен электртіреістілігі жоғары атомдар арасында болатын химиялық байланыстың түрін айтады. Сутектік байланыстың нәтижесінде заттардың қасиеттері өзгереді. Байланыстың бұл түрінде молекулалар сутек арқылы байланысады. Байланыстың бұл түрі табиғатта өте кең тараған.Сутектік байланыс әр түрлі зат, бір түрлі зат молекулалары арасында, типті бір молекуланың ішіндегі атомдар арасынды болады. Мысалы, су молекуласының құрылысын қарастырсақ, онда екі атом сутек бір атом оттекпен полюсті ковалентті байланыс арқылы байланысқан. Электрон жұптары электртерістігі жоғары элемент элемент оттек жаққа көбірек ығысқан. Нәтижесінде, су молекуласының сутек атомдары жағында оң заряд пайда болады. Мұнда сутек акцептор болып табылатныдықтан, судың басқа молекуласындағы оттектің артық электрон жұбын өзінің бос орбитальне қабылдау арқылы химиялық байланыс түзе алады. Сөйтіп судың бірнеше молекуласы бірімен бірі байланысып димер, тример, тетрамерлер түзеді. Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың,  иондардың,  молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелепипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелепипед пен кубтар кристалдық тордың ұяшығы болып табылады  Атомдар,  иондар  немесе  молекулалар орналасқан параллелепипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық тордың түйіндері, ал олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары деп аталады. Бір қатарда жатпайтын үш түйін арқылы өтетін жазықтықты жазық торап дейді. Элементар ұяшықтың үш бағыттағы сызықтық өлшемдері мен оның жақтарының аралық бұрыштары кристалдық тордың параметрлері болып табылады. Температура өскен сайын бұл тербеліс артады, ал балқу температурасына жеткенде, кристалдық тор ыдырап, зат сұйықтыққа айналады. Кез келген затты қатты күйіне айналдыруға болады. Ал қатты заттар кристалдық торларының болуымен сипатталады. Кристалдық торлар деп - түйіндеріндегі бөлшектер белгілі бір ара қашықтықтан кейін жүйелі қайталанатын ретті құрылымды айтамыз. Егер заттың құрамында құрылыс бірліктері ретсіз орналасса, зат аморфты болады. Кристалдық торлар түйіндеріндегі бөлшектердің табиғатына қарай жіктеледі. Олардың төрт түрі белгілі.

Тордың типі

Қүрылыс бірлігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет