Оқулық. М.Қ. Оспанова; Қ. С. Аухадиева; Т. Г. Белоусова, Алматы: Мектеп, 2019



бет6/33
Дата06.01.2022
өлшемі2.03 Mb.
#15631
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
5. Кері байланыс:

тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды



Химия пәнінен қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан

Қолданылатын оқулық .М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019.

10 сынып. 1-бөлім



Сабақтың нөмірі: 3

Сабақтың тақырыбы: Квант саны. Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережесі.

1.Оқу мақсаты: 10.1.3.2 электрон орбитальдарын толтыру ережелерін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;

10.1.3.3 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу;

2. Конспект. Атомның негізгі күйіндегі энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелердің электрондармен толуы белгілі бір принциптер мен ережелерге бағынады. Паули принципі бойынша бір электрондық ұяшыққа спиндері қарама қарсы екі электрон ғана орналасады. Паули принципі белгілі бас квант санындағы электрондардың максималды саны N=2n2 формуласымен анықталады және бастапқы 4 деңгейдегі электрондар саны 2,8,18,32 ден артық болмауы керек. Гунд ережесі бойынша деңгейшелерде электрондар, алдымен бос орбитальдарды бір-бірден толтырады, содан кейін электрондар жұптасады. Клечковский ережесі:

1. Атомның негізгі күйінде электрондар орбитальдарды энергиялық деңгейінің өсу ретімен толтырады.

2. Алдымен энергиясы төмен орбитальдар толады. Орбитальдардың энергиясы мына қатарда артады: 1s, 2s, 2p, 3s, 3p, 4s, 3d, 4p, 5s, 4d, 5p, 6s, 4f, 5d, 6p, 7s, 5f, 6d, 7 p….


↑↓
s- бір ұяшық болады, максималды 2 электрон сияды.


↑↓

↑↓

↑↓
p- 3 ұяшық болады, максималды 6 электрон сияды.


↑↓

↑↓

↑↓

↑↓

↑↓
d – 5 ұяшық болады, максимальды 10 электрон сияды.


↑↓

↑↓

↑↓

↑↓

↑↓

↑↓

↑↓
f- 7 ұяшық болады, максимальды 14 электрон сияды.

Алғашқы 36 химиялық элементтың электрондарының орналасуы:

Период

Элемент


Электрондық формула

Период


Элемент

Электрондық формула

1

1H



1s1

4

19K

1s22s22p63s23p64s1

2He


↑↓
1s2

20Ca

1s22s22p63s23p64s2

2

3Li

1s22s1



21Sc

1s22s22p63s23p63d14s2



4Be

1s22s2



22Ti

1s22s22p63s23p63d24s2



5B

1s22s22p1



23V

1s22s22p63s23p63d34s2



6C

1s22s22p2



24Cr

1s22s22p63s23p63d54s1



7N

1s22s22p3



25Mn

1s22s22p63s23p63d54s2



8O

1s22s22p4



26Fe

1s22s22p63s23p63d64s2



9F

1s22s22p5



27Co

1s22s22p63s23p63d74s2



10Ne

1s22s22p6



28 Ni

1s22s22p63s23p63d84s2

3

11Na

1s22s22p63s1



29 Cu

1s22s22p63s23p63d104s1



12Mg

1s22s22p63s2



30 Zn

1s22s22p63s23p63d104s2



13Al

1s22s22p63s23p1



31Ga

1s22s22p63s23p63d104s24p1



14Si

1s22s22p63s23p2



32 Ge

1s22s22p63s23p63d104s24p2



15P

1s22s22p63s23p3



33As

1s22s22p63s23p63d104s24p3



16S

1s22s22p63s23p4



34 Se

1s22s22p63s23p63d104s24p4



17Cl

1s22s22p63s23p5



35 Br

1s22s22p63s23p63d104s24p5



18Ar

1s22s22p63s23p6



36 Kr

1s22s22p63s23p63d104s24p6



3. Онлайн ресурстар

1. https://www.youtube.com/watch?v=hiSU3AeXV3I (нажмите CTRL и щелкните ссылку) осы сілтеме арқылы ұяшықтарға электрондарды толтырудың графикалық түрімен танысыңдар.

2. https://bilimland.kz/ немесе https://daryn.online/ сайтындағы видеоларды көріп, өзіңе қажетті материалдарды дәптеріңе көшіріп жаз.

4.Тапсырмалар

1. Клечковский ережесін қолданып № 27,30,35,38,50 элемент атомдарының құрылысын жазыңыз.

2. 24 элементте байқалатын құбылыс тағы басқа қандай элементтерде байқалады? Бұл құбылыс не үшін байқалады физикалық және химиялық көхқарастармен түсіндіріп, жауабыңызды дәлелдеңіз.

5. Кері байланыс: тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды

Химия пәнінен қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан

Қолданылатын оқулық .М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019.

10 сынып. 1-бөлім



Сабақтың нөмірі: 4

Сабақтың тақырыбы: Изотоптар. Есеп шығару: «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу»

1.Оқу мақсаты: 10.1.2.3 радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру;



10.1.1.1 құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару

2. Конспект. Ядро зарядтары бірдей, ал массалары әртүрлі бір элемент атомының түрлері изотоптар деп аталады. Изотоптар бір-бірінен ядродағы нейтрондар саны бойынша айырмашылық болады. Табиғатта көптеген элементтер изотоптардың қоспасы түрінде кездеседі. Сутектердің изотоптарының атаулары ғана бар: протий (), дейтерий (, тритий (. 18 бетте 6 кестеде кейбір элементтердің изотоптары берілген. Химиялық элемент – бұл ядро зарядтары бірдей атомдардың жиынтығы.

1 есеп. Құрамы 88,89 % оттек пен 11,11 % сутектен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар. Заттың гелий бойынша салыстырмалы тығыздығы 4,5-ге тең.

Шешуі: 1. Салыстырмалы тығыздық бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын Mr(HxOy) есептейміз.: Mr=DHe*Mr(He)= 4.5*4=18



2. х және у қатынасын формуласы бойынша табамыз:

х:у = = = 11,11: 5,56= 2:1 (Ішіндегі ең кішісіне екеуінде бөлеміз – 5,56 ға)

3. Қосылыстың формуласы Н2О



2 есеп. Бейорганикалық заттың құрамында 40 % кальций, 12 % көміртек және 48 % оттек кіреді, заттың формуласын табыңдар.

Шешуі: Эмпирикалық формуладағы кальций, көміртек және оттектің индекстерін x, y, z әріптерімен белгілейміз. CaxCyOz. x, y, z мәндерінің қатынастарын табамыз:

x:y:z==1:1:3 формуласы: СаСО3

3 есеп. Бейорганикалық заттың құрамына 43,4 % натрий, 11,3 % көміртек және 45,3 % оттек кіреді, заттың формуласын табыңдар.

Шешуі: Қосылыстың формуласын NaxCyOz деп белгілеуге болады. x, y, z мәндерінің қатынастарын табамыз:

x : y : z = = 1,88 : 0,94 : 2,82. Алынған шамаларды бүтін санға айналдыру үшін олардың барлығын ең кішісіне бөлеміз:

x : y : z = = 2:1:3 Жауабы: Na2CO3





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет