Оқулық, оқу-әдістемелік құралдар Студенттерді ойландыратын сұрақтар



бет1/19
Дата10.03.2022
өлшемі61,95 Kb.
#27384
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ.

1 Дәріс

Кіріспе. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсат, міндеттері, мазмұны



Мақсаты: Студенттерге қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру туралы ұғым беру. Курстың мақсатымен таныстыру.

Дәріске керекті құралдар:оқулық, оқу-әдістемелік құралдар

Студенттерді ойландыратын сұрақтар:

- Қарапайым математикалық ұғымдар туралы не айта аласың? Курстың мақсаты туралы не айтасың? Қандай мерзімдік басылымдарды атай аласың?

Дәріс жоспары:

1. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні туралы түсінік.

2. Негізгі ұғымдар. Курс мақсаты, міндеттері, мазмұны.

3. Қарапайым математикалық түсінікетерді қалыптастыру пәні туралы жалпы түсінік.

4.Негізгі ғылым салаларымен байланысы.

5.Салалас ғылымдармен байланысы.

6. Психология ғылымымен байланысының маңызы.

Дәріс барысы:

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні – жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға әсер ететін негізгі оқу пәндерінің бірінен саналады. Мектеп жасына дейінгі педагогикадан сала ретінде бөліне отырып, ол жеке дара ғылыми пән және әдістемелік құралға айналды. Пәннің ең басты зерттеу мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарының қалыптасуының негізгі заңдлықтарын зерттеу болып табылады.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің жалпы міндеті – мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың дидактикалық негіздерін зерттеу. Ал, теориялық базасы – философия, педагогика, психология, математика т.б. ғылымдардың жалпы негізгі ұғымдары болып табылады. Педагогикалық білімдер жүйесі ретінде, оның өзіндік теориясы мен қайнар көздері де бар. Олар:

- білім беру мәселесі жөніндегі үкімет құжаттары, мемлекеттік қаулылар, заңдар;

- ғылыми ізденістер нәтижесі болып саналатын ғылыми ізденістер мен басылымдар, ақпарат көздері;

- бағдарламалық-нұсқау құжаттары;

- әдістемелік әдебиеттер (арнаулы мерзімдік басылымдар «Отбасы және балабақша» журналы, ойындар мен жаттығулар жинағы, әдістемелік нұсқаулар т.б.)

Бұл пән үнемі даму, жетілу үстінде, оның мазмұны, ғылыми-зерттеулер және озық педагогикалық тәжірибе есебінен үнемі даму үстінде.

Бүгінгі таңда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған, оны дамытуды көздейтін негізгі әдістемелік жүйе бар. Оның басыт қызметі - әдістемелік жұмыстардың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдары мен формаларын анықтау.Бұл ұғымдар өзара тығыз байланысты, әрі бір-бірін толықтырып, тұруы заңдылық болып табылады.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің негізгі элементтері – оның мақсаты, міндетері, мазсұны, әдістері мен ұйымдастыру түрі және құралдары болып табылады. Олар өзара тығыз байланысты, әрі бір-бірін толықтырып тұрады.Осылардың ішіндегі ең жетекшісі әрі анықтаушысы – мақсат бюолып табылады. Мақсат әлеуметтік сипатқа ие, әрі оның объективті заңдылықтары бар. Мектепке дейінгі ұйым өз кезегінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындап, балаларды мектепте үйретілетін ғылым негіздеріне баулиды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет