Оқулық ретінде пайдаланылуы



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі26,28 Kb.
#21410
түріОқулық
  1   2

1 ) С.Көбеевтің ұстаздық қызметі, әдеби мұрасы. Жинақтарының оқулық ретінде пайдаланылуы.

1 қазанда қазіргі Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Ақсуат ауылында туған. Ы.Алтынсарин ұйымдастыран Қарағайлыкөл ауыл мектебінде (1892-1895) , Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте (1895-1897), педкурста (1898-1901) оқыған. Бүкіл өмірін ауыл мектебінде ұстаздық етуге арнаған.Оқу, тәрбие салаларныдағы ісіне орыс әдебиеті шығармаларының тәлімдік жағын пайдаланыды.

Спандияр Көбеевтің Крыловтан аударған «Үлгілі тәржіме» жинағында басылған мысал өлеңдері мыналар еді: «Күйеу таңдаған сұлу қыз» , «Өтірікші» , « Аң ауласқан қоян», «Емен мен тал шыбық» , «Шал мен өлім» , «Қасқыр мен тырна» , « Маймыл мен тырна» , «Қасқыр мен мысық» , «Шымшық пен көгершін», « Маймыл мен көзілдірік» , «Аққу, шортан һәм шаян» , «Көл бақа мен өгіз» , « Қарға мен түлкі» , « Аңға шыққан арыстан» , «Маймылдар» , «Аю мен мүсәпір шал» , «Қасқыр мен қазы» , « Құмырсқа мен шегертке» , « Түлкі мен жүзім жемісі» , « Екі көгершін» , « Әтеш пен меруерт тас» , «Арыстан мен сары масалар» , « Арыстан мен кісі» , « Есек пен сандуғаш» , « Ағаштың тамырлары мен жапырақтары» , « Пәлеге ұшыраған қарашекпен» , « Қасқыр мен кісі», «Арыстан мен тышқан» , « Екі төбет» , « Ұқыпты достар» , «Хакім тілеген көлбақалар», «Көлбақалар» , « Қомағай ит» , « Етікші мен бір бай кісі» , тағы басқалар.

И. Крылов өзінің мысалдарын нағыз орыс тілінің көркемдік байлығын сұрыптап пайдаланып , аса шеберлікпен көркем етіп жазды. И. Крылов мысалдарын Спандияр да қазақ тіліне өлеңмен аударды.

Спандияр Крылов мысалдарын ақындығы ұстап , ақындық өнер , өлеңнің үлгісін көрсетейін деген мақсатпен аударған жоқ . Бұл шығармалардағы ой мен идея жазушының бойын да , ойын да билеп , аудармасқа амалы болмағандықтан аударды: халыққа орыс әдебиетінің үлгілерін насихаттау , олар арқылы қазақ оқушыларына игі ой салу мақсатыменаударды. Мысал өлеңдерінде И . А. Крылов аңдар, құстар , өсімдіктер жайын кеңес етеді. Сырттай қарағанда оның мысалдары май ғана аңдар , құстар , өсімдіктер жөніндегі жеңіл күлдіргі ертек , әңгіме сияқты көрінеді. Ал, анықтап , мағынасына үңілсек , Крыловтан мысалдары адам жөніндегі , адам қоғамы жөніндегі күлдіргі , өткір сықақ болып шығады. Мысалы , Крылов « Бүркіт пен көр тышқан» деген өлеңінде патша мен бұқараны мысал етеді. Патшаға уәзірлеріңді тыңдама, бұқара халықтың үнін тыңда дейді. « Аққу шортан һәм шаян» деген мысалында патшаның мына түрлерін әжуа етеді .

С.Көбеев өзінің « Үлгілі бала» деген оқу кітабын Л.Н. Толстойдың «Новая азбука» , « Русская книга для чтения» , К. Д. Ушинскийдің « Детский мир» , Ы. Алтынсариннің « Мактубат» , « Қырғыз хрестоматиясы» деген кітаптарында үлгілі бойынша жасады: негізгі материалдарды солардан алды . « Мектепте һәм үйде оқу үшін әр тілдердегі тәуір оқу кітаптарынан алынып, қазақша жазылды» -деп жазды автордың өзі кітаптың басында .

Кітап балаларға мектеп , оқытушы, балалардың өздері, адам тіршілігі , адам баласы қоғамның тұрмысы жөнінде түсінік беретін қысқа әңгіме, өлеңдерден басталады.

Кітаптың бұдан кейінгі бөлімдері көбінше табиғат және оның құбылыстары , балалардың ұғымына лайықты , қызықты қысқа әңгімелер ертек- аңыздар , мысал өлеңдер. Мысалы, « Қайырымды бал» , « Біздің көрші» , « Ит пен қайыршы» , «Түскі тамақ пен кешкі тамақ» , « Анасы мен немересі» , « Әкесі мен баласы» , «Құстың ұясы» , «Өрмекші мен құрт» , « Сауысқан мен қарға» , «Құмырсқа мен көгершін» . Үй хайанаттары , «ар» , « Есек» , «Сиыр» , « Екі шыбын» , « Түйе» , « Қойлар» , « Кесірткелер» .

«Қалың мал» романы (1913)- қазақ әдебиетіндегі прозалық шығармаларының алғашқы үлгілерінің бірі. Жазушы –педогог ұстаздық қызметін жалғастыра отырып, Түбек, Бурабай, Ақсуат мектептерін ұйымдастыруға белсене қатысты. Өз өмірі мен ұстаздық, жазушылық жолы оның “Орындалмаған арман” атты мемуарлық кітабында баяндалған.

C.Көбеев бүкіл саналы ғұмырын оқытушылыққа арнады. 1901 жылдан 1956 жылға дейін педагогтік қызметпен айналысты. Ұстазы Ы.Алтынсарин тəрізді педагогтік қызмет пен жазушылықты шебер ұштасыра білді. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» үлгісімен жарық көрген «Үлгілі тəржіма» мен «Үлгілі бала» жинақтарындағы мысал өлеңдері мен əңгімелерінің қай- қайсысын болсын балаларға арналмады деп айта алмаймыз. ««Үлгілі тəржімаға» Спандияр жасаған 44 аударма жəне автордың «Мекен» атты бір өлеңі кіреді. Осы күнге дейін «Үлгілі тəржімəға» кірген 44 аударма түгелдей Крыловтан аударылған деген көзқарас басым болып келеді. Бұл көзқарастың қателігі, осы кітапқа кірген аудармаларды түпнұсқамен салыстыра отырып, толық қайта қарау үстінде анықталды. Біздің байқауымызша, «Үлгілі тəржімаға» Крыловтан аударған 37 мысал кіргізген. Қалған 7 мысал сол кездегі оқу құралдарында көбірек пайдаланылып жүрген көп авторға ортақ мысалдар (олар Ушинский, Л.Толстой жəне Ыбырай Алтынсариннің хрестоматияларында ұшырасады) [1].

С.Көбеев мысалдары өлеңмен де, қарасөзбен де жазылған. Олардың арасында идеялық, тақырыптық, тіпті сюжеттік тұрғыда бір-біріне ұқсас келетіндері де бар. Мəселен, ақынның өлең түріндегі «Арыстан мен тышқан» жəне қарасөзбен жазылған «Құмырсқа мен көгершін» мысалдарының сюжеттері ұқсас. Екеуінде де хайуанның мүшкіл халге түсуі бар жəне оған ойламаған жерден берілетін көмек бар. Ол көмек — бір кездегі жақсылықтың өтеуі.

«Арыстан мен тышқан» мысалында əлеуметтік астар айқын. Мұнда əлдінің əлсізді өзіне тең көрмеушілігі айтылады. Автор «нашарды күшті кісі көңіліне алмас, теңгеріп өз бойына асыл жүрмес» дейді. Арыстан «кезі келгенде көмек берем» деген тышқанды келеке қылады. Күндердің күнінде аңшы торына ілігіп, халі мүшкіл болады. Тісімен торды қиып, арыстанды босатқан тышқан былай дейді:

Бір ісім түсті менің мына сізге,

Еттіңіз аяушылық сіз де бізге.

Осыдан не жақсылық дегендей қылып,

Ақырын ішіңізден күлдіңіз де.

Мінекей, сізге ғибрат болсын бұл да,

Жаратты жанға не қып бізді құдай.

Сұраймын бұдан былай ұмытпаңыз

Жақсылық болатынын тышқаннан да [2; 265].

Тышқан өзін құдайдың тектен текке жаратпағанын ескертеді. Бұл жерде Алтынсарин ықпалы айқын сезіледі. Өйткені өлеңмен жазылған мысалдарының көпшілігінде ақын құдайды ауызға жиі алады. Тышқанды қоя бергеннен кейін автор «Бұл дүние бірде олай, бірде бұлай, жаратқан ризық беріп жанды құдай» дейді.

«Құмырсқа мен көгершін» мысалында болғанды баяндау ғана бар. Суда ағып бара жатқан құмырсқаны көгершін құтқарса, кейіннен сол құмырсқа көгершінді аңшының ауынан құтқарады. Мысал сюжеті жасы кіші балаға түсінікті. Жазушы қорытынды жасауды баланың өзіне қалдырады. Табиғаттағы тірлік суреттеледі. Түйіні: «тіршілік көзі — өзара көмек».

«Ат пен есек» мысалында жүгі ауыр есекке ат жəрдем етпейді. Иесі жолда зорығып өлген есектің барлық жүгін оның терісімен қоса аттың үстіне артады. Ат өз қателігін кеш түсінеді. Сөйтіп, автор қайырымсыздықтың соңы неге апаратынын көрсетеді.

Абай «Отыз сегізінші сөзінде» күллі адам балсын қор қылатын үш нəрсенің бастапқысын надандық, екіншісін еріншектік, үшіншісін залымдық дегенді айтқан болатын. С.Көбеевтің «Маймыл мен көзілдірік» мысалында көздің емі көзілдірік дегенге бес-алтауын бір-ақ сатып алған маймыл оларын қалай жаратарын білмей басы қатады. Соңында тасқа атып күлпаршасын шығарады.

Наданға айтқан сөзің текке кетер,

Дос болсаң, ықылассыз қызмет етер.

Бір істі пайдасы үшін паш етсеңіз,

Ықылас көңіліңіз болар бекер [2; 246].

«Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нəрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады» [3]. Мысалдағы маймыл білімінің жоқтығынан күлкі болады.

Надандық мəселесін «Есек пен сандуғаш» мысалында жалғастырады. Бұл жолы ақын надандықтың жазылмас дертке тең екендігін ұғындырады, надан адамнан сақтандырады:

Наданға еткен қызмет кетер текке,

Жақсылығың болса сақтан, ондайға етпе [2; 248].

Сандуғашқа əн айтуды əтештен үйрен деп ақыл айтқан есекті ақын «Білімді жетіп мақтауы сол, надан күшік» деп жазғырады. Білімсіз жан объективті баға беруге дəрменсіз.

С.Көбеевтің мақалмен түйінделетін аударма мысалының бірі — «Асыл шөп».

Жігіттер, сабыр етсең, əрбір іске

Болса да жақсы-жаман ерте-кеште,

«Сары алтын — сабыр түбі» деген бір сөз,

Бұрынғыдан қалған мақал рас емес пе?

Жалпы С.Көбеев өлеңдерінде түйін, яғни автор қорытындысы, үнемі ұсынылып отырады.

Қадиша Зылиқадан емес мықты,

Сабырлы төзуменен не боп шықты,

Сондай-ақ аш-арыққа төзім керек,

Сөзімді надан босқа жіберіп, жақсы ұқты [2; 249].

Алтынсарин əңгімесіндегі Зылиха мен Бəтима төбелеріне бір-бір жəшік көтерген қыз балалар болса, өлеңдегі Зылиха мен Бəтима екі қап арқалаған бірі — жас, екіншісі — мосқалдау тартқан əйел. Екі шығармада да «сабыр» атты шөптің екіншісінің қолына түспейтіндігіне қауіп айтылады.

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар, жалмауыз,

Сорлы қазақ сол үшін

Алты бақан ала ауыз [2; 55],—

деп Абай бес түрлі қадірсіз қасиетті айтқан болса, сабырсыздық, шыдамсыздықтың қауіпті екендігін С.Көбеев растай түскен. Ал көрсеқызарлық Спандиярда өз шамасын білмеушілік, өз күшін артық бағалаушылық, өзін артық бағалау, өзіне ешкімді теңгермеушілік тұрғысында көрінеді. «Қарға» мысалы бұған дəлел. Ақын өлеңдерінің көпшілігінде адам бойындағы бірнеше кесірлікке тұспал жасалады, солардан арылту мақсатында уағыз айтылады. «Қарға» мысалында бірде

Жақсыдан ғибрат ал жай жүргенше,

Істеген ісін істеп шамаң келсе,—

дейді де, «Көңіліңді бұзықтыққа бір де бұрма» деп жалғастырады. Ары қарай

Жауыздық залымынан өнеге алма,

Қалып боп, жуса кетпес өле-өлгенше,—

дегенді тағы қосады. Кіріспе сөз сюжетке жасалатын түйін ретінде ұсынылады. Өйткені содан кейін барып мысал оқиғасы баяндалады. Қарға қозыны əкеткен бүркітті көреді де, қошқарға ұмтылады.

«Құс жаманы қарға түгіл, қасқырдағы, шамасы кеп əкете алмас ондай малды» деп автор қой жүнінен аяғын шығара алмаған қарғаны бір мұқатып өтеді. Оның масқарасын шығарған тағы бір жағдайды баяндайды:

Қойшылар қанат-құйрығын бірдей жұлып,

Беріпті ойнаңдар деп балаларға [2; 267].

Өтірік залалын түсіндіру С.Көбеев үшін басты мəселе болып табылады. «Өтірікші» мысалы төмендегіше басталады:

Пайдасы өтіріктің екі дүнияда

Болмайды деп бірнеше рет айтты молдам.

Мен-дағы көргенімді тəржіме еттім,

Үлгі алар ғибратынан құрбыларға [2; 267].

Осы кіріспе сөзден кейін барып оқиға баяндалады. Қойшы бала «қойға қасқыр тиді» деп ауыл адамдарын дүрліктіреді. Қолдарына айыр, кетпен, балта ұстап бəрі қойға жүгіріседі. Бұл жерде тағы да мазақ қылушы, келеке етуші бейнесі бар.

Шек-сілесі қатып Исін күліп жатыр,

Мəз болып жарым шіркін алдағанға.

Əрине, қылжақбастың жазасы дайын:

Алладан тағдыр уақыт жеткеннен соң

Қойға кеп екі қасқыр тиді шынымен [2; 267].

Осы жолы Исіннің сөзіне ешкім сенбейді. Көмекке келген жан болмаған соң қойының көбін қасқыр қырып кетеді. Автор қойшы балаға аяушылық танытпайды. Қайта «Жылады кешке дейін иттей ұлып» деп жазғырады.

С.Көбеев көпшілік мысалдарын Кішіқұм ауылында мұғалім болып істеген кезінде аударған. Белгілі бір мысалдың аударылуына себеп болған жағдайлар да болған. Соның бірі — «Көлбақа мен Юпитер» мысалы. 1901 жылы ақын Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм дейтін жерге мұғалім болып барады. Он төрт шаршы метр шамасындай жер үйді мектеп етіп береді. Төбесіндегі жалғыз терезесінің көзі қарын, пеші жоқ, жер едені тегістелмеген, есігі орнатылмаған үй.

«Жығылғанға жұдырық» дегендей осы үйге Ыбырай бай арық-тұрақ төлдерді енгізеді. Осы жағдайға байланысты Крыловтың «Көлбақа» мысалын аударады. Көлді тастап тауға шыққан бақа сусыз өлімші халге жетеді. Тау басын топан су басса екен деп тілейді. Юпитер көлбақаның ақылсыздығын сөгеді:

«Одан да таудан түсіп аяңдасаң, Батпаққа болды уақыт сенің жетер».

1912 жылы «Үлгілі бала» жинағы жарық көреді. Ш.Ахметов «Үлгілі баланың» бірінші, екінші кітаптары шыққандығын жəне бірінші кітапқа 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітапқа 32 тақырыпқа жазылған өлең, əңгімелерінің енгізілгенін жазады [4; 121]. Жазушы «Орындалған арман» мемуарлық шығармасында ««Үлгілі бала» хрестоматиясына Крыловтың өзім аударған мысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа əңгімелерін өзімшілеп қазақ тұрмысына лайықтап жаздым, сол сияқты қазақтың бай ауыз əдебиетін сұрыптап пайдаландым. Сонымен қатар бұл кітапқа табиғат туралы, оның əр алуан құбылыстары туралы, география, өсімдік, жануарлар туралы малұматтар беретін, балалардың ұғымына сыйымды жəне қызықты қысқа-қысқа əңгімелер, мысалдар кіргіздім. Əрбір əңгіменің соңына сұрақтар қойдым», —дейді [2; 151]. Ақын хрестоматияның екінші бөлімі жөнінде ештеңе жазбаған.

«Үлгілі бала» «Мектепке шақыру» өлеңімен ашылады:

Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,

Мəз болмай деген сөзге, мырза ерке,

Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,

Зат емес, надан кісі алар текке.

Ертеңгі шақыруымен əтеш құстың,

Халықтар кетіп жатыр егіндікке.

Күн шығып, терезеге сəуле түсті,

Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе.

Ал С.Көбеевтің 1988 жылы «Жалын» баспасынан «Орындалған арман» деген атпен жарық көрген кітабында мысал саны 37 деп берілген. Осылардың арасында мысал есебінде ұсынылған

«Жетімнің өлеңі» «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты хрестоматияда (1983) «Үлгілі бала» кітабынан алынған етіп көрсетілген. Академик С.Қирабаев С.Көбеевтің ««Үлгілі балаға» енген бірқатар төл шығармаларын жетім-жесірлердің аянышты тұрмысын көрсететін өлеңдер мен əңгімелер деп сипаттайды [5].

«Осындай қысқа жазылған өнегелі əңгімелермен қатар «Үлгілі бала» кітабында панасыз қалған балалардың өмірін өте қайғылы халде сыпаттайтын екі өлең бар. Оның бірі «Жетімнің өлеңі», екіншісі «Жетім» деп аталады» [4; 127]. Сонымен, С.Көбеевтің төл туындысы — «Жетімнің өлеңі». 5 шумақтан тұратын 11 буынды өлең. Өлең қара өлең ұйқасына құрылған.

Бетіңмен іс істеуге ақылың кем,

Бой өсіп, жас жетпеген, білмейсің жөн.

Мал-басың ағайынның талауында,

Алдамшы осы емес пе дүние деген,

Көзіңнен жас ағады қан аралас [2; 249].

Өлеңде жыраулар поэзиясының əсері бар. Риторикалық сұрақ заман келбетін ашады, мейірім іздеген жас баланың ішкі дүниесінен хабар береді.

Шөлдесең сусын болар көлдер қайда?

Қарын ашса тамақ болар жерлер қайда,

Қаңғырып, жүдеп-жадап жүргеніңде,

Сипайтын маңдайыңнан ерлер қайда? [2;250].

ХХ ғасырдың 20-жылдарында бұл тақырып М.Əуезовтің «Жетім», С.Дөнентаевтың «Көркемтай» əңгімелерінен көрініс тапты.

Ақынның қара сөзбен жазылған əңгімесі 24 шақты. С.Көбеевтің «Екі соқа» кітабында (1990) төл əңгімелері ретінде 7 əңгімесі берілген, олар: «Қайырымды бала», «Түскі тамақ пен кешкі тамақ»,«Атасы мен немересі», «Балалар мен мұғалім», «Өсиет», «Құстың ұясы», «Шал мен балалар».

Қайырымсыздыққа — қайырымдылық, аяушылық, адамшылық, боссөзділікке — еңбек, сенімсіздікке сенімділік қарсы қойылады. Өз мінін білмеушілік, айлакерлік, қолдағыны місе тұтпаушылық, тойымсыздық, сатқындық, арамдық, мақтанқұмарлық сыналады. Оқу-білімнің артықшылығы, өз ісін жетік білушілік, сөзге тоқтаушылық дəріптеледі.

С.Көбеевтің өлеңмен жазған мысалдарынан қара сөзбен жазғандарының бір ерекшелігі, бұларда бірлік, ынтымақтық тақырыбынан өзгелері қайталанбайды. С.Көбеевтің «Жарлы мен бай»,«Қайырымды бала», «Атасы мен немересі», «Құстың ұясы» мысалдары қайырымдылықтың үлгісін көрсетеді. Бір кезде өзін таспен атып қуған, кейін кіріптарлыққа түскен байға кедей аяушылық білдіреді. «Бекер-ақ бұл тасты сақтап жүрген екем, бұл кісі бұрын бай кезінде одан қорқушы едім, енді бұл қалпында аяймын» [2; 252]. Əкесі берген ақшаны қайыршы шалға сыйлаған бала («Қайырымды бала»), атасына жаны ашып əке-шешесін жөнге салмақ болған немере («Атасы мен немересі»), əке сөзінен соң құстың балапанына аяушылық сезімдері оянған балалар («Құстың ұясы») бейнелері бар.

Ең өзекті тақырып — еңбек. «Екі соқа» əңгімесінде күні бойы еңбек еткен соқа еңбексіз, бос жатқан соқаға «егер сен де жұмыс қылып михнаттансаң, мендей жарқырап тұрар едің» дейді. Тот басқан соқа жалқаулығынан зардап шегеді. Балаға «жалқаулық адамды аздырады» деген ой ұсынылады. «Түскі тамақ пен кешкі тамақ», «Өсиет» əңгімелері астың дəмді болуы еңбекке байланысты екендігін білдіреді. «Сен жұмысқа ерте шық, сонда сен біреуге жалынбайсың, саған біреу жалынады, жұмыстан кеш қайт, сонда ішкен тамағың тəтті көрінеді, əм бай боласың» («Өсиет»).

Еңбектен кейінгі маңызды тақырып — оқу мəселесі. Еңбек еткен адам сияқты оқу білген адам да ұтады. «Егер оқи білмесеңдер, кітап сендерге неге керек, бұл кітапты мен алайын, қай бұрын оқи білгеніңе берермін» дейді мұғалім балаларға. Демек «Балалар мен мұғалім» əңгімесінде оқу да, оқу көзі — кітап та қастерлі.

«Аз сөз — алтын, көп сөз — көмір» мақалын «Сауысқан мен қарға» мысалы дəлелдейді. «Көп сөйлеген кісінің сөзінің жартысы өтірік болады» деген қарғаның мерейі, əрине, шықылықтаған сауысқаннан үстем. «Қоян мен көлбақалар» мысалындағы «Менен де қорқатын жəндіктер бар екен, бекер өлмейін» деген қоян шешімі əр жəндіктің бекер жаралмағандығын аңғартады. Өз тұлғасына, іс- əрекетіне, мінез-қасиетіне сенімсіздік құптарлық емес. Құптарлығы — тəубаға келушілік.

Үлкенді құрмет тұту қажеттігі «Шал мен балалар» əңгімесінде еске түсіріледі. Сөзге тоқтау да — басты қасиет. Өзін келемеж қылған балаларға мысқыл сөзбен жауап қайырған шал да, өз қателіктерін түсініп ұялыс тапқан балалар да белгілі бір тұжырым жасауға жетелейді.

Жануарлардың, аңдардың бір-бірімен өзара айтысы — көне заман шығармаларынан, халық ертегі-аңыздарынан келе жатқан үрдіс. Əр заттың өз орны, өз қасиеті бар. Əрқайсысы өз орнында жақсы. «Айтыс» əңгімесінен көрінетін аталмыш ой «Қаз» деп аталатын мысалдан да қылаң береді. Мақтаншақ қазға əтеш былай дейді: «Бекер сен мақтанасың, сен аттай жүгіре алмайсың, балықтай жүзе алмайсың, бүркіттей ұша алмайсың: əр істің басын шатып, жаман білгенше, бір істі тəуір білген жақсы емес пе?» [2; 257].

Дүниеде өз мінін білмеушілік жаман. «Қасқыр мен қойшылар» мысалында «Жазығым қоңырлығым ба?» деген қасқырға қойшылар «Сенің жазығың жүніңнің қоңырлығы емес, қой жегенің үшін ұрамыз» деп жауап береді. Ал «Құйрықсыз түлкі» мысалында, керісінше, өз мінін жасырмақшы болған түлкі əшкереленеді. «Бəріміз бұдан былай құйрықсыз жүрейік» деген ұсынысына басқалары тойтарыс береді. — Егер құйрығың бүтін болса, сен бұлай айтпас едің?

«Арыстан, есек жəне түлкі», «Түлкі мен қырғауыл» мысалдары зорлыққа да амал, айлаға да айла бар екендігін көрсетеді. Олжаны қомағай арыстан ренжімейтіндей етіп бөлген түлкі бұл харакетімен өз басын арашалайды. Екінші мысалда түлкі қырғауылға «жұрттың бəрі бір-бірімен дос болатын көрінеді» дейді. Дей тұра, жақындап қалған ит туралы ести сала қашады.

«Өз үйірін сатқан орынсыз қалар» деген мақал — «Көгершін мен əтеш» мысалының түйіні. Істің мəнін түсінбеушілік, ақымақтық «Қасқыр мен кемпір» мысалында сыналады. Кемпірдің немересін «қасқырға беремін» дегеніне сенген қасқыр ойы, расымен, күлкі туғызады.

Қашан да мақтанқұмарлық іске зиянын тигізеді. «Қарға мен көлбақа» мысалында қарға көлбақаның өзін мақтағанына масаттанып есіреді. Сөйтіп, аузындағысынан айрылады. Мақтаншақтық пен даңғазалық екеуі — егіз. Мəселен, «Кедей мен қоян» мысалындағы кедей де қолындағысынан айрылып қалады. «Мына қоянды ұстап алып, базарға апарып сатып аламын. Тауықтарды өсіріп сатып, алған ақшама қой сатып аламын. Қойым қоздап өскен соң, ат сатып аламын. Бұдан кейін қызметкер жалдап «ей, жалқау, жалқауланбай жүр» деймін» деген кезде қатты айқайлап жіберіп, қоян оянып, қашып ағашқа кірді» [2; 258].

С.Көбеевтің кез келген туындысынан оның ағартушылықты мақсат тұтқан ниетін айқын аңғаруға болады. Жазушының балаларға арнаған мысал өлеңдері мен əңгімелерінің басты нысанасы осы мақсатпен тығыз байланысты. Қаламгердің бала психологиясын жете меңгергендігін аудармалары да, төл туындылары да танытады. Ыбырай мектебінде оқыған, оның хрестоматиясы үлгісімен еңбек жазған, қысқасы, қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымының жолын қуған С.Көбеевті балалар əдебиетінің анық қамқоршысы демеске еш негіз жоқ. Ильминскийге арналған бір хатында (1876, 3 желтоқсан) «Хрестоматияға» мысалдарды (басни) енгізгім келмейді» деп жазған. Ы.Алтынсарин шығармашылығынан С.Көбеев еңбегінің ерекшелігі сол, ол қазақ балалар əдебиетіне мысал жанрын саналы түрде енгізді, мысалдарды өлеңмен де, қарасөзбен де аударды, бала ұғымына лайықтап жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет