Оқулық Түзетілген және толықтырылған үшiншi басылымы


БІЗ  ӨМІР  СҮРІП  ЖАТҚАН  ӘЛЕМ



жүктеу 5.69 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата31.01.2017
өлшемі5.69 Mb.
1   2   3   4   5

БІЗ  ӨМІР  СҮРІП  ЖАТҚАН  ӘЛЕМ

67

1

3

4

5

6

2

Адам  өзінің  іс-қимылына  жауапты  болады. 

Ол  әрбір  істің  ақырын  ойлап  жасауы  керек. 

Жұмбақтарға  жауап  тауып,  сөзжұмбақты 

шеш.

               



 

Әлемді  қалай  елестететініңді    сызған  суретің 

арқылы  сипаттап  бер.

Бойымен:

 

1.  Ерте  тұрдым,



 

       Екi  айыр  жолға  түстім.

 

2.  Қайталап  атымды



             Ән  салып  аламын.

 

       Кез  келген  ұяға



 

       Жұмыртқа  саламын.



көлденеңімен:

 

1.  Тікен-тікен  тік  тісті,



 

      Қысы-жазы  бір  түсті.

 

3.  Күрең  қызыл  түсі  бар.



Тағамдардың  асылы,

Қуат  берер  күші  бар.

 

4.  Өзі  кірді  ашады,



 

      Суға  салсам  қашады.

 

5.  Қыс  бойына  жатады,



            Тәтті  ұйқыға  батады.

 

6.  Бір  үйде  тұрады  елу  батыр,



 

      Үй  сыртына  сүйенсе-ақ  өліп  жатыр. 



68

1.    Өз  қолыңмен  көшет  отырғызғансың  ба? 

Оны  қа лай  күтіп-баптау  керек?

2.    Ауылыңның  (қалаңның)  ерекше  табиғаты 

туралы  әңгімелеп  бер.

Адамдар,  өсімдіктер  мен  жан-жануарлар  таби-

ғаттың  бір  бөлшегі  болып  табылады.  Әрқандай 

тірі  организмнің  тыныс  алуы,  өмір  сүруі  үшін  су, 

ауа  жә не  азық-түлік  керек.  Мұның  бәрі  табиғатта 

бар.  Табиғат  біздің  ортақ  үйіміз.  Оны  сақтау 

баршамыздың  борышымыз.

Бекзат  пен  Дана  табиғатты  сақтау  үшін  мына 

ережелерді  орындайды.  Сен  сол  ережелерге 

тағы  қандай  қосымша  енгізген  болар  едің? 

1.  Ағаштар  мен  гүлдерді  егіп,  күтіп-баптау;

2.  Суды  үнемдеу  және  ластамау;

3.  Қоқыстарды  кез  келген  жерге  тастамау;

4.  Күзгі  жапырақтарды  өртемеу;

5.  Жануарларды  қинамау.

1-жағдай.  Көз  алдыңа  келтір:  мектептен  үйге 

қайтып  келе  жатырсың.  Көшеде  бір  топ  балалар 

үйіліп  жатқан  күзгі  жапырақтарды  өртегенін  көріп 

қалдың.  Бұл  жағдайда  не  істейсің?



2-жағдай.  Достарыңмен  ойнап  жүрсің.  Дос-

тарыңның  біреуі  ағаштағы  құстың  ұясын  көріп  қал-



МЕН  ТАБИҒАТТЫ  ҚАЛАЙ  ҚОРҒАЙ  АЛАМЫН? 

69

ды.  «Мүмкін  ұяда  балапандар  бар  шығар.  Келіңдер, 

оларды  аламыз»,  деді.  Сен  сонда  қайтесің?

БАЛАПАН  ТОРҒАЙ

Берік  торғайдың  балапанын  әбден  қинады: 

суға  салып  жүзгізді,  дөп-дөңгелек  кішкентай  ғана 

көздеріне  шөп  тигізіп  көрді...

Содан  кейін  аяғына  жіп  байлап,  көшеге  алып 

шықты.  Көшеде  досы  Талғатты  кездестірді.  Талғат 

Берікті  көргенде,  қабағы  түйілді.  Берік  өте  қайсар 

бала  еді,  соны  білген  Талғат    қалтасын  тез  тінтіді: 

қалтасында  жарты  өшіргіш  пен  кеше  ұштаған 

қызыл  қаламы  бар  екен...

–  Берік,  торғайды  қайдан  алдың?

–  Бидай  алқабынан,  шегіртке  ұстамақшы  бол-

ғанымда  мұны  тақияммен  бір  ұрып  құлаттым.

–  Ауысасың  ба?

Берік  жалт  етіп  Талғатқа  қарады,  кейін  бір 

нәрсені  ойлаған  ұқсайды:

–  Ауысамын,  нең  бар?  –  деді  асығып.

–  Міне,  бояу  қалам,  осыған  бересің  бе?

–  Өй-бүй!  Тірі  торғайды  бір  қаламға  ма?  Басқа 

нәрсең  жоқ  па?

–  Егер  көнсең,  мына  өшіргішті  де  беремін.

Берік  білегіне  орап  алған  жіңішке  жіпті  босатып, 

Талғаттан  өшіргіш  пен  қаламды  алды  да,  торғай 

балапанын  оған  берді.  Кейін  қызығып:

–  Мұны  ауыстырып  не  істейсің?  –  деді.

–  Қазір  білесің  не  істейтінімді...



70

Талғат  торғай  балапанының  аяғындағы  жіпті 

абайлап  шешті.  Жүрегі  дүрсілдеп  соғып  тұрған 

кішкене  құсты  бір-екі  рет  сипады  да,  бірден 

аспанға  ұшырып  жіберді...

Уктам  Усманов

1.  Берік  қандай  бала  екен?

2.    Сен  де  сол  жағдайға  тап  болсаң, 

Талғаттың  ісін  қайталаған  болар  ма  едің?



71

1.  Жанұяңда  қандай  үй  жануарлары  бар?

2.  Сен  оларды  бағуға  көмектесесің  бе?

3.  Жануарларға  қалай  қарым-қатынас  жасау 

керек  деп  ойлайсың?

Жануарлар  ежелден  адамдардың  ең  жақын 

досы,  көмекшісі  болып  келген.  Олар  сөйлей  ал-

маса  да  мейірімді,  жақсылықты  сезеді.  Адамның 

жануарларға  жасаған  қатынасына  қарап,  оның 

қандай  адам  екенін  біліп  алуға  болады.   

Иттер  үйіміздің  сақшысы.  Иттер  соғыс  кезінде 

жарақат танған  адамдарды  шайқас  алаңынан  алып 

шыққан.  Со нымен  бірге  олар  көптеген  қылмысты 

ашуға  кө мектеседі. 



ЖАНУАРЛАРҒА  ДЕГЕН  ҚАТЫНАС

72

Мысықтар 

үйімізді 

түрлі 


кемірушілерден 

қорғайды.  Ол  өте  сезімтал  жануар.  Мысықтар 

түрлі  қауіп-қатерді  алдын  ала  сезіп,  адамды 

сақтандырады. 

Ерте  заманнан-ақ  ата-бабаларымыз  аттарды 

ең  адал  жануар  ретінде  қадірлеп  келген.  Батыр 

ұлдар  атқа  мініп,  ел-жұртын  басқыншы  жаулардан 

қорғаған.



73

1. Жануарлардың  адалдығы  мен  достығын 

қандай  фильмдерде  көргенсің  немесе 

кітаптарда  оқы ғансың?

2. Көбелек, 

инелік, 


ханқызы 

сияқты 


жәндіктерді  ұс  тап  алу  табиғатқа  зиян 

тигізеді  деп  ойлай сың  ба?

3. Сеніңше,  барлық  жануарларды  немесе 

құстарды  үй  ішінде  бағуға  болады  ма? 

Бұлбұл  яки  кір пішешенді  торға  салып 

бағуға  болады  ма?

Табиғатты,  өсімдіктер  мен  жа-

нуарларды  сақтау,  кө бейту  үшін 

қорықтар  құрылады.  Өзбекстанда 

көптеген  қорық,  ұлттық  және  табиғи 

бақтар  бар.  Ол  жерлерде  жойы-

лып  бара  жатқан  сирек  кездесетін 

өсімдіктер  мен  аңдар  қорғалады. 

Қорықтардың  аумағында  аң  аулауға, 

балық  ұстауға,  ағаш  кесуге,  шөп  оруға,  мал  бағуға 

тыйым  салынады. 

Ал  Өзбекстанның  «Қы зыл  кітабына»  Азия  ба-

рысы,  тау  қойы,  ала-бұла  қорқау,  жайран,  дуадақ, 

аққұс,  кесіртке  сияқты  сирек  кездесетін  жа нуарлар 

енгізілген.  «Қы зыл  кітап»  мем лекеттік  құ  жат  болып 

саналады.  Он да  тіркелген  өсімдіктерге  зи ян  тигізген, 

жануарларды  ұстаған  адам дар  заңға  сәйкес  жа уап қа 

тартылады. 


74

ТАБИҒАТ  ҚҰШАҒЫНА  САЯХАТ

Ата-анаңмен  өзің  жасайтын  аумақтағы  си-

рек  кездесетін  өсімдіктер  мен  аңдар  туралы 

әңгімелес.  Сұхбат  кезінде  мәлімет  жина.

1.  Жанұяңмен  немесе  достарыңмен  саяхатқа 

шық қансың  ба?

2. Саяхат  үшін  тамақ  және  сусынға  ар-

налған  ыдыс тарды  қай  жерге  тастау  ке-

рек?

3. Саяхат  кезінде  гүлдер  мен  өсімдіктерді 



жұлған,  ағаштардың  бұтағын  сындырған 

дұрыс  па?



75

Еліміздің  табиғаты  өте  сұлу.  Кейбір  елдерде 

жыл  бойы  жаз,  ал  кейбір  елдерде  тек  қыс  болады. 

Үндістанда  көп  ай  бойы  тоқтамай  жаңбыр  жауса, 

Тундрада  9  ай  бойы  аязды  қыс  болады.  Африкада 

жыл  бойы  аптапты  жаз  болады.  Ал  біздің  елімізде 

жылдың  төрт  мезгілі  бірдей  өтеді.  Әрбір  мезгілдің 

өз  сұлулығы,  ерекшелігі  бар.



Төмендегі  өлең  шумақтары  қайсы  мезгілге 

тиісті  екенін  тап.

ЖЫЛ  МЕЗГІЛДЕРІ

Қар  еріді,  құстар  келді,

Күн  ұзын,  түн  қысқа  енді, 

Білесің  бе,  қай  мезгіл?



                                   

                           

Қысқа  күндер  ұзарды,

Алма,  шие  қызарды,

Білесің  бе,  қай  мезгіл?

Дала  тегіс  сарғайды,

Қысқа  қорын  қамдайды,

Білесің  бе,  қай  мезгіл?

                                   


76

Құрдық  қардан  аққала,

Шағын  ғана,  шақ  қана,

Білесің  бе,  қай  мезгіл?



Райхан  Өктем.

ҚЫЗЫҚТЫ  САЯХАТ

Көктемнің  бір  күнінде  3-сынып  оқушылары 

мұғалім мен  бірге  табиғат  құшағына  саяхатқа  шықты. 

Сарқы раған  сайға,  жап-жасыл  шөпке,  түрлі-түсті 

гүлдерге  қонған  көбелектерді  көрген  балалар  бірдей:

–  Ой,  айналамыздың  сұлулығын  қарашы,  –  деді.

Зәуре  мен  Сәуле  гүлшоғын  жасамақшы  болып  де-

реу  гүл  теріп  кетті.

–  Қыздар,  бұл  гүлдер  дереу  солып  қалады.  Бекер-

ге  оларды  жұлмаңдар,  –  деді  мұғалім.  –  Қараңдаршы, 

гүлдер  өсіп  тұрған  кезінде  қандай  әдемі.

Балалар  шулап  жан-жаққа  жүгіріп  кетті.  Бір  кезде 

Әкбар  ұстап  алған  инелікті  Бекзатқа  көрсетті:

–  Қарашы,  қандай  үлкен  инелік  ұстап  алдым. 

Көздері  дәл  шыныға  ұқсайды  екен.

–  Оны  жібер,  қинама.  Әдепнама  сабағында 

мұғалім  жануарлар  мен  жәндіктерді  қинаған  жақсы 

емес  деген  емес  пе  еді?

Әкбар  инелікті  жіберген  еді,  ол  қанаттарын  қағып 

ұшып  кетті.

Түскі  тамақ  кезінде  мұғалім:

–  Балалар,  қалған  тамақтарды,  желім  ыдыстар 

мен  қағаздарды  жан-жаққа  тастамаңдар,  өзімізбен 

әке те міз,  –  деді.



77

–   Е,  тастап  кете  берсек  қайтеді?  Көтеріп  жүреміз 

бе?  –  деді  Сапар.

–   Дем  алуға  келген  әрбір  адам  біреуден  ке-

рексіз  заттарды  тастап  кете  берсе,  бұдан  табиғат-

қа  қаншалықты  зиян  тиетінін  білесіңдер  ме?  Ға-

ламшарымыздағы 

7  миллиардтан 

астам 

адам 


бі ре у  ден  гүл  жұлса,  гүл зарлар  жойылып  кетуі, 

біреуден  қоқыс  тастаса  әлем  қалдық  тастайтын 

орынға  айналып  қалуы  әбден  мүмкін.  Керісінше, 

біреуден  гүл  егіп  немесе  көшет  отырғызса,  әлем 

гүлзарға,  бау-бақшаға  айналатын  еді.

Осы  сөзден  соң  Сапар  жерге  тастамақшы  болған 

кәмпиттің  қағазын  білдірмей  қалтасына  салып  қойды. 

Көз  алдыңа  келтір:  Сенің  табиғат  құшағында 

саяхат  жасауға  мүмкіндігің  бар.  Ол  үшін  қай-

сы  мезгілді  таңдайсың?  Саяхатқа  кім дермен 

бара сың?  Саяхатың  қалай  өткенін  қалайсың? 

Демалыс  кезінде  қоршаған  ортаға  қандай 

қатынаста  боласың?  Осы  туралы  шағын 

мәтін  құр.



ҚАЙТАЛАУ

кӨкТЕМ  кЕЛДІ

М.  Әлiмбаев

Көлдің  мұзын  күн  тесті,

Аппақ  тонын  жер  шешті.


78

Жан-жақтан  күн  күркіреп,

Жаңбыр  жауды  сіркіреп.

Жерді  жапты  көк  кілем,

Ондай  кілем  жоқ,  білем!

Көктем  келді  күлімдеп,

«Міне  саған  гүлім!»  деп.

                                                                               



Қ.  Мырза  Әли

Көктем  келді,  құс  келді,

Күн  ұзын,  түн  қысқа  енді.

Көктем  келді:  су  ақты,

Күннің  көзі  шуақты.

Көктем  келді,  гүл  өсті,

Көбелектер  гулесті.

Әріптерді  өз  орнына  қойып,  торлардағы 

жасы рынған  аң  мен  құстың  аттарын  тап. 

1. Б

Т

Л

к

А

А

2. А Υ

Р

I

Т

Н

3. Қ Ж Ю Қ Ы Р

4. А С Ы Л

Н

А


79

Аңыз-әңгімелер  бізге  халқымыздың  тарихынан 

әңгі мелеп  береді.  Халқымыз  белгілі  тұлға,  бірер 

жер,  үй-ғимарат,  тарихи  немесе  қызықты  оқиғалар 

туралы  мәлімет  беретін  аңыз-әңгімелер  шығарған. 

Оларда  ата-бабаларымыздың  ерліктері  жөнінде, 

әдет-ғұрыптар  мен  мерекелердің  қалай  пайда 

болғаны  қызықты  етіп  баяндалады. 

Өте  ерте  заманда  Оғыз  ұлы  үңгірде  өмір  сүрген 

екен.  Ол  қыстан  қатты  қорқады  екен.  Сондықтан 



АҢЫЗДАРДА  ТАРИХЫМЫЗ  ТУРАЛЫ. 

НАУРЫЗ  ТУРАЛЫ  АҢЫЗ-ӘҢГІМЕ

80

азық-түлік  жинап,  қысқа  көп  дайындық  жасайды  екен. 

Бір  жылы  қыс  қатты  болып,    оның  жинаған  азық-

түлігі  тау сылып  қалыпты.  Ол  тамақ  іздеп  үңгірден 

шығыпты.  Қараса,  күн  шығып,  ауа  ыси  бастаған 

екен.  Жолда  бара  жатса,  алдынан  бір  көк  жолақты 

қасқыр  шығыпты:

–  Оғыз  ұлы,  мына  ілік  үзілді  деген  күні  қайда 

бара  жатырсың?  Жол  болсын?  –  деп  сұрапты  қасқыр.

Оғыз  ұлы  тамақ  іздеп  бара  жатқанын  айтыпты. 

Сонда  қасқыр  былай  депті:

–  Мына  жолмен  бара  берсең,  бір  үйір  қой, 

бір  бума  бидай,  бір  диірмен  және  бір  ұршық  бар. 

Соның  бәрі  сенікі.  Қойларды  бағып  көбейтсең, 

жүнін  ұршықпен  иіріп,  өзіңе  киім  үшін  мата  тоқисың, 

бидайдың  дәндерін  жерге  шашсаң,  ол  нан  болады.

Сөйтіп  Оғыз  ұлы  қасқыр  айтқан  жерге  барып  қа-

раса,  шынында  соның  бәрі  тұрған  екен.  Ол  қой  ба-

ғуды,  бидай  егіп,  егіншілікпен  шұғылдануды,  жіп 

иіріп,  өзіне  киім  тігуді  үйреніпті.  Тұрмысы  жақсы  бо-

лып  кетіпті.  Сондықтан  ол  әр  жылы  қасқырмен  кез-

дескен  күнін  атап  өтетін  болыпты.  Сол  аязды  қыстан 

құтылып,  көктемге  жеткен  күні  –    Наурыз  екен.

1. Сен  жасайтын  жерде  Наурыз  мерекесін 

қалай  қар сы  алады?

2. Саған  мерекедегі  қайсы  салт-дәстүрлер 

ұнайды? 


81

НАУРЫЗ

Ұлыстың  ұлы  күнінде

«Оң  болсын,  –  деп  –  ұлысың!»

Төс  түйісіп  көрісер.

Көжедегі  ырысын

Көпшілікпен  бөлісер.

Төс  түйісу  дегені  –  

Тату  болсын  ел  іші.

Бөліп  ішу  көжені  –

Тоқшылықтың  белгісі.

*    *    *

Наурыз  тойы  салтымыз,

Аман  болсын  халқымыз.

Ұлыс  оң  болсын,

Ақ  мол  болсын!

Халқ  ауз  әдебіеті 

Наурыз  туралы  өлеңдер  мен  әндерді  жаттап 

ал. 


1. Сүмелек  жылдың  қайсы  мезгілінде  және 

қалай  әзірленетіні  жөнінде  білесің  бе?

2. Сүмелек  әзірлеу  кезінде  оған  кімдер 

қатысады?

Бағзы  бір  заманда  балалары  көп  бір  жанұя 

болған  екен.  Бұл  жанұя  өте  кедей,  жеуге  ештеңесі 



СҮМЕЛЕкТІҢ_ТАРИХЫ__82'>СҮМЕЛЕкТІҢ  ТАРИХЫ

82

де  жоқ  екен.  Әке  азық  тауып  келу  үшін  базарға 

кетіпті.  Алайда  түстен  кейін  де  одан  хабар  болмапты.

Аш  қалған  балалар  тамақ  сұрап  жылай  бастап-

ты.  Сонда  парасатты  ана  бір  қулық  ойлап  тауып-

ты.  Ол  балаларын  жұбатып  тұру  үшін  үлкен  бір 

қазанға  толтырып  су  құйыпты.  Кейін  оған  бір  уыс 

тас  пен  енді  өне  бастаған  бидай  дәнін  салып,  ара-

ластыра  бастапты.  Балалар  ошақ  айналасында 

тамақтың  дайын  болғанын  күтіп  ұйықтап  қалыпты.

Қазанды  қозғай  беріп,  шаршап  қалған  анасы  да 

түн нің  бір  уағында  ұйықтап  қалыпты.  Таңертең 

ұйқыдан  оянған  балалар  тағы  тамақ  сұрапты.  Ана-

сы  қазанның  қақпағын  ашып  таң  қалыпты.  Себебі 

қазанда  хош  иісті,  өте  дәмді  бір  тағам  дайын  бо-

лыпты. 


СҮМЕЛЕк

(халық  әні)

Сен  көктемнің  елшісі,

Жақсылықтың  белгісі.

Сен  Наурыздың  сіңлісі,

Сүмелегім,  сүмелек.

Сүмелегім,  сүмелек...

Дәу  қазанда  сүмелек,

Қозғамаған  арманда,

Бір-бірінің  көңілін,

Көтермеген  арманда.

Сүмелегім,  сүмелек,

Сүмелегім,  сүмелек.



83

ШИПАЛЫ  ТАҒАМ

Перизаттың  әжесі  әр  жылы  көктемде  сүмелек 

пісіреді.  Биыл  Перизат  сүмелектің  қалай  әзірле-

нетінін  біліп  алу  үшін  әжесіне  көмектеспекші  бол-

ды.

–  Әже,  неліктен  бұл  тағам  сүмелек  деп  атал-



ған,  –  деп  сұрады  Перизат

–  Аңыз-әңгімелерде  айтылуынша,  сүмелек  пісір-

ген ге  дейін  оның  төбесінде  отыз  періште  дұға 

оқып  тұрады  екен.  Сондықтан  оны  әжелеріміз  «си 

малак»  –  «отыз  періште»  деп  атаған.  Сүмелек  үшін 

әуелі  бидайды  іріктеп  алу  керек,  –  деп  түсіндірді 

әже сі.  –  Бидайды  жақ сылап  тазалап,  жуып,  кейін 


84

өндіреміз.  Одан  өнгендерін  майдалап,  суын  сығып 

аламыз.  Содан  соң  қазанға  май,  бидайдың  суы 

мен  ұн  салып,  пісіруді  бастаймыз.

–  Мен  сүмелекті  жалағанымда  ішінен  тас  шыққан 

еді.  Тасты  неге  салады?

–  Сүмелектің  асты  күйіп  кетпеу  үшін  қазанға  бір-

тегіс  ұсақ  тастарды  салады.  Сүмелек  –  шипалы 

тағам.  Көктемде  біздің  денемізге  көп  дәрумен  керек 

болады.  Ал  сүмелекте  дәрумендер  көп.  Оны  той-

ып  жеген  адам  жыл  бойы  сергек  болып,  ешқашан  

ауырмайды.

Сүмелек  әзірленетін  күні  Перизаттың  үйіне 

көрші-қолаң,  туған-туыстары  жиналды.  Тағам  дайын 

болған ша  әжелер  үлгі-өнегелі  аңыз-әңгімелер  айтып 

берді,  ал  жастар  ән  шырқады.

Таңертең  ауылдағы  барлық  жанұялардың  дастар-

қанына  дәмді  сүмелек  қойылды.

1.  Сүмелек  неліктен  ерте  көктемде  пісіріледі?

2. Сүмелек 

пісіру 

барысында 



балалар 

өздерін  қалай  ұстауы  керек?

3. Әңгімедегі  соңғы  сөйлемді  қайталап  оқы. 

Бұл  сөйлемнің  мағы насы  қандай?

Сурет  дәптеріңе  сүмелек  әзірлеу  кезін  сал.


85

ХАЛЫҚ  ОЙЫНДАРЫ.  ОЙЫН  ӘДЕБІ.

1. Сен  достарыңмен  қандай  ойындар  ойнай-

сың?

2. Ойын  кезінде  алдаған,  өкпелеген  бала-



ларға  қа лай  қарайсың?

Ойын  –  балалардың  ең  сүйікті  жаттығуларының 

бі рі.  Ойынды  жай  әшейін  уақытты  өткізу  үшін 

ойнамайды.  Ойын  кезінде  денеміз  шынығады, 

ой-өрісіміз 

өседі. 


Мысалы, 

күрес, 


бес 

тас, 


тығылмашақ,  арқанмен  се кіру  тәрізді  ойындар  ба-

лаларды  шы нықтырады.  Жаңылтпаш  айту,  ой-

лап  тап  секілді  ойындар  пі кірлеуді  тереңдетеді.  Ал 

«қонақ-қонақ»  де ген  ойын  балаларды  ұлттық  әдет-

ғұрыптарға,  салт-дәстүрлерге  үйретеді.

Ойын  ойнаудың  да  ерекше  тәртіп-ережелері 

бар.  Ойын  кезінде  алдауға  болмайды.  Кейбір  ба-

лалар  сәл  ғана  нәрсеге  ренжіп  қалады.  Алдайтын 

және  өкпелегіш  баланы  достары  ойынға  қосқысы 

келмейді.



1-жағдай.  Сен  көшеде  балалардың  ойнап  жат-

қанын  көрдің.  Олар  сені  ойынға  қосқысы  келмеді. 

Бі рақ  сенің  де  ойнағың  келеді.  Балалар  сені 

ойынға  қосуы  үшін  не  істейсің?



2-жағдай.  Ойын  кезінде  достарыңды  қатты 

ренжітіп  қойдың.  Одан  қалай  кешірім  сұрайсың?



86

 

Қимыл  ойындары  балалардың  денесін  шы -



нықтырып, 

олардың 


ептілігін 

арттырады, 

ал 

тез  пікірлеу  ойынында  сөздің  маңызы  үлкен. 



«Жаңылтпаш»,  «Гүлдір-гүп»,  «Санамақ»,  «Жұмбақ» 

ойды  өсіретін  ойындар  болып  саналады.  Сөйлеу 

кезінде  ойыңды  бір  жерге  жинап,  сөздің  дыбы-

сын,  мағынасын  түсіну  және  сезіну,  дауысты  дұрыс 

шығару,  сұраққа  анық  жауап  қайтару  осындай 

ойындардың  маңызды  белгісі  болып  табылады.   



Жаңылтпаштар

Көп  ешкі  көк  шөпті  жейді,

Көк  шөпті  көк  ешкі  жейді.

*  *  *


87

Жібек  көрпе    жамылдырды,

Жасыл  өлке  малындырды.

Ойды  шарықтау

Қ.  Мырза  Әли

–  Дұрыс!  –  деп  Тұраш  айтты,

–  Бұрыс!  –  деп  Бораш  айтты.

–  Жалған!  –  деп  Жарас  айтты.

–  Рас!  –  деп  Рәш  айтты.

Қайсысы  жалған  айтты?

Қайсысы  рас  айтты?

Көктем  кезінде 



«Ақ  терек  пе,  көк  терек», 

«Асық  ату»,  «Санамақ»,  «Шекем  тас» 

сияқты  ойындарды  ойнауға  болады.



«АҚ  ТЕРЕк  ПЕ,  кӨк  ТЕРЕк»

Кешке  қарай  балалардың  шулаған  дауысын 

естіп  шықтым.  Балалар  мен  бұрын  есітпеген  жаңа 

«Ақ  терек  пе,  көк  терек»  деген  ойын  ойнап  жа-

тыр  екен.  Бұл  ойында  балалар  екі  арада  жиыр-

ма-отыз  қадам  қашықтық  қалдырып  екі  қатарға 

тізіліп,  қол  ұстасып  тұрған  екен,  қатардың  жетекшісі 

қарсы  тұрған  қатарға  қарап:  «Ақ  терек  пе,  көк  те-

рек,  бізден  саған  кім  керек?»  дейді.  Қарсы  жақтың 

жетекшісі  «Пәленше  керек»  дегенде  аты  аталған 



88

бала  өзінің  қатарынан  шығады  да,  жүгіріп  ба-

рып  бар  күшімен  қарсы  жақтағы  қатарды  үзіп  кет-

се,  үзген  бала  сол  қатардан  бір  баланы  жетектеп 

әкеледі,  ал  қатарды  үзе  алмаса  өзі  сол  қатарда 

қалып  кетеді  екен...



89

Көп  балалар  қарсы  тұрған  қатарды  бұзып  өтіп  

бала  ертіп  келді,  ал  көбісі  бұза  алмай  сол  жақта 

қалып  қойды.  Асығып  күттім:  мені  де  «керек»  десе, 

жүгіріп  барып  қатарды  бұзып,  бала  ертіп  әкелсем... 

Бірақ  мені  ешкім    «керек»  демеді.  Бұл  балалар 

менің  атымды  білмейтіні  тіпті  есіме  келмепті.

Абдулла  Қаххардың  «Өткен

өмірімнен  ертегілер»  деген  әңгімесінен

Үлкендермен  халық  ойындары  туралы  әң-

гімелес. 

Олар 


бала 

шағында 


қандай   

ойындарды  ойнағанын  қызығып  сұра.  Өзің 

білмеген  бас қа  ойынды  қалай  ойнауды, 

шарттарын  біліп  ал. 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет