Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет10/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. К. Поппердің фальсификационизм деп аталатын білімнің ғылымилығын анықтаудың әдіснамасын сипаттаңыз.

  2. Т. Куннің ғылым философиясына «парадигма» ұғымын енгізуін және «парадигма» ұғымына берген анықтамасын түсіндіріңіз.

  3. Т. Куннің пікірінше, ғылыми білімнің даму үдерісінің мәселесін шешетін «ғылымның циклдік дамуы» дегенді қалай түсіндіресіз?

  4. П. Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизм» тұжырымдамасын сипаттаңыз.

  5. Ғылымның даму тарихындағы үш кезеңді қөрсететін кесте сызыңыз.

  6. Педагогикалық білімнің ғылымилығының өлшемдерін сипаттаңыз және оған мысалдар келтіріңіз.




    1. Педагогиканың философиясы және әдіснамасының ғылыми мағынасы

Педагогикалық зерттеу әдіснамасы педагогикада жаңа мәселе емес. Дегенмен, педагогикада әдіснамаллық әрекетке қажеттілік күн сайын күшейе түсуде. Педагогикалық зерттеулер сапасын бағалаушы сарапшылар «осы саладағы жұмыстардың ғылымилығы таяздалуда оның себептері: ғылыми еңбектің мәдениетінің төмендігі, сондай-ақ, ғылыми жұмыстың өлшемдері де белгілі дәрежеде жоғалтылғандығы» деп көрсетеді. Бұдан тағы ЖОО мен ғылыми зерттеу институттарында ғылыми әрекетке – ізденістің болжамын жасауға, міндеттерін қоюға, әдіснамалық негіздерін анықтауға, арнайы оқытып даярлау үдерісінің, ғылыми ұстаным, ғылыми кеңістікті көре білудің жоқтығы да өз әсерін тигізуде деген тұжырымдар айтылып жүр.


Бұл мәселелер аз уақытта шешіле алмайды. Мақсатты бағытталған жұмыс керек. Осы ескертпелердің біршама бөлігі әдіснаманың өз құзыретіндегі педагогика ғылымын философиялық-әдіснамалық рефлексиялауға тікелей байланысты. Ресей Білім Академиясы құрамында білім беру философиясы мен педагогикасының зерттеу мәселелерінің Ғылыми кеңесіне бағдар беруге бүкіл кеңестік республикадан танымал ғалымдар қомақты үлес қосқан.
Педагогикалық зерттеуді рефлексиялаудың негізгі философияық-әдіснамалық мәселесі - педагогика ғылымының педагогикалық әрекет жүйесіндегі мәртебесі. Педагогика ғылымы әдіснамасының ішкі мәселесі педагогтар осы зерттеуден не күтетіні, демек өмірлік-тәжірибелік мақсаттарға бағытталғандығымен ғана шешіледі. Тіпті әр педагогтің әрекетінде педагогикалық зерттеу элементі тұрғанын да ескерген жөн.
Сонымен, педагогикалық зерттеуге әдіснама қажет. Ол әдіснама зерттеудің ғылымилығының стандарттарын сипаттаумен шектелмейді, осы зерттеудің ғылыми базисінің мазмұнын жұмыс жасаушы педагогтің нақты мәселелерімен байланыстыруды іске асырады. Шындығында, педагогикалық зерттеу педагогикалық әрекетке жинақталған тарихи-мәдени тәжірибенің ғылыми моделін ұсыну қажет. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы алынған нәтижені оның ғылымдағы, сондай-ақ, педагогикалық мақсаттармен сәйкестілігі арқылы бағытталады.
Педагогикалық ғылыми зерттеудің әдіснамалық рефлексиясы бұл зерттеудің ғылымилықтың әдіснамалық өлшемдеріне сәйкестігін қаматамасыз етеді, сонымен қатар, абстрактілі ғылыми тұжырымдамаларды педагогикалық жағдаятпен, шынайы педагогикалық тәжірибемен сәйкестендіре алуы керек. Бұл міндет әлем туралы білімді, педагогикалық әрекеттің міндеттері мен мақсаттарының тілінде «сөйлету» пәнаралық педагогикалық зерттеудің мәселесі болып табылады. Бұл ретте, педагогика әдіснамасының алдында ғылымды философиялық-әдіснамалық талдаудың міндеттерін саралау мақсаты тұрады.
Осыдан 50 жыл бұрын ғылымды философиялық-әдіснамалық рефлексиялаудың назарында мыналар болды: 1) стандартты ғылыми танымның қатаң рәсімдерін анықтау және осы немесе басқа ғалымдардың тұжырымдамалық негіздерін талдау. 2) осыны педагогикаға көшіретін болсақ бұл педагогикалық білімнің құрылымы (мәселе, болжам, верификация, фалисикация, эксперимент) талдау, педагогикалық білімдердің философиялық-көзқарастық негіздерін талдау болып табылады.
Бұндай әдіснамалық рефлексия педагогикалық зерттеулердің ғылымилығының стандарттарының қалыптасуының маңызды элементі болды және ол өзінің нәтижелерін де береді. Бірақ, педагогикалық зерттеудің қолданбалы қырын ескермеу нақты практик-педагогтардың өзіндік санамен педагогика әдіснамасы арасында алшақтық пайда болды. Себебі, педагогика әдіснамасы педагогикалық білімді жаратылыстанудың әдіснамалық үлгілері арқылы қарастырады.
Ал бүгінгі ғылым философиясы жалпы ғылымның тарихи-мәдени мәніне, оның мәдени мақсаттарын баса назар аударуда. Бұл тұрғыдан ғылым философиясы ғылыми танымның тарихи мүмкнідіктерін бағалауға ұмтылыс жасалды.
Осыған орай, жалпы философиялық-әдіснамалық ұстанымдарға сәйкес, педагогикалық зерттеу әдіснамасы тұтас алғанда, педагогиканың өмірлік –тәжірибелік бағыттылығымен байланысты мәселені басшылыққа алады. Қазіргі педагогика әдіснамасы педагогикалық зерттеуде басқа ғылымдардың ұғымдарын педагогикалық мақсатқа сай пайдаланудың әдіснамалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Әдіснамашы-ғалым В.В. Краевский педагогиканы философиядағы, логикадағы, психологиядағы білім мен байыту жолдары туралы өз ойын бірінші рет айтқан болатын. В.В.Краевский ғылыми-әдіснамалық семинарларды үлкен дәрісханаларда өткізіп жүрді, педагогиканың әдіснамалық негіздерін сақтап қалу үшін орасан зор еңбектенді. Педагогика осы кезде білім беру туралы ғылым ретінде негізделді. Осы уақытта философиялық білімнің жаңа саласы - білім беру философиясы тез қарқынмен дамыды деуге болады. Енді «білім беру философиясы» және «педагогиканың философиясы» екенін ажыратып алу керек болды. Бәрімізге белгілі ғылым философиясы және ғылымдар философиясы (тарих, физика, математика, жаратылыстану және т.б) бар да, оның ішінде, педагогиканың философиясы тіпті аталмаған. Сондықтан, педагогиканың философиясының зерделеу пәні не екенін нақтылау маңызды болды.
Педагогиканың философиясы жайлы айта отырып, мына сұрақтарды қарастырған жөн. Олар: білім беру философиясы мен педагогиканың философиясы; айырмашылығы неде? Философия және педагогика: педагогикалық үдеріс пен педагогикалық әрекетті ойластырудағы ғылыми ұтымдылық; жеке, ерекше, жалпы мән мен құбылыс; педагогтің ойлауының гуманитарлық сипаты; педагогикада білім берудегі философиялық тұғырлардың (аксиологиялық, мәдениеттанымдық, герменевтикалық және т.б); білім берудегі кіріктіру мен саралаудың философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері, іргетасы; білім беру мазмұны теориялары және мемлекеттік білімнің құндылықтарын анықтау. Білім берудегі мәдени-антропологиялық ұстанымдар (тарихилық, таңдап алғыштық және т.б) және құндылықтар жүйесі; философиялық-педагогикалық шешім; мәдени- әлеуметтік тұғыр аясында білім беру мазмұнының гуманитарлық-әдіснамалық сипаттамалары және оларды білім беру мазмұнын құрастыруда пайдалану; дидактикалық дамыту философиялық-дидактикалық негіздері; педагогикалық білімның байытылу және даму жолдары; білім беруді стандарттау үшін қажет философиялық-логикалық білімнің рөлі; дидактиканың философиясы және дидактика философия ретінде (И.Я. Лернер); оқытудағы әлеуметтік, білім берушілік және тұлғалық құрылымдар; өзін-өзі тану - білім беруді жаңартудың негізгі гуманитарлық факторы; өзін-өзі танудың философиялық мәселелері (сұрақтары); өзін - өзі танудың психологиялық мағынасы; білім беру мазмұны тұрғысынан өзін өзі танудың құндылықтық мағынасы. Өзін-өзі тану - оқу әрекетінің бөлігі ретінде. Рефлексияны мәдени-тарихи тұрғыдан түсіну. Рефлексия - адамның өмір әлемін түсіну жолы (Ф.Е. Васильев). Білім беру үрдісіндегі қарым-қатынас туралы философиялық-логикалық түсініктің көрінісі. Кәсіби-педагогтік қарым-қатынас ерекшеліктері. Ойын барысындағы қарым-қатынас; Оқыту үдерісіндегі ойын имитациясы және креативтілік олардың философиялық-психологиялық мағынасы және басқа да мәселелер.
Педагогиканың философиясын алғаш рет В.В. Краевский, Л.М. Перминова қосымша кәсіби білім беру бағдарламасына арнап 2010 жылы құрастырған еді. Оның ішінде, өзін өзі танудан практикалық жұмысты қосуы өте сәтті шыққан еді. Бұл әрине, Володар Викторовтің педагогикалық білімді байытуының бір жолы болды.
Педагогиканың философиясының мағынасын нақтылай түсу үшін әсіресе, логика мен дидактиканың өзара байланысын ғылыми-философиялық тұрғыдан байыту қажет болады. Әрі оқытуды логикалық-дидактикалық негіздейді және дидактикалық педагогикалық білімді байытты. Әдіснамалық тұғырды ғылыми негіздеу әрқашан жаңа теориялық білімнің пайда болу алғы шарттарын талдаумен тығыз байланыста. Оқытуды логикалық-дидактикалық тұрғыдан зерделеу ғылыми-теориялық білімнің атқарылымына негізделген таным әрекетіне гносеологиялық және ақпараттық нақтылау деген сөз.
Логикалық аксиоматика логикалықты, гносеологиялықтың және психологиялықтың бірлігі ретінде қарастырылады, бірақ ол оқушыларға оқу-танымдық үдеріс әдіснамасы емес оқыту құралы ретінде қолданылады. Әдіснамалық ұқсастығына орай ғылыми-логикалық және дидактикалық білімнің кіріктірілуі мүмкін болады. Логика ғылыми – оқу – танымдық әрекеттің жалпы ғылыми әдіснамасы болып табылады. Дидактика – түрлі пәндерді оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі. Логика да, дидактика да «пәннен жоғары», өйткені, екеуінің зерттеу пәні бар, ал педагогикалық болмыста олардың пәндік мазмұны жоқ.
Ғылым және оқу танымы ғылыми білімнің құрамымен, құрылымымен танымдық қызметімен сипатталады. Ғылыми білімді ұғымнан теорияға дейін меңгеру білім сапасының маңызды сапасы жүйеліліктің логикалық-психологиялық және дидактикалық сипаттамасы болып есептелінеді. Оқу- танымдық әрекетте таным қызметтерін меңгеру ғылыми әдісті игеруге әкеледі. Логиканы дидактикалық үдерістегі оқытудың құралы еткен тіл екені анық. Ғалым да, оқушы да құбылысты сипаттау (не?, қашан?, қайда?, қандай?, қанша?, қалай?), түсіндіру (неден?, неге?, не үшін?), божау (не болады?, егер?)- үшін қолданыстағы кілтті сөздері бірдей. Бұл лексикалық құрылымдар оқу мәтіндерінің, оқу тапсырмаларының мазмұнына үнемі және мақсатты түрде қосылып отырады.
Философиялық ой-тұжырымдардың педагогикадағы орнын шартты байланысты екі көзқарас бар. Біріншіден, педагогиканы қолданбалы философиямен «айырбастау», екіншіден, педагогиканы философиядан алшақтату болып отыр.
Философиялық білімдер педагогикалық зерттеудің әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Ол педагогикалық теория жасау үшін қажет, өйткені, теориялық зерттеу тәжірибемен, педагогикалық шынайылықпен жалпылама байланыста да, ал философиямен тікелей байланысты.
Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы мәдени-өркениеттің дамуының негізгі көрінісі болып табылады. Бұл парадигманы практикада жүзеге асыру үшін педагогтің кәсіби-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл ретте, әлемдік бәсекеге кабілетті білім беруді жүзеге асыратын парадигманың қоғамды дамытудағы үлесі, жалпы орта білім беретін және жоғары мектептердегі инновациялық реформаларды жүзеге асыру, білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер, оку-тәрбие үдерісінде ақпараттык, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және т.б. басшылыққа алынады.
Педагогтің зерттеушілік әлеуетін қалыптастыру білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру практикасында өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін практикалық бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды. Философиялық білімнің құрылымын әдіснама, гносеология, диалектикалық логика, әлеуметтік философия және ғылым философиясы анықтайды. Зерттеудің философиялық-әдіснамалық негіздеріне таным және ғылыми таным теориясының іргелі қағидалары алынады.
Әдіснамалық білім жалпы ғылыми білім әдіснамасы және арнайы білім әдіснамасынан (педагогика) құралады. Сондықтан, мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін құрастырудың базасы ретінде әдіснамалық білімнің құрлымы мен мазмұны нақтыланды (ғылым философиясы және әдіснамасы, ғылымтану, педагогика әдіснамасы, педагогикадағы ғылыми-зерттеу әрекеті мәдениеті, инновация әдіснамасы). Ғалымдардың пайымдауынша, педагогтің зерттеу мәдениетінің мазмұнына практик-мұғалімдердің ғылыми зерттеу әрекетінің аппаратын меңгеру, зеттеудің мақсатын анықтау, ұстанымдарды ұсыну, әдістерді негіздеу дағдылары және әдіснамалық рефлексия енеді.
Қазіргі кезде философияның пәні мен негізгі қызметтері нақтылануда. Философия қоғамдық сананың формасы ретінде, адамның өмірдегі орны мен әлемге деген тұтас көзқарас, болмыс пен танымның жалпы ұстанымдары, адамның әлемге қатысы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдылықтары туралы ғылым. Философиялық білім барлық нақты ғылымдар жүйесінде дамиды және келесі құрылымдық бөліктерден құралады: онтология (болмыс туралы ілім), әдіснама (әдіс туралы ілім), гносеология (таным туралы ілім), формалды, диалектикалық, арнайы логика, табиғат философиясы, әлеуметтік философия, антропологиялық философия, эстетика, этика (мораль туралы ілім), философия тарихы.
Сонымен, философиялық әдебиеттегі таным және ғылыми таным теорияларындағы келесі қағидаттар басшылыққа алынды: а) таным теориясы бойынша:
-таным теориясы (немесе гносеология, таным философиясы) - таным табиғаты және оның мүмкіндіктерін, танымның шынайы және нақтылығын қарастыратын философияның бір бөлімі. Гносеология – адамның танымдық әрекеттерінің жалпыға ортақ сипаттамасын қарастырады.
-танымның негізгі ұстанымдары: болмыстың және ойлаудың тепе-теңдігін (дүниені тану ұстанымдары), таным үдерісінің диалектикасы, қоғамдық тәжірибе - танымның негізгі қорғаушы күші, шынайылық өлшемі, таным мақсаты.
-гносеологияның негізгі бөлімдері: адамның объективті дүниені тануы туралы білім;
-таным түсінігінің табиғаты: а) үдерістің классикалық сызбасы: таным объектісі-таным субъектісі; б) таным үдерісінің ғылыми сызбасы: таным объектісі - таным құралы - таным субъектісі.
б) ғылыми таным теориясы бойынша:
-ғылым - білімдерді жүйелеу және тексеруге арналған адам әрекеті. Ғылыми пәнаралық салалардың құрылымы: оған философиялық, логикалық-математикалық, жаратылыстанулық және гуманитарлық ғылымдар. Заманауи ғылым және адамның, мәдениеттің және қоғамның рухани әлемін қалыптастырудың негізгі факторлары.
-ғылыми танымның әдіснамасы әдіс туралы білімнен (эмпирикалық және логикалық таным) және жалпыға бірдей әдістерден (философиялық ұстанымдар, заңдар және т.б) тұрады.
-ғылыми танымның құрылымы: эмпирикалық факт ғылыми факт, байқау шынайы эксперимент модельді эксперимент ойлау эксперименті зерттеудің эмпирикалық деңгейіндегі нәтижелерді тіркеу эмпирикалық жалпылау теориялық білімдерді қолдану ғылыми бейне болжамның қалыптасуы оны тәжірибеде тексеру жаңа түсініктерді қалыптастыру терминдер мен белгілерді енгізу олардың мағынасын анықтау заңдарды шығару теория құру оны тәжірибеде тексеру қажет болған жағдайда қосымша болжамдарды құрастыру.
Ғылыми таным теориясы кейбір оқулықтарда танымның философиялық құрылымы ретінде беріледі (П.В.Алексеев, А.В. Панин т.б), басқа әдебиеттерде – ғылым философиясы бөлімінде, үшінші бір оқулықтарда ғылым бойынша бөлімдерінде берілген. В.С. Степин «Философияға кіріспе» оқулығында ғылымның әлеуметтік қызметін ашып көрсетеді (мәдени, дүниетанымдық, ғылымның өндіріс күші және әлеуметтік күш).
Қазақстанда кәсіби философияның дамуы үдерісінде философия, ғылым логикасы және әдіснамасы ғылыми мектебі (Ж.М. Әбділдин, А.Н. Нысанбаев, К.Х. Рахматуллин, М.З. Изотов, Р.К. Қадыржанов, А.Г. Косиченко, М.Ш. Хасанов, М.С. Хамидов, М.С. Сабитов, М.С. Орынбеков және т.б) халықаралық деңгейде қалыптасты. Қазақстандық философ-әдіснамашылар ғылымдағы шығармашылық ойлау идеясын ұсынды, ол барлық өмірлік қозғалыстардың бастауы мен дамуы болып табылатын диалектикалық қарама-қайшылықтарға сүйенді. Олардың еңбектері негізінен жаратылыстану және техникалық ғылымдарға бағытталғандықтан педагогика ғылымы олардың толыққанды зерттеу пәніне айналмады. Дегенмен, қазіргі педагогикалық зерттеулер қазақстандық философтардың идеяларын жүзеге асыруға бағытталуда.
Философиялық негіздемелер құрылымында белгілі ғалымдардың еңбектері жалпы логикалық таным әдістеріне, эмпирикалық, теориялық және тарихи әдістерге, ғылым этикасына сипаттама беріледі.
Қазіргі іргелі әдебиеттерде (В.С.Степин, К.Х. Рахматуллин, В.П. Кохановский, Г.И. Рузавин және т.б) ғылым философиясы келесідей сұрақтарға жауап іздейді: «Ғылыми білім деген не?», «Ол қалай құрылған?», «Ұйымдастыру ұстанымдары мен құрылымы қандай?», «Тарихи өндіріс ретінде ғылым нені көрсетеді?», «Ғылыми пәндердің даму және қалыптасу заңдылықтары қандай?», «Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарым-қатынасы?». Бұл сұрақтар ғылым философиясының негізгі мәселелерін тұжырымдайды.
XIX ғасырда философия ғылымы танымды мәдени-әлеуметтік феномен ретінде қарастырды. Оның негізгі мақсатына ғылыми білімді қалыптастыру әдісінің өзгерісі, жолдары мен осы үдеріске мәдени-әлеуметтік факторлардың әсерлері қандай екенін зерттеу кіреді. Ғалымдар В.С. Степин, В.Г.Горохов, М.А. Розов өздерінің «Философия науки и техники» атты оқулығында ғылыми танымның ерекшеліктерін оның қазіргі өркениеттегі алатын орнын, ғылыми революциялар мен ғылыми жаңалықтардың ашылу кезеңдерін сипаттайды.
Философия ғылымы ғылыми әдіснамамен толығып отырады. Мәселен, философ В.Г.Черников «диалектикалық әдіснама» ұғымын енгізді. Ол философиялық тұжырымдаманың басты объектісін адам және оның тарихи дамуы деп қарастырды. Диалектикалық әдіснама өз алдына кешенді білім жүйесін құрайды. Автор ұстанымдардың (тәжірибелік, әлемнің материалдық бірлігі, даму, детерменизм), заңдардың (бірегейлік және қарама–қайшылықтармен күрес заңы, сандық өзгерістерден сапалық өзгерістерге көшу заңдылығы, терістеуді терістеу заңы), философиялық категориялардың (уақыт және кеңістік, ерекшелік және жалпылық, жекелік пен тұтастық, мазмұн және форма, жүйе және элемент, құбылыстардың мәні мен құрылымы, себеп және салдар, қжеттілік және кездейсоқтық, мүмкіндік пен нақтылық) өзара қатынасын анықтайды.
В.П. Кохановский әдіс пен әдіснамның өзара байланысын қарастырып, әдістердің жіктемесін берді. Автор әдіснамалық білімнің көп деңгейлік тұжырымдамасын ұсынды: философиялық әдістер, жалпы ғылымилық әдістер, нақты ғылымилық әдістер, зерттеудің пәнаралық әдістері.
Қоғамдық тәжірибенің кеңеюі мен өрістеуі таным әдістерін қайта қарастыруды, жетілдіруді талап етеді. Ғылыми танымның дамуы барысында ойлау әдіс-тәсілдері жетіліп, әдіснаманың қайта құрылуына әкеледі. Сондықтан, әдіснама философиялық білімнің жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Қазіргі кезеңде ғылымның дамуы оның әдіснамалық негізін жете зерттеумен сипатталады. Қазіргі кезеңде әлемдегі болып жатқан құбылыстарды және пәнді тану сол үдерістің «өзіндік танымымен» оның өзіндік дамуының шарттары және заңдылықтарымен анықталады. Қорытындылай келе, білім беру саласындағы ғалым теоретиктер мен практиктердің барлық күш-жігерін ғылымның тиімді жақтарын зерттеуге, ғылымның әрі әдіснамалық таным, әрі жеке ғылымдардың әдіснамалық мәселелерімен бірлікте қарастыруын қажет етеді.
Жалпыға ортақ әдіснаманың міндеттері – әр түрлі білім саласындағы теорияларды түсіндіру, заңдылықтарды негіздеу, деңгейлердің арақатынасын талдау.
Философтар қолданбалы ғылымның әдіснамалық мәселелерін зерттеуде: диалектиканың, логиканың және таным теориясы (Ж.М. Әбділдин, Б.М.Кедров, П.В.Копнин және т.б.); материалистік диалектикалық категорияларының (А.Н. Нысанбаев, А.П. Шептулин, Ф.И. Георгиев, А.Е. Фурман т.б.), қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі заңдылығы (С.П. Дудель, В.П. Тугаринов, Ф.Ф.Вяккеров т.б), тарихи және логикалық өзара қарым-қатынасы (А.Г.Спиркин, М.Н. Алексеев, В.С. Добриянов); теориялық жүйені құру ұстанымы (А.И. Ракитов, П.В. Йолон, В.Н. Голованов, М.Ш. Хасанов); жаратылыстану ғылымы саласындағы мәселелер (М.С.Сабитов, В.А.Фох, М.Э. Омельяновский, А.Д. Александров, П.К. Анохин, Н.П. Дубринин және т.б); қоғамдық ғылымдар мәселелері (П.Н. Федосеев, Ф.В. Константинов, А.М. Румянцев және т.б). Демек, жеке ғылымдардың әдіснамалық мәселелері мен таным әдіснамасының ғылыми талдаулары өзара тығыз байланысты.
Сонымен қатар, ғылым әдіснамасы - ғылыми білімнің құрылымын негіздеу және дамыту әдістерін, ғылыми танымның зерттеу әдістері мен тәсілдерін зерттейтін ғылымның бөлімі.
К.Х.Рахматулиннің жетекшілігімен Қазақстанның философ-ғалымдарының магистранттарға арналған «Ғылымның философиясы және әдіснамасы» оқулығы құрастырылды. Бұл оқулықта білімнің ғылымилығының өлшемдері, ғылыми білім және зерттеу құрылымы, ғылыми пән, әлемнің ғылыми бейнесі, ғылыми революция, ғылыми шығармашылық, ғылым философиясы және әдіснамасы бойынша қазақстандық мектептердің сипаты қарастырылды.
«Ғылымның философиясы және әдіснамасы» пәнінің негізгі мазмұнында:

  • Ғылым философиясы бір жағынан, объективті себептермен пайда болған философияның бір бағыты; екіншіден, ғылыми зерттеудің кез келген философиялық жүйесі; үшіншіден, кезкелген нақты ғылымға қажетті білімдерден құралған;

  • Әдіснама екі мағынада қарастырылады: а) әдістер теориясы, ғылыми әрекеттің көрінісі ретінде әдістер туралы ерекше білімнің жүйесі; оның рефлексиясы; б) ғылыми зерттеу тәсілдернің жүйесі және ғылыми әрекеттің элементі.

Ғылымның пәндік матрицасы болатындығы белгілі. Қазақстан философтары ғылымның жалпы пәндік моделін жасады, сонымен қатар оның объектісін, субъектісін, пәнін, әдістерін, пәндік құрылымын, қызметтерін, ғылыми пәннің нәтижесін анықтады. Бұл - отандық философтардың ғылым философиясына қосқан үлкен үлесі (2-сурет. Ғылымның жалпы пәндік моделі).
Ғылым философиясы ғылым әдіснамасымен толықтырылады (3-сурет. Педагогиканың философиясы мен әдіснамасының оқу пәні ретіндегі құрылымы).
Философ В.Г.Черников «диалектикалық әдіснама» ұғымын енгізді. Диалектикалық әдіснама өз алдына күрделі кешенді білім жүйесін құрайды. Қазіргі кезеңде ғылымның дамуы оның әдіснамалық негізін жете зерттеумен сипатталады.
Әдіснамалық зерттеулердің нәтижесі ғылыми ізденістерде басшылыққа алынады және ғылымның әдіснамалық деңгейіндегі біліммен толықтырылып отырады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет