Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Философиялық антропология (Н.А. Бердяев, А. Гелен, М. Шенер, Х .Плеснор, Э. Ротхакер, М. Ландманн, Л. Лотц және т.б.)



бет21/31
Дата24.10.2022
өлшемі0.54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Философиялық антропология (Н.А. Бердяев, А. Гелен, М. Шенер, Х .Плеснор, Э. Ротхакер, М. Ландманн, Л. Лотц және т.б.). Философиялық антропология – адамның мәні, оның өзіне, басқаға, табиғатқа, өзінің шығуы, қоғамдық болмысының ерекшелігі туралы философиялық пән. Философиялық антропологияның негізін салушы ойшылдар адам өзіне өзі мәселе ретінде туындағанын ескеріп отырды.
Философиялық антропологияға қызығушылық танытқан педагогикада 60-70 жылдары педагогикалық білімнің саласы ретінде педагогикалық антропологияны өмірге әкелді. Бұл бағыт білім беруді антропология тұрғысынан негіздеді. Педагогикалық антропология білім алушы және тәрбиеленуші адамға өз назарын аударды, өзінің ғылыми және қолданбалы бағыттарын нығайтты. Отандық педагогикалық антропология қалыптасуда.
Қазіргі өзгермелі жағдайда педагогика ғылымы өте күрделі әлеуметтік жүйе, өзін өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейінде, ғылыми әрекет нәтижелері білім берудің дамуының іргетасы болып табылатын жүйеге айналуда. Сонымен қатар, білім беру қызметінің мәселелері, оның көзге ұрып тұрған кемшіліктері, адамзаттың болашаққа артатын мүдделері педагогиканың өзіне ғылым ретінде қатаң қарым-қатынас орнатуын талап тетеді. Педагогика бұл жәйтті түсіністікпен өз негіздерін пайымдап, ерекше назар аударуда. Сондықтан да, педагогика әдіснамасын мазмұндаудың алдында педагогиканың философиялық, жалпы ғылымилық, дидактикалық және психологиялық негіздерін пайымдап тұжырымдау қажет деп білеміз.


Сұрақтар мен тапсырмалар

    1. Философия мен педагогиканың өзара байланысының қүрделілігін қалай түсіндіресіз?

    2. Қазақстандық философ Ж.М. Әбділдиннің диалектикалық логика мектебіне сипаатама беріңіз.

    3. «Неге философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді?» деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз.

    4. Педагогиканың философиялық бағдары болып табылатын герменевтиканың педагогикаға қажеттілігін дәлелдеңіз.

5. Философия мен педагогиканың арақатынасын түсінудегі бағыттарды сипаттаңыз.
6. Философиялық тұғырларды педагогикалық болмысты зерттеу пәніне көшірудің қисынын түсіндіріңіз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет