Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


сурет – Ғылым дамуының тұжырымдамалары



бет9/31
Дата24.10.2022
өлшемі0.54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
1 суретҒылым дамуының тұжырымдамалары
Модерннен кейінгі дәуір жекеге, даралыққа қызығушылығын жасырған жоқ. Бұл дәуір философтары капитализмнің барлық түріне қарсы, олар модерннен кейінгі дәуірді дамушы қаржылық капитализмнің талаптарына сәйкес қоғамды сипаттады. Келешек мәселесі өзектене түсуде. Қазір қоғам феодализмнен капитализмге өтетін уақыттағыдай кезеңге тап болып, әрі қарай не болатыны әзірге түсініксіз. Әлемнің келешегінің моделі әзірге жоқ, ескі тәртіп құлады, ал жаңа тәртіп орнаған жоқ. Келешек көз алдымызда жасалуда.
Ең бастысы, келешек әлем – инновациялар әлемі. Инновациялық даму адамзат тарихы үшін өмірлік маңызы бар құбылыс. Осыған орай, инноваторлардың креативті табы пайда болып жатыр. Олар келешек әлемнің сұлбаларын былайша сипаттайды:

  • Келешек әлемі- бұл күрделі әлем;

  • Келешек әлемі - бұл жасанды әлем;

  • Келешек әлемі - бұл креативті әлем;

  • Келешек әлемі - бұл белгісіздік пен тұрақсыздық әлемі;

  • Келешек әлемі - бұл мүмкіндіктер мен қауіп-қатер әлемі;

Келешек әлемі модерннен кейінгі парадигмада қарастырылады (П.Ханна және т.б). Адам да күрделене түспек. Адамның өмір сүру ортасы, айналасындағы әлем табиғаттан гөрі технологиялар мен инновацияларға бағынышты болады. Биотехнологиялар мен нейроғылым адам табиғатын жақсартуы ықтимал. Жасанды интеллект жасау бүгінгі ғылымның күн тәртібінде тұр. Инновация адамның өзін өзі жүзеге асыруының құралына айналады.
Сонымен, адам дамуының әлеуметтік-гуманитарлық парадигмасы қайта қарастырылады. Ғылым философиясы қоғамның инновациялық дамуының үдерістерінің білім беру жүйесіне әсерін пайымдауға ұмтылыс жасауы қажет.
Педагогика ғылымының даму ерекшеліктерін зерделеу бұл сұлбаны ғылыми білімнің бұл саласының тарихи дамуына ішінара ғана пайдалануға болатынын көрсетті. ХVІІ ғасырдан ХІХ ғ. аяғына дейін педагогикада ғылыми түсінудің логикасын мойындаған көшбасшы ғылымдар математика мен физикада ғылыми-педагогикалық рационалдықтың классикалық типі қалыптасты: білім берудің әлемін сызықты дамудың прогрессивті бағыты деп түсіну; білім берудің өткені бүгінгінің болашағын анықтайтын сала деп тану; педагогиканың жетекші ғылым салалары математика мен физиканы бағдар ұстануы ғылыми екі өлшемін – ғылымилық эталоны – логикалық қарама-қайшылықсыздық және тәжірибелік дәлелділік жасап алуына мүмкіндік туғызды.
Педагогиканың әдіснамасы саласында логикалық қарама-қайшылық, логикалық дәлелділік пен дедукция әдісін жасады.
Физиканың жетістіктері зерттеуші-педагогтарды білімдерді тәжірибелік- эксперименттік тексеруге мәжбүрледі. Бұл педагогикалық ақиқатты логикалық тексеру жеткіліксіз, экспериментке негізделген дәлелдемені қажет етті. Педагогика ғылымына – верификация өлшемі ендірілді. Верификация өлшемі негізінде құрылған педагогикалық білім болжамдық-дедуктивтік сипат алды.
Ғылымның классикалық емес типі кезеңінде нысана туралы білім алу құралдарының ерекшеліктері ескеріліп, білімді дәлелдеу әдістері де өзгерді. Педагогика гуманитарлық ғылымдардың әдіснамалық базисіне ендірілді. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында ғылымилық өлшемі әсемдік өлшемі мен эвристикалылықтың өлшемі болып ендірілді. Педагогика ғылымында таным субъектісі ақыл-ойдың иесі ғана емес, оны зерттеудің аясында сезімдердің, қобалжулардың әсеріне берілгіш тұлға деп қарастырады. Отандық педагогикада XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғылыми рациональдықтың классикалық емес типіне қарай қозғалыс, ағын басталып кеткен еді. Ол типке білімнің ғылымилығының өзіне тән логикалық қайшылықсыздық, верификациялана алуы сияқты өлшемдермен қатар «сұлулық», «эвристикалық» өлшемдері де ене бастады. Сұлулық өлшемі ғылыми-педагогикалық шығармашылықтың өнімдеріндегі үйлесімділікті білдірді. Сұлулық өлшемі педагогикалық білімнің сапасын жеке адамның қанағаттануы тұрғысынан қарастырды. Эвристикалық өлшемі теорияны, тұжырымдаманы, болжамды таңдауды олардың мазмұнының кеңею мүмкіндігі тұрғысынан сипаттайды. Бірақ еліміздегі оқиғалар бұл үдерісті 70 жылдан астам уақытқа артқа итеріп жылжытты, педагогикалық білімнің бірыңғай стандарты болды. Педагогикада ұзақ мерзімге ғылымилықтың стандарты орнатылды. Бұл стандарт бойынша білім аксиоматикалық деңгейде жасалынып отырды. Негізінен бұл кезеңде педагогикалық зерттеулер логикалық қайшылықсыздық ұстанымын басшылыққа алды.
Жалпы әлемдік контексте XX ғасырдың ортасынан осы уақытқа дейін ғылымда ғылыми рационалдықтың классикалық емес типінен кейінгі дәуір басталып жалғасуда. Аталмыш типке монологизмнен толық бас тарту, бәсекелес тұғырлардың бар екендігін және теориялардың жоққа шығарылуын мойындау, бір сызықты, элементарлы дамуды мойындамау.
Ғылыми рационалдықтың классикалық емес типінен кейінгі кез кеңде адам танымның белсенді қатысушысы, зерттеу әрекетінің жүйе құраушысы деп танылады. Білімді адами мәселелерді шешудегі тиімділігіне байланысты бағалайды. Осыған сәйкес ғалымдардың зерттеу әрекеті және ғылыми-зерттеу әрекетінің әдіснамалық стандарттары өзгереді. Қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық ізденістері ғыыми рациональдықтың осы типінің ғылымилық өлшемдерінің мүлдем басқа түрлерін табуға ұмтылуда.
Отандық педагогикада XX ғасырдың аяғынан бастап қана ғыыми рационалдықтың жаңа негіздерін іздестіретін әлемдік үдерістің көшіне ілесуде. Негізінен педагогикалық зерттеулер логикалық қайшылықсыздық өлшеміне сәйкес жүргізілді. ХХ ғ. ортасынан бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған ғылымның классикалық еместен кейінгі дәуірінде бәсекелес тұғырларды және теориялардың фальсификациялануын мойындау орын алды.
Ғалымдар бұрмалануын анықтаған ғылыми пәннің белгілерін жүйелей және қорытындылай отырып, ғылыми пәнді құрастыру қағидаларын ұсынды: пән – білім жүйесінің талабына сәйкес оқытуға бейімделген ғылыми білімдер, процедуралар, әдістер тобы және мазмұны; ғылыми пәннің жеке зерттеу пәнінің болуы; зерттеу мен оқытуда пайдаланатын әдістер; теорияны құрастырудың арнайы тәсілдері; әдіснамалық бағдар; ғылыми пәннің басқа пәндермен өзара байланыстары; басқа пәндер үшін теориялық және әдіснамалық мәнділігі; әлеуметтік маңыздылығы: ғылыми мектептер, зерттеуші топтар және т.б.; пәнді қоғамның мойындау дәрежесі; зерттеу нәтижелерінің практикаға қосқан үлестерінің мүмкіндіктері; зерттеу міндеттерін шешудің құндылықты мақсаттары мен үлгілері.
Білімді мәселелерді шешу құралы деп қарастырды. Демек, ғалымдардың зерттеу әрекеті, зерттеу нәтижелерін бағалаудың әдіснамалық стандарттары өзгерді. Қазіргі педагогикалық зерттеулер теориялық және қолданбалы жасалымдарды ғылымилықтың түрлі типін біріктіреді. Педагогика әдіснамасына берілген анықтамаларды талдадық. Сондай-ақ, педагогиканың жалпы ғылымилық бағдарларын ғылымның даму тұжырымдамаларында көруге болады.
Ғылымның даму тұжырымдамалары және педагогикадағы ғылыми білім мына құрылымда қарастырылады: ғылым философиясы тұрғысынан педагогиканың генезисі; педагогика ғылымының мақсаты, педагогикалық білім ұғымы; ғылыми-педагогикалық рационалдық және педагогикалық білімнің ғылымилығының өлшемдері; ғылыми-педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері; ғылыми-педагогикалық факт; ғылыми-педагогикалық танымның теориялық әдістері; ғылыми-педагогикалық теорияның құрылымы
ХХ ғасырдағы ғылым философиясы педагогиканы өзін өзі рефлексиялауға итермеледі. Басқа ғылымдар саласындағы білімдер педагогикаға лек-легімен ағылып келіп жатты. Сондықтан, ғылыми-педагогикалық білімнің құрылымы мен мазмұнын, зерттеу әдістері нәтижелері талқыланды. Сөйтіп, педагогикада жағдай күрделене түсті. Осы тұста ғылымтану педагогиканың пәнін, пәндік алаңын, әдіснамалық және теориялық құралдарын, педагогикалық зерттеу нәтижелеріне байланысты сұрақтарға жауап іздеуге көмектесті.
Адамдарды тарихи-мәдени даму субъектісі ретінде зерделеу ғылыми білімдердің қазіргі шындық болмыс бейнелеуі туралы ғылыми деңгейдегі білімдердің дамуын қалыптастыруды талап етеді. Ғылыми білім шындық болмысты бейнелейтін жаңа деректермен толыққанда ғана өзінің өрістегенін көрсетеді. Осы деректермен толығу үдерісі зерттеудің ғылыми негізделген жаңа әдістерін пайдалануды талап етеді. Бұл әдістер өз кезегінде ғылымтанудағы әдіснамалық деп аталатын теориялық қағидалар жиынтығынан құрылады.
Ғылымда әдіснама (кең мағынада) шындық болмысты құрудың ұстанымдарын танып білудің формалары мен тәсілдері туралы ілімді айтады. Кез келген ғылымның әдіснамасы реттеушілік және нормативтік қызмет атқарады. Реттеуші қызмет зерттеу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, ал нормативтік қызмет ол әрекетті нормаға келтіреді. Тұтас алғанда, әдіснамалық құрылымдар таным үдерісінің іргетасы, әрі өте күрделі көпдеңгейлі, зерттеушілік бастамалардың бірізділігін, қарқынын анықтайды, зерттеу барысында алынған білімдерді түсіндірудің көкжиегін белгілейді.
Педагогикадағы кез келген әдіснамалық құрылғы оның философиялық негіздері болып табылады. Өз кезегінде, философия адам болмысының мәселелерін кең арнада қарастыра отырып, педагогикаға бағдар болып табылады. Қазіргі философия біркелкі емес, онда түрлі және бәсекелес ағымдар, бағыттар, мектептер, ілімдер бар. Болмысты пайымдайтын бүгінгі күні экзистенциализм, феноменология, прагматизм, постпозитивизм, герменевтика, персонализм, структурализм, постмодернизм, діни философия және т.б. философиялық ілімдер қатар дамуда. Осыған байланысты, педагогика өзінің әдіснамалық стандарттарына тез түзетулер енгізіп отыр. Аталмыш философиялық түсіндірулерде адамның рөлін, орнын, мәнін сипаттайды. Алдымен, педагогиканың философиясы және әдіснамасының ғылыми мағынасын нақтылап алу қажет болып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет