Оқулықтарының бірі «математика сабағЫ»



бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі27,19 Mb.
#55292
түріОқулық
  1   2

Ғ.Бегалыұлы мен Ә.Сыдықұлының «Математика сабағы»
Орындағандар: МІРАЛХАН МӨЛДІР
ӘМІРЖАН МЕРУЕРТ
МУПТЫХАН НҰРЖАН
МУСТАФАН ЕРКЕЖАН
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Жоспар:
  • Кіріспе
  • ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНЕ АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ – «МАТЕМАТИКА САБАҒЫ»

  • 2.1 Ғ.Бегалыұлы мен Ə.Сыдықұлы туралы қысқаша мəлімет жəне «Математика сабағы» оқулығына түсініктеме
    2.2 «Математика сабағы» оқулығының мазмұны жəне əдістемелік маңызы
    2.3 Оқулықта берілген кейбір есептердің мысалдары
    ҚОРЫТЫНДЫ
    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
ХХ ғасырдың 40-жылдарының басында қазақ орта мектебі үшін кеңестік білім беру жүйесінің талаптарына сəйкес, латын əліпбиімен бірқатар математика оқулықтары басылып шықты. Солардың арасында Ғ.Бегалыұлы мен Ə.Сыдықұлының «Математика сабағы» атты оқулығын ерекше атап өтуге болады. Оқулықта авторлар теориялық материалды көбінесе нақты практикалық жаттығулар арқылы түсіндіруге тырысқан. Сол себепті біз осы оқулықты зерттеу мəселесін өзекті деп таптық.
Зерттеудің міндеттері:
а)Авторлар туралы қысқаша мəлімет келтіру жəне оқулыққа жалпылама түсініктеме беру;
ə)«Математика сабағы» оқулығының мазмұны мен əдістемелік маңызына талдау жасау;
б ) Оқулықта берілген есептердің мысалдарын көрсету жəне талдау жасау.
Зерттеудің теориялық жəне тəжірибелік маңыздылығы: 1)Оқулыққа жасалған мазмұндық əдістемелік талдаулар онда бастауыш сыныптар мен орта мектеп математикасының сабақтастығын көрсетті;2) «Математика сабағында» берілген есептер өмірмен тікелей байланыстырылған жəне пəнаралық байланыстар қамтылған.
1.
2.
3.
Математикадан қазақ орта мектебіне арналған оқу құралдарының бірі
«Математійке сабағы» (Математика сабағы) деп аталады. Оқулық 1931 жылы Қызылорда қаласында латын əліпбиімен басылып шықты.
Ғ.Бегалыұлы (1888 - 1966) - қазақ тілін оқыту əдістемесі ғылымының
қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ұстаз- пе
дагог. 100 - ге тарта күрделі еңбектер жазған. Оның 5 - еуі монография, 10- ы оқулық, 4 - еуі сөздіктер.
Оқулықта берілген есептердің негізгі ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады:
-олардың мазмұнында сол кездегі қоғамдық жəне тұрмыстықжағдайларға байланысты мəселелер қамтылған;
-мазмұны мен сандық мəліметтері нақты өмірден жəнеоқушыларға коммунистік тəрбие беру ісіне жəрдемдесетіндей етіліп алынған;
есептерде оқушының жасына, оның мүддесіне лайықты мəселелерқарастырылған;
-есептердің мазмұнының оқушыға таныс немесе оңай түсінетіндей оқиғалардан алынуына мəн берілген, т.б.

а) Арифметикалық материал. Оқулықтың бөлімі натурал сандар арифметикасын қайталауға жəне пысықтауға арналған. Мұнда пропедевтикалық дайындықты жүзеге асыруға көңіл бөлінген.II жəне III бөлімдер бөлшек сандар арифметикасына арналған. Ондық бөлшектер қазіргі оқулықтардағы сияқты жай бөлшектердің дербес жағдайы ретінде олардан кейін емес, керісінше жай бөлшектердің бұрын енгізілген

ә) Алгебралық материал. Оқулықта алгебраны оқып- үйренумен байланысты пропедевтикалық дайындық жүзеге асады. Алгебраның теориялық мəселелері келтірілмейді, бірақ алгебраға негіз болатын ұғымдар (график сызу, өрнек, теңдеу, шамалардың арасындағы байланыс, пропорционал шамалар, тура жəне кері пропорционалдық жəне т.б.) жүйелі түрде енгізіледі.

б) Геометриялық материал. Оқулыққагеометрияның кейбір элементтері де енгізілген жəне оның да пропедевтикалық мақсатқа бағындырылғаны аңғарылады. Геометриялық материал оқулықтың IV, V, VII жəне Х бөлімдерінде берілген. Геометриялық материалдың мазмұнының қазіргі 5-сынып математикасына қарағанда əлдеқайда кең екендігі бірден байқалады. Олардың барлығын игеру ешқандай теоремалар мен дəлелдемелерсіз, практикалық іс-əрекеттер орындау арқылы жүзеге асырылады.

в) Шамалар жəне оларды өлшеу мəселелері оқулықтың басынан аяғына дейін арифметикалық, алгебралық жəне геометриялық материалды оқып- үйрену барысында олармен тығыз байланыста енгізілген. II бөлімде метрлік өлшеуіштер жүйесімен таныстыру жүзеге асырылады жəне ол кесіндінің ұзындығын өлшеумен ұштастырылады, ондық бөлшек ұғымы шаманы өлшеудің нəтижесі ретінде енгізіледі, сондай-ақ, ескі орыс өлшеуіштерін метр өлшеуіштеріне айналдыру мəселесі қарастырылады

г) Есептер. Əрбір бөлімде теориялық мəселелерді бекіте түсу мақсатында «Жаттығулар» деген тақырыптармен практикалық тапсырмалар мен есептер келтірілген. Оқу құралына 795 жаттығу енгізілген, оның басынан аяғына дейін оқушылардың есеп шығаруына көп көңіл бөлінген. Есептердің мазмұны əртүрлі тұрмыстық жағдайларды қамтиды (мектеп тұрмысы; социалистік құрылыс; ауыл шаруашылығы; техника; аймақтану; экономика; география жəне т.с.с.).

«Математика сабағы» оқулығының мазмұны жəне əдістемелік маңызы«Математика сабағы» оқулығының мазмұнына талдау жасап көрейік.
Оқулықта берілген кейбір есептердің мысалдарыОқулықтың басынан аяғына дейін оқушылардың есеп шығаруына көп көңіл бөлінген. Есептердің мазмұны мейлінше əралуан тұрмыстық жағдаяттарды қамтиды: мектеп тұрмысы; социалистік құрылыс; ауыл шаруашылығы; техника; геометрия; аймақтану; экономика; география; т.с.с.
Енді оқулықтан алынған кейбір есептерді келтірейік:
1.Біздің өкрігте 500 000 жан бар. Соның 25%-і кооператив мүшелігінде. Қанша жан кооператив мүшелігінде болғаны?
Шешуі:
500000⋅ 25% =125000 100%
Жауабы: 125000 жан.
2.180 нан пісіруге 145 келіғырам ұн кетеді. 267 нанға қанша ұн керек?
Шешуі:180 145кг 267 xx = 267 ⋅145 = 38715 ≈ 215кг180 180
Жауабы: 215 кг


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет