Оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме



Дата25.04.2022
өлшемі15,29 Kb.
#32175

Оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме

Сырым Ақжол Айбекұлы-5 «ә» сынып оқушысы, 08.01.2009 жылы Атырау қаласында дүиеге келген.Отбасында жайлы тұрақты қарым-қатынас қалыптасқан.Ақжол толық және көп балалы отбасында тәрбиеленуде.Әлеуметтік жағдайы жақсы.Ата-анасы баланың үйлесімді дамуына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады.

Ж.Жабаев атындағы №21 орта мектебінің 5 «ә» сыныбында 23 оқушы оқиды.Сыныпта 13-қыз,10 ұл бала бар.Жас ерекшеліктері 11-12.Олардың 3 оқушысы үздік,8 оқушысы оқу екпінділері,қалғандары қанағаттарлықтай.Сынып оқушылары ұжым ішінде өте ұйымшыл,тәртіптері өте жақсы.Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі.

Ақжол-сабырлы,мейірімді,сыныптастарының арасында беделі зор.Оны бәрі жақсы көріп,сыйлайды.Сыныпта староста қызметін атқарады.Ол өз қызметін толықтай атқарып және оған өзінің көңілі толады.Жолдастарымен қарым қатынасы өте керемет.Олармен тез тіл табысады.Сыныптың көзқарасымен санасады.Қарым-қатынас себебі:өзара сыйластыққа негізделген.

Үлгерімі өте жақсы.Оқуда озат.Білімді меңгеруі тамаша.Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді.Білмегенін білгенінше асығады.Тапсырманы ең алғаш болып орындауға тырысады.Мұғалімнің айтқанын екі етпей орындайды. Барлық сабақтағы жаңа материалды түсініп, логикалық тұрғыда ойланып оқиды.  Оқу жұмысына деген белсенділігі жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Математика пәнін қатты сүйіп оқиды. Есте сақтау қабілеті де жақсы дамыған, мәнерлеп оқып, қорытынды жасай біледі.Мұғалімнің ескертпелерінде дұрыс қабылдайды.Кітаппен өз бетінше жақсы әрі нақты жұмыс жасай алады.Жоспар құрып,тұжырым жасауы да керемет.Өз-өзіне талап қоюы жоғары.Тәртібі жақсы.Қандай шара немесе жарыс болсын ұйымдастыра білу қабілеті бар.

Ақжолға назар аудармау мүмкін емес.Ол әр оқушының немесе мұғалімнің назарын өзіне аударып біледі. Кез келген мәтінді түсініп, жылдам қабылдайды. Тез ойланып, көп ұзамай қағазға түсіреді. Есі-механикалық,есте сақтау жылдамдығы-жоғары.Тез есіне түсіреді.Есте сақтау типі:ерікті.Заттардың немесе құбылыстардың маңызды және болмашы белгілерін ажырата алады. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі,Көбінесе өз бетінше шешім қабылдай алады.Сөйлеу мәдениеті жақсы жетілген, ауызша, жазбаша сөздік қоры мол. Эмоциялары: тік, тез әрі нақты сөйлейді. Кітап оқығанда, түрлі әңгімелерді естігенде елестете біледі. Ойын үнемі жаңғыртып отырады.



Ол өзінің білімін,бойындағы қасиеттерін бағалай біледі.Және соны әрі қарай жетілдіруге талаптанады.Ақжол ұшқыш болғысы келеді.Көбіне ұшақтар,ұшқыштар туралы деректі фильмдермен кітаптар оқиды.Өзінің осы арманына жететіне,ол үшін аянбай еңбек етуі керек екеніне сенеді.Оның идеалы-Тоқтар Әубәкіров.  Темпераменті сангвиник – меланхолик. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Ерік – жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін күшін салады. Мінезі ашық, сабырлы, достарымен жақсы тіл табысады.Мінезінде анық байқалатын жағымды қасиеті-сабырлығы мен салмақтығы.Ал жағымсызы кейде ашуын жеңе алмайтын кездері болады.Мінезіндегі жігерлі белгісі-тез илануы.Адамдармен тез тіл табысып кетеді.Оның бойында әншілікке және әртістік қабілеті бар.Мектепшілік шараларда ән айтады.Арнайы балаларға арналған әртістік шеберліктен үйірмеге барып жүр.Сонымен қатар баскетболдан да көптеген жарыстарға барады және курска катысады.Ол ұшқыш болуды армандайды.Оны оқу арқылы іске асырып,өз арманына қол жеткізгісі келеді.

Ақжол мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста.Оқушы тұлғасын қалыптастыруда жақсы жетістіктерге жетіп келе жатыр.Ол өз қай жағынан болмасын жақсы жағынан ғана көрсете білді.

Студент-практикант: __________Cәттіғұл А.Н.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет