ОҚушылар, ата-аналар, Ұстаздар газеті. Білім айнасы қАҢтар 2016



жүктеу 3.23 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата19.02.2017
өлшемі3.23 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР, ҰСТАЗДАР ГАЗЕТІ.

Білім


АЙНАСЫ

ҚАҢТАР  2016

Елордамыз Астанада Нұр Отан партиясының

кезектен тыс XVII съезі өтті. Съезге 2 мыңнан

астам  делегат  қатысты.  Осы  айтулы  іс-шара

барысында    «Қазақстан  –  2021.  Бірлік.

Тұрақтылық.  Жасампаздық»  сайлау  алды

бағдарламасы  қабылданды.  Парламент

мәжілісінің  депутаттығына  кандидаттардың

партиялық  тізімі  бекітілді.  Сонымен  қатар

партияның Саяси кеңес құрамына өзгеріс енді.

Қазақстан  Республикасының  президенті

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  сьезд  барысында

еліміздің экономикалық – әлеуметтік дамуы,

қоғамдағы  саяси  тұрақтылық,  қоғам  бірлігі,

әлемдегі геосаяси жағдайлармен, халықаралық

қарым-қатынастағы  түйіткілді  мәселелерді

қозғады.

Алдымен бес реформаны тиімді жүзеге асыру,

100  қадамды  орындаудың  ерекшеліктеріне

тоқталды.  2016  жылғы    20  наурызда  өтетін

Парламент сайлауына Қазақстанда тіркелген

барлық 


саяси 

партиялар 

қатысатын

болғандықтан,  қазіргі  ұлттық  теңгенің  еркін

айналымға  кетуінен  туындаған  теңгенің

құнсыздануы, жаһандық деңгейде минералды

ресурстар  бағасының  төмендеуі,  көптеген

өндіріс 


орындарының 

жабылуынан

жұмыссыздар  санының  артатындығы  мен

Ресейдің 

халықаралық 

санкцияларға

ұшырауынан  экономикадағы  баяу  өсім

оппазициялық күштердің күш алары сөзсіз.

Сондықтан Нұр Отан партиясының сайлау

алды бағдарламасына ерекше маңыз бере келе:

1.Дағдарысқа қарсы тұрақтандыру (жұмыссыз-

Сайлау - біз үшін науқан емес, уәдені орындау

дықпен күрес, кәсіпкерлікті қолдау, пәтермен қамту, агроөнеркәсіп

кешені мәселелері)

2.  Экономиканы  құрылымдық  тұрғыда  жаңғырту  (өңдеу

өнеркәсібі,  Қашаған  кеніші,  энергетика  саласы,  ғылыми

технологиялық кластерді, Еуразиялық транс- құрлықтық дәлізді

дамыту жолдары).

3. Қазақстандықтардың тұрмыс сапасының жаңа

стандарттары (денсаулық мемлекеттік бағдарламасы,

тегін  кәсіби-  техникалық  білім  беру,  атаулы

әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі туралы)

4. Конституциялық патриотизм мемлекеті (елдің

бірлігі, қоғамдық тәртіп, заңға бағыну)

5. Өңірлік тұрақтылық, интеграция және қауіпсіздік

(көршілермен стратегиялық серіктестік, Еуразиялық

экономикалық  одақ  мәселелері). Қазір  сөзден  гөрі

нақты  іс-  әрекетке  көшетін  уақыт.  Сыбайлас

жемқорлық,  кедейшілік,  трайболизм,  жігерсіздік,

бәсекелестікті сезінбеу, жалпы ұраншылдық сынды

кері тартпа ойлардан әрбір Нұр Отан мүшесі арылуы

тиіс.  Нақты  еңбектің  қызу  майданында  жүрген

жұмысшы  тобы  өкілдерінен  жергілікті  мәслихат

сайлауларына үміткерлерді дайындауда партияның

идеологиялық  жұмыстары  жандануға  тиіс.  Біздің

ортақ  мүддеміз  –  тұрақты,  біртұтас  және  өсіп-өркендеген

Қазақстан, демек, Нұр Отан партиясымен нық түйістіре алдағы

сайлауға  қатысатын  басқа  саяси  партиялар  қиқымдалғанша,

коалициялық саяси күшке бірігіп ортақ үміткерлерін шығарып,

парламенттегі орындарға таласатын уақыттары келді. Нұр Отан.

Нұрсұлтан.  Қазақстан.  Қашанда  халықтың  ұлы  күші  алдағы

сайлауда жақтап дауыс береріне зор сенім артады.

Біз  Нұр  Отан  нағыз  халықтың  партиясымыз,  Қазақстандық

арманды орындаймыз. Құрметті ұстаздар, ата- аналар,  «ауызбен

орақ орып, оны баулайтын уақыт» келмеске кетті.

Қазақ елі сынды табиғи байлыққа белшесінен батып отырғанмен,

экономикалық  дағдарыс пен азамат соғысынан көз ашпай қаншама

ел зар еңіреуде.

Бейбіт өмірдің қазірі мен ертеңгі күнге деген сенімділік сот билігі,

заң  шығарушы  билік,  атқарушы  билік  тұрақты  болғанда  ғана

орнықты болады.

Мен үшін өтпелі кезең, талай басымыздан өткен экономикалық

дағдарыс пен әлеуметтік қайшылықтан аман- есен алып шыққан

Нұрсұлтан  Әбішұлының  Нұрлы  жолынан  күш  алған  Нұр  Отан

партиясына дауыс беру зор мақтанышпен кеудеме қолымды қойып

Отанымның мемлекеттік Әнұранын абыроймен тыңдауға жеткізеді.

Кеңестік  дәуірде   «Партия заманымыздың  ақыл –  ойы мен  ар-

ожданы» деген болса, бүгінде XXI ғасырда  «Отанымның даңғыл

болашағы,  Нұр ағам басқарған Нұр Отан партиясының сара – жолы»

- деп айтқанда,  «Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілікке самғайды.

 Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Есімов Аманғали Жақсатұлы

Ұлы мақсат


А й н а с ы

 2

Білім

Адам денесінің шымыр болуына бірден-бір

себепші    ол,  әрине,  спорт.  Спорт  жалпы

алғанда, физикалық мығымдығы өте маңызды

болатын  (жеңіске  немесе  жеңіліске

әкелетін)әрекетті  сипаттағанмен,  ақыл-ой

спортына  қатысты  айтылады.  Жалпы

физикалық  қозғалыс  кезінде  жоғары

эмоциалды  жүктеме  және  үлкен  қуанышқа

бөлініп,қанағат  алады.  Спорт  ойындары

ішінен волейбол ойынының адам  дене бітімін

қалыптастыруға,  деніміздің  сау  болуына,

шымыр,  мықты  болуымызда

маңызы зор.

Волейбол ойынының қозғалысы

адам баласына аса пайдалы табиғи

қозғалыс  пен  дене  мүшелерінің

қимылынан  жүгіру,  жүру,  секіру,

лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады.

Бұл  ойынды  он  жасар  баладан

бастап, қай жаста болмасын, ойнай

береді.  Сондықтан  да,  волейбол

дене 

тәрбиесі 



пәні

жаттығуларының  бірі  ретінде  ең

тиімді де ағзаға пайдалысы болып

табылады. Ойын барысында нақты

қозғалыс нәтижесінде, ең бастысы,

адамның 


координациясы

Спорттың  адам  өмірінде  алатын  орны  зор  екендігі

айтпаса  да  аян.  Спортпен  айналысқан  адамның

денсаулығы мықты, өзі шыдамды да шымыр болады. «Тәні

саудың-жаны сау»,-деп бекер айтпаған. Спорттың қай

түрімен  айналысу  адамның  қабілетіне  байланысты

болады. Денсаулықпен өмірді дамыту үшін кем дегенде

спорттың 33  түрінен жаттығу жасау керек екен.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-2030»

стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір

салтына  ынталандыруды  басым  бағыттың  бірі  ретінде

атап  көрсетті.  Расында    да,  бүгінгі  таңда  еліміздің

ақсақалдарынан  кішкентай  баласына  дейін  дене

тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Осындай игі істер аясында үстіміздегі жылдың ақпан

айының бірінші жұлдызында қалалық білім бөлімі мен

кәсіподақ  ұйымының  ұйымдастыруымен  Жүнісов

Сейтқасым Баяхметұлының 80 жылдық еске алу турнирі

өтті. Сейтқасым Баяхметұлы-қоғам қайракері. Сыр елінің

білім беру саласында өзіндік із қалдырған ұлағатты ұстаз.

Осындай  нар  тұлғаны  ұрпағының  жадынан  өшірмеу

мақсатында  жалпы  білім  беретін  мектеп  ұстаздары

арасында кіші футбол сайысы өтті. Жарысқа барлығы 50

мектеп  қатысып, ақтық  сынға небәрі  бес қана  мектеп

командасы іріктеліп алынды. Олар № 3, 23, 176, 235, 261

мектептер.  Талайларды  басып  озған,  асқан

жауапкершілігімен, икемділігімен көзге түскен  ұжым,

яғни №3 мектеп-лицей жүлделі І орынға ие болды.Біздің

футболшыларымыз ойын барысында әр түрлі доп беру

кезінде  дұрыс  қабылдау,  допқа  талас  кезінде

қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білуі,

доппен  алдасы  және  допты  қақпаға  тура  алып  жүруі

қарсыластарын таңқалдырды. Біздің жігіттердің қақпаға

соққан  әр  добы-еңсе  көтерместен  еңбектенгендерінің

айқын айғағы. Жұмыс пен жарысты қатар алып жүрген

серілер  тәрбиелеп  отырған  шәкірттердің,  болашақта

футболдың  әлемдік  аренасынан  көрініп  қалуы  әбден

мүмкін.  Ертеңгі  күні  елді  төрге  сүйрейтін-салауатты,

білімді, дені сау жастар. Сондықтан біздің мақсатымыз-

уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, басты

байлығымызды бағалай білу. Болашақ футболшыларды

әлем  аренасына  қалықтататын-сіздерсіздер.  Ендеше,

жеңіс құтты болсын, жігіттер! Мектеп мерейін асқақтата

беріңдер!



Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Бекенова Гүлсара Шәметқызы

қалыптасады.  Қандай  жаттығу  болмасын,

қозғалыс барысында нақтылық орындалады.

Айталық,  щабуылдау  кезінде  допты

қарсыласының  алаңға  дәл  түсіруі,  болмаса

допты  әріптесіне  дәл  бере  білуі,  допты

қарсыласының  алаңына  алдап  тастауы  т.б.

Демек  адамның  барлық  қабілет-қасиетін

қалыптастыратын  ойынның  бір  түрі  болып

есептелінеді.

2016 жылдың 5-9 қаңтарда өткен білім беру

ұйымдары 

арасындағы 

спартакиада

регламентінің  ережесі  бойынша,

спорттық  (волейбол,  теннис,

баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ

т.б ) ойын түрлерінен жарыс  өткен

болатын. Осы жарыста №3мектеп-

лицейдің  дене  шынықтыру  пән

мұғалімдері волейбол жарысынан

жүлделі 


II 

орын 


иеленді.

Жарыстың 

басқада 

ойын


түрлерінеде  жақсы  нәтижемен

қорытындыланды.

Денсаулығыңыз мықты болсын

десеңіз, спортпен шұғылданайық!!



Дене шынықтыру пән мұғалімі:

Әмірбеков Азат Берікұлы

Спорт сайысының бар түріне дайынбыз

Футболдың  шыңына  жеткен  ұстаздар

Ұстанымымыз-салауатты  өмір  салты

3

А й н а с ы

Білім

Бүгінде тәуелсіз еліміз дамудың даңғыл жолында

дараланып, тегеуріні мықты отыз елдің қатарына

кіруді алдына мақсат тұтқаны баршаға мәлім. Ал,

айқын мақсатқа жетудің бір тармағы сапалы білімге

де тығыз байланысты. Бар білімнің бастауы

бастауыштан басталатыны айдан анық.

Алтын  ұя  мектептен  сапалы   білім  мен

өнегелі  тәрбиені  бойына  сіңіре  білген   әр  

бала-Тәуелсіз Отанымыздың  бақытты бола-

шағының кепілі.

Біздің қаламызда да  сырттай қызыға қарап 

мақтан  ететін,   алдағы  жарқын  күндеріне

үкілеген  үмітпен  қарайтын   талантты

балғындарымыз  жетерлік.  Солардың  бірі -

Жақсылық Жания. Ол биылғы оқу жылында 

қаламыздағы   №3  мектеп-лицейінің  1«Д»

сыныбының  оқушысы  атанды. Ата  –анасының

қуанышында шек жоқ.  Олар баласының өте жақсы

оқып,  егемен  елдің  білімді  азаматы  болып

қалыптасуы  үшін  бар  жағдайды  жасамақ.

Шындығында  да, әр баланың  қоғамда жақсы адам

болып қалануы үшін де  шын сүйіспеншілік пен

ата-аналық мейірім ауадай қажет.

Жания-отбасының 

мақтанышы. 

Оның

бойындағы білімге, өнерге  деген ынта-ықылас пен



құмарлық  ерекше.  Жания   сыныпта  барлық

балалармен  достық  қарым-қатынаста.Үнемі



Арманы асқақ 

Жания

көңілді жүреді. Сабағына алғыр, ақылды оқушы. Берілген кез-

келген тапсырмаларды ұқыпты, әрі тыңғылықты орындайды.

Әсіресе, математика пәнін ерекше сүйіп оқиды.

Оның   таудай  талабының  ары  қарай  ұштала

беретініне сенімдіміз.

Халқымызда «жас кезінде білім берсең қалайда,

өсе келе қолы жетер талайға,» -деген даналық сөз

бар. Жаниядай талапты оқушыларымыз  қашанда

мектеп   мақтанышы  болмақ.  Ол  -  өнерлі  өрен.

«Өнерлі өрге жүзер» демекші, Жания қазақстандық

жас  талантты  режиссер  Фархат  Шариповтың

«Ақжол» атты киносына түсіп, Бакения атты қыз

баланың рөлін ойнап шықты. Аталған кино 2015

жылдың 19 желтоқсанында КТК телеарнасынан

көрсетілді.

Сонымен қатар Жания көркем гимнастика үйірмесінен сабақ

алады.  Қалалық  «Дене  шынықтыру  және  спорт»  бөлімінің

ұйымдастыруымен  2015  жылдың  18  желтоқсан  күні  көркем

гимнастикадан Қызылорда қаласының ашық чемпионатының

жекелей бағдарламасы бойынша 2-орынды иеленді. Мұнымен

қоса, алғыр Жания зеректілігімен ІІ халықаралық «Крестики-

нолики» блицтурниріне қатысып, 2-орынмен марапатталды.

Кішкентай болса да, Жанияның осындай алға қойған мақсаты

бар. Білімді жас балдырғанның  алдағы алар асуы тек биік болғай! 

Сынып жетекшісі: Оразымбетова Мақпал Орманқызы

  Күпі  киген  қазақтың  қара  өлеңін  шекпен  жауып,  өзіне

қайтарған  отты  жырларымен  ойлы,  өрнекті  өлеңдерімен

халқының қадір-қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали

Мақатаев есімі мәңгілік ғұмырға айналған.

Сан алуан тақырыптағы өлеңдеріне ән жазған композиторлар

санында  шек  жоқ.  Өлеңдері  мен  әндері  өміршеңдігімен,

жасампаздығымен құнды, ел игілігіне айналып, ұрпақтан-ұрпаққа

жалғасып, тыңдарманына рухани азық береді.

Ақиық   ақынның жыр-әндерін  болашақ ұрпақтың  жүрегіне

жеткізе отырып, дарынды жастар тәрбиелеу, жас ақын балалардың

шығармашылығын  дамыту,  өлең  оқудағы  шеберлігін  шыңдау

мақсатында жыл сайын  «Мұқағали оқулары» өтіліп тұрады.

Қазақтың    маңдайына  біткен  біртуар  ақыны    Мұқағали

Мақатаевтың  биыл  85  жыл  толуына  байланысты    Алматы

қаласында өткен Республикалық VIII Мұқағали оқулары 24-29

қаңтар аралығында үлкен дәрежеде өтті. Қара өлеңнің қарагері 

Мақатаев Кеңестік кезең бодандығындағы кеңістік пен уақытта

қарақұрым қалың оқырман тарапынан жалпыхалықтық қолдау 

тауып, оның еңбектері еліміз тәуелсіздігімен қауышып, поэзия

кеңістігінде өмір сүруге мүдделі жандардың қарасын молайтумен

келеді.   Дәстүрлі Абай, Махамбет, Мұқағали оқулары  жыл сайын

өз дәрежесінде  өткізіліп келеді.  № 3 мектеп-лицей оқушылары

қандай сайыс, байқау, жарыстар болсын, ешқайсысынан қалыс

қалмай,  ат  салысып  қатысып  келеді.  Сегізінші  рет

ұйымдастырылған  Мұқағали  оқуларына    өз  бақтарын  сынау

мақсатында 5 сынып оқушылары арасынан алты оқушы  байқауда

өнерлерін  көрсетті.  Еліміздің  түпкір-  түкпірінен  жиналған

дарынды жастардың  арасында еш тайсалмай, қысылмай  5 «Г»

сынып оқушысы  Шаханова Назерке бас жүлдені жеңіп алса,

Ғалымжанқызы Айя І орын, Атымтай Сандуғаш ІІ орын, Култаева

Асия ІІІ орын, Шонжар Дамир  ІІІ орын, Алмашов

Аңсар  ІІІ  орынды  жеңіп  алып,  ата-аналарын,

достарын қуантты. Байқауға қатысқан оқушылар

9 жас, 10-11 жас аралықта өнерлерін көрсетті. Бес

күнге  созылған  бұл  байқауда      дарынды

жастарымыз 

Мұқағали 

атамыздың

шығармашылығынан,  әндерінен,  тақырыпқа

байланысты  бейнелеу өнері, көркем сөз жанры

бойынша  топқа  түсті.  Осы  байқауда  жүлделі

орынға ие болған дарынды оқушылар ақиық ақын 

М.Мақатаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай

маусым  айында  ұйымдастырылатын  Мұқағали

атамыздың туылған жерінде өтілетін 2 күндік іс-

шараға барып қатысуға мүмкіндік алды. Алдағы

уақытта жеңіске жеткен талантты жастарымыздан

күтер үмітіміз мол. Мектебіміздің тек қана жақсы

атын  шығарып,  биік  шыңдарды  бағындырып

жүрулеріне тілек білдіремін. Жеңіс құтты болсын!

Жетекшісі: Оразалиева Мереке Ерболатқызы

Жырлайды  жүрек

М е к т е п   м а қ т а н ы ш ы


А й н а с ы

 4

Білім

Біз  өмір  сүретін  ХХІ  ғасыр  –  компьютер  мен

техникалық жаңалықтар ғасыры. Информатика –

ғасыр ғылымы, өйткені оған бүкіл әлем тәуелді. 

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры, сондықтан бүгінгі бала

– ертеңгі жаңа әлем. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық

қоғам  дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуірі,

айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби

мәдениеттілігіне  мұқият  қарайтын  дәуір.  Қазіргі

білім  беру  саласының  негізгі  мақсаты-  оқушыны

дамыту.  XXI  ғасырда  ақпараттанған  қоғам

қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру

саласында алға қойылған міндеттерді маңызды шешу

жолы  –  компьютерлік  техниканы,  интернет,

компьютерлік 

желі, 


электрондық 

және


телекоммуникациялық  құралдарды,  интерактивті

құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне

тиімді  пайдалану  арқылы  білім  сапасын  көтеру.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр

–  білімділер  ғасыры  болмақ.  Яғни,  жас  ұрпақты

тәрбиедеуде жаңаша бетбұрулар қажет. Қазіргі кезде

біздің  қоғамымыз  дамудың  жаңа  кезеңіне  көшіп

келеді,  бұл  кезең  ақпараттық  кезең,  яғни

компьютерлік техника мен оған байланысты барлық

ақпараттық  коммуникациялық  технологиялар

педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп,

oның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі

АКТ  ұғымы  «оқытудың  жаңа  ақпараттық

технологиялары»,  «қазіргі  ақпараттық  оқыту

технологиялары», 

«компьютерлік 

оқыту

технологиялары»  және  т.б.,  тіркестермен  тығыз



байланысты.  Заманымызға  сай  қазіргі  қоғамды

ақпараттандыруда  педагогтардың  біліктілігін

ақпараттық – коммуникативті технологияны қолдану

саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне

айналды.  Ақпараттық  қоғамның  білім  саласында

қойған  мақсаты  –  оқушыларға  ақпараттық  білім

негіздерін беру,  логикалық-құрылымдылық ойлау

қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму

мен  оны  іске  асыру  құралы  ретінде  пайдалану  дағдыларын

қалыптастырып,  ақпараттық  қоғамға  бейімдеумен  тікелей,

яғни қоғамның негізгі талабымен байланысты болып отыр.

Ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік –

ақпараттық  бейнесін  оқушылардың  шығармашылық

қабілеттері  мен  құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы

қалыптастыруды  көздейтін,  адамның  дүниетанымының

құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  интеллектуалды  дамуды

қалыптастырудың бір жолы.

Қай хaлықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани

әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы

да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда

интерактивті  құралдарды  пайдалану  арқылы  оқу  –  тәрбие

процесін  тиісті  деңгейде  көтеру,  өзін-өзі  дамытуға

адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға

қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  яғни  жеке  тұлғаны

қалыптастыруға негізделген, ақпараттық технологияны терең

меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты,

жаңашыл 

тұлғаны 


қалыптастыру. 

Ақпараттық-

кoммуникациялық  технологиялардың келешек ұрпақтың жан-

жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол,

еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық

жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

29  қаңтар  күні  Қызылорда  қаласында  «Ақпараттандыру

әлеміне  саяхат»  атты  мектеп  оқушылары  жобасының

мультимедиалық  фестиваліне біздің мектебімізден бес оқушы

қатысқан болатын. №3 мектеп-лицейдің 9 «А» сынып оқушысы

Жұбан  Темірлан  «Визуалды  программалау»  номинациясы

бойынша І дәрежелі дипломмен мараппатталды. Темірлан бос

уақытында  өзінің  ізденімпаздығымен  жаңа  ақпараттық

компьютерлік технолгияны тез меңгеріп, өзінің болашақ ІТ-

мамандығына  дайындалып  жүр.  Болашақта  Темірланның

Қазақстанды  әлемге  танытатын  жас  бағдарламашы

болатынына сенімдіміз.

№3 мектеп-лицейінің информатика пәнінің

Алдамжарова Жаңагүл Әбжәмиқызы

  З0  января  в  средней  школе№6  проходил  городской  конкурс

компьютерного творчества «Путешествие в компьютерный мир» по

нескольким  номинациям.  Я  участвовала  в  конкурсе  видеороликов.

Конкурс совпал  со знаменательной датой  – Днем  рождения нашей

родной школы. Свой ролик я посвятила этой дате.

Я очень ответственно отнеслась к этому конкурсу. Затратила много

сил и времени для создания своего видео. Признаюсь, я бы не обошлась

без помощи своих одноклассников, которые сразу же откликнулись и

приняли  активное  участие  в  съемке.  Мы  потрудились  на  славу.  В

результате я  завоевала 1 место и была награждена Дипломом 1 степени.

Пользуясь случаем, я хочу поздравить нашу любимую школу с днем

рождения, пожелать ей дальнейшего процветания. Хочу пожелать ей

мудрых  учителей,  усидчивых,  преданных  учеников.  И  хочу  сказать

будущему поколению, что школа –нечто неотъемлемое, самое важное,

но незабываемое и веселое в нашей жизни. Она должна быть любима и

сплоченна.

С ДНЕМ РОЖДЕНИЯ, ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №3!



Ибрагимова Арайлым, ученица 10В класса

Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем

Городской конкурс компьютерного творчества

М е к т е п   м а қ т а н ы ш ы


5

А й н а с ы

Білім

Қаңтардың 

29 

күні 


оқушылар 

арасында


информатикадан  «Ақпараттану  әлеміне  саяхат»  атты

қалалық    фестиваль  өтті.  Фестиваль

ақпараттық 

технологиялар 

және

компьютерлік моделдеу саласында талантты



жастарды  тарту  мақсатымен  өткізілді.

Мультимедиялық  фестиваль  жоғары

деңгейде және  тартысты болды.  Көптеген

жаңалықтар мен идеялар айтылды.

Оқушылар  бұл  фестивальде  5  аталым

бойынша  жобаларын  қорғады.  Олар:

«Электронды презентация», «Екі өлшемді

және  үш  өлшемді  анимация»,  «Визуалды

программалау», 

«Веб-дизайн»,

«Видеоролик».  Олардың  түрлі  идеялары

қазылар  алқасының  қызығушылығын

туғызып, оқушыларымыз жүлделі орындарға

ие  болды.  Бұл  фестивальге  8  «Б»  сынып

оқушысы Райымбек Айниетті дайындаған

болатынмын.  Айниет  осы  аталымдардың  ішінде  «екі

өлшемді және үш өлшемді анимация» бойынша жобасын

қорғап,  жүлделі  ІІ  орынға  ие  болды.  Аталмыш  жоба

Айниеттің алғашқы жобасы емес, осыдан 1 жыл бұрын

Ақпараттану әлеміне саяхат

осы  фестивальде  «Электронды  презентация»  жобасын

қорғап, өзінің ерекше қабілетінің арқасында жүлделі І

орынды иеленген болатын.  «Екі өлшемді

және  үш  өлшемді  анимация»  жобасы

бойынша  Райымбек  Айниет  Macromedia

Flash  программасын  пайдалану  арқылы

қазақ  тілі  пәнінен  8-сыныпқа  арналған

электронды оқулықты жасап, өз жобасын

сәтті  қорғаған  болатын.  Электронды

оқулықта  қазақ  тілінің  грамматикалық

тақырыптары  берілуімен  қатар,  әр

тақырыптан  кейін  тест    жұмыстары,

тапсырмалар,  аудио  және  видео  сұрақтар

ұсынылған. Оқушылар бұл жобаға қатысу

арқылы информатика пәнінен өз білімдерін

шыңдау  арқылы    жаңа  программалардың

жасалу  жолдарын  үйренді.  Ақпараттық

технология келешек ұрпақтың жан-жақты

білім  алуына,  іскер  әрі  талантты,

шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашуда тигізер

пайдасы аса мол.




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет